"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 51 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шiлдеде № 28707 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталар – түрлі материалдардан жеке-жеке жасалған және бір монетаның бірыңғай композициясына өзара біріктірілген екі және одан да көп бөліктен тұратын коллекциялық монеталар;";

      10, 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатқан және (немесе) сатып алған жағдайда, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алатын немесе сатып алуға тапсыратын жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіреді, сондай-ақ оларды "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасының талабына сәйкес тексереді.

      11. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату кезінде жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерді, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.

      Жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға тапсырған кезде:

      1) Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) 2 (екі) данада толтырады, оның біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Ұлттық Банктің Орталығында қалады, ал екіншісі жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) беріледі;

      2) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерді, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға өкілеттігін растайтын құжатты (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.

      12. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату кезінде жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіру инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу өкілеттігін растайтын құжатта (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) көрсетілген мәліметтерді жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу кезінде жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіру Өтініште және сатып алу үшін инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды тапсыру өкілеттігін растайтын құжатта (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) көрсетілген мәліметтерді жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен салыстырып тексеру жолымен жүзеге асырылады.

      Жеке басын куәландыратын құжатта не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерде орналастырылған фотосуретті ұсынушының жеке басымен көзбен шолып салыстыру да жүргізіледі.

      Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген талаптар екінші деңгейдегі банктерге, Ұлттық пошта операторына және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болса, Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату және сатып алу бойынша кассалық операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және бас тарту бойынша шаралар қабылдайды.";

      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қолма-қол ақша айналасы департаменті (А.С. Адибаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Г. Пирматов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 51 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын
сату және сатып алу
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жеке тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші

_____қаласы

20___ жылғы "___" ________

      Мен,_____________________________________________________________________,

      (жеке тұлғаның не оның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды

      сатып алу үшін тапсыруға өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілінің тегі,

      аты, әкесінің аты (ол бар болса)) осы арқылы өз атымнан (сенімгердің атынан) мәміле

      жасайтынымды растаймын және

      __________________________________________________________________________

      (Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)

      осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша монетаны (монеталарды) сатып алуға қабылдауды сұраймын, сондай-ақ:

      1) салдарынан монета (монеталар) қайтарылуға жатпайтын, бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;

      2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді (сенімгердің дербес деректерін) жинауға, өңдеуге және таратуға;

      3) Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есептелген сатып алу сомасын алуға;

      4) ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда алуға және егер монетадағы химиялық таза бағалы металл салмағының құны үшін төлем сомасы ақша аудару үшін комиссия сомасын шегергенде 10000000 (он миллион) теңгеден асқан жағдайда, ақшаны осы өтініштің 2-кестесінде көрсетілген шотқа аударуға келісім беремін.

      1-кесте

Монетаның атауы

Монетаның түрі (инвестициялық немесе коллекциялық)

Номиналы теңгемен (цифрмен және жазумен)

Саны, данасы (цифрмен және жазумен)

Монетада көрсетілген металдың түрі

Монетада граммен (унциямен) көрсетілген салмағы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3








Барлығы

х

х


х


      2-кесте

Талап етілетін мәліметтер

мәміле жасайтын жеке тұлға туралы

инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға өкілеттігін растайтын құжат бойынша жеке тұлғаның өкілі
туралы

1

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)



2

Туған күні мен жері



3

Азаматтығы



4

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)



5

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер



6

Тұрғылықты жерінің мекенжайы.
Тіркелген жерінің немесе келген жерінің мекенжайы (мемлекеті, облысы, ауданы, елді мекені (қаласы, кенті, ауылы), көшенің, даңғылдың, шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі (олар бар болса) көрсетіледі



7

Байланыс телефон нөмірі



8

Электрондық пошта мекенжайы (ол бар болса)



9

Шоттың нөмірі, банктің толық атауы


х

      Жеке тұлғаның (оның өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _________________________________________ ______________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2022 жылғы "__" ______
№ ___ қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын
сату және сатып алу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші

_____қаласы

20___ жылғы "___" ________

      ________________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның атауы)

      ___________________________________________ негізінде іс-қимыл жасайтын

      __________________________________________________________________ арқылы,

      (заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________________

      (Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)

      осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша монетаны (монеталарды) сатып алуға қабылдауды сұрайды, сондай-ақ:

      1) салдарынан монета (монеталар) қайтарылуға жатпайтын, бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;

      2) Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды тұлға өкілінің ________________________ дербес деректерін жинауға, өңдеуге және таратуға;

      3) Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есептелген сатып ау сомасын алуға келісімін береді.

      1-кесте

Монетаның атауы

Монетаның түрі (инвестициялық немесе коллекциялық)

Номиналы теңгемен (цифрмен және жазумен)

Саны, данасы (цифрмен және жазумен)

Монетада көрсетілген металдың түрі

Монетада граммен (унциямен) көрсетілген салмағы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3








Барлығы

х

х


х


      2-кесте

Заңды тұлға туралы мәліметтер

1

Толық, қысқарған атауы (ол бар болса), ұйымдық-құқықтық нысаны


2

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


3

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама берілген күні, тіркеуші органның атауы


4

Орналасқан жерінің мекенжайы. Заңды мекенжайы және нақты мекенжайы (мемлекеті, облысы, ауданы, елді мекені (қаласы, кенті, ауылы), көшенің, даңғылдың, шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі, кеңсе нөмірі (бар болса) көрсетіледі


5

Байланыс телефон нөмірі


6

Электрондық пошта мекенжайы (бар болса)


7

Шоттың нөмірі, банктің толық атауы


8

Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы деректер (құрылтайшының (қатысушының) атауы көрсетіледі), егер құрылтайшы (қатысушы) жеке тұлға немесе дара кәсіпкер болып табылса, онда тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) көрсетіледі)


      3-кесте

Заңды тұлғаның өкілі туралы мәліметтер

1

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


2

Туған күні мен жері


3

Азаматтығы


4

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


5

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер


6

Тұрғылықты жерінің мекенжайы. Тіркелген жерінің немесе келген жерінің мекенжайы (мемлекеті, облысы, ауданы, елді мекені (қаласы, кенті, ауылы), көшенің, даңғылдың, шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі (олар бар болса) көрсетіледі


7

Байланыс телефон нөмірі


8

Электрондық пошта мекенжайы (ол бар болса)


      Заңды тұлға өкілінің

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ___________________________________ _________________

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады