"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 шiлдеде № 28808 болып тіркелді. Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 10.01.2023 (бұйрықтың 5 т.)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданыста болу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 14 шілдедегі
№ 240 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 183 бұйрығымен
бекітілді

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі

      1. Аи-80 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.

      2. Аи-92 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.

      3. Аи-93 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.

      4. Дизель отыны (жазғы, маусымаралық), бөлшек саудада өткізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады