Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 шiлдеде № 28915 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 74) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Аймағамбетов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі
_______________ Д. Жаналинов
2022 жылғы "____"_____________
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика вице-министрі
_______________ Б. Омарбеков
2022 жылғы "____"_____________

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 333 Бұйрығына қосымша

Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесі Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар

Олимпиадалар атауы

1.

Математикадан халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad (Интернейшэнал Математикал Олимпиад)

2.

Физикадан халықаралық олимпиада (International Physic Olympiad (Интернейшэнал Физик Олимпиад)

3.

Химиядан халықаралық олимпиада (International Chemistry Olympiad (Интернейшэнал Кэмистри Олимпиад)

4.

Биологиядан халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad (Интернейшэнал Байолоджи Олимпиад)

5.

Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad (Интернейшэнал Джиографи Олимпиад)

6.

Информатикадан халықаралық олимпиада (International Olympiad in Informatic (Интернейшэнал Олимпиад Ин Информатик)

7.

Лингвистикадан халықаралық олимпиада (International Linguistic Olympiad (Интернейшэнал Лингуистик Олимпиад)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады