"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 тамызда № 29062 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      "1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – ӘлМСҚ) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптарда сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      2) белгілі бір аурулары (жай–күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі – белгілі бір аурулары (жай–күйлері) бар Қазақстан Республикасының азаматтарының жекелеген санаттары бөлінісінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдердің атаулары мен сипаттамаларын қамтитын амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бюджет қаражаты және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдердің тізбесі, (бұдан әрі – Тізбе);

      3) бірлесіп төлеу – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны мен оларды өтеудің белгіленген шекті бағасындағы ерікті тәртіппен жүзеге асырылатын айырманы төлеу;

      4) бірыңғай дистрибьютор – Кодекстің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) дәрілік зат – затты не заттар комбинациясын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адам ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы оның физиологиялық функцияларын қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адам аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған құрал;

      6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер – дәріхана, оның ішінде Интернет арқылы өткізуді жүзеге асыратын дәріхана, денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана (дистрибьюторлық) қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық бұйымдар дүкені, медициналық бұйымдар қоймасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдар;

      7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

      8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      9) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;

      10) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе пациенттің жай–күйі кезінде профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек жөніндегі ғылыми дәлелденген ұсынымдар;

      11) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттардың тізбесі;

      12) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника;

      13) медициналық мақсаттағы бұйымдар – функционалдық мақсатына және өндірушінің нұсқаулығына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, ерітінділер, реагенттер, жиынтықтар, жинақтар;

      14) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      15) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      16) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмектің көлемі;

      17) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты қызметі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі:

      1) Кодекстің 7-бабының 92) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне сәйкес қажеттілікті айқындауды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 47 қаулысымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес Бірыңғай дистрибьютордың ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттарды мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді;

      4) ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді;

      5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайларында дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде ауыл халқына қолжетімділікті қамтамасыз етуді;

      6) "Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22513 болып тіркелген) Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларына және "Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-179/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21586 болып тіркелген) Дәрілік заттарды тиімді пайдалануға бағалау жүргізу қағидаларына сәйкес дәрілік заттарды тиімді пайдалануды;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды, есепке алуды;

      8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ–210/2020 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21715 болып тіркелген) бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларына сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді;

      9)   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ–294/2020 бұйрығымен  бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21870 болып тіркелген) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету этикасының қағидаларына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету этикасы шарттарын сақтауды қамтиды.

      4. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қоры: АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді қоспағанда кемінде бір айға құрылады, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қоры кемінде үш айға құрылады.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Қолдаушы терапиядағы апиын агонистеріндегі (бұдан әрі – ҚТАА) пациенттер психикалық денсаулықты сақтау саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы ҚТАА үшін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жаңадан анықталған пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету тіркелген, қайта өндірілген дәрілік препараттар (генерик) немесе биоаналогтық дәрілік препараттан (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) болмауы немесе препаратты жеке көтере алмау жағдайларын қоспағанда, қайта өндірілген дәрілік препараттан (генерик) немесе биоаналогтық дәрілік препараттан (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) басталады. Пациенттерді бірегей препараттан қайта өндірілген дәрілік препаратқа (генерик) немесе биоаналогтық дәрілік препаратқа (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) немесе бір қайта өндірілген дәрілік препараттан (генерик) басқаға ауыстыру клиникалық хаттамаларға және формулярлық анықтамаға сәйкес дәрігердің тағайындауы бойынша жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету осы Қағидаларға сәйкес қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.";

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жедел медициналық көмек, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар келіп түскен кезде, медициналық ұйымның атауы, оның мекенжайы көрсетіле отырып, медициналық ұйымның мөртабанымен және "тегін" белгімен белгіленеді.

      28. Жедел медициналық көмек, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар медициналық құжаттамада және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалануды есепке алудың автоматтандырылған бағдарламаларында (медициналық ақпараттық жүйелерде) жиынтық және сандық түрде есепке алынуға жатады.

      Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды пайдалану (тағайындау), азаматтарды қамтамасыз ету деректерін талдау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары медициналық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың мониторингін және деректердің уақтылы енгізілуін және оның дәйектілігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      29. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде және ақылы қызметтер көрсету үшін сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бөлек сақталуға және есепке алынуға жатады.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесінде:

      оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-89 бұйрығына
2-қосымша"

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 92) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін айқындайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) белгіленген тәуліктік доза – бұл негізгі көрсетілімдер бойынша қолданған кезде дәрілік заттың орташа тәуліктік дозасына сәйкес келетін, әрбір белсенді ингредиент пен дәрілік нысан үшін белгіленетін шама;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі";

      3, 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК), қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті медициналық ұйымдар қалыптастырады:

      1) жедел медициналық көмек, сондай-ақ дәрілік формулярларға сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде;

      2) тізбеге сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде.

      4. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілік үш жылдық кезеңге қалыптастырылады.

      5. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру есебі осы Қағидалардың 3-тарауында көрсетілген ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру әдістемесіне сәйкес мынадай мәліметтер ескеріле отырып, жүргізіледі:

      1) өңірдегі сырқаттанушылық және (немесе) эпидемиологиялық ахуал серпінінің деректері;

      2) пациенттердің болжамды санын және (немесе) төсек – күнді айқындау үшін "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" (бұдан әрі – ДНЭТ АЖ), "Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі" (бұдан әрі – СНЭТ АЖ), "Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі" (бұдан әрі-ОНЭТ АЖ) ақпараттық жүйелерінің статистикалық деректері;

      3) Дәрілік статистика әдіснамасы жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ынтымақтастық орталығының (www.whocc.no) (бұдан әрі – ДДҰ) деректеріне сәйкес дәрілік заттар үшін белгіленген тәуліктік дозаның мәні (бұдан әрі – БТД) және қабылдау ұзақтығы (күндер саны).

      ДДҰ есептеген БТД мәндері болмаған кезде БТД есебі Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларында және (немесе) дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған емдеу және дозалау схемалары ескеріле отырып жүргізіледі;

      4) Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларында және (немесе) дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған емдеу схемалары мен дозалары ескеріле отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолданудың орташа курстық ұзақтығы (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тұрақты қолдануды қажет ететін созылмалы аурулармен ауыратын науқастар үшін бір жылдағы күндер санына тең);

      5) уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына және (немесе) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті баға.";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Медициналық ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін:

      1) үш жылдық кезеңге Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізіміне (бұдан әрі – Бірыңғай дистрибьютордың тізімі) кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың;

      2) үш жылдық кезеңге Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың;

      3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарда қажеттілікті қалыптастырады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілік облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына келісу үшін жіберіледі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары сырқаттанушылық және (немесе) эпидемиологиялық жағдай серпінінің деректері, алдыңғы жылға нақты тұтыну, статистикалық деректердің және науқастардың болжамды санының дәйектілігі негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар көлемінің негізділігі тұрғысынан қажеттілікті қарайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жалпы қажеттілікті қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жібереді.":

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Медициналық ұйым ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде үш жылдық кезеңге:

      1) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қажеттілікті қалыптастырады сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіміне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға;

      2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын ТМККК қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастырады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру әдістемесі";

      19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті есептеу:

      1) дәрілік заттар үшін белгіленген тәуліктік доза ескеріле отырып;

      2) өткен қаржы жылындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты тұтыну туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.

      20. Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формулалар қолданылады:

      АДЗБҚ = БТД х ҚОҰ х БКС х БПС/ ӨБД (1), мұндағы

      АДЗСҚ – амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік заттың болжамды қажеттілігі (сатып алу бірлігінде);

      БТД – белгіленген тәуліктік доза;

      ҚОҰ – қолданудың орташа курстық ұзақтығы (күндер);

      БКС – жылына болжамды курстардың саны;

      БПС – жылына болжамды пациенттердің саны.

      Амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету үшін медициналық бұйымдарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады:

      АМББҚ = МБІЖТ х ҚОҰ х БКС х БПС (3), мұндағы

      АМББҚ – амбулаториялық жағдайда жылына медициналық бұйымдарға (сатып алу бірлігі) болжамды қажеттілік;

      МБІЖТ – алдыңғы қаржы жылында бір пациентке медициналық бұйымдарды орташа іс жүзінде тұтынылуы;

      ҚОҰ – қолданудың орташа курстық ұзақтығы (күндер);

      БКС – жылына болжамды курстардың саны;

      БПС – жылына болжамды пациенттердің саны;

      ШБ – неғұрлым шығыны аз дәрілік нысан және дозасы бойынша бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес БТД қайта есептеуде шекті баға.

      Амбулаториялық жағдайда қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады:

      АДЗСҚ = АДЗБҚ (МБ) – БҚ (3), мұндағы

      АДЗСҚ – амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік затты сатып алу қажеттілігі (сатып алу бірлігінде);

      АДЗБҚ – амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік затқа болжамды қажеттілік;

      БҚ – келесі жылдың 1 қаңтарына (келесі жылдың 1 сәуіріне антиретровирустық препараттар үшін) дәрілік заттардың болжамды қалдығы.

      Осы Қағидалардың (1-3) формулаларына сәйкес айқындалған қажеттілікті жабуға қажетті қаржылық қамтамасыз етуді есептеу үшін бекітілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес сатып алу бірліктеріндегі қажеттіліктің мәнін шекті бағаға көбейту арқылы жүзеге асырылады.

      21. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формулалар қолданылады:

      СДЗБҚ = БТД х ҚОҰ х БКС х БКС / ӨБД (4), мұндағы

      СДЗБҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жылына дәрілік затқа (сатып алу бірлігінде) болжамды қажеттілік;

      БТД– белгіленген тәуліктік доза;

      ҚОҰ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда қолданудың (күндердің) орташа курстық ұзақтығы;

      БКС – жылына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда болжамды пациенттердің саны;

      ӨБД – өлшем бірлігінің дозасы.

      Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсетуге медициналық бұйымдарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады:

      СМББҚ = МБІЖТ х ҚОҰ х БКС х БКС (5), мұндағы

      СМББҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жылына медициналық бұйымдарға (сатып алу бірлігінде) болжамды қажеттілік;

      МБІЖТ – алдыңғы қаржы жылында бір пациентке медициналық бұйымдарды орташа іс жүзінде тұтынылуы;

      ҚОҰ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда қолданудың (күндердің) орташа курстық ұзақтығы;

      БКС – жылына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда болжанатын пациенттердің саны.

      Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады:

      СДЗСҚ = ДЗБҚ – БҚ (6), мұндағы

      СДЗСҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда дәрілік затты жылына сатып алу қажеттілігі;

      ДЗБҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жылына дәрілік затқа болжамды қажеттілік;

      БҚ – келесі жылдың 1 қаңтарына дәрілік заттардың болжамды қалдығы.

      Осы Қағидалардың (4-6) формулаларына сәйкес айқындалған қажеттілікті жабу үшін қажетті қаржылық қамтамасыз етуді есептеу үшін бекітілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес сатып алу бірліктеріндегі қажеттіліктің мәнін шекті бағаға көбейту арқылы жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда, оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады