Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 маусымда № 18800 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 868 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 868 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 407 бұйрығымен
бекітілген

Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулық жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалауды нақтылайды.

      2. Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жұмыстың тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

      3. Жергілікті әскери басқару органдарындағы қызметтік істер мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) есепке алу-әскерге шақыру жұмысының жай-күйін айқындау;

      2) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйін айқындау;

      3) қызметтік істердің жай-күйін айқындау.

      4. Бағалау нәтижелері бойынша жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істеріндегі кемшіліктерді жою және тиімділік сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар дайындалады, олардың жақсарту талап етілетін қызметінің бағыттары айқындалады.

2-тарау. Есепке алу-әскерге шақыру жұмысының жай-күйін бағалау

      5. Есепке алу-әскерге шақыру жұмысының жай-күйін айқындау кезінде:

      1) азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау;

      2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру;

      3) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру;

      4) азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу;

      5) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу;

      6) азаматтарды бастапқы әскери даярлау;

      7) азаматтарды әскери-техникалық мектептерде даярлау;

      8) әскерге шақыру ресурстарын есепке алу;

      9) әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар бағаланады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 17.06.2022 № 435 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау

      6. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы орындау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланатын міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;

      2) азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және жіберу жөніндегі тапсырманы орындау:

      "өте жақсы" – 90 %;

      "жақсы" – 75 %;

      "қанағаттанарлық" – 50 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 50 %-тен төмен.

      7. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) "Азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – екінші өлшемшарт "өте жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – екінші өлшемшарт "жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

2-параграф. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру

      8. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы орындау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;

      2) мерзімді әскери қызметке шақыру нарядын орындау:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      3) әскери қызмет өткерумен байланысты емес диагнозбен денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің саны:

      "өте жақсы" – 0 адам;

      "жақсы" – 1 адам;

      "қанағаттанарлық" – 2 адам;

      "қанағаттанарлықсыз" – 2 адамнан астам.

      9. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) "Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – екінші өлшемшарт "өте жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – екінші өлшемшарт "жақсы", қалғандары "өте жақсы", "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

3-параграф. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру

      10. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы орындау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;

      2) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруға арналған тапсырманы орындау:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен.

      11. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – екінші өлшемшарт "өте жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – екінші өлшемшарт "жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

4-параграф. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу

      12. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды.

      13. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы орындау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;

      2) әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген азаматтардың саны:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен.

      14. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) "Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – екінші өлшемшарт "өте жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – екінші өлшемшарт "жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

5-параграф. Әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу

      15. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ӘОО-лар) кандидаттарды іріктеу мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы орындау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;

      2) жастар арасынан ӘОО-ларға канидаттарды қабылдау жоспарын орындау:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      3) жоспарға қатысы бойынша ӘОО-ларға жіберілген кандидаттар:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      4) ӘОО-ларға жіберілгендер қатарынан оқуға түскен кандидаттар саны:

      "өте жақсы" – 80 %;

      "жақсы" – 70 %;

      "қанағаттанарлық" – 60 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 60 %-тен төмен.

      16. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) "Әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – төртінші өлшемшарт "өте жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – төртінші өлшемшарт "жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

6-параграф. Азаматтарды бастапқы әскери даярлау

      17. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды бастапқы әскери даярлау мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы орындау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;

      2) бастапқы әскери даярлық бағдарламасы бойынша білім алушылар санына оқушылар саны:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      3) бастапқы әскери даярлық бағдарламасы бойынша білім алушылар қатарынан оқу-жаттығу далалық (лагерьлік) жиындардан өткен оқушылар саны:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      4) білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық мәселелері жөніндегі жұмысын тексеру және бағалау жоспарын орындау:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      5) білім беру ұйымдарын бастапқы әскери даярлықты оқытушы-ұйымдастырушылармен жасақтау:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен.

      18. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) "Азаматтарды бастапқы әскери даярлау" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – екінші өлшемшарт "өте жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – екінші өлшемшарт "жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

7-параграф. Азаматтарды өтеусіз негізде әскери-техникалық мектептерде даярлау

      19. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘТМ) өтеусіз негізде даярлау мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы орындау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;

      2) ҚР ҚМ ӘТМ-да оқыту үшін кандидаттарды іріктеу жоспарын орындау:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      3) ӘТМ-ны бітіргендер (жіберілгендер қатарынан) азаматтар саны:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      4) ҚР ҚМ ӘТМ-да оқуды аяқтағандар қатарынан әскери қызметке шақырылғандар саны:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен.

      20. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) "Азаматтарды ҚР ҚМ ӘТМ-да даярлау" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – бірінші өлшемшарт "өте жақсы" және "жақсы", қалғандары "өте жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – бірінші өлшемшарт "өте жақсы" және "жақсы", қалғандары "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

8-параграф. Әскерге шақыру ресурстарын есепке алу

      21. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде әскерге шақыру ресурстарын есепке алу мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы орындау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;

      2) әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алуға енгізілді:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      3) әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алуды толтырудың бастапқы нысандарында жол берілген қателер саны мыналарды құрайды және бағаланады:

      "өте жақсы" – 0 %;

      "жақсы" – 5 %;

      "қанағаттанарлық" – 10 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 10 %-тен астам.

      22. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде "Әскерге шақыру ресурстарын есепке алу" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – екінші өлшемшарт "өте жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – екінші өлшемшарт "жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

      23. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақыру ресурстарын есепке алу мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы орындау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған. Жеке істер картотекасын жасау, әскерге шақырылушыларды іздеу жұмысы, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына (бұдан әрі – Әскери есепке алу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 10 наурызда № 14881 болып тіркелген) сәйкес келеді;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді. Жеке істер картотекасын жасау, әскерге шақырылушыларды іздеу жұмысы, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару Әскери есепке алу қағидаларына сәйкес келеді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланатын іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді. Жеке істер картотекасын жасау, әскерге шақырылушыларды іздеу жұмысы, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару Әскери есепке алу қағидаларына сәйкес келмейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды. Жеке істер картотекасын жасау, әскерге шақырылушыларды іздеу жұмысы, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару Әскери есепке алу қағидаларына сәйкес келмейді;

      2) картотекадағы әскерге шақырылушылар жеке істері санының қозғалысты есепке алу журналымен, әліпбилік кітаптармен және әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алумен сәйкес келуі:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 90 %;

      "қанағаттанарлық" – 80 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 80 %-тен төмен;

      3) әскери есепте тұратын әскерге шақырылушылар әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алуға енгізілді:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 95 %;

      "қанағаттанарлық" – 90 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 90 %-тен төмен;

      4) әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алуды толтырудың бастапқы нысандарында жол берілген қателер саны:

      "өте жақсы" – 0 %;

      "жақсы" – 5 %;

      "қанағаттанарлық" – 10 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 10 %-тен астам;

      5) әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алу деректерінің әскерге шақырылушылардың жеке істері деректерінен айырмашылығы мыналарды құрайды және бағаланады (кемінде 20 жеке іс есебінен ішінара салыстырып тексеру жүргізу кезінде):

      "өте жақсы" – 0 %;

      "жақсы" – 10 %;

      "қанағаттанарлық" – 15 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 15 %-тен астам.

      24. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) "Әскерге шақыру ресурстарын есепке алу" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – екінші өлшемшарт "өте жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – екінші өлшемшарт "жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

      25. "Есепке алу-әскерге шақыру жұмысы" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – бірден үшке дейінгі өлшемшарттар "жақсы", қалғандары "өте жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – бірден үшке дейінгі өлшемшарттар "қанағаттанарлық", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – екі және одан көп өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

9-параграф. Әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар.

      Ескерту. 2-тарау 9-параграфпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 17.06.2022 № 435 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25-1. Әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларда (бөлімдерде) мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) құжаттарды толық және сапалы пысықтау:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған іс-шаралар мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан жалтарған адамдарды уақтылы іздестіру жөніндегі жұмысқа бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жоспарланған іс-шаралар уақтылы жүргізілмейді;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмысты уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді;

      "қанағаттанарлықсыз" – жоспарлау құжаттары жоқ, құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау жүзеге асырылмайды;

      2) материалдар құқық қорғау органдарына жолданған:

      "өте жақсы" – 100 %;

      "жақсы" – 80 %;

      "қанағаттанарлық" – 70 %;

      "қанағаттанарлықсыз" – 50 %-тен аз.

      25-2. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыстың және құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – екінші өлшемшарт "өте жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – екінші өлшемшарт "жақсы", біріншісі "өте жақсы" немесе "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

3-тарау. Қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйін бағалау

      26. Қаржы-шаруашылық қызмет мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      1) ақшалай ризықты және жалақыны, сондай-ақ басқа да ақшалай төлемдерді есептеу үшін қажетті құжаттарды орындау мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – құжаттар сапалы және мерзімінде пысықталады, жеке құрамға ақшалай ризықты, жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді есептеу және аудару дұрыс және уақтылы жүргізіледі, артық және кем төлеу фактілері жоқ;

      "жақсы" – құжаттар сапалы және мерзімінде пысықталады, жеке құрамға ақшалай ризықты, жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді есептеу және аудару дұрыс және уақтылы жүргізіледі, болмашы қателер бар, артық және кем төлеу фактілері жоқ;

      "қанағаттанарлық" – құжаттар сапалы пысықталмайды, жеке құрамға ақшалай төлемдерді есептеу кезіндегі есептерде қателіктерге жол берілген, жеке құрамға ақшалай төлемдерді артық және кем төлеу фактілері бар;

      "қанағаттанарлықсыз" – құжаттар сапалы пысықталмайды, жеке құрамға ақшалай төлемдерді есептеу кезіндегі есептерде белгілі бір қателіктерге бірнеше рет жол берілген, төлемдер уақтылы жүргізілмейді, жеке құрамға ақшалай төлемдерді артық және кем төлеу фактілері бар;

      2) шарттық қызметті ұйымдастырудың жай-күйі мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелген) сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы және сапалы жасалады және орындалады, шарт талаптарына сәйкес барлық құжаттар қоса берілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомына сәйкес (бұдан әрі – Нысандар альбомы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7126 болып тіркелген) № 6 мемориалдық ордерде шарттық қызмет жөніндегі операциялар уақтылы көрсетіледі, ақша қаражатын мақсатты пайдаланбау фактілері анықталмаған, шарттарды есепке алу журналы белгіленген тәртіппен жүргізіледі;

      "жақсы" – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар жасалады және орындалады, шарт талаптарына сәйкес барлық құжаттар қоса берілген, Нысандар альбомына сәйкес № 6 мемориалдық ордерде шарттық қызмет жөніндегі операциялар уақтылы көрсетіледі, ақша қаражатын мақсатты пайдаланбау фактілері анықталмаған, шарттарды есепке алу журналында түзету фактілері бар;

      "қанағаттанарлық" – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар жасалады және орындалады, шарттар бойынша уақтылы төлемеу, Нысандар альбомына сәйкес № 6 мемориалдық ордерде шарттық қызмет жөніндегі операцияларды уақтылы көрсетпеу фактілері бар, ақша қаражатын мақсатты пайдаланбау фактілері анықталмаған, шарттарды есепке алу журналы белгіленген тәртіппен жүргізіледі;

      "қанағаттанарлықсыз" – тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалмайды немесе Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұзумен жасалады, шарт талаптарына сәйкес уақтылы төлемеу фактілері бар, Нысандар альбомына сәйкес № 6 мемориалдық ордерде шарттық қызмет жөніндегі операциялар уақтылы немесе сапалы көрсетілмейді, ақша қаражатын мақсатты пайдаланбау фактілері анықталған, шарттарды есепке алу журналы жүргізілмейді;

      3) материалдық құралдарды есепке алудың жай-күйі мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – есепке алу кітаптары басталған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 тамызда № 10954 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі, мүлік пен материалдық құралдар ақаусыз жай-күйде, белгіленген мерзімі өткен және жарамсыз жай-күйге келген мүлікті есептен шығару уақтылы жүргізіледі, мүлікті салыстырып тексеру уақтылы жүргізіледі, жетіспеушіліктер мен артықшылықтар фактілері анықталмаған, кабинеттегі мүлік тізімдемесі нақты қолда барына сәйкес келеді, барлық материалдық жауапты адамдармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалған, тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу уақтылы жүргізіледі, материалдық жауапты адамдар қаржы қызметіне материалдық есеп берулерді сапалы және уақтылы ұсынады;

      "жақсы" – есепке алу кітаптары басталған және Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі, мүлік пен материалдық құралдар ақаусыз жай-күйде, жарамсыз жай-күйге келген мүлікті есептен шығару уақтылы жүргізіледі, мүлікті ұқыпсыз пайдалану жағдайлары бар; мүлікті салыстырып тексеру белгіленген мерзімдерде жүргізіледі, мүліктің жетіспеу фактілері анықталмаған, кабинеттегі мүлік тізімдемесі нақты қолда барына сәйкес келеді, барлық материалдық жауапты адамдармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалған, тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу уақтылы жүргізіледі, материалдық жауапты адамдар қаржы қызметіне материалдық есеп берулерді сапалы және уақтылы ұсынады;

      "қанағаттанарлық" – есепке алу кітаптары басталған, бірақ Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бұзумен жүргізіледі, мүлік ұқыпсыз пайдаланылады, жарамсыз жай-күйге келген мүлікті есептен шығару және салыстырып тексеру мерзімін бұзумен жүргізіледі, мүліктің жетіспеу фактілері анықталмаған, кабинеттегі мүлік тізімдемесі нақты қолда барына сәйкес келеді, барлық материалдық жауапты адамдармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалмаған, тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу уақтылы жүргізілмейді, материалдық жауапты адамдар қаржы қызметіне материалдық есеп берулерді сапалы жасамайды және ұсынбайды;

      "қанағаттанарлықсыз" – мүлікті есепке алу ұйымдастырылмаған, есепке алу кітаптары жүргізілмейді, материалдық құралдардың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары жағдайлары анықталған, бағаланбаған мүлік бар, жарамсыз жай-күйге келген мүлікті есептен шығару және салыстырып тексеру жүргізілмейді, кабинеттегі мүлік тізімдемесі нақты қолда барына сәйкес келмейді, материалдық жауапты адамдармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалмаған, тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізілмейді, материалдық жауапты адамдар қаржы қызметіне материалдық есеп берулерді ұсынбайды;

      4) жоғары тұрған штабқа, бақылау және жабдықталым органдарына қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтерді уақтылы және сапалы ұсыну мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтер сапалы пысықталады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне, бақылау және жабдықталым органдарына уақтылы ұсынылады, жеткізілімдерді уақтылы ұсынбау фактілері анықталмаған;

      "жақсы" – қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтер сапалы пысықталады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне, бақылау және жабдықталым органдарына уақтылы, бірақ белгілі бір қателермен ұсынылады;

      "қанағаттанарлық" – құжаттар негізінен сапалы пысықталады, белгілі бір қателер бар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне, бақылау және жабдықталым органдарына қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтерді кешіктіріп ұсынуға жол берілген;

      "қанағаттанарлықсыз" – құжаттар сапалы пысықталмайды; есеп берулерде жүйелі қателерге жол берілген, қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне, бақылау және жабдықталым органдарына уақтылы ұсынылмайды.

      27. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) бағаланбайды, өйткені дербес қаржы қызметін жүргізбейді және қорғаныс істері жөніндегі департаментте қаржылық жабдықталымда тұрады.

      28. "Қаржы-шаруашылық қызмет" өлшемшарты үшін бағалау:

      "өте жақсы" – бірінші өлшемшарт "өте жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "жақсы" – бірінші өлшемшарт "жақсы", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлық" – екі өлшемшарт "қанағаттанарлық", қалғандары "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған кезде;

      "қанағаттанарлықсыз" – бір өлшемшарт "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланған кезде.

4-тарау. Қызметтік істердің жай-күйін бағалау

      29. Жергілікті әскери басқару органдары қызметтік істерінің жай-күйі мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – қорғаныс істері жөніндегі департамент және "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланатын бағынысты қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің кемінде 70 %-і, бұл ретте "жұмылдыру әзірлігі" өлшемшарты үшін "өте жақсы" деп бағаланса;

      "жақсы" – қорғаныс істері жөніндегі департамент және "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланатын бағынысты қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің 70 %-і, бұл ретте "жұмылдыру әзірлігі" өлшемшарты үшін "жақсы" деп бағаланса;

      "қанағаттанарлық" – қорғаныс істері жөніндегі департамент және "жақсы" және "қанағаттанарлық" деп бағаланатын бағынысты қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің 70 %-і, бұл ретте "жұмылдыру әзірлігі" өлшемшарты үшін "қанағаттанарлық" деп бағаланса;

      "қанағаттанарлықсыз" – қорғаныс істері жөніндегі департамент және "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланатын бағынысты қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің 30 %-тен астамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады