Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 маусымда № 28451 болып тіркелді

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 8 маусымдағы
№ 325 Бұйрыққа
қосымша

Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 40) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) мониторинг – тапсырыс беруші мен өнім берушінің офтейк-келісімшарттың және келісімшарттық сатып алу шартының талаптарын орындауын тексеру жөніндегі іс-шаралар кешені;

      2) мониторингтік есеп – тапсырыс беруші мен өнім берушінің офтейк-келісімшарттар және келісімшарттық сатып алу шарттары бойынша талаптарды орындауының сәйкестігін және (немесе) сәйкессіздігін талдау нәтижелері бойынша қорытындыны қамтитын есеп;

      3) өнім беруші – сатып алынатын өнімді өндіретін не сатып алынатын өнімнің жаңа өндірісін ашуға дайын және өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарт жасасуға үміткер тұлға;

      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры (бұдан әрі – дерекқоры) – отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;

      5) тауарлар тізбесі – тапсырыс берушілер тарапынан ұзақ мерзімді қажеттілікке ие өңдеу өнеркәсібінің импортталатын өнім тізбесі.

2-тарау. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу тәртібі

      3. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар Заңның 47-бабына сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалады.

      4. Келісілген ұсыныстар Заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес ақпаратты, сондай-ақ:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен сервистік көрсетілетін қызметтер құрамында сатып алынатын көлемдерді қоса алғанда, заттай және ақшалай көріністегі бекітілген жылдық ұзақ мерзімді қажеттілік көлемдерін;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық ерекшелікті қамтиды.

      5. Тауарлардың тізбесі бекітілгеннен кейін және ол Заңның 47-бабының 4-тармағына сәйкес дерекқоры орналастырылғаннан кейін жыл сайын 1 тамызға дейінгі мерзімде өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жасасуға өнім берушілердің өтінімдерін қабылдау жүзеге асырылады.

      Өнім берушілердің өтінімін беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      6. Өнім берушіге өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жасасу үшін өтінім беруге жол берілмейді, егер:

      1) өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      2) өнім беруші әрекетсіз болып табылады және (немесе) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 91 және 126-баптарына сәйкес оларды банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген борышкерлер тізімінде тұрса;

      3) өнім берушіні тіркеу заңды күшіне енген сот актісінің негізінде жарамсыз деп танылса;

      4) заңды күшіне енген сот актісінің негізінде жалған кәсіпорын болып табылса;

      5) мемлекеттік кірістер органдарында бастапқы тіркеу кезінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салықтық тексеру нәтижелері бойынша жоқ болса;

      6) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) нормаларын бұза отырып қайта құрылса;

      7) Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылған санаттарға бөлу нәтижелері бойынша өнім берушінің қызметі жоғары тәуекел дәрежесі санатына жатқызылса.

      7. Тапсырыс беруші Заңның 48-бабына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес офтейк-келісімшарттар жасасуға қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес өнім берушімен оффтейк-келісімшарт жасасады.

      8. Тапсырыс беруші Заңның 49-бабына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес келісімшарттық сатып алу шарттарын жасасуға қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес өнім берушімен келісімшарттық сатып алу шартын жасасады.

      9. Келісімшарттық сатып алу шарттары бойынша өнім беруші келіссөздер аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның қарауына және тапсырыс берушіге Заңның 49-бабының 2-тармағына сәйкес қосымша шарттардың бірін орындау жөніндегі ұсынысты береді.

      Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен тапсырыс беруші ұсынысты алған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде қосымша шарттарды қарайды және бекітеді.

      10. Келісімшарттық сатып алу шарты өнім беруші бекітілген Заңның 49-бабының 2-тармағына сәйкес қосымша талаптарды орындаған күннен бастап орындалған болып есептеледі.

3-тарау. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды орындау мониторингі

      11. Мониторингті көмірсутектер, қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органдар осы Қағидаларға сәйкес тапсырыс берушілер ұсынатын өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар талаптарының орындалуы жөніндегі есептерді талдау арқылы жүзеге асырады.

      12. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды орындау мониторингі тоқсан сайын жүргізіледі.

      13. Тапсырыс беруші көмірсутектер, қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органдарға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін электрондық тасымалдауышта (электрондық пошта және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі) есеп ұсынады.

      Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы есеп мынадай ақпаратты:

      1) Оффтейк-келісімшарттар жасасуға қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес тауар жеткізу жөніндегі шарттың талаптары және оларды өнім берушінің орындау мәртебесін;

      2) Оффтейк-келісімшарттар жасасуға қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес тауарды қабылдау және оған ақы төлеу жөніндегі шарттың талаптары және тапсырыс берушінің оларды орындау мәртебесін;

      3) Офтейк-келісімшарттар жасасуға қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес жасалатын оффтейк-келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулардың болуы, олардың мәні мен мәртебесін;

      4) келісімшарттық сатып алу шарттары бойынша Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген қосымша талаптарды, олардың мәні мен өнім берушінің орындау мәртебесін;

      5) келісімшарттық сатып алу шарттарын жасасуға қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес келісімшарттық сатып алу туралы жасалатын шарттарға өзгерістер мен толықтырулардың болуы, олардың мәні мен мәртебесін қамтиды.

      14. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мониторинг мерзімі есепті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      15. Мониторинг қорытындылары бойынша көмірсутектер, қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органдар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс беруші мен өнім берушінің өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың талаптарын орындауы бойынша мониторингтік есепті қалыптастырады.

      Мониторингтік есеп мониторинг аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      16. Тапсырыс беруші немесе өнім беруші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша талаптарды бұзған жағдайда, мемлекеттік ынталандыру саласындағы саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушіге және өнім берушіге осындай бұзушылықты белгіленген мерзімде жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      Анықталған бұзушылықты жою туралы хабарлама бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей жіберіледі.

      17. Анықталған бұзушылықты күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзім ішінде жойылмаған жағдайда мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларда бекітілген Офтейк-келісімшарттар жасасуға қойылатын үлгілік талаптарында және Келісімшарттық сатып алу шарттарын жасауға қойылатын үлгілік талаптарында белгіленген шаралар қолданылады.

  Өнеркәсіпті дамытуға
бағытталған шарттарды
жоспарлау және жасасу,
сондай-ақ олардың орындалуын
мониторингтеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жұмыстар мен сервистік қызметтердің құрамында сатып алынатын көлемдерді қоса алғанда, заттай және ақшалай мәнде бекітілген жылдық ұзақ мерзімді қажеттілік көлемі

№ р/с

Тауар атауы

Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатурасы анықтамалығының коды

Қысқаша сипаттамасы

Қосымша сипаттама

Өлшем бірлігі

Техникалық ерекшелігі

2021

2022

2023

Құндық мәндегі көлемі (теңге)

Заттай мәндегі көлемі

Құндық мәндегі көлемі (теңге)

Заттай мәндегі көлемі

Құндық мәндегі көлемі (теңге)

Заттай мәндегі көлемі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1













2













3













4














ЖИЫНЫ












      Кестенің жалғасы

2023

2024

2025

2021-2025 ж.ж. жиыны

Тапсырыс берушілер

Құндық мәндегі көлемі (теңге)

Заттай мәндегі көлемі

Құндық мәндегі көлемі (теңге)

Заттай мәндегі көлемі

Құндық мәндегі көлемі (теңге)

Заттай мәндегі көлемі

Құндық мәндегі көлемі (теңге)

Заттай мәндегі көлемі


12

13

14

15

16

17

18

19

20













































  Өнеркәсіпті дамытуға
бағытталған шарттарды
жоспарлау және жасасу,
сондай-ақ олардың орындалуын
мониторингтеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Техникалық ерекшелік

      Тауар атауы: ____________.

      Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатурасы анықтамалығының коды:____________________.

      Тапсырыс беруші: __________________________.

      Техникалық ерекшелік (марка, модель, конструкторлық-техникалық құжаттама, сызбалар және технологиялық карталар болған жағдайда көрсете отырып):________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Техникалық ерекшелік ұсыну күні: _________.

      Байланыс ақпараты (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон нөмірі, электрондық почта):__________.

      Лауазымы                                                 Аты-жөні

  Өнеркәсіпті дамытуға
бағытталған шарттарды
жоспарлау және жасасу, сондай-
ақ олардың орындалуын
мониторингтеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Өтінім

      _______________________(өнім берушінің атауы) Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасау, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасында тауарлар тізбесіне енгізілген ____________________ (тауар атауы) өндірісін ұйымдастыру мақсатында _____________ (тапсырыс берушінің атауы) Офтейк-келісімшарт жасауға мүдделілік білдіреді.

      тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бірыңғай номенклатурасы анықтамалығының коды: ________________________________,

      қысқаша сипаттама ______________________________________

      Жоба бойынша өтінімді, сондай-ақ ________ жібереміз.

      Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларымен танысқанымызды хабарлаймыз.

      Бұл ретте, әрекетке қабілеттілігін растаймыз және ұсынылған ақпараттың дұрыстығы мен толықтығына кепілдік береміз.

      Лауазымы                                                 Аты-жөні

  Өнеркәсіпті дамытуға
бағытталған шарттарды
жоспарлау және жасасу,
сондай-ақ олардың орындалуын
мониторингтеу қағидаларына
4-қосымша

Офтейк-келісімшарттар жасасуға қойылатын үлгілік талаптар

      1. Офтейк-келісімшарттарда:

      1) тараптардың атауы, офтейк-келісімшартты жасасу орны;

      2) тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы көрсетіле отырып, олардың нақты атаулары;

      3) шарттың барлық қолданылу мерзімі ішіндегі жеткізу көлемі және кестесі;

      4) елішілік құндылықтың ең төменгі деңгейі бойынша және елішілік құндылықтың көрсеткішін арттыру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі талаптар көрсетіледі.

      2. Жасалған офтейк-келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар тараптардың өзара келісімі бойынша енгізіледі.

      3. Банктік қарыз алған жағдайда, жасалған офтейк-келісімшарттарға өзгерістер банктік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғамен келісіледі.

      4. Офтейк-келісімшарттың қолданылу мерзімін тараптар айқындайды және жасалатын оффтейк-келісімшартта көрсетіледі.

      5. Өнім беруші шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде тапсырыс берушіден алынған қаражат есебінен тиісті тауар өндіруді ұйымдастыруды және тараптар олар жасайтын офтейк-келісімшарттың ережелерінде келіскен жағдайларды қоспағанда, осы тауарды офтейк-келісімшарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде төмендетуге жатпайтын баға бойынша жеткізуді қамтамасыз етуді талап етеді.

      6. Тапсырыс беруші өнім беруші офтейк-келісімшарт талаптарын тиісті дәрежеде орындаған жағдайда, офтейк-келісімшарт талаптарына сәйкес тауарлар қабылдауды және олардың ақысын:

      офтейк-келісімшарт қолданылатын бірінші жылда – жүз пайыз мөлшерінде;

      офтейк-келісімшарт қолданылатын екінші және одан кейінгі жылдарда – кемінде елу пайыз мөлшерінде төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.

      7. Осы талаптардың 6-тармағында белгіленген міндеттемелер тиісті күнтізбелік жылға арналған шартта көзделген тауарды беру көлемін негізге ала отырып есептеледі.

      8. Өнім беруші жасасқан офтейк-келісімшарт бойынша міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші жасалған шартқа сәйкес алған аванс сомасына барабар мөлшердегі соманы ұстап қалады.

      9. Өнім беруші міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілетін болады.

      10. Тапсырыс беруші өндірілген тауардың ескерілген көлемін сатып алудан өнім берушінің кінәсі болмай бас тартқан жағдайда, Заңның 48-бабының 4-тармағына сәйкес бірінші жылы 100% және кейінгі жылдары 50% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы көзделеді.

      11. Барлық дауларды тараптар келіссөздер арқылы шешеді. Тараптар өзара келісімге келе алмаған жағдайда даулар мен келіспеушіліктер бір тараптың өтініші бойынша сот тәртібінде шешіледі.

      12. Офтейк-келісімшарттар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабының 6-тармағына сәйкес жасалады.

  Өнеркәсіпті дамытуға
бағытталған шарттарды
жоспарлау және жасасу,
сондай-ақ олардың орындалуын
мониторингтеу қағидаларына
5-қосымша

Келісімшарттық сатып алу шарттарын жасауға қойылатын үлгілік талаптар

      1. Келісімшарттық сатып алу туралы шарт мынадай ақпаратты:

      1) тараптардың атауын, шарт жасасу орнын;

      2) тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы көрсетіле отырып, олардың нақты атауларын;

      3) шарт қолданылатын бүкіл мерзімге беру көлемдерін;

      4) елішілік құндылықтың ең төменгі деңгейі бойынша талаптарды, елішілік құндылықтың көрсеткішін арттыру бағдарламасын әзірлеу бойынша міндеттемелерді;

      5) келісімшарттық шарттардың мәні мен құнын;

      6) келісімшарттық шарттарды орындау кестесін;

      7) бекітілген қосымша шарттар мен оларды орындау тәртібін;

      8) тараптардың, оның ішінде қосымша шарттарды орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын төлеу жөніндегі жауапкершілігін қамтиды.

      2. Қосымша шарттардың құны осы Қағидаларға сәйкес өнім берушімен келісіледі және шарт сомасының 5%-нан кем болмауы тиіс.

      3. Келісімшарттық сатып алу туралы шарттарға өзгерістер мен толықтырулар тараптардың өзара келісімі бойынша енгізіледі.

      4. Өнім беруші Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген қосымша талаптарды орындамаған кезде келісімшарттық сатып алу шарты жарамсыз деп есептеледі.

      5. Өнім беруші міндеттемелерді орындамаған жағдайда, өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілетін болады.

      6. Барлық дауларды тараптар келіссөздер арқылы шешеді. Тараптар өзара келісімге келе алмаған жағдайда даулар мен келіспеушіліктер бір тараптың өтініші бойынша сот тәртібінде шешіледі.

      7. Келісімшарттық сатып алу шарттары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабының 6-тармағына сәйкес жасалады.

  Өнеркәсіпті дамытуға
бағытталған шарттарды
жоспарлау және жасасу,
сондай-ақ олардың орындалуын
мониторингтеу қағидаларына
6-қосымша

Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарын орындау барысы туралы есеп

Өнім берушінің атауы

Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы

Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі

Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатурасы анықтама лығы

Орны, мерзімі және шарттары

Офтейк-келісімшарттар және келісімшарттық сатып алу шарттары талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат

Өзгерістер мен толықтырулардың болуы, олардың мәні мен орындалу мәртебесі

Келісімшарттық сатып алу шарттары бойынша Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген қосымша талаптар, олардың мәні мен орындалу мәртебесі

























      Лауазымы                                                 Аты-жөні

  Өнеркәсіпті дамытуға
бағытталған шарттарды
жоспарлау және жасасу,
сондай-ақ олардың орындалуын
мониторингтеу қағидаларына
7-қосымша

Мониторингтік есеп

      202_ жылғы "______" _______________ №____/____

      1. Өнім берушінің атауы:

      _________________________________________________________________

      2. Мониторинг жүргізу мерзімі: 202___жылғы "___" _______ бастап "___" ________ дейін

      3. Мониторинг нәтижелері:

      Лауазымы                                                 Аты-жөні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады