"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 шiлдеде № 28777 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

      1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған;

      2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған;

      3) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайыздың (бұдан әрі – %) теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады,

      Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен 7,5 (жеті бүтін оннан бес) жылдық пайыздық жиынтық сомасы мен қарыз алушының теңгемен төлеген 6 (алты) % арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі мемлекеттік бюджеттен субсидияланады.

      2021 жылғы 4 желтоқсанға дейін жасалған қолданыстағы субсидиялау шарттары бойынша ресей рублімен және өзге валютамен берілген қарыз шарттары сыйақы мөлшерлемелерін ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-дан, өзге валютамен жылдық 3 (үш) %-дан төмендетуге жол берілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 225 бұйрығына
қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне кредит беру,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы
жануарларын, техникасы мен
технологиялық жабдығын сатып
алуға лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

Қарыз шартына қойылатын талаптар

      Қарыз шарты мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) алынған кредиттің/лизингтің агроөнеркәсіптік кешен саласында пайдаланылған болуы;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайыздың (бұдан әрі – %) теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жасалған болуы;

      3) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылатындығы.

      "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде нысаналы мақсат инвестициялық мақсаттар, айналым қаражатын толықтыру және көктемгі егіс және (немесе) егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылады;

      4) мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты қарызды қаржыландыру көзі болып табылмайтындығы;

      5) өтінім берген сәтте жарамды (бұзылмаған және тоқтатылмаған) болып табылатындығы;

      6) сыйақы мөлшерлемесінің Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбауы;

      7) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде сатып алуға жол берілмейтіндігі.

      Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шеңберінде "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" кіші жүйесінде жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы және тіркелген ауыл шаруашылығы техникасы субсидиялануы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады