"Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32979 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28710 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың қосымшасын осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 8 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі Төрағасының
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 16 бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар

Атауы

Тауар нарығының географиялық шекаралары

Шалғайдағы аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

Облыс орталығынан шалғайдағы аудандар (200 (екі жүз) шақырымнан астам) үшін қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге

1.

Сұйытылған мұнай газы

Астана қаласы

76

-

2.

Алматы қаласы

81

-

3.

Ақтөбе облысы

54

59

4.

Атырау облысы

54

59

5.

Ақмола облысы

76

81

6.

Алматы облысы

81

86

7.

Шығыс Қазақстан облысы

76

81

8.

Жамбыл облысы

71

76

9.

Батыс Қазақстан облысы

64

69

10.

Қостанай облысы

76

81

11.

Қызылорда облысы

64

69

12.

Қарағанды облысы

76

81

13.

Маңғыстау облысы

54

59

14.

Павлодар облысы

74

79

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

81

86

16.

Түркістан облысы

64

69

17.

Шымкент қаласы

64

-

18.

Абай облысы

76

81

19.

Жетісу облысы

76

81

20.

Ұлытау облысы

76

81


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады