Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 868 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18800 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Есепке алу-әскерге шақыру жұмысының жай-күйін айқындау кезінде:
1) азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау;
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру;
3) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру;
4) азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу;
5) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу;
6) азаматтарды бастапқы әскери даярлау;
7) азаматтарды әскери-техникалық мектептерде даярлау;
8) әскерге шақыру ресурстарын есепке алу;
9) әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар бағаланады.";
2-тарау мынадай мазмұндағы 9-параграфпен толықтырылсын:
"9-параграф. Әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар".
25-1. Әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларда (бөлімдерде) мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
1) құжаттарды толық және сапалы пысықтау:
"өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған іс-шаралар мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан жалтарған адамдарды уақтылы іздестіру жөніндегі жұмысқа бағытталған;
"жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жоспарланған іс-шаралар уақтылы жүргізілмейді;
"қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмысты уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;
"қанағаттанарлықсыз" – жоспарлау құжаттары жоқ, құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау жүзеге асырылмайды;
2) материалдар құқық қорғау органдарына жолданған:
"өте жақсы" – 100 %;
"жақсы" – 80 %;
"қанағаттанарлық" – 70 %;
"қанағаттанарлықсыз" – 50 %-тен аз.
25-2. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыстың және құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың өлшемшарты үшін бағалау:
"өте жақсы" – екінші өлшемшарт "өте жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;
"жақсы" – екінші өлшемшарт "жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;
"қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;
"қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |