БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі №190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық), "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 97) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерін қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу тәртібін айқындайды.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35 Арнаулы атақтар беруге (бірінші, оның ішінде кезекті арнаулы атақты мерзімінен бұрын беруге, атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бір саты жоғары немесе арнаулы атақты төмендетуге (қалпына келтіруге) ұсыну осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкіде ресімделеді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы атақтарды беруге ұсынымдардың бланкілерін толтыру кезінде мыналарды ескеру қажет:
1) егер лауазымы бойынша екі атақ белгіленсе, онда лауазымы бойынша арнаулы атақ бөлімінде бөліністің санын ескере отырып, штаттық лауазымы бойынша атақ көрсетіледі;
2) қызметкерге берілетін арнаулы атақ толық, қысқартусыз көрсетіледі;
3) жеке нөмір беру туралы бөлім офицерлік атақтары немесе орта және аға басшы құрамның арнайы атақтары жоқ адамдарға орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын беруге ұсынылған жағдайда толтырылады;
4) білімі туралы бөлімде атақ берілетін адамның білімі (орта, арнаулы орта немесе жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі), сондай-ақ қай жылы және қандай оқу орнын бітіргені көрсетіледі. Егер атақ берілетін адам бірнеше оқу орнын бітірсе, онда білім туралы бөлімде деңгейі бойынша жоғары оқу орны ғана көрсетіледі. Деңгейі бойынша бірдей екі жоғары оқу орнын бітірген кезде осы екі оқу орны да көрсетіледі. Осы бөлімде ғылыми, академиялық дәрежесінің және ғылыми атағының болуы туралы жазба жасалады.
Егер атақ берілетін адам оқу орнында оқитын болса, ол туралы орта арнаулы немесе жоғары оқу орнының қай курсында және факультетінде оқитынын көрсете отырып, білімі туралы бөлімде жазылады, ұсынымға оқу орнынан анықтама қоса беріледі;
5) қазіргі атағы бөлімінде ІІМ кадрларына жаңадан қабылданатындар үшін берілген арнаулы атақтар, ал орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын беруге ұсынылған кезде - офицерлік атақтар көрсетіледі. Орта және аға басшы құрамның бірінші арнаулы атағын беруге ұсынылған кезде қатардағы және кіші басшы құрамның арнаулы атақтары және қатардағы, сержанттар, старшиналар құрамының әскери атақтары көрсетілмейді;
6) әскери есептен шығару, әскери қызметке жарамдылығы және бастапқы кәсіби даярлықтан өтуі туралы бөлімдер басшы құрамның бірінші арнаулы атағын беруге, ІІМ кадрларына қабылдауға ұсынылған кезде ғана толтырылады;
7) қысқаша сипаттама бөлімінде атақ берілетін адамның іскерлік және моральдық қасиеттері сипатталады.
Кезекті арнаулы атақты мерзімінен бұрын немесе атқарып отырған лауазымы бойынша штатта көзделгеннен бір саты жоғары беруге ұсынымхатта қызметкер нақты қандай сіңірген еңбегі немесе жұмыстағы көрсеткіштері үшін атақ беруге ұсынылатынын және бұрын атақ мерзімінен бұрын немесе бір саты жоғары берілгенін көрсетеді, бұл ретте бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Атақ беруге ұсынылушының ұсынымында ІІМ аппараты қызметінің басшысы, ІІО бөлінісінің, ІІМ білім беру ұйымының уәкілетті басшысы қол қояды;
8) ұсынымның сыртқы жағына қызметкердің қызметтік тізімінен қызмет өткеру туралы мәліметтер енгізіледі, оларды кадр қызметінің қызметкері растайды.
Бірінші арнаулы атақтар берілген немесе ІІО-ның бұрынғы қызметкерлері ІІМ кадрларына қабылданған жағдайда бөлімде барлық еңбек қызметі көрсетіледі, бұл ретте онда 3 айдан астам үзілістердің себептері көрсетіледі.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Атақ беру Министрдің құзыретіне кіретін басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын беруге ұсынымдар ІІМ кадр қызметіне әр айдың бірі күніне жолданады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. ІІО қызметке қабылданған адамдарға орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын беруге ұсынымдар оларды лауазымға тағайындағаннан кейін бір апта мерзімде ресімделеді.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Кезекті арнаулы атақ беруді кідірту туралы дәлелді қорытынды оған қатысты ұсыным кідіртілген қызметкерге қол қойғызып хабарланады және оның жеке ісінің материалдарына қоса тіркеледі.";
Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызмет бойынша жоғарылату, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, қызметтен шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулыққа 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызмет бойынша жоғарылату, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, қызметтен шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулыққа 7-қосымша алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
Нысан
Лауазымы бойынша арнаулы атағы
_________________________________
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің
20__ жылғы "__" ___ № ____
бұйрығымен бекітілді
________________________________
(аттестатталғанның штат саны
құрамы, лимиті, режимі)
ҰСЫНЫМ
________________________________________________ арнаулы атағын беруге
(қандай) кімге
____________________________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке нөмірі, лауазымы,
____________________________________________________________________
органы, мекемесі, оқу орны) ________________жеке нөмірі_________________
беріле отырып (жеке нөмірін берген кезде толтырылады)
Туған күні, айы, жылы ________________________________________________
Білімі (жалпы, арнаулы, жоғары, әскери)__________________________________
(қашан және қандай оқу орнын бітірді)
____________________________________________________________________
Қазіргі атағы _________________________________________________________
(қандай, жаңадан қабылданатындар үшін запас бойынша офицерлік атағы көрсетіледі)
______20__жылғы "__"_______ № ______ бұйрығымен берілді (кімнің бұйрығы)
Әскери есептен алынды 20 __ жылғы "___" _____________ _______.
ӘДК 20 __ жылғы "_" __________ қорытындысы бойынша әскери қызметке
____________________________ танылды (әскери-дәрігерлік комиссияның
қорытындысы көрсетіледі) ______________________________________________
Алғашқы дайындықтан өтті _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Қысқаша сипаттамасы
Бастық (командир) _____________________________
(лауазымы, арнаулы атағы, тегі, қолы)
20____ жылғы "___" _______________
Қарулы күштер мен әскери бөлімдердегі, құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы және басқа да мемлекеттік органдардағы, ұйымдардағы қызметі
Ескертпе:
Егер ұсынымда құпия сипаттағы мәліметтер қамтылған болса, оларға құпия белгісі беріледі.
Әскери есепке алу алғашқы арнаулы атақтарды беруге ұсынған кезде толтырылады.
Бірінші арнаулы атағын беруге, сондай-ақ ішкі істер органдарында бұрын қызмет өткерген адамды ІІМ кадрына қабылдауға ұсынған кезде бөлімде еңбек қызметі басталғаннан бастап 3 айдан астам үзілістің және қызмет өткеру, сондай-ақ азаматтық жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімдеріндегі оқуы кезеңінде лауазымынан төмендеуі себептерін (өз қалауы бойынша, ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты, тәртіптік немесе аттестаттау тәртібінде) түсіндіре отырып, барлық атқарылған жұмысы көрсетіледі.