"Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 маусымдағы № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 маусымда № 28643 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдалануға байланысты қызмет (технологиялық процеспен) деп тану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдалануға байланысты қызмет (технологиялық процеспен) деп тану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Е. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 27 маусымдағы
№ 366 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 372 бұйрығымен
бекітілген

Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процеспен) деп тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процеспен) деп тану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Жер қойнауы туралы кодекс) 278-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процеспен) деп тану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) өтініш беруші - пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алу үшін оның өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдалануға байланысты (байланысты) деп тануға мүдделі адам;

      3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер.

      4) Ұлттық орталық – "Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2-тарау. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдалануға байланысты қызмет (технологиялық процеспен) деп тану тәртібі

      3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) мынадай міндеттемелерді қабылдаған кезде жер қойнауын пайдалануға байланысты (байланысты) деп танылады:

      1) пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар нәтижесінде өздері алған қатты пайдалы қазбалар "Өнеркәсіптік саясат туралы" Заңның 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін Бірыңғай индустрияландыру картасына (бұдан әрі - Бірыңғай индустрияландыру картасы) енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру шеңберінде тек қана шикізат және (немесе) отын ретінде пайдаланылатын болады;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар шарттарында белгіленетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесі күнтізбелік жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс;

      3) орташа жалақы көлемін төлеу тиісті аймақтың орташа статистикалық көрсеткіштен жоғары деңгейде жүргізіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдай тиісті өнеркәсіптік -инновациялық жобаны іске асыру барлық мерзімі, сондай-ақ басқа адамға (басқа адамдарға) жер қойнауын пайдалану құқығын беруді тапсырудан немесе өтуден тыс, қызмет жер қойнауын пайдаланумен байланысты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен (технологиялық процесін) жасасқан жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны іске асырудың барлық мерзім ішінде тұрақты болып саналады.

      4. Өтініш беруші уәкілетті органға өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдалануға байланысты (технологиялық процеспен) қызмет (технологиялық процеспен) деп тануға өтініш (бұдан әрі - өтініш) еркін нысанда мынадай құжаттарды:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына (бұдан әрі - Жобаларды енгізу қағидалары) сәйкес нысан бойынша жобаның паспортын;

      2) Жобаларды енгізу қағидаларында көзделген нысан бойынша жобаны іске асырудың жоспар-кестесін;

      3) жобаны қаржыландырудың пысықталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (шарт және/немесе жобаны қаржыландыру туралы келісімшарт);

      4) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның осындай қорытынды берілген күнгі бос болуына және бекітілген қорлардың болуына қорытындысы;

      5) бір парақтағы слайд-таныстыру, онда мынадай мәліметтер қамтылады: жобаның атауы мен мақсаты, оны іске асыру орны мен кезеңі, жобаның жалпы құны, күтілетін нәтижелерді;

      6) пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алу үшін жеткілікті және негізделген көлемде өндірістік қызметті (технологиялық процесті) шикізатпен және (немесе) отынмен қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдалануға лицензия алу қажеттілігінің жазбаша негіздемесін;

      7) Жобаларды енгізу қағидаларына сәйкес инвестициялық жобалар үшін жоба бойынша ақпаратты қоса бере отырып береді.

      5. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің және Ұлттық орталығы қызметкерлерінен құрылатын жұмыс органы өтінішті алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, ол осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда, қорытынды жобасын жасау үшін оны қарауға қабылдайды.

      Өтініш пен қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, жұмыс органы бес жұмыс күні ішінде өтінішті қайтарады. Өтінішті қайтару Өтініш берушіні кемшіліктер жойылған жағдайда қайта жүгіну құқығынан айырмайды.

      6. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдалануға байланысты қызмет (технологиялық процеспен) деп тану туралы қорытындының жобасы өтініш қарауға қабылданған кезден бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде еркін нысанда жасалады және мынадай негізгі бағыттар бойынша түйіндерді қамтиды:

      1) өтініш беруші "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатындығын;

      2) мәлімделген жобаның шығарылатын өнімі осы Қағидаларға қосымшада айқындалған жер қойнауын пайдалануға байланысты (байланысты) өндірістік қызметті тану үшін қызмет (технологиялық процесс) түрлерінің тізбесіне жататындығын;

      3) экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдалануға байланысты (байланысты) қызмет (технологиялық процеспен) болып табылатындығын.

      7. Қорытындының жобасын қалыптастырғаннан кейін жұмыс органы он бес жұмыс күні ішінде оны өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдалануға байланысты қызмет (технологиялық процеспен) деп тану мәселелерін қарау үшін уәкілетті орган құратын комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысына шығарады.

      8. Комиссия төрағасы уәкілетті орган басшысының тиісті мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.

      Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстар өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      Комиссияның құрамына Индустриялық даму комитетінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері кіреді.

      Комиссия отырыстары, егер оған Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызы қатысса, заңды деп есептеледі. Комиссия құрамы тақ саннан тұрады.

      Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      9. Комиссия шешім қабылдай отырып, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

      Комиссия Комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қоятын қорытындыны бекітеді.

      Комиссияның шешімін Өтініш берушіге жұмыс органы отырыстан кейін он жұмыс күн ішінде жібереді.

  Өнеркәсіптік-инновациялық
қызмет субъектілерінің
өндірістік қызметін
(технологиялық процесін) жер
қойнауын пайдаланумен
байланысты қызмет
(технологиялық процеспен)
деп тану қағидаларына
қосымша

Жер қойнауын пайдалануға байланысты (байланысты) өндірістік қызметті тану үшін қызмет (технологиялық процесс) түрлерінің тізбесі

Экономика секторы

ЭҚЖЖ коды

ЭҚЖЖ кодына сәйкес қызмет түрлері

1

2

3

1. Қара металлургия

24.10

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

24.20

Болаттан жасалған құбырлар, түтікшелер, қуыс профильдер, фитингтер өндірісі

24.31

Салқын тәсілмен созу

24.32

Таспаларды және енсіз жолақтарды суықтай таптау

24.33

Суық штамптау немесе иілу

24.34

Сымдарды салқын созу әдісі арқылы өндіру

24.51

Шойын құю

24.52

Құрыш бұйымдарды құю

2. Түсті металлургия

24.41

Бағалы (асыл) металдар өндіру

24.42

Алюминийді өндіру

24.43

Қорғасын, мырыш және қалайы өндірісі

24.44

Мыс өндіру

24.45

Басқа түсті металдар өндіру

24.53

Жеңіл металдарды құю

24.54

Басқа түсті металдарды құю

3. Агрохимия

20.15

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өндіру

20.20

Пестицидтерді және басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру

      Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:

      ЭҚЖЖ-Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады