Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (одан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 16-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12513 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 88 және 170-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидалары осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Есеп комитетінің Талдау және есептілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы |
Н. Годунова |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы Заң) 12-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен (бұдан әрі – №790 қаулы) бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 88 және 170-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар ұлттық жобаларды тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын (бұдан әрі – ұлттық жобалар, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары) бағалаудың бірыңғай тәсілін жасау мақсатында әзірленді.
3. Ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бағалау олардың негізгі көрсеткіштеріне бағалау көрсеткіштеріне сәйкес қол жеткізу дәрежесін айқындау, жоспарланған нәтижелерді, күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсерді, игілік алушылар үшін пайданы талдау, ауытқулардың және олармен байланысты бұзушылықтардың себептерін анықтау, сондай-ақ оларды жою және жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады (бұдан әрі – бағалау).
4. Ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне және сараптамалық-талдау қызметіне сәйкес аудиторлық іс-шаралар шеңберінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) жүзеге асырады.
5. Бағалау мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау қызметін жүргізу, сондай-ақ ақпаратты жинау және талдау арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Бағалау жүргізу тәртібі
6. Бағалау мемлекеттік жоспарлау және стратегиялық жоспарлау және бағалау жөніндегі уәкілетті органдардың № 790 қаулыға сәйкес ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының бүкіл бағалау кезеңіндегі іске асырылуы туралы жиынтық есебінің және жиынтық қорытындысының, статистикалық ақпараттың; аудиторлық қорытындылардың, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау қызметі нәтижелерінің, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың бағалары мен ақпараты негізінде жүргізіледі.
7. Бағалау мынадай кезеңдерден тұрады:
1) жоспарлау;
2) өткізу;
3) есеп жасау;
4) бағалау қорытындыларын іске асыру.
3-тарау. Жоспарлау
8. Ұлттық жобаларды, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын бағалауды жоспарлау Мемлекеттік аудит туралы заңның 12, 17-баптарына және сараптамалық-талдау қызметін жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
9. Бағалау жүргізуге дайындық кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері), ұлттық жобаларды, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ олардың іске асырылуын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін, ресми статистикалық деректерді алдын ала зерделеу жүзеге асырылады.
10. Алдын ала зерделеу кезінде бағалау жүргізу үшін қажетті ақпарат көздері, оның ауқымы, мемлекеттік аудит объектілері, бағалау шеңберінде жүргізілетін мемлекеттік аудиттің типтері, тексеру мен сараптамалық-талдау қызметінің түрі, бағалау көрсеткіштері, әрбір мемлекеттік аудит объектісі үшін мемлекеттік аудит мәселелері, сондай-ақ оны жүргізу әдістері айқындалады. Мемлекеттік аудиттің жоспары мен бағдарламасы, сондай-ақ сараптамалық-талдау қызметінің мәселелері жасалады.
11. Ұлттық жобаларды, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын бағалау үшін жүргізілетін аудиторлық іс-шара шеңберінде аудит жоспарында оларды қаржыландыру көлемі де көрсетіледі.
12. Аудит бағдарламасында және сараптамалық-талдау қызметінің мәселелерінде бағалаудың мынадай түрлері көзделеді:
1) ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуы.
Бағалаудың бұл түрі ұлттық жобаға, даму жоспары мен іс-шаралар жоспарына енгізілген бағыттардың, мақсаттардың, міндеттер мен іс-шаралардың іске асырылу кезеңдері мен рәсімдерін талдау арқылы ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуы кезінде жүргізіледі;
2) ұлттық жобаларда, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларында көзделген нәтижелерге қол жеткізу.
Бағалаудың бұл түрі ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуы аяқталғаннан кейін, соның ішінде оларды орындаудың аралық нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
13. Аудит бағдарламасын және сараптамалық-талдау қызметінің мәселелерін жасау бағалаудың мынадай көрсеткіштері ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) тиімділік – ұлттық жобаларды, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын іске асырудан алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескеріле отырып, мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға қол жеткізілуі жоспарланған нәтижелерге арақатынасы;
2) үнемділік – ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бағалау нәтижелерінің тиісті сапасын сақтай отырып, осы нәтижелерге қол жеткізу үшін бөлінген ресурстардың құнын барынша азайту;
3) өнімділік – саны, сапасы және мерзімдері ескеріле отырып бөлінген ресурстарды пайдалану арқылы экономика немесе мемлекеттік басқарудың жекелеген саласы үшін ұлттық жобаларды, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын іске асырудан барынша пайдалы нәтиже алу;
4) нәтижелілік – ұлттық жобада, даму жоспары мен іс-шаралар жоспарында әр бағытқа белгіленген міндеттің, мақсаттың және іс-шараның іске асырылу дәрежесі және ұлттық жобаның, даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының жоспарлы және нақты нәтижелерінің арақатынасы;
5) мәнділік – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер;
6) перспективалық – жүргізілген шығыстардың ұлттық жобаны, даму жоспары мен іс-шаралар жоспарын іске асырудың белгіленген күтілетін кезеңіне қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген көрсеткіштер:
1) ұлттық жобаларды бағалау кезінде
ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуын және (немесе) орындалмауын және олардың орындалмау себептерін, орындалмаған іс-шаралардың міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге, елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсерін айқындауды;
ұлттық жобаға жауаптының (лауазымды адамының) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдармен және өзге де бірлесіп орындаушы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау деңгейлерін және олардың әрқайсысының жауаптылық шамасын айқындауды;
жоспардан тыс іс-шараларды анықтауды;
ұлттық жобаның нақты қол жеткiзiлген мiндеттерін, іске асырылу нәтижелерінің көрсеткiштерiн, сондай-ақ оларға қол жеткiзiлмеу себептерiн айқындауды;
ұлттық жобаның жоспарланған нәтижелеріне қол жеткiзуге (пайдаланылмаған немесе қысқартылған қаражатты анықтауға, алынған нәтиженi және оған қол жеткiзуге кеткен шығындар жиынтығын салыстыруға) бағытталған бюджет шығындарын және мемлекет активтерін бағалауды;
ұлттық жобаны іске асыру кезінде қолданыстағы заңнаманың, соның ішінде бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануды регламенттейтін ішкі ведомстволық заңнаманың талаптарына рәсімдердің сәйкестігінің сақталуын;
халыққа жүргізілген пікіртерім, сауалнама, соның ішінде ғылыми және зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдар жүргізіп жатқандары негізінде, ұлттық жоба және көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер нәтижелерiне тұтынушылардың, халықтың қанағаттанушылығы дәрежесін талдауды болжайды;
2) даму жоспары мен іс-шаралар жоспарын бағалау кезінде:
мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (бұдан әрі – ұлттық холдингтер, компаниялар) даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының нақты мәндерін жоспарланған мәндерімен салыстыру арқылы түйінді көрсеткіштерінің мақсаттарына және нысаналы мәндеріне қол жеткізу деңгейін айқындауды;
қызметтің түйінді көрсеткіштерінің нақты қол жеткізілген нысаналы мәндерінің ұлттық холдингтің, компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарында айқындалған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі дәрежесін айқындауды;
нақты қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерін күтілген нәтижелер көрсеткіштерімен салыстыру арқылы оларға қол жеткізу дәрежесін айқындауды (ұлттық холдингтің, компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды таңдаудың дұрыстығы, сондай-ақ іс-шараларды міндеттердің толық қамтуы бағаланады);
міндеттерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған, нәтижелер мен іс-шаралардың көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген кезде, ұлттық холдингтің, компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының одан кейінгі іске асырылуына тигізетін әсерін айқындауды;
ұлттық холдинг, компания қызметінің алдыңғы кезеңдерімен салыстырғанда қол жеткізілген нәтижелердің серпінін;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге, әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігі дәрежесін айқындауды;
күтілген нәтижелерге қол жеткiзуге (пайдаланылмаған немесе қысқартылған қаражатты анықтауға, алынған нәтиженi және оған қол жеткiзуге кеткен шығындар жиынтығын салыстыруға) бағытталған бюджет шығындары мен мемлекет активтерін, сондай-ақ ұлттық холдингтiң, компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарын iске асырудың басқарылуын ұйымдастыруды бағалауды болжайды, соның ішінде:
ұлттық холдингтің, компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының тиісті бюджеттен қаржыландырылатын әрбір жеке іс-шарасына кеткен шығындардың нақты көлемі салыстырылады;
іс-шаралар толық көлемінде орындалған жағдайда, үнемделген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің көлемі айқындалады;
ұлттық холдинг, компания қызметінің саланың (экономика секторының), өңірдің дамуына тигізген әсеріне кешенді және объективті талдау жүзеге асырылады;
халыққа жүргізілген пікіртерім, сауалнама, соның ішінде ғылыми және зерттеу ұйымдары, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жүргізіп жатқандары негізінде, ұлттық холдингтің, компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының нәтижелерiне және олардың қызметіне тұтынушылардың қанағаттанушылығы дәрежесін талдауды болжайды.
15. Бағалау көрсеткіштерін айқындау Мемлекеттік аудит туралы заңның 8, 26, 27, 28, 29-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Бағалау жүргізу
16. Бағалау жүргізу кезеңінде ақпарат пен нақты деректерді (бұдан әрі –дәлелдемелер) жинақтау мынадай тәсілдермен:
1) бір мезгілде;
2) белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз процесс жолымен;
3) оны жүргізудің бүкіл мерзімі ішінде жүргізіледі.
17. Негізінде бағалаудың тұжырымдары қалыптастырылатын объективтi және анық деректердi ұсыну мақсатында, дәлелдемелер ақпараттың негізінде, соның ішінде мемлекеттік аудит объектiсiнде жиналатын ақпарат негiзiнде қалыптасады. Нәтижесінде бағалау қалыптастырылатын дәлелдемелер мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.
18. Дәлелдемелер алуға ақпарат көздері, соның ішінде мыналар болып табылады:
1) тексерілетін орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық және құқықтық актілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілері;
2) қаржылық (бухгалтерлік) есептілік және бағалау мәніне байланысты басқа да қаржылық құжаттар;
3) бағаланып отырған мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, ұлттық холдингтiң, компанияның жұмысын жоспарлау, ішкі аудит қызметін ұйымдастыру, алқа отырыстарын, кеңестерді өткізу, шағымдарды, дауларды, аудиторлық іс-шаралардың және бағалау мәніне байланысты тексерулердің нәтижелерін қарау мәселелері бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттар;
4) тексерілетін орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтің, компанияның өз қызметтерінің нәтижелері мен проблемалары туралы дайындаған ішкі есептілігі, талдамалық жазбалары және шолулары;
5) тексерілетін орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және ұлттық холдингтердiң, компаниялардың бағалау мәніне байланысты тиісті ақпараты жинақталатын ақпараттық дерекқорлар және операциялық жүйелер;
6) ресми статистикалық деректерден, ұлттық жобаның, ұлттық холдингтің, компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының мәніне байланысты проблемалармен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының материалдарынан, бұқаралық ақпарат құралдарынан тұратын сыртқы ақпарат көздері;
7) мемлекеттік аудит объектілерін тексеру нәтижелері, тексеріп қарау актілері, аудиторлық қорытындылар және халықаралық сараптама ұйымдарының, халықаралық рейтингтердің (индекстердің) есептері, талдауы және қорытындысы;
8) ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың жүргізген сауалнамасына және зерттеулеріне сәйкес, халықтың, тұтынушылардың арасындағы пікіртерім нәтижелерi.
19. Дәлелдемелерді жинау кезінде бағаланып отырған орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның және ұлттық холдингтiң, компанияның ұлттық жобаны, сондай-ақ ұлттық холдингтің, компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарын іске асырудың барлық негізгі іс-қимылдарын тиімді жүзеге асырғанын/жүзеге асырмағанын және барлық шарттары орындалғанын/орындалмағанын дәлелдейтін барлық мәліметтер жиналады.
20. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын ұлттық жобаның іске асырылуын бағалау кезiнде Есеп комитетi және тексеру комиссиялары келiсiм бойынша бірлескен қызметті жүзеге асырады.
21. Ұлттық холдинг, компания қызметінің саланы (экономиканың секторын), өңірді дамытуға әсерінің дәрежесін айқындау мақсатында даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бағалау кезінде тиісті саланың сарапшылары және (немесе) мемлекеттік органдардың мамандары тартылады.
5-тарау. Есеп жасау
22. Бағалау қорытындысы бойынша Есеп комитетінің мүшесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай нысан бойынша ұлттық жобаның іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпаратты;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша ұлттық компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпаратты дайындайды.
23. Бағалау қорытындылары туралы ақпарат оң нәтижелерді және орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық холдингтердің, компаниялардың қызметінің тиімсіздігін көрсететін, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың нақты фактілерін, сондай-ақ бағалау көрсеткіштерін қамтиды.
Бағалау қорытындысы туралы ақпаратта ұлттық жобаны, ұлттық компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижелерінің бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігі, тиімсіз нәтижелерге әкеп соққан себептер көрсетіледі және ұлттық жобаны, ұлттық компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарын іске асырудың әрбір стратегиялық бағыты, мақсаты, міндеті, іс-шарасы, нысаналы индикаторы, нәтижелер көрсеткіштері бойынша тиісті тұжырымдар қалыптастырылады.
6-тарау. Бағалау қорытындыларын іске асыру
24. №790 қаулының 89-тармағына сәйкес, Есеп комитетінің өзі жүргізетін аудиторлық іс-шаралар шеңберінде ұлттық жобаның іске асырылуына жүргізген бағалауының қорытындысы мемлекеттік тиімділік аудитінің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижесі бойынша Есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ұлттық жобаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жіберіледі.
25. Есеп комитетінің ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуына жүргізген бағалауының қорытындысы Қазақстан Республикасының Президентіне берілетін тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізіледі.
26. Өздері жүргізетін аудиторлық іс-шаралардың және сараптамалық-талдау қызметінің шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау мен іске асырудың негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберілетін, өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есеп комитетінің жылдық есебіне енгізіледі.
27. Тексеру комиссиясы өзі жүргізетін аудиторлық іс-шаралардың және сараптамалық-талдау қызметінің шеңберінде бағалаудың қорытындысы туралы жыл сайын жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау кезінде мәслихатқа баяндап отырады.
нысан
Ұлттық жобаның іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпарат
___________________________________________________________
(ұлттық жобаның атауы)
Деректемелері ______________________________________________
Әзірлеуші мемлекеттік орган ____________________________________
Есепті кезең __________________________________________________
Іске асырылу мерзімдері (кезеңдер бойынша) ______________________
1. Нәтижелерге қол жеткізу
Атауы | Өлшем бірлігі | 20__ жылғы жоспар | Іс жүзінде | Нақты нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпарат, орындалмаған жағдайда себебін көрсету |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Стратегиялық бағыты | ||||
Міндеті | ||||
Нәтиже көрсеткіші | ||||
…… |
2. Қаржылай қаражаттың игерілуі
Қаржыландыру көзі | Жоспар, мың теңге | Іс жүзінде, мың теңге | Қаражаттың игерілмеу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1-көзі | |||
2-көзі | |||
… | |||
Жиыны |
3. Ұлттық жобаның іске асырылу тиімділігін талдау:
бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуын талдау;
іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін, соның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізілуі бойынша бағалау.
4. Бағдарламалық құжаттың іске асырылуын бағалау нәтижелері (тұжырымдар мен ұсыныстар, бағалау көрсеткіштері):
бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде ұлттық жобалардың іске асырылу барысының нәтижелілігі, өнімділігі, үнемділігі, перспективалығы мен тиімділігі туралы, олардың іске асырылуын ұйымдастыру деңгейі туралы ақпарат;
ұлттық жобаларды іске асырудың қандай да бір нақты нәтижелерінің бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігінің сипаттамасы;
бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін жалпы бағалау;
күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер;
анықталған бұзушылықтарды (кемшіліктерді) жасауға әкеп соққан себептер;
анықталған кемшіліктер жөнінде ұсынымдар;
орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның өзі анықтаған проблемаларды жою мүмкіндіктерін талдау, соның ішінде ұлттық жобаны қаржыландыру көлемі мен көздері бойынша түзету жөнінде, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар;
ұлттық жобаны одан әрі қаржыландыру мен іске асырудың, оңтайландырудың орындылығын бағалау.
5. Бағдарламалық құжатты іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану фактілері бойынша қабылданған шаралар.
6. Әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құжаттарын қарау нәтижелері.
нысан
Ұлттық компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бағалау қорытындылары туралы ақпарат
(ұлттық холдингтің/компанияның атауы)
20__ жылғы "___" ___________ № ______бекітілген
_________________________________________________________________
(ұлттық холдингтің/компанияның даму стратегиясы/даму жоспары бекітілген
нормативтік құқықтық актінің атауы) _________________ жылдарға арналған
(іске асырылу кезеңі)
Есеп кезеңі: ______________________
1. Нәтижелерге қол жеткізу
Атауы | Өлшем бірлігі | 20__ жылғы жоспар | Іс жүзінде | Нақты нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпарат, орындалмаған жағдайда себептерін көрсету |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қызметтің стратегиялық бағыты | ||||
Мақсаты | ||||
Нысаналы индикатор | ||||
Нәтиже көрсеткіші | ||||
…… |
2. Қаржылай қаражаттың игерілуі
Қаржыландыру көзі | Іс-шараның атауы | Жоспар, мың теңге | Іс жүзінде, мың теңге | Қаражаттың игерілмеу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-көзі | ||||
2-көзі | ||||
… | ||||
Жиыны |
3. Ұлттық холдингтің/компанияның даму жоспарының іске асырылу тиімділігін талдау:
ұлттық холдингтің/компанияның даму жоспарының іске асырылу барысына ықпал еткен факторларды (қаражаттың мақсатына сай пайдаланылуын, мемлекеттік мүліктің тиімді басқарылуын, іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын, қызметтің рентабельділігін) талдау;
стратегиялық даму бағыттарына қол жеткізудің іске асырылуын бағалау;
іске асырылған іс-шаралардың, соның ішінде даму жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тиімділігін бағалау.
4. Бағдарламалық құжаттың іске асырылуын бағалау нәтижелері (тұжырымдар мен ұсыныстар, бағалау көрсеткіштері).
даму жоспарының іске асырылу барысының нәтижелілігі, өнімділігі, үнемділігі, перспективалығы мен тиімділігі туралы, олардың іске асырылуын ұйымдастыру деңгейі туралы ақпарат;
даму жоспарын іске асырудың қандай да бір нақты нәтижелерінің бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігінің сипаттамасы;
бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін жалпы бағалау;
даму жоспарын іске асырудың сала, ая, өңір немесе ұлттық холдинг, компания қызметінің көрсеткіштерінің нәтижелеріне тигізген әсерін айқындау;
анықталған бұзушылықтарды (кемшіліктерді) жасауға әкеп соққан себептер;
анықталған кемшіліктер жөнінде ұсынымдар;
ұлттық холдингтің, компанияның өзі анықтаған проблемаларды жою мүмкіндіктерін талдау, соның ішінде даму жоспарын қаржыландыру көлемі мен көздері бойынша түзету жөнінде, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар;
даму жоспарын одан әрі қаржыландыру мен іске асырудың, оңтайландырудың орындылығын бағалау.
5. Мемлекеттік мүлікті, бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін тиімсіз басқару фактілері, ұлттық холдингтің/компанияның даму жоспарын іске асыру кезіндегі бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары бойынша қабылданған шаралар.
6. Ұлттық холдингтің/компанияның мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құжаттарын қарау нәтижелері.