ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 59-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда, оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр здравоохранения Республики Казахстан |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2022 жылғы "____" _________ |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-74 Бұйрықпен бекітілді |
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға (бұдан әрі – Адамдар) медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтері (бұдан әрі - Нормативтер) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 59-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтерін айқындайды.
2-тарау. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің және тергеу изоляторларының, медициналық пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың медицина және фармацевтика персоналының үлгілік штаттары мен штат нормативтері
1-параграф. Дәрігерлер персоналы
2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық пункттерде, дәрігерлік амбулаторияларда санитариялық-профилактикалық жұмыс жүргізу үшін мынадай лауазымдар енгізіледі:
1) дәрігерлер-терапевт (жалпы практика дәрігерлері):
250 - ден 500 - ге дейін орын лимиті бар тергеу изоляторлары мен мекемелерінде – бір лауазым, 501-ден 800-ге дейін – екі лауазым және одан әрі әрбір қосымша 500 орынға бір лауазым;
200 және одан жоғары орын лимиті бар кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде – бір лауазым;
2) дәрігерлер-фтизиатр:
350 және одан жоғары орын лимиті бар толық қауіпсіз тергеу изоляторлары мен мекемелерінде – бір лауазым; мекемелерде орын лимитіне қарамастан – бір лауазым;
орындар лимитіне қарамастан мекемелерде –бір лауазым;
3) психиатр дәрігерлер:
350 және одан жоғары орын лимиті бар толық қауіпсіз тергеу изоляторлары мен мекемелерінде – бір лауазым;
қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, орындардың лимитіне қарамастан, мекемелерде – бір лауазым;
кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде, орын лимитіне қарамастан – бір жасөспірім психиатр-дәрігер;
4) нарколог дәрігерлер:
психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар 10-12 адамға – бір лауазым;
5) стоматолог дәрігерлер:
кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерді қоспағанда, орын лимиті 510-нан жоғары мекемелерде – бір лауазым;
тергеу изоляторларында 350-ден астам орынға – бір лауазым;
ауылдық жерлерде және жұмыс кенттерінде орналасқан кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде – бір лауазым;
6) дерматовенеролог дәрігерлер:
350 және одан жоғары орын лимиті бар толық қауіпсіз тергеу изоляторлары мен мекемелерінде – бір лауазым;
орындар лимитіне қарамастан мекемелерде – бір лауазым;
7) дәрігерлер-гинеколог (акушер-гинекологтар):
әйелдерді ұстауға арналған мекемелерде орындар лимитіне қарамастан –бір лауазым;
350 - ден 1000 - ға дейінгі орын лимиті бар тергеу изоляторларында – 0,5 лауазым, 1001-ден жоғары және бір лауазым;
8) дәрігерлер-рентгенолог:
350-ден жоғары және одан жоғары орын лимиті бар толық қауіпсіз тергеу изоляторларында – бір лауазым;
кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған, орын лимитіне қарамастан, орташа қауіпсіз мекемелер мен мекемелерде – бір лауазым;
9) ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері:
айына 50 және одан да көп зерттеп-қаралған адамдар белгіленеді – бір лауазым;
10) ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері:
бір айда тексерілген 50 және одан жоғары адамдар есебінен – бір лауазым енгізіледі;
11) 5-уге дейін мекеме орналасқан өңірде облыстың барлық мекемелерінде ұсталатын адамдарға консультациялық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін мынадай бейінді мамандар енгізіледі:
отоларинголог дәрігер айына 50 - ден 72 - ге дейін емделген адамдарға – 0,5 лауазым, 72-ден жоғары – бір лауазым белгіленеді;
офтальмолог дәрігер айына 20 - дан 54 - ке дейін емделген адамдарға – 0,5 лауазым, 54-тен жоғары – бір лауазым белгіленеді;
невропатолог дәрігер айына 20 - дан 54 - ке дейін емделген адамдарға – 0,5 лауазым, 54-тен жоғары – бір лауазым белгіленеді;
хирург дәрігер айына 20 - дан 40 - қа дейін емделген адамдарға – 0,5 лауазым, 41-ден жоғары – бір лауазым белгіленеді;
эндокринолог дәрігер айына 15 - тен 33 - ке дейін емделген адамдарға – 0,5 лауазым, 33-тен жоғары – бір лауазым белгіленеді;
инфекционист дәрігер айына 10 - нан 45 - ке дейін емделген адамға – 0,5 лауазым, 45-тен жоғары адамға – бір лауазым белгіленеді;
12) 501 және одан жоғары адамнан тұратын дәрігер-зертханашылар – бір лауазым.
2-параграф. Орта медицина персоналы
3. Адамдарға амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлік амбулаторияда мынадай орта медицина персоналы енгізіледі:
1) фельдшерлер:
тергеу изоляторлары мен толық қауіпсіз мекемелерде – әрбір 200 орынға бір лауазым;
орын лимиті 250 - ден 500 - ге дейінгі мекемелерде – бір лауазым, 501-ден жоғары және екі лауазым;
кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде, орын лимитіне қарамастан – бір лауазым;
2) рентген зертханашылары:
мекемелерде, тергеу изоляторларында орын лимитіне қарамастан – бір лауазым;
3) мейіргерлер:
150 - ден 300 - ге дейінгі орындар лимиті бар тергеу изоляторлары мен толық қауіпсіз мекемелерде – бір лауазым, 301 - ден 700-ге дейін – екі лауазым, 701-ден 1000-ға дейін – үш лауазым, 1001-ден 1300-ге дейін – төрт лауазым, 1301 - ден жоғары және бес лауазым;
кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерде 500 орынға дейін – бір лауазым, 501 орыннан жоғары – екі лауазым;
орындар лимиті 500 - ге дейінгі мекемелерде – бір лауазым, 501 - ден 2000-ға дейін – екі лауазым, 2001-ден 3000-ға дейін – үш лауазым, 3001-ден бастап және одан жоғары орындарда – төрт лауазым;
стерилдеу және емшара кабинетінде –бір лауазымнан;
дәрігерлердің мамандықтарына сәйкес, сондай-ақ амбулаториялық қабылдауды жүзеге асыратын әрбір нарколог дәрігерге;
4) дезинфекторлар:
1500 - ге дейінгі орын лимиті бар тергеу изоляторлары мен толық қауіпсіз мекемелерде – бір лауазым, 1501-ден жоғары және одан жоғары орындарда – екі лауазым;
орындар лимитіне қарамастан мекемелерде – бір лауазым;
5) клиникалық зертханашы:
мекемелерде, тергеу изоляторларында орын лимитіне қарамастан – бір лауазым.
3-параграф. Кіші медицина персоналы
4. Дәрігерлік кабинеттердің, зертханалардың санитарлары енгізіледі:
орын лимиті 300 - ге дейін тергеу изоляторлары мен мекемелерінде– бір лауазым, 301-ден 1500-ге дейін – екі лауазым, 1501-ден жоғары болса үш лауазымнан жоғары;
орын лимиті 1301 және одан жоғары әйелдерді ұстауға арналған мекемелерде – үш лауазым енгізіледі.
4-параграф. Дәріханалар қызметкерлері
5. Аға провизор (фармацевт) енгізіледі:
2001 және одан жоғары орындар лимиті бар тергеу изоляторлары мен мекемелерінде;
1) тергеу изоляторларында, мекемелерде орындар лимитіне қарамастан провизор (фармацевт) – бір лауазым;
2) тергеу изоляторларындағы, мекемелердегі орын лимитіне қарамастан, санитар-жуушы – бір лауазым.
6. Дәрігерлік амбулаторияда стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек ұйымдастырылады:
толық қауіпсіз мекемелерде – орын лимитінен 2 пайыз төсек-орын;
мекемелерде, тергеу изоляторларында – орын лимитінің 1 пайызы;
әйелдерді ұстауға арналған мекемелерде – орын лимитінің 1,5 пайызы.
7. Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін тергеу изоляторлары бар болған жағдайда қосымша медицина персоналының лауазымдары енгізіледі:
15 төсек-орынға дейін – мейіргердің бір лауазымы және санитардың бір лауазымы;
15-тен астам төсек – орын терапевт дәрігердің бір лауазымы, екі мейіргер лауазымы және бір санитар лауазымы, сотталған әйелдерді ұстауға арналған мекемелерде – 4,5 мейіргер лауазымы және 3,5 тәулік бойғы постты ұйымдастыру үшін санитар лауазымы.
8. Кемінде 10 босандыру төсек-орны болған жағдайда тәуліктік постты ұйымдастыру үшін акушер-гинекологтың бір лауазымы, акушердің бес лауазымы және санитардың төрт лауазымы қосымша енгізіледі.
9. Психиатр-нарколог дәрігерлер лауазымдарының саны кемінде үшеу болған кезде олардың біреуіне наркологиялық кабинет басшысының лауазымы енгізіледі.
10. Туберкулезбен ауыратындар ұсталатын толық қауіпсіз мекемелерде мамандандырылған дәрігерлік амбулатория жанынан қосымша санын бөле отырып, саны 20-ға дейінгі туберкулез төсек-орындары ұйымдастырылады:
фтизиатр дәрігердің бір лауазымы;
екі мейіргер лауазымы.
11. Дәрігерлік амбулаторияда қосымша медицина персоналы енгізіледі: туберкулезбен ауыратын сотталған әйелдер үшін 20-дан 30 - ға дейін төсек-орын болған кезде – бір фтизиатр дәрігер лауазымы, 0,5 бактериолог-дәрігер лауазымы, 0,5 рентгенолог-дәрігер лауазымы, 4,5 мейіргер лауазымы және 3,5 тәулік бойғы постты ұйымдастыру үшін санитар лауазымы.
12. Туберкулезбен ауыратын науқастарға қызмет көрсету үшін кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде дәрігерлік амбулатория штатына қосымша 10 төсек-орынға дейін медицина персоналы лауазымы - фтизиатр дәрігердің 0,5 лауазымы, рентгенолог дәрігердің 0,5 лауазымы, рентген зертханашының 0,5 лауазымы, мейіргердің бір лауазымы енгізіледі.
3-тарау. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға стационарлық жағдайларда медициналық көмек, психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін үлгілік ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің медицина және фармацевтика персоналының үлгілік штаттары мен штат нормативтері
1-параграф. Дәрігерлер персоналы
13. Аурухана бөлімшелері (палаталары) дәрігерлерінің лауазымдары осы Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
14. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек, психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің құрамында тиісті бөлімшелер (палаталар) жоқ жекелеген маман дәрігерлер енгізіледі:
1) туберкулезді өкпе-хирургиялық бөлімшелері немесе торакалды хирургия бөлімшелері бойынша-бір бөлімшеге дәрігер - терапевт лауазымы;
2) психикалық, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде – 60 төсек-орынға бір дәрігер - терапевт лауазымы;
3) стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде эндокринолог дәрігерлер – 16 эндокринологиялық төсек-орынға бір эндокринолог-дәрігер лауазымы.
15. Хирургиялық төсектері бар стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін кемінде 20-30 хирургиялық төсек-орын болған кезде хирург дәрігерлердің лауазымдары қосымша енгізіледі – бір лауазым.
16. Стоматолог дәрігерлер 250-ден 400 - ге дейін төсек-орын болған кезде-бір лауазым, бірақ ауруханаларда 50 төсек-орыннан 0,5-тен аз лауазыммен енгізіледі.
17. Трансфузиолог дәрігерлер стационарлық жағдайларда медициналық көмек және туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелеріне енгізіледі, онда хирургиялық араласу жүргізіледі, төсек-орынға қарамастан – 0,5 лауазым.
18. Сарапшы дәрігерлер стационарлық жағдайларда медициналық көмек, психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелеріне төсек - орындарына қарамастан бір лауазым енгізіледі.
19. Зертханашы дәрігерлер енгізіледі:
стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде-150 төсек-орынға бір лауазым, бірақ 100 төсек - орынға бір лауазымнан кем емес;
туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде - 200 төсек-орынға бір лауазым, бірақ 75 төсек-орыннан бастап ауруханаларда 0,5 лауазымнан кем емес;
психикалық, мінез - құлқының бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде-300 төсек - орынға бір лауазым, бірақ 50 төсек - орынға бір лауазымнан кем емес.
20. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек, психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек, осы нормативтердің 19-тармағында көрсетілген туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін, кемінде 50 төсек-орын саны бар инфекциялық (туберкулездік) бөлімшелері бар ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің әрқайсысында, қосымша бактериолог дәрігердің бір лауазымы енгізіледі.
21. Рентгенолог дәрігерлер стационарлық жағдайларда медициналық көмек және туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелеріне тиісті жабдықтар мен аппаратуралар болған кезде енгізіледі:
стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде - 110 төсек-орынға бір лауазым, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде - 200 төсек-орынға бір лауазым, бірақ стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың көрсетілген құрылымдық бөлімшелерінде және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін адамдарға кемінде 0,5 лауазым, туберкулезбен ауыратындарға, 50 төсек-орыннан.
Стационарлық жағдайларда медициналық көмек және туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде сотталған мекемелерге қызмет көрсету үшін жылжымалы флюорографиялық қондырғы болған кезде рентген кабинетіне қосымша 0,5 рентгенолог-дәрігер лауазымы енгізіледі.
22. Функционалдық диагностика дәрігерлері енгізіледі:
стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде-110 төсек-орынға бір лауазым;
туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде-200 - ден 500-ге дейін төсек – орын –0,5 лауазым, 500-ден астам төсек-орын – бір лауазым.
23. Физиотерапевт дәрігерлер енгізіледі:
стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде - 250 төсек-орынға бір лауазым, бірақ 110 төсек-орынға арналған ауруханаларда кемінде 0,5 лауазым;
туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде - 400 төсек-орынға бір лауазым, бірақ 200 төсек-орыннан бастап ауруханаларда кемінде 0,5 лауазым.
24. Дерматовенеролог дәрігерлер, фтизиатрдәрігерлер, невропатолог дәрігерлер, офтальмолог дәрігерлер, отоларинголог дәрігерлер, психиатр дәрігерлер тиісті бейіндегі бөлімшелер болмаған кезде консультациялық көмек көрсету үшін ауруханаларға 250 - ден астам төсек - орын болған жағдайда аталған мамандық бойынша ауруханаға бір лауазымнан, бірақ ауруханаларда кемінде 0,5 лауазымнан енгізіледі.
25. Хирургиялық бөлімшелері (палаталары) бар ауруханаларда Анестезиология және реанимация топтары құрылады, анестезиолог-реаниматолог дәрігердің бір лауазымы:
туберкулезді өкпе-хирургиялық бөлімшелердегі әрбір 20 төсек-орын;
басқа бейіндегі әрбір 50 хирургиялық төсек-орын, бірақ 25 хирургиялық төсек-орыннан бастап ауруханаларда 0,5 лауазымнан кем емес.
26. Диетолог дәрігерлер 150 және 400 төсек-орынға дейін - 0,5 лауазым, 400 - ден астам және одан да көп-бір лауазым болған кезде барлық бейіндегі ауруханаларға енгізіледі.
27. Дәрігер-патологоанатомдар ауруханаларда прозекторлық орын болған жағдайда енгізіледі - ауруханаларда 500 және одан да көп төсек-орынға бір лауазым, бірақ ауруханаларда 110 төсек-орынға кемінде 0,5 лауазым.
28. Эпидемиолог дәрігер стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде, төсек-орынға қарамастан туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде бір лауазым, психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде - 0,5 лауазым енгізіледі.
29. Қабылдау бөлімшесінің дәрігері мынадай жағдайда ауруханаларға енгізіледі:
110-250 төсек-орын – бір лауазым;
250-500 төсек-орын – екі лауазым;
501 және одан да көп төсек – орын – үш лауазым.
30. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің карантиндік бөлімшесінде төсек-орындарына қарамастан, фтизиатр дәрігердің және мейіргерінің (химизатордың) бір лауазымы енгізіледі.
31. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек және туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек, психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері бөлімшелерінің басшылары осы нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес енгізіледі.
32. Рентген және физиотерапиялық кабинеттердің (зертхананың) меңгерушісі ауруханада тиісті мамандық дәрігерінің кемінде бір лауазымы болған кезде енгізіледі.
Көрсетілген кабинеттердің меңгерушілерінің әрқайсысы көрсетілген мамандық дәрігерлеріне өндірістік жүктемені толық көлемде орындайтын бір дәрігердің орнына енгізіледі.
33. Аурухана басшысының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары 300 және одан да көп төсек-орынға арналған туберкулезге қарсы ауруханаларға енгізіледі.
34. Ұйымдастыру-әдістемелік кабинеттердің медицина персоналы мынадай нормативтер бойынша енгізіледі:
төсек саны 50-ден 300 - ге дейінгі ауруханаларда – бір әдіскер дәрігер, бір медициналық статист, 301-ден 500 - ге дейін төсек-орын – бір әдіскер дәрігер, екі медициналық статист, 501-ден 1000-ға дейін төсек-орын – бір әдіскер дәрігер, бір статист дәрігер, екі медициналық статист.
2-параграф. Орта медицина персоналы
35. Осы Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес тәуліктік бір пост болған кезде мейіргер (палаталық) төсек-орындардың ең аз санына енгізіледі.
36. Акушерлік бөлімшелердегі (палаталардағы) акушерлер тәуліктік бір посттың жанын кемінде 15 төсек-орын санына енгізіледі.
37. Операциялық мейіргерлер хирургиялық циклдің 30 төсек-орнына – бір лауазымға және өкпе хирургиясына арналған әрбір 25 төсек-орынға енгізіледі.
38. Шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін операциялық мейіргерлер осы Нормативтердің 15-тармағында хирург дәрігерлер үшін көзделген тәртіппен енгізіледі.
39. Таңу мейіргерлері хирургиялық бейіндегі кемінде 25 төсек болған жағдайда – бір лауазым енгізіледі.
40. Диеталық мейіргерлер 150 төсек-орынға – бір лауазым тағайындалады.
41. Қабылдау бөлімшесінің мейіргерлері ауруханаларға мынадай жағдайда енгізіледі:
100-ден 200-ге дейін төсек-орын – бір лауазым;
201-ден 400 - ге дейін төсек-орын - тәулік бойы 1 пост;
400 төсектен бастап тәулік бойы 1 бекетке 400 төсектік және әрбір келесі 100 төсекке қосымша бір лауазым.
42. Емшара кабинетінің мейіргерлері мынадай жағдайда енгізіледі:
туберкулезге қарсы бөлімшелерде 80 төсек-орынға дейін – бір лауазым, 80 және одан да көп төсек-орынға – 1,5 лауазым;
психиатриялық бөлімшелерде – әрбір бөлімшеге бір лауазым;
аурухананың басқа бөлімшелерінде - 50 төсек-орынға бір лауазым.
43. Стоматологиялық, отоларингологиялық, офтальмологиялық кабинеттердің және функционалдық диагностика кабинетінің мейіргерлері осы Нормативтердің 35-тармағында көрсетілген мейіргерлер лауазымдарының санын есепке алмайғанда, дәрігердің әрбір лауазымына енгізіледі – бір лауазым.
44. Анестезиология және реанимация топтарының анестезиолог мейіргерлері әрбір анестезиолог-реаниматологқа – екі лауазым тағайындалады.
45. Зертханашылар (фельдшер-зертханашылар) мынадай жағдайда енгізіледі – бір лауазым:
әрбір патологоанатом дәрігерге;
соматикалық, туберкулезге қарсы және психиатриялық ауруханаларда 50 төсек-орынға;
50 кемінде төсек-орын санында инфекциялық (туберкулез) бөлімше болған кезде қосымша бір лауазым енгізіледі.
46. Рентген зертханашылары мынадай жағдайда енгізіледі:
Рентгенолог дәрігерлер үшін осы Нормативтердің 21-тармағында көзделген тәртіппен және қосымша:
травматологиялық-ортопедиялық (травматологиялық) бөлімше болған кезде-бір лауазым;
ауруханада жылжымалы флюорографиялық қондырғы болған кезде сотталғандарды флюорографиялық қарап-тексеру үшін-бір лауазым.
47. Физиотерапия жөніндегі мейіргерлер стационарлық жағдайларда медициналық көмек және туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде жылына 12 мың шартты физиотерапевтік бірлікке бір лауазым, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде 400 төсек-орынға бір лауазым енгізіледі, бірақ 200 төсек-орыннан бастап ауруханаларда кемінде 0,5 лауазым.
48. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде төсек-орындарына қарамастан, әрбір бөлімшеге инфекциялық бақылау мейіргерінің бір лауазымы және мейіргерінің (химизатордың) бір лауазымы енгізіледі.
49. Дезинфекторлар 300 төсек-орынға бір лауазым енгізіледі, бірақ ауруханаға кемінде бір лауазым.
50. Бөлімшелердің аға мейіргерлері бөлімше басшыларының лауазымдарына сәйкес енгізіледі.
51. Аға операциялық мейіргер стационарлық жағдайларда медициналық көмек және туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде енгізіледі, онда кемінде үш операциялық таңу мейіргері бар - солардың біреуінің орнына.
52. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек және туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде орталықтандырылған стерильдеу ұйымдарын ұйымдастыру кезінде медицина персоналы (аға мейіргер мен санитарлар) ауруханада болуп тиіс медицина персоналының жалпы саны есебінен жұмыс көлеміне қарай енгізіледі.
53. Бас мейіргер медициналық көмек көрсететін ұйымның әрбір құрылымдық бөлімшесіне енгізіледі.
3-параграф. Кіші медицина персоналы
54. Адамдарды күту жөніндегі кіші мейіргерлер мен санитарлар (палаталық) осы Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес төсек - орындардың ең аз санына-тәулік бойы бір пост енгізіледі.
55. Операциялық және таңу бөлмелерінің санитарлары осы Нормативтердің 37-39-тармақтарында мейіргерлердің лауазымдары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі.
56. Акушерлік бөлімшелердің (палаталардың) санитарлары (палаталық) жаңа туған нәрестелерге қызмет көрсетуді ескере отырып, 15 акушерлік төсек-орынға - тәулік бойы бір постқа енгізіледі.
57. Санитар-тазалаушылар 100 төсек-орынға – бір лауазым енгізіледі.
58. Қабылдау бөлімшесінің санитарлары мынадай жағдайларда енгізіледі:
150-200 төсек-орын – екі лауазым;
201-300 төсек-орын – тәулік бойы бір пост;
301-ден 500 - ге дейін төсек-орынға – тәулік бойы екі пост:
600 және одан да көп төсек-орынға арналған аурухананың қабылдау бөлімемесінде келіп түсетін адамдардан заттарды қабылдау үшін қосымша бір санитар енгізіледі.
59. Стоматологиялық кабинеттің, функционалдық диагностика кабинетінің және прозекторлық кабинеттің санитарлары көрсетілген мамандықтардың екі дәрігеріне, кабинет басшыларын қоса алғанда – бір лауазым енгізіледі.
60. Зертханалардың санитарлары төрт зертханашы-дәрігерге (бастық лауазымын қоса алғанда), фельдшер-зертханашыға және зертханашыға – бір лауазым енгізіледі.
61. Рентгенологиялық кабинеттің санитары 300 төсек-орынға – бір лауазым енгізіледі.
62. Физиотерапия кабинетінің санитарлары физиотерапия бойынша екі мейіргерге – бір лауазым енгізіледі.
63. Шаруашылық бикесі кемінде 40 төсек-орны бар бөлімшеге енгізіледі-бір лауазым.
64. Арнайы киімді жуу жөніндегі машинистер:
қолмен жуу кезінде бір ауысымда 50 кг құрғақ төсек-орын мен киім – бір лауазым;
120-140 кг - машинада жуу кезінде – бір лауазым енгізіледі.
65. Кір жуу орнының меңгерушісі кемінде 6 арнайы киімді жуу жөніндегі машинисі бар мекемеге енгізіледі.
4-параграф. Дәріхана қызметкерлері
66. Аға провизор (фармацевт) 100 және одан да көп төсек-орынға арналған ауруханада енгізіледі.
67. Провизорлар (фармацевтер) 100 төсек-орынға енгізіледі, бірақ ауруханаларда кемінде бір лауазым 50 төсек-орыннан бастап – бір лауазым.
68. Санитар-жуушы лауазымдары провизорлар мен фармацевттер лауазымдарының санына қарай - көрсетілген лауазымдар санының 40 пайызына енгізіледі.
4-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлері медицина персоналының үлгілік штаттары мен штат нормативтері 1-параграф. Дәрігерлер персоналы
69. Балалар үйінің басшысы орын саны 30-дан 150-ге дейін енгізіледі.
70. Педиатр дәрігер 30-дан 50-ге дейінгі орындар санына – бір лауазым, 76-дан 100-ге дейін – екі лауазым, 101-ден 125-ке дейін – үш лауазым енгізіледі.
71. Невропатолог дәрігер орын саны 76-дан 150-ге дейін болғанда – бір лауазым енгізіледі.
2-параграф. Орта медицина персоналы
72. Аға мейіргер орын саны 30-дан 150-ге дейін болғанда – бір лауазым енгізіледі;
физиотерапия бойынша мейіргер 101-ден 150-ге дейінгі орын саны кезінде енгізіледі – бір лауазым;
патронаждық мейіргер мекемеге бір лауазым белгіленеді.
73. Мейіргерлер 40 балаға бір лауазым, бірақ мекемеге бір тәулік бойы кемінде бір лауазым белгіленеді. Жұмыс көлеміне байланысты 75 және одан да көп орындық балалар үйлерінде, оның ішінде 6 және одан да көп төсек-орынға арналған оқшауланған немесе карантиндегі балаларға қызмет көрсету бойынша, бұл ретте қажетті қосымша мейіргерлер саны белгіленеді, бірақ тәулік бойы бір посттан аспайды, ал балалардың жас топтарында жұмыс істеу үшін 10 айға дейінгі 10 балаға бір тәулік бойы бір пост белгіленеді.
74. Аға тәрбиешілер 51 және одан да көп балаға енгізіледі – бір лауазым.
75. Тәулік бойы жұмыс істейтін постқа тәрбиешілер:
10 айдан бастап 1,5 жасқа дейінгі 10 балаға және жасына қарамастан орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануы бар немесе психикасының бұзылуы жоқ балаларға арналған топтарда;
1,5 жастан бастап 2 жасқа дейінгі 13 балаға енгізіледі.
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтеріне 1-қосымша |
Аурухана бөлімшелері (палаталары) дәрігерлерінің лауазымдары:
Бөлімшенің (палатаның) атауы | Дәрігер лауазымының атауы | Төсек-орын саны |
Акушерлік | акушер-гинеколог дәрігер | 16 |
Гастроэнтерологиялық | гастроэнтеролог дәрігер | 16 |
Гинекологиялық | акушер-гинеколог дәрігер | 16 |
Инфекциялық | инфекционист дәрігер | 16 |
Тері-венерологиялық | дерматовенеролог дәрігер | 30 |
Наркологиялық | психиатр-нарколог дәрігер | 20 |
Неврологиялық | невропатолог дәрігер | 20 |
Онкологиялық | онколог дәрігер | 24 |
Отоларингологиялық | отоларинголог дәрігер | 20 |
Офтальмологиялық | офтальмолог дәрігер | 16 |
Психиатриялық | психиатр дәрігер | 24 |
Травмотологиялық | травматолог-ортопед дәрігер | 16 |
Өкпе туберкулездік | фтизиатр дәрігер | 24 |
Терапевтік | терапевт дәрігер | 20 |
Туберкулездік өкпе-хирургиялық немесе хирургиялық торакалдық | торакалдық хирург дәрігер | 12 |
Хирургиялық | хирург дәрігер | 20 |
Эндокринологиялық | эндокринолог дәрігер | 16 |
Урологиялық | уролог дәрігер | 12 |
Проктологиялық | проктолог дәрігер | 16 |
Тамыр хирургиясы | тамыр хирургы дәрігер | 12 |
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтеріне 2-қосымша |
Стационарлық жағдайларда медициналық көмек, психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін үлгілік ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі:
Бөлімшенің атауы | Тиісті мамандықтағы бөлімше бастығы белгіленетін ең аз төсек-орынның саны | Ескертпе |
Гинекологиялық, гастроэнтерологиялық, инфекциялық, | 40 | Бөлімшеде 60 төсек-орынға дейін бөлімше басшысы бір дәрігердің орнына енгізіледі. Бөлімше басшысы бөлімшеде бір дәрігердің орнына кемінде 30 төсек-орын болған жағдайда енгізіледі. |
Тері-венерологиялық, өкпе туберкулездік, | 50 | Бөлімшеде 60 төсек-орынға дейін бөлімше басшысы 0,75 дәрігердің орнына, 80 төсек-орынға және одан жоғары 0,25 дәрігердің орнына енгізіледі. |
Травматологиялық, | 60 | Бөлімше басшысы дәрігерлер лауазымынан тыс енгізіледі. Бөлімше басшысы бөлімшеде кемінде 30 төсек-орын болған жағдайда 0,5 дәрігердің орнына енгізіледі. |
Торакалдық хирургиялық | 25 | - |
Психиатриялық, наркологиялық | 50 | Бөлімшеде 20-дан 60 төсек-орынға дейін бөлімше басшысы 0,5 дәрігердің орнына; 60 және одан да көп төсек-орынға дәрігер лауазымынан тыс енгізіледі. |
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтеріне 3-қосымша |
Мейіргерлер (палаталық) мынадай ең аз төсек-орын санына - тәулік бойы бір постқа енгізіледі:
Бөлімшенің (палатаның) атауы | Ең аз төсек-орынның саны |
Инфекциялық, неврологиялық, онкологиялық, терапевтік, травматологиялық | 25 |
Акушерлік, гастроэнтерологиялық, гинекологиялық, отоларингологиялық, офтальмологиялық, наркологиялық, хирургиялық | 30 |
Психиатриялық | 50 |
Тері-венерологиялық, өкпе туберкулездік, эндокринологиялық | 40 |
Туберкулездік хирургиялық: |
|
Торакалдық хирургиялық: |
|
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтеріне 4-қосымша |
Адамдар күту жөніндегі кіші мейіргерлер мен санитарлар (палаталық) мынадай ең аз төсек-орын санына - тәулік бойы жұмыс істейтін бір постқа енгізіледі:
Бөлімшенің (палатаның) атауы | Төсек-орынның ең аз саны |
Инфекциялық, неврологиялық, онкологиялық, терапевтік, травматологиялық, эндокринологиялық | 25 |
Наркологиялық | 50 |
Гастроэнтерологиялық, гинекологиялық, отоларингологиялық, офтальмологиялық, хирургиялық | 30 |
Психиатриялық | 30 |
Тері-венерологиялық, өкпе туберкулезі | 40 |
Өкпе туберкулезі хирургиялық: |
|
Торакалдық хирургиялық: |
|