"Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28499 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16463 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 15 маусымдағы
№ 221 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
– Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
4-қосымша

Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидалары

      1. Осы Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, "Аңшы куәлігін беру" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және балықшы және қорықшы куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары және олардың филиалдары немесе өкілдіктері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аң аулау құқығын алған жеке тұлға;

      2) аңшы куәлігі – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;

      3) аңшылық минимумы – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарайтын оқыту бағдарламасының арнайы қысқаша курсы, оны білу аңшы куәлігін беру үшін міндетті шарт болып табылады;

      4) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттеріне байланысты балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;

      5) балықшы куәлігі – балықшы функцияларын жүзеге асыруға жеке тұлғаның құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген белгіленген нысандағы құжат;

      6) балық шаруашылығы субъектісі-қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      7) қорықшы – бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілетті адамы;

      8) қорықшы куәлігі – қорықшының құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi

      4. Аңшы куәлігі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының он жыл мерзімге беріледі.

      5. Аңшы куәлігін алуға мүдделі көрсетілетін қызметті алушы "Аңшылық минимумын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 болып тіркелген) бекітілген аңшылық минимумына оқытылады.

      Аңшылық минимумын оқыту аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы аңшылық минимум курсын аяқтағаны туралы сертификат (бұдан әрі-сертификат) алу үшін тестілеуден өтеді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 "Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 18-03/57 нормативтік құқықтық актілердің № 10415 нөмірімен).

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді www.egov.kz (бұдан әрі-портал):

      1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 2;

      2) сертификаттың электрондық көшірмесі (аңшы куәлігін бірінші рет алған жағдайда).

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем туралы құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттардың көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Аңшы куәлігін бірінші рет алған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілген мерзімде толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол порталдағы "жеке кабинетіне" өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және аңшы куәлігін немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Аңшы куәлігін ауыстырған жағдайда жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және аңшы куәлігін не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Өтініштің Қағидалардың талаптарына сәйкестік фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде Аңшы куәлігін дайындайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сонда сақталады.

      8. Өтініш Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘПК) 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны көрсетілетін қызметті беруші көрсеткен талаптарға сәйкес келтіреді.

      9. Аңшылар куәліктерінің тізілімі порталда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      11. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

4-тарау. Балықшы куәлігін беру тәртібі

      12. Балық шаруашылығы субъектісі қызметкерге еңбек шартының қолданылу кезеңінде балықшы куәлігін беруді жүргізеді, ол өз қызметін жүзеге асыру кезінде куәліктің тиісті түрде сақталуын, оның өзімен бірге тұрақты болуын және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың талабы бойынша оны көрсетуді қамтамасыз етеді.

      13. Балықшы куәлігінің негізінде қызметкер еңбек шартына сәйкес бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында (су айдындарында) және (немесе) учаскесінде (учаскелерінде) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асырады.

      14. Балық шаруашылығы субъектісі мен Балықшы арасында жасалған еңбек шарты бұзылған кезде балықшы куәлігін кейіннен жойып, балық шаруашылығы субъектісі алып қоюға жатады.

      15. Балықшы куәлігі жоғалған немесе жарамсыз күйге келтірілген (бүлінген) кезде балық шаруашылығы субъектісі еркін нысандағы өтініш негізінде оның телнұсқасын береді.

5-тарау. Қорықшы куәлігін беру тәртібі

      16. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің қызметкерлеріне қорықшы куәлігін береді.

      17. Егер қорықшы куәлігі жоғалған немесе жарамсыз (бүлінген) болған жағдайда, қорықшы куәлігінің телнұсқасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде беріледі.

      18. Қорықшы жұмыстан босатылған кезде куәлік аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілеріне қайтарылады.

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      1-парақ

№ _____ аңшы куәлiгi



 

_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________________________
Туған күнi _____ жылғы "____" ______________
Аңшы өтiлi ________________жылдан бастап.

      Куәлiктi берген ___________________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің

      республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)

      __________________________________________________________________________

      (аңшы куәлігін берген ЭЦҚ, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Аңшылық минимумы бойынша тестілеуден өткені туралы белгi ___________________

      Берілген күні 20__жылғы "__"____________. 20__жылғы "__"__________ дейiн жарамды.

      2-парақ 1-бет

Аңшылық сұқпа суық қаруды тіркеу

Қарудың атауы

Нөмiрi

Сатушы ұйымның белгiсi




      2-парақ 2-бет

Аңшылық аушы жыртқыш құстарды тіркеу

Түрі, тұқымы, түсі, таңбаның, сақинасының, микрочипінің нөмірі

Туған жылы

Аушы жыртқыш құстың паспорты




  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өтініш

      Тегі ______________________________________________________________________

      Аты ____________ әкесінің аты (бар болса) ____________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

      Үйінің мекенжайы, телефоны ________________________________________________

      директорына ______________________________________________________________

      (аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің

      республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)

      Аңшы куәлігін ауыстыру үшін ұсынылады № ____________, берілген

      __________________________________________________________________________

      (берілген күні және аңшы куәлігін берген ұйымның атауы (оны ауыстырған жағдайда).

      Аңшылық минимумы бойынша бағдарлама курсын аяқтағаны туралы сертификат

      "__" __________ 20__ (аңшы куәлігін бірінші рет алған жағдайда).

      ____________________________________ / ________________/

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ЭЦҚ)

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
3-қосымша

"Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аңшы куәлігі немесе дәлелді бас тарту
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сонда сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы көрсетіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабының 1) тармақшасына сәйкес

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 2;
2) сертификаттың электрондық көшірмесі (аңшы куәлігін бірінші рет алған жағдайда). Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем туралы құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Аңшы куәлігін алуға мүдделі көрсетілетін қызметті алушы "Аңшылық минимумын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 болып тіркелген) бекітілген аңшылық минимумына оқытылады.
Аңшылық минимумын оқыту аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы аңшылық минимум курсын аяқтағаны туралы сертификат (бұдан әрі-сертификат) алу үшін тестілеуден өтеді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 "Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 18-03/57 нормативтік құқықтық актілердің № 10415 нөмірімен).
Көрсетілетін қызметті алушы аңшы куәлігіне 3х4 мөлшеріндегі түрлі-түсті фотосуретті өз бетінше жапсырады, қажет болған жағдайда аңшы куәлігін алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Аңшы куәлiктерінің тізілімі

Аңшының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы

Аңшы куәлiгiнiң нөмiрi

Аңшы куәлігін беру / ауыстыру

Аңшы куәлігінің берілген/ауыстырылған күні

1

2

3

4

5

6







  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Өтініш

      Тегі ____________________________

      Аты ___________________________ әкесінің аты (бар болса) ____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________

      Үйінің мекенжайы, телефоны ______________________________________

      директорына ____________________________________________________

      (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы)

      Қорықшы куәлігін ауыстыру үшін ұсынылады № ____________,

      берілген___________________________________________________________

      (қорықшы куәлігін берген ұйымның атауы және берілген күні)

      ____________________________________ / ________________/

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады