ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10276 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы тәртібі";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Өндірістік бақылау";
8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Химиялық өндірістердің аумағы";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ғимараттар мен құрылыстар";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Технологиялық процестердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Технологиялық жабдықтар";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Құбыр жолдары және арматура";
189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"189. Тиек арматура, сақтандыру клапандары және құбыржолдарының тексеріс жүргізу көлемдері мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23754 болып тіркелген) Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына (бұдан әрі - Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың талаптары) сәйкес жүргізіледі.";
199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"199. Химиялық заттардың құбыржолдары Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес сынақтар жүргізу арқылы беріктікке және бітеулікке тексеріледі.";
201, 206, 209, 210-тармақтар алып тасталсын;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Автоматтандыру, оқшаулау, дабыл қағу, басқару";
398-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"398. Мемлекеттік тексерістен өтпеген аспаптарды пайдалануға жол берілмейді. Датчиктердің орындалуы пайдалану шарттарына сәйкес келеді. Датчиктер конструкциясында рұқсат етілмеген қол жеткізуден, атмосфералық жауын-шашын ықпалынан және ылғалды жинау кезіндегі шашыраудан қорғау қарастырылады.";
417, 418-тармақтар алып тасталсын;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Жылыту, желдеткіш, кәріз жүйесі";
454-тармақ алып тасталсын;
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-тарау. Құрал-жабдықтарды пайдалану және жөндеу";
533-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"533. Құбыржолдарды тексеру көлемдері мен кезеңділігі Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгіленеді.";
11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-тарау. Фосфор мен оның қоспаларын өндіру";
12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-тарау. Хлор өндіру және оның қосылыстары";
734, 735, 736, 737, 738, 739, 747, 748, 749, 750, 751, 752, 753, 754, 755 және 756-тармақтар алып тасталсын;
13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"13-тарау. Химиялық заттарды сақтау";
871-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"871. Бастапқы қышқыл бұлттарының туындау мүмкіндігін өндірістегі айналымдағы қышқыл қасиеттерінің негізінде жұмыс істеп жатқан қоймалар үшін жобаны әзірлеушінің келісуі бойынша қойма жобасын әзірлеуші айқындайды.";
14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"14-тарау. Персоналды қорғау";
15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"15-тарау. Сұйық аммиакты тасымалдау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
954-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"954. Әр цистернаға мыналар қоса беріледі:
1) белгіленген бъекті бойынша жүк вагонының төлқұжаты;
2) қысыммен жұмыс істейтін ыдыс (цистерна қазандығы) төлқұжаты;
3) сақтандырғыш қақпақтың төлқұжаты және оның өткізу қабілетінің есебі;
4) сақтандырғыш қақпақ серіппесінің төлқұжаты (сертификаты);
5) сақтандырғыш мембранаға арналған төлқұжат (оны орнатқан кезде);
6) төгу-құю шұраларының төлқұжаты;
7) бітеу-сақтандырғыш арматураны сынау актілері;
8) ыдысты пайдалану нұсқаулығы;
9) сақтандырғыш қақпаны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті техникалық құрылғыны қолдануға рұқсат беру құжаты.";
16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"16-тарау. Сұйық аммиакты ағызу және құю";
17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"17-тарау. Сұйық хлорды тасымалдау";
1137, 1138, 1139, 1140, 1141, 1142, 1143, 1144, 1145, 1148, 1149, 1150, 1151, 1152, 1153, 1154, 1155, 1156, 1157, 1158, 1159, 1160, 1161, 1162 және 1163-тармақтар алып тасталсын;
18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-тарау. Фреонды тасымалдау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"19-тарау. Төгу-құю эстакадаларында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"20-тарау. Автоцистерналарды құю кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"21-тарау. Теміржол цистерналарын жуу және шлам сүзу қондырғысымен ағынды суларды тазарту бекеттері";
22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"22-тарау. Тоңазытқыш қондырғылары";
23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"23-тарау. Жабдықтарды техникалық куәландыру";
24-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"24-тарау. Аммиакты тоңазытқыш қондырғылары";
25-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"25-тарау. Фреонды мұздатқыш қондырғылар";
26-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"26-тарау. Химиялық зертханалар";
1451-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1451. Жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар (қайнаудың төменгі температурасына ие заттардан басқасы) тығындары берік кептелген қабырғалары қалың құтыларда (сауыттарда) қауіпті заттар қоймасында сақталады. Құтылар қақпақтары тығыз жабылатын, қабырғалары мен түбі асбестпен қаланған металл жәшіктерге салынады. Жәшік өтетін жерлерден және жылытатын аспаптардан алшақ, оған жету ыңғайлы жерде, еденде орналастырылады. Жәшік қақпағының ішкі жағында атауы және бұл бөлме үшін жанғыш пен жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды сақтаудың рұқсат етілетін жалпы нормалары көрсетілген нақты жазу жасалады. Жеңіл тұтанатын сұйықтықтар үшін шыны ыдыстың сыйымдылығы 1 л аспайды, сыйымдылығы одан асып кетсе, ол саңылаусыз металл қаптамамен жабдықталады.";
1509-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1509. Беті ашық сынабы бар аппаратураны ауаны жоғарыдан және төменнен сорып шығатын шкафта орналастырады. Сынапты қыздырумен байланысы жоқ жұмыс кезінде шкафтың барлық ашық жармалары барысында ауаның қозғалу жылдамдығы - 0,5 метр секундтан кем емес, ал сынапты қыздыру барысында – 1 метр секундтан кем емес.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
М. Кульдиков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі