"Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 30 шiлдедегi № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 тамызда № 28966 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      Қағидаларға 1-1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 30 шілдедегі
№ 218 Бұйрыққа
қосымша
Мемлекеттік театрларға,
концерттік ұйымдарға, мәдени-
демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге
субсидиялар төлеу
қағидаларына
1-1-қосымша

Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері

Р/с№

Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %)

Ұйымдар атауы

1

2

3

1.

92%

"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ

2.

90%

"Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" РМҚК

3.

90%

"Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК

4.

85%

"Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" РМҚК

5.

87%

"Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК

6.

90%

"Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК

7.

97%

"Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры" РМҚК

8.

95%

"Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры" РМҚК

9.

96%

"Республикалық академиялық неміс драма театры" РМҚК

10.

95%

"Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" РМҚК

11.

97%

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" РМҚК

12.

93%

"Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК

13.

90%

"Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" РМҚК

14.

97%

"Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" РМҚК

15.

93%

"Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК

16.

95%

"Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" РМҚК

17.

90%

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" РМҚК

18.

90%

"Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" РМҚК

19.

88%

"Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК

20.

98%

"Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" РМҚК

21.

98%

"Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" РМҚК

22.

98%

"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

23.

98%

"Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

24.

85%

"Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы" РМҚК

25.

95%

"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" РМҚК

26.

70%

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

27.

95%

"Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" РМҚК

28.

90%

"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

29.

97%

"Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" РМҚК

30.

95%

"Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК

31.

98%

"Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

32.

98%

"Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

33.

98%

"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

      Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады