"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 шiлдеде № 28927 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      4. Қағаз және (немесе) электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 44 бұйрық) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжаты бар болған жағдайда құжатты ҰБТ-ға өтініш беру бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

      1) жеке аудиторияның;

      2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін білетін маманның;

      3) тестілеу тапсыру кезінде қосымша уақыт бөлудің қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтініш бере алады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. SAT - ЭсЭйТи (Scholastic Assessment Test), ACT – ЭйСиТи (American College Testing), IB - АйБи (International Baccalaureate) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша халықаралық стандартталған тестілеудің нәтижелері мен шекті балдары бар пәндер бойынша ҰБТ тапсырудан босатылады және Үлгілік қағидаға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады және (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.

      SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) SAT reasoning (ризонинг) және SAT subject (сабджект) сертификатары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;

      2) SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.

      ACT балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

      IB балдары Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін және республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылдау кезінде SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдарға балл Үлгілік қағидалардың 4-1 тармағына және 2-1-қосымшасына сәйкес (оқу сауаттылығы бойынша) есептеледі, бұл ретте SAT reasoning сертификатының балдары ғана ескеріледі.

      SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелерін қағаз форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 1 және 30 сәуір аралығында және электрондық форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 28 сәуір және 10 маусым аралығында өтініш қабылдау мерзімдерінде мәліметтер енгізуі және өтініш беруі қажет. Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.

      ҰБТ – ға өтініштер қабылдау аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы күнтізбелік жылдың 30 маусымға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдардың тізімін және олардың сертификаттарының көшірмелерін қарауға ұсынады. Шешім шығарылғаннан кейін сертификаттар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (www.testcenter.kz) 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарияланады.";

      35-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары, есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді ұйымдастырады;";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар қабылдау онлайн режимде осы Қағидаларға 3-қосымшаға немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгіге сәйкес мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 20 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі;

      2) күнтізбелік жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі;

      3) күнтізбелік жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 2 (екі) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі;

      4) күнтізбелік жылғы 15 шілде мен 30 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі.

      Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде түсуші тестілеу күнін және уақытын таңдай алады.

      Электрондық форматтағы ҰБТ мынадай мерзімдерде өткізіледі:

      1) күнтізбелік жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік беріледі;

      2) күнтізбелік жылғы 1-31 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік беріледі;

      3) күнтізбелік жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 2 (екі) реттен артық емес ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік беріледі;

      4) күнтізбелік жылғы 10-20 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік беріледі.

      16 мамыр мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсыратын тұлғалар үшін бейіндік пәндер комбинациясын өзгертуге жол берілмейді.";

      78, 79, 80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Тестілеуді бастау үшін түсушіге:

      тестілеу жүйесіне кіру үшін компьютер экранындағы өрісте логині мен паролін көрсету немесе жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу (бұдан әрі – ЖСН) және компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өту;

      "ҰБТ тестілеу" интерфейсін ашу;

      тестілеу тапсыру тілін таңдау, бұл ретте тестілеу басталғаннан кейін тестілеуді тапсыру тілі өзгермейді;

      бейіндік пәндер комбинациясын таңдау және таңдау дұрыстығын растау;

      ҰБТ тапсыруға кірісу.

      Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.

      ҰБТ өткізу пунктінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, Ұлттық тестілеу орталығының келісімен тестілеу администраторы мен аймақтық мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 32-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасай отырып, тестілеу процесін тоқтатады (күшін жояды) және басқа күнге ауыстырады. Тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт тестілеу администраторымен және аймақтық мемлекеттік комиссиямен бірлесіп жасалады.

      Тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауы болған жағдайда түсуші тестілеу администраторына хабарлау қажет. Тестілеу администраторы бақылаушылармен бірлесіп, осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауын анықтау актісін жасайды.;

      79. ҰБТ ұзақтығы - 240 минут (4 сағат).

      Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін жаттығуларға арналған 2 минут көлемінде үзіліс жүзеге асырылады.

      120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін жаттығуларға арналған 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

      180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 70 минут.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ – ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы-130 минут.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін-80 минут.

      Мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) үшін тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі.

      80. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге:

      аудиториядан (компьютерлік сыныптан) дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын тестілеу администраторының рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;

      аудиториядан 10 минуттан артық шығуға;

      сөйлесуге, орын ауыстыруға;

      құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;

      құжаттарды (жазбаларды) және А4 форматындағы парағын аудиториядан шығаруға;

      ғимаратқа және аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) Қағидалардың 75-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіруіне және қолдануына рұқсат етілмейді;

      тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;

      тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарын өзімен бірге алып кетуге;

      тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;

      тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

      тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Түсуші аудиториядан шыққан жағдайда аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеріліп кіргізіледі.

      81. Түсуші осы Қағидалардың 80-тармағын бұзған жағдайда, тестілеу әкімшісі тестілеуді байқаушылармен бірлесіп аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған (электрондық формат) және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы актісін осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және түсуші осы тестілеуге жіберілмейді.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді;";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Ғимаратқа кіруге арналған есіктер бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте өткізу барысы, сонымен қатар тестілеуден кейінгі пайдаланылған кітапшалар сақталған бөлменің бейнебақылау жазбасы ҰБТ аяқталғаннан кейінгі 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығының мұрағатына тапсырылады.

      Электрондық форматтағы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүргізеді.

      ҰБТ өткізу кезінде өтініш берушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны және (немесе) осы Қағидалардың 75 және 80-тармақтарында көрсетілген әрекеттері анықталған кезде Ұлттық тестілеу орталығы аудиторияда (электрондық форматта) тыйым салынған заттарды анықтау және өзін-өзі ұстау қағидаларын және (немесе) әрекеттерін бұзған тестіленушіні аудиториядан шығару актісін жасайды. Сондай-ақ, тестілеу жүйесіне келіп түскен тіркеу файлдарын (журналдарын) тексеру нәтижелері бойынша тестілеуден өту кезінде тестілеу бағдарламасына бөгде тұлғалар араласуға әрекеттенген кезде акт жасалады және және растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

      Аудиторияда (электрондық форматта) тыйым салынған заттарды анықтау және өзін-өзі ұстау қағидаларын және (немесе) әрекеттерін бұзған тестіленушіні аудиториядан шығару актісі және тестілеу жүйесіне келіп түскен тіркеу файлдарын (журналдарын) тексеру нәтижелері бойынша тестілеуден өту кезінде тестілеу бағдарламасына бөгде тұлғалар араласуға әрекеттенгені туралы актіні және растайтын материалдар білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады. Комиссияның шешімімен тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жыл бойына нәтижелері жойылады.

      Тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлікті жойылғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы түсушілерге жеке кабинеті арқылы хабарлама жібереді.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

  бұйрығына 1-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламалары тобы

Бейіндік пәндер

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

В001

Педагогика және психология

Биология

География

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Биология

География

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Биология

География

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Физика

Математика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика/Информатика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Химия

Биология

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Биология

Химия

В014

География мұғалімдерін даярлау

География

Дүниежүзі тарихы

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс тілі

Орыс әдебиеті

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В019

Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Биология

География

В020

Арнайы педагогика

Биология

География

В021

Орындаушылық өнер

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В022

Музыкатану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В024

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В025

Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В026

Композиция

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В031

Сән, дизайн

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В032

Философия және этика

Дүниежүзі тарихы

География

В033

Дінтану және теология

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В034

Тарих

Дүниежүзі тарихы

География

В134

Археология және этнология

Дүниежүзі тарихы

География

В035

Түркітану және шығыстану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В036

Аударма ісі

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В037

Филология

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В038

Әлеуметтану

Математика

География

В039

Мәдениеттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В040

Саясаттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В140

Халықаралық қатынастар және дипломатия

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В041

Психология

Биология

География

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В044

Менеджмент және басқару

Математика

География

В045

Аудит және салық салу

Математика

География

В046

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Математика

География

В047

Маркетинг және жарнама

Математика

География

В048

Еңбек дағдылары

Математика

География

В049

Құқық

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Биология

Химия

В051

Қоршаған орта

Биология

География

В052

Жер туралы ғылым

Математика

География

В053

Химия

Химия

Биология

В054

Физика

Физика

Математика

В055

Математика және статистика

Математика

Физика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Физика/Информатика

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Физика/Информатика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Математика

Физика

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Физика

В061

Материалтану және технологиялар

Математика

Физика

В062

Электр техникасы және энергетика

Математика

Физика

В063

Электр техникасы және автоматтандыру

Математика

Физика

В064

Механика және металл өңдеу

Математика

Физика

В065

Автокөлік құралдары

Математика

Физика

В066

Теңіз көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В067

Әуе көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В167

Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану **********

Математика

Физика

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Биология

Химия

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Математика

Физика

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Математика

Физика

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Математика

Физика

В072

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Биология

В073

Сәулет

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Математика

Физика

В075

Кадастр және жерге орналастыру

Математика

География

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Математика

Физика

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Химия

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Химия

В079

Орман шаруашылығы

Биология

География

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Химия

В081

Жерге орналастыру

Математика

Физика

В183

Агроинженерия

Математика

Физика

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

Математика

Физика

В083

Ветеринария

Биология

Химия

В084

Мейіргер ісі

Биология

Химия

В085

Фармация

Биология

Химия

В086

Жалпы медицина

Биология

Химия

В087

Стоматология

Биология

Химия

В088

Педиатрия

Биология

Химия

В089

Қоғамдық денсаулық сақтау

Биология

Химия

В090

Әлеуметтік жұмыс

Биология

География

В091

Туризм

География

Шетел тілі

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

География

Шетел тілі

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Математика

Физика

В095

Көлік қызметтері

Математика

География

В096

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика

  бұйрығына 2-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
2-қосымша

Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Дайындау бағытының атауы және нөмірі

Білім беру бағдарламаларының тобы

Жалпы кәсіптік пән

Арнайы пән

В001

Педагогика және психология

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Мектепке дейінгі педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Құқық және экономика негіздері

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Математика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Физика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Информатика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Химия

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Биология

В014

География мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

География

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Қазақстан тарихы

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Қазақ тілі

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Орыс тілі

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Шетел тілі

В019

Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В020

Арнайы педагогика

Педагогика және психология негіздері

Биология

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Өнер тарихы

В024

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Өнер тарихы

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Театр тарихы

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Хореография тарихы

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Қазақ тілі/Орыс тілі

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Қазақстан бейнелеу өнері тарихы

В031

Сән, дизайн

Шығармашылық емтихан

Бейнелеу өнері тарихы

В032

Философия және этика

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлықғылымдар негіздері (Философия, мәдениеттану, әлеуметтанужәне саясаттану негіздері)

В033

Дінтану және теология

Шығармашылық емтихан

Қазақстан тарихы

В034

Тарих

Қазақстан тарихы

Дүниежүзі тарихы

В134

Археология және этнология

Қазақстан тарихы

Дүниежүзі тарихы

В035

Түркітану және шығыстану

Қазақ тілі/Орыс тілі

Дүниежүзі тарихы

В036

Аударма ісі

Қазақ тілі/Орыс тілі

Шет тілі

В037

Филология

Қазақ тілі/Орыс тілі

Қазақ әдебиеті/Орыс әдебиеті

В038

Әлеуметтану

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлықғылымдар негіздері

В039

Мәдениеттану

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру

В040

Саясаттану және азаматтық құқықтану

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлықғылымдар негіздері (Философия, мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану негіздері)

В041

Психология

Қазақстан тарихы

Психология негіздері

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Қазақ тілі / Орыс тілі

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қазақ тілі / Орыс тілі

Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру

В044

Менеджмент және басқару

Экономика негіздері

Менеджмент

В045

Аудит және салық салу

Қаржы және несие

Ұйым экономикасы

В046

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Қаржы және несие

Ұйым қаржысы

В047

Маркетинг және жарнама

Экономика негіздері

Маркетинг

В048

Еңбек дағдылары

Экономикалық теория негіздері

Қаржылық және экономикалық есепті талдау

В049

Құқық

Мемлекет және құқық теориясы

Қазақстан Республикасыныңазаматтық құқығы

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Химия

Биология

В051

Қоршаған орта

Химия

Биология

В052

Жер туралы ғылым

География

Физика

В053

Химия

Биология

Химия

В054

Физика

Математика

Физика

В055

Математика және статистика

Қаржы және несие

Математика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Информатика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Физика

Электроника және схемотехника негіздері

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Жалпы химиялық технология

В061

Материалтану және технологиялар

Физика

Материалтану негіздері

В062

Электр техникасы және энергетика

Электротехниканың теориялық негіздері

Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздік негіздері)

В162

Жылу энергетикасы

Жылу техникасының теориялық негіздері

Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздік негіздері)

В063

Электр техникасы және автоматтандыру

Математика

Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру

В064

Механика және металл өңдеу

Материалтану

Еңбекті қорғау

В164

Аспап жасау

Автоматика негіздері

Технологиялық өлшем және бақылау өлшем жабдықтары

В065

Автокөлік құралдары

Физика

Еңбекті қорғау

В165

Магистральды желілер және инфрақұрылым

Физика

Еңбекті қорғау

В066

Теңіз көлігі және технологиялары

Кеменің теориясы, құрлысы және пайдалану мерзімін арттыру үшін күрес

Кеменің энергетикалық қондырғылары

В166

Көліктік имараттар

Физика

Еңбекті қорғау

В067

Әуе көлігі және технологиялары

Физика

Авиациялық қауіпсіздік

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Химия

Микробиология

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Физика

Материалтану негіздері

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Химия

Тігін өндірісінің материалдары

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Жалпы геология

Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау

В171

Металлургия

Металл тану

Металл өндіру негіздері

В271

Мұнай-газ ісі

Гидравлика

Еңбекті қорғау және өндірістік экология негіздері

В072

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Жалпы химиялық технология

В073

Сәулет

Шығармашылық емтихан

Сызу

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Құрылыс материалдары

Еңбекті қорғау

В174

Геодезия және картография

Физикалық география

Геодезия

В075

Кадастр және жерге орналастыру

География

Геодезия

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Физика

Стандарттау

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Агрономия негіздері

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Мал шаруашылығы

В079

Орман шаруашылығы

Ормантану

Дендрология

В179

Аң шаруашылығы жәнеаң аулау

Құстар мен аңдардың биологиясы

Аң шаруашылығы

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Табиғатты қолданудың экологиялық негіздері

В081

Жерге орналастыру

Физика

Ауылшаруашылық машиналары

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

География

Биология

В083

Ветеринария

Биология

Жануарлар анатомиясы мен физиологиясы

В084

Мейіргер ісі

Биология

Мейіргер ісі негіздері

В085

Фармация

Химия

Фармакология негіздері

В090

Әлеуметтік жұмыс

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру

В091

Туризм

География

Туристік қызметті ұйымдастыру

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Қазақстан тарихы

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Қазақстан тарихы

Мейрамхана мен қонақ үй шаруашылығындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Электротехника

Материалтану негіздері

В095

Көлік қызметтері

Физика

Еңбекті қорғау

В096

Құқық қорғау қызметі

Мемлекет және құқық теориясы

Қазақстан Республикасыныңқылмыстық құқығы

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады