Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 178/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 мамырда № 28235 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.03.2023 № 130/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5-тармағына, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі – Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексереді және сәйкес болған жағдайда, Қорға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) алуға сұрау салуды жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қорға көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мәліметтерді алу үшін сұрау салу жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.

      16. Мәліметтерді бергені үшін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) www.gov.kz/memleket/entities/mdai және Қордың www.nkgf.kz ресми сайттарында орналастырылатын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес белгіленген мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құнына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан ақы алады.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерде Қорға мәліметтерді беру туралы хабарлама жолдайды.

      Хабарлама алған сәттен бастап Қор он бір жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Қордан мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға негіздерге мыналар жатады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі);

      3) соттың заңды күшіне енген үкімі, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, онда шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің 2022 жылғы 23
мамырдағы № 178/НҚ
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық картографиялық-геодезиялық
қорының құжаттарын
қалыптастыру, жинау, сақтау,
пайдалану және беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

(19) он тоғыз жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде

6

Төлем мөлшері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мәліметтерді бергені үшін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai және Қордың www.​nkgf.​kz ресми сайттарында орналастырылатын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес белгіленген мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құнына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан ақы алады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін белгіленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) уәкілетті органның www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

8

Құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті берушіге:
1) "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
"қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
2) "құпия" грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
"құпия" грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
Порталға:
3) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электрондық өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ашық пайдаланудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті электрондық нысанда портал арқылы жібереді.
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар, "құпия" грифі бар мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ашық пайдаланудағы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады