"Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 тамызда № 29036 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Отандық теле -, радиоарнаны есепке қоюды, қайта есепке қоюды, куәліктің телнұсқасын беруді жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды немесе қайта есепке алуды жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, ақпарат саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Умаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
Министрлігіі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 4 тамыздағы
№ 302 Бұйрыққа
2 қосымша
"Теле-, радиоарналарды
тарату жөніндегі қызметпен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
 
нысан

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысандары

      1. Қызметкерлер саны _____________________________________;

      Инженерлік-техникалық мамандардың саны _________________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі:

      1 жылға дейін _________________;

      бір жылдан астам________________.

Маманның тегі

Маманның аты

Маманның әкесінің аты

Мамандығы

Жоғары білімі туралы дипломның №

Дипломның берілген күні

Жоғары оқу орнының атауы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

Лауазымы



















      2. Қамтамасыз ету міндеттері: теле-, радиоарналарды таратудың техникалық сапасын

      телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес: иә/жоқ;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: бар/жоқ. иә / жоқ;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру: иә / жоқ.

      3. Техникалық мәліметтер:

      1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/кабельдік / спутниктік / телекоммуникациялар желісі бойынша;

      2) хабар таратумен қамту аумағы ________________;

      3) желі типі ________________;

      стандарт атауы ________________;

      стандарт нөмірі ________________;

      4) таратылатын теле-, радиоарналарының тізімі _____________;

      даму кезеңдері бойынша тізбе ________________;

      қысқаша сипаттамасы ________________;

      5) шартты қол жеткізу жүйесі пайдаланған жағдайда _______;

      6) басқару жүйесі мен желі қолдануды ұйымдастыру қағидаты __________________;

      7) желінің сыйымдылығы және/немесе жазылушылар саны, оның ішінде даму кезеңдер бойынша:

      МГц көлемі ________________;

      жазылушылар саны ________________;

      8) телерадио хабарларын таратудың және байланыстың басқа да желілерінің өзара іс-қимылы:

      шарттың нөмірі ________________;

      шарт жасалған күн ________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)

      9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық қосылыстарды ұйымдастыру тәсілі;

      меншікті техникалық құралдар бойынша ________________;

      басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ________________;

      шарттың нөмірі ________________;

      шарт жасалған күн ________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________________________________;

      10) өтініш беруші желісінің басқа операторлар желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілі:

      шарттың нөмірі _______________;

      шарт жасалған күн _______________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) ________________________________________;

      11) жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтың атауы ______________________________;

      12) бас станцияға таратылатын телерадиоарналарды жеткізу көзі мен тәсілі:

      студияның орналасқан жері _______________;

      пайдаланылатын желінің типі _______________;

      13) жиілікті иемдену жабдықтарының санитариялық паспортының болуы (радиожиілік спектрін пайдалана отырып теле-, радиоарналарын таратқан жағдайда):

      нөмірі және берілген күні _______________;

      паспортты берген органның атауы _______________;

      паспорттың қолданылу мерзімі _______________;

      14) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):

      атауы _______________;

      тиесілігі _______________;

      орналасқан жері _______________;

      қызмет көрсету аумағы _______________;

      жиіліктің орналасқан белдеуі _______________;

      арнаның жылдамдығы _______________;

      спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы____________.

      4. Құқық иеленуші теле-, радиоарналармен теле -, радиоарналарды ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар, (көп бағдарламалы хабарларды тарату үшін):

      шарттың нөмірі _______________;

      шарт жасалған күн _______________;

      шарт кіммен жасалған (заңды және жеке тұлғаның атауы) _____________________________

      Шартта көрсетілген арналардың тізбесі________________________.

      5. Техникалық құралдарды орналастыратын және пайдаланатын үй-жайдың және алаңның болуы:

      Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;

      Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;

      Жалға алу шартының нөмірі ______________;

      Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;

      Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________.

      6. Әкімшілік-басқару персоналын арналған үй-жайы мен алаңының болуы:

      Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;

      Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;

      Жалға алу шартының нөмірі ______________;

      Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;

      Жалға алу шарты кіммен жасалған ______________.

      7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайдың және алаңның болуы:

      Жалға алынған үй-жайдың ауданы _______________;

      Жалға алынған үй-жайдың орналасқан жері ___________________;

      Жалға алу шартының нөмірі ______________;

      Жалға алу шартын жасасқан күн ______________;

      Жалға алу шарты кіммен жасалған ________________.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 4 тамыздағы
№ 302 Бұйрыққа
3 қосымша
"Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
(бұдан әрі –Қағидалар )
4-қосымша

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz. "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия (бұдан әрі – лицензия) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі– ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін мөлшерлемелері:
1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10-ын құрайды. Ақы төлеу екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеуді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

7

Жұмыс графигі

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары: Министрліктің www.​qogam.​gov.​kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (сұрау салу); осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мәлімет нысаны;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (еркін нысанда жасалған);
телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (еркін нысанда жасалған);
спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспардың электрондық көшірмесі (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтары тізбесінің электрондық көшірмесі;
өлшем құралдарын және сынақ жабдықтарын тексеруді немесе метрологиялық аттестаттауды растайтын сертификаттардың электрондық көшірмесі;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін (жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің қызмет түрінің және (немесе) қызметінің кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, оның атауы мен мекенжайы, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанындағы заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда құжаттарды ауыстырған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (сұрау салу).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) субъектілердің аталған санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың мемлекеттік қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салуы;
5) Қағидалардағы сияқты "Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген) білікктілік талаптарына .

10

Көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.​qogam.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 4 тамыздағы
№ 302 Бұйрыққа
  4 қосымша
"Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке алу
куәлігінің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына (бұдан әрі –
Қағидалар)
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – күнтізбелік 15 (он бес) күн.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік), куәліктің телнұсқасы не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі– ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткіш;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;
өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын төрт айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
Ақы төлеу қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеуді "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары: Министрліктің www.​qogam.​gov.​kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының –ЭЦҚ-мен қол қойылған теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға) қоса бере отырып, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі – шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат;
2) қайта есепке алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат.
3) телнұсқаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат.
Шет тілінде берілетін құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылуға жатады және нотариалды куәландырылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) өтініштің мазмұнының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, экстремизмді немесе терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттауды немесе үгіттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнімдерді, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
4) дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытындының болуы;
5) шетелдік теле-, радиоарнаның өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
7) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың болмауы ;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.​qogam.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 4 тамыздағы
№ 302 Бұйрыққа
5 қосымша
"Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына (бұдан әрі –
Қағидалар)
3-қосымша

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі– ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері:
1) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлік бергені үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымын құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленетін күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткішті;
мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және өзге тақырыптағы желілік басылымды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленетін күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткішті;
2) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:
балалар және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленетін күні қолданыста болатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткішті;
мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті және өзге тақырыптағы желілік басылымды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыстағы төрт айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке алу тегін жүзеге асырылады.
Ақы төлеу қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары: Министрліктің www.​qogam.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес) ұсынады;
2) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке алу үшін (меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, мерзімді баспасөз басылымының және ақпараттық агенттіктің атауын, негізгі тақырыптық бағыты мен шығару мерзімділігінің, сондай-ақ тарату аумағының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес);
мерзімді баспа басылымына, ақпараттық агенттікке және желілік басылымға меншік құқығын басқа адамға беруді растайтын шарттың үзінді көшірмесі құжатының электрондық көшірмесін ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспа басылымына, ақпарат агенттігіне немесе желілік басылымға есепке қойғаны туралы куәліктің берілуі;
2) өтініштің мазмұны осы мемлекеттік қызмет көрсету талаптарына сәйкес келмеуі;
3) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою үшін алымның төленбеуі;
4) меншік иесінің ауысуына байланысты мерзімді баспа басылымын, ақпарат агенттігін немесе желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтініште мерзімді баспа басылымына немесе ақпарат агенттігіне меншік құқықтарын басқа адамға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуы бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспа басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.​qogam.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады