"Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 шiлдеде № 28770 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда оқуға іріктеу одан әрі оқуды шетелдік ӘОО-ларда оқу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘОО) бірінші курсына оқуға түскен әскери қызметшілер қатарынан іріктеу жылының 15 тамызына дейін ҚР ҚМ ӘОО бастығының атына берілген баянат негізінде жүзеге асырылады.

      Азаматтардың ҚР ҚМ ӘОО-ларына одан әрі шетелдік ӘОО-ларда оқу мақсатында оқуға түсуі "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Медициналық, музыкалық мамандықтарға және аударма ісіне оқуға түсу үшін ҰБТ бейіндік пәні: медициналық мамандықтар үшін биология, химия, музыкалық мамандықтар үшін шығармашылық емтихан, аударма ісі үшін шет тілі болып айқындалсын.

      Шетелдік ӘОО-ларға іріктеу жүзеге асырылатын тізім, сондай-ақ қойылатын талаптар, іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат іріктеу жылының 1 мамырына дейін жергілікті әскери басқару органдарында орналастырылады.

      Баянатта кандидаттың әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде), туған жылы мен айы, оқуға түскісі келетін шетелдік ӘОО-ның атауы және мамандығы көрсетіледі.

      Баянатқа өмірбаян (өз қолымен жазылған), 3 фотосурет (бас киімсіз, өлшемі 4,5 х 6 сантиметр) қоса беріледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кәсіби іріктеу және шетелдік ӘОО-лар талаптарына жауап беретін жоғары әскери білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларға әскери қызметшілерді іріктеу үш кезеңде жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезеңде – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген келіп түскен құжаттар негізінде әскери қызметшілердің тізімдері қалыптастырылады;

      2) екінші кезеңде – оқыту тілі бойынша тестілеу, онда әскери қызметші шетелдік білім беру ұйымында оқытылатын болады. Оқыту тілі бойынша тестілеу іріктелетін оқыту тілін меңгеру деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Тестілеу сұрақтары негізгі орта білім беру бағдарламаларын ескере отырып құрастырылады және 30 сұрақтан тұрады, 1 сұрақ 1 балға теңестіріледі. Шекті деңгей 10 балды құрайды.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының мамандықтарына іріктелетін әскери қызметшілермен бұдан бұрын "Ұсынылады" деген нәтижемен зерттеуден өткендерді қоспағанда, бірақ соңғы жүргізілген зерттеу күннен бастап екі жылдан кешітірілмей психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер (бұдан әрі – зерттеу) жүргізіледі;

      3) үшінші кезеңде – конкурстық іріктеу жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеу ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін іріктелетін рейтингісін жасауды қамтиды және оны іріктеу комиссиясы жүргізеді.

      Зерттеу нәтижесі бойынша ұсынылмайтын іріктелетін әскери қызметшілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

      Рейтинг оқыту тілі бойынша тестілеу нәтижесін және ҰБТ нәтижесін қосу арқылы қалыптастырылады.

      Оқуға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін рейтингіде тұрған, іріктеудің екінші кезеңінің шекті деңгейінен өткен әскери қызметшілер жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Жоғары білім беру бағдарламасын іске асыратын шетелдік ӘОО-лардан оқудан шығарылған әскери қызметшілер жеке құрам тізімдерінде есепте тұрған ҚР ҚМ ӘОО-ға келеді. ҚР ҚМ ӘОО-да оқудан шығарылған әскери қызметші "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15634 болып тіркелген) және "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) сәйкес одан әрі оқу туралы шешім қабылдау үшін ғылыми кеңестің отырысына ұсынылады.";

      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 491 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 371 бұйрығына
қосымша

      Нысан

№ ____ ХАТТАМА

      ________________________________ іріктеу (апелляциялық) комиссиясының отырысы

      (оның жанында комиссия құрылатын органның атауы)

      _____________________________________ іріктеуден өткені (бас тартылғаны) туралы

      (ӘОО-ның атауы)

      Комиссия мынадай құрамда: төраға ___________ төрағаның орынбасары ____________

      мүшелері: ________________________________________________________________

      өз отырысында кандидаттарды қарады, зерделеді және қаулы етті:

Р/с №

Т.А.Ә.
(ол бар болған кезде)

Туған күні, айы және жылы

Ұлты

Түсетін шетелдік ӘОО-ның атауы және мамандығы

ҰБТ нәтижесі

Оқыту тілі бойынша тестілеу нәтижесі

Психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер

Жалпы балы

Комиссия шешімі











      Комиссия төрағасы: _____________________________________________________

      (әскери атағы, атының инициалы және тегі)

      Комиссия мүшелері: _____________________________________________________

      (әскери атағы, атының инициалы және тегі)

      Комиссия хатшысы: _____________________________________________________

      (әскери атағы, атының инициалы және тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады