Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шiлдеде № 28710 болып тіркелді. Бұйрық 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етті.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 31.12.2023 дейін (осы бұйрықтың 6 т. қараңыз).

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 119-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырған жағдайда нұсқамалар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартсын.

      4. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 21.04.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Төраға С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі Төрағасының
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 16 бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 30.06.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы

Тауар нарығының географиялық шекаралары

Шалғайдағы аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

Облыс орталығынан шалғайдағы аудандар (200 (екі жүз) шақырымнан астам) үшін қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

1.

Сұйытылған мұнай газы

Астана қаласы

76

-

2.

Алматы қаласы

81

-

3.

Ақтөбе облысы

54

59

4.

Атырау облысы

54

59

5.

Ақмола облысы

76

81

6.

Алматы облысы

81

86

7.

Шығыс Қазақстан облысы

76

81

8.

Жамбыл облысы

71

76

9.

Батыс Қазақстан облысы

64

69

10.

Қостанай облысы

76

81

11.

Қызылорда облысы

64

69

12.

Қарағанды облысы

76

81

13.

Маңғыстау облысы

54

59

14.

Павлодар облысы

74

79

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

81

86

16.

Түркістан облысы

64

69

17.

Шымкент қаласы

64

-

18.

Абай облысы

76

81

19.

Жетісу облысы

76

81

20.

Ұлытау облысы

76

81


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады