Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21715 болып тіркелді.

      Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 69-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2023 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 27 қарашасы
№ ҚР ДСМ-210/2020
бұйрығына 1-қосымша

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 69-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге (бұдан әрі – субъектілер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2023 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Кодекстің 69-бабына сәйкес субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызмет құнын төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақы төлеуге жататын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізілімі (бұдан әрі – Жиынтық тізілім) – бірыңғай дистрибьютор қағаз жеткізгіште және (немесе) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда қалыптастырған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізілімі;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 247-бабына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізбесі) – Кодекстің 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі;

      5) бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты (бұдан әрі – фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шарты) – тараптардың құқықтарын, міндеттері мен фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуге байланысты өзге де талаптарды айқындайтын, қор мен бірыңғай дистрибьютор арасында жазбаша нысанда жасалған шарт;

      6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

      7) қызмет беруші – фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметті ұсынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъект;

      8) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алу мен өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен байланысты қызметі;

      9) фармацевтикалық қызметтер көрсету туралы шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс беруші мен фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушілер арасында жасалған, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған шарт;

      10) фармацевтикалық қызметтердің құнын төлеу – Кодекстің 7-бабының 15-1) және 15-2) тармақтарына сәйкес бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тәртібіне және бірыңғай дистрибьютордың ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес бірыңғай дистрибьюторға немесе бірыңғай дистрибьютордың немесе жергілікті денсаулық сақтау органдарының сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген, фармацевтикалық көрсетілетін қызметке байланысты бірыңғай дистрибьютордың немесе қызмет берушілердің шығындарын өтеу.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2023 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу тәртібі

      4. Қор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын бірыңғай дистрибьютордың тізбесі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде төлейді.

      5. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде нақты фармацевтикалық көрсетілген қызметтер үшін бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді қор әкімшінің тиісті қаржы жылына төлемдері міндеттемелері мен бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат шегінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шарты негізінде қордың активтеріндегі және ТМККК-ға бөлінетін нысаналы жарна қаражаты есебінен және қор активтері есебінен, сондай-ақ фармацевтикалық қызметтер үшін, алдыңғы қаржы жылының соңғы айында көрсетілген ағымдағы қаржы жылының қор активтеріндегі және ТМККК-ға бөлінетін нысаналы жарна қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2023 № 138 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер құнын төлеу үшін күнтізбелік ай есепті кезең болып табылады.

      Ағымдағы жылғы желтоқсан айы үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер құнын төлеу фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін жасалған қосымша келісімнің негізінде келесі қаржы жылында жүргізіледі.

      7. Бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер құнын төлеу үшін:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жиынтық тізілімі;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу актісі (бұдан әрі – фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу актісі) негіз болып табылады.

      8. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді көрсететін денсаулық сақтау субъектілері есепті кезеңнен кейінгі айдың оны күнінен кешіктірмей, бірыңғай дистрибьюторға қағаз жеткізгіште екі данада және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, халыққа ДЗ мен МБ босату жөніндегі рецептілердің тізілімін береді.

      Бірыңғай дистрибьютор қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда рецептілердің тізілімін алған күннен бастап халыққа босатылған ДЗ және МБ туралы берілген деректерді амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырады.

      Бірыңғай дистрибьюторға ұсынылмаған және амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіне енгізілмеген қамтамасыз етілген ДЗ немесе МБ туралы мәліметтерді амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері есепті кезең өткеннен кейін бірыңғай дистрибьютордың қарауы үшін жібереді.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді бірыңғай дистрибьютор тоқсанда бір рет, ал өткен есепті кезең үшін медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ДЗ және МБ-мен қамтамасыз етілген нақты кезеңді көрсете отырып, қорға Жиынтық тізілімді беру кезінде келесі қаржы жылының ақпан айынан кешіктірмей ұсынады.

      9. Жиынтық тізілім облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бөлінісінде қалыптастырылады және бірыңғай дистрибьютор мен қор үшін бір-бір данадан екі данада (егер қағаз жеткізгіште болса) не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда беріледі.

      10. Жиынтық тізілімді бірыңғай дистрибьютор қорға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Ағымдағы жылғы желтоқсан айы үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер құнын төлеуге арналған жиынтық тізілім есепті қаржы жылынан кейінгі келесі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынылады.

      11. Қор Жиынтық тізілімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етілген рецептілер туралы деректерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырады.

      Бірыңғай дистрибьютор ұсынған Жиынтық тізіліммен келіспеген жағдайда, қор бірыңғай дистрибьюторға қағаз жеткізгіште немесе амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіндегі қалыптастырылған дәлелді қарсылықты жібереді.

      12. Бірыңғай дистрибьютор қордан дәлелді қарсылық алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде деректерді түзетуді жүргізіп, Жиынтық тізілімді қорға қайта ұсынады.

      Қор бірыңғай дистрибьютор түзеткеннен кейін қайта ұсынған Жиынтық тізілімді 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және ескертулер болмаған жағдайда оны келіседі.

      Қор бірыңғай дистрибьютор түзеткеннен кейін қайта ұсынған Жиынтық тізіліммен келіспеген жағдайда, оны осы Қағидалардың 11-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жібереді.

      Бірығай дистрибьютор деректерді түзетуді жүргізіп, Жиынтық тізілімді қорға осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ұсынады.

      13. Бірыңғай дистрибьютор қор Жиынтық тізілімді келіскеннен кейін оған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер құнын төлеу актісін жібереді.

      14. Қор ақы төлеуді бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер құнын төлеу актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде төлейді.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген төлем мерзімі нысаналы жарна қаражаты аударылған сәтке дейін қорға уақтылы аударылмаған кезде тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2023 № 138 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу шартына сәйкес төленген аванстық (алдын ала) төлемнің сомасын кейіннен ұстай отырып фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу шарты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырады.

      17. Қор фармацевтикалық қызметтердің құнын төлеу шартына сәйкес аванстық (алдын ала) ақы төленген соманы кейіннен ұстай отырып, фармацевтикалық қызметтердің құнын төлеу шарты сомасының 100 (жүз) пайызына дейінгі мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемді:

      1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың қоладынылуы;

      2) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирустық инфекцияны жариялауымен байланысты дағдарыстық жағдай кезеңінде жүзеге асырады.

3-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу тәртібі

      18. Жергілікті денсаулық сақтау органдары фармацевтикалық қызметтерді берушілерге (орындаушыларға) орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қамтамасыз етілген рецептілер туралы ұсынылған деректерді бөлінген қаражат шегінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырады. Шарт сомасы нақты көрсетілген қызметтер көлемін ескере отырып түзетіледі.

      19. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тәртібіне сәйкес жүргізілген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары бойынша айқындалатын ТМККК шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен жергілікті денсаулық сақтау органдары:

      1) белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар халықты амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде тегін қамтамасыз ету үшін ДЗ мен МБ тізбесіне кіретін, бірақ бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кірмейтін ДЗ мен МБ-мен амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында;

      2) нұсқаулықта медициналық мақсатта пайдалану үшін балаларда қолдануға қарсы көрсетілімдері бар ДЗ-ны сатып алған жағдайда балаларды қамтамасыз ету мақсатында;

      3) дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті өкілді органдарының шешімі негізінде ДЗ мен МБ-ны пациенттің жеке көтере алмаушылығы жағдайында жүзеге асырады.

  Дәрілік заттар мен медициналық
бұйымдардың айналысы
саласындағы субъектілерге
фармацевтикалық көрсетілетін
қызметтердің құнын төлеу
қағидаларына
1- қосымша
  Нысан

Өңірлер бөлінісінде _________ ______ (кезең көрсетілсін) төленуі тиіс фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізілімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2023 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өңір

АХЖ-10 коды

Р/с №

Қамтамасыз етілген рецептінің № мен күні

ХПА

СА

Шығарылу нысаны, дозалау

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігі үшін баға (теңге)*

Өлшем бірлігінде саны

Сома, (теңге) (8-баған* 9-баған)

Есепке алу және өткізу жөніндегі қызмет шартының немесе өтеусіз жеткізу шартының № мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Кестенің жалғасы

Есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтің құны, теңге (10-баған* ____ %)**

Фармацевтикалық қызмет көрсету туралы шарттың № мен күні ***

Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің құны, теңге***

Ақы төленуі тиіс фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің жалпы құны (теңге)(10-баған +12-баған +14-баған)

13

14

15

16





      Фармацевтикалық көрсетілетін қызмет құнының жиыны _____ теңгені құрды.

      (жазбаша)

      Ұсынылды:

      "СҚ-Фармация" ЖШС________________ ___________________

      (қолы, М.О.)*** (Т.А.Ә. (ол болған жағыдайда), лауазымы)

      Келісілді:

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ ______ _________

      (қолы, М.О.)**** (Т.А.Ә. (ол болған жағыдайда), лауазымы)

      Ескертпе:

ХПА

Халықаралық патенттелмеген атауы

СА

Саудалық атауы

*

Бағалары бекітілген баға бойынша көрсетілетін құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы бойынша баға көрсетіледі

**

Құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар жоқ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін көрсетіледі. Өтеусіз жеткізу шарты арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізген жағдайда көрсетілген баған толтырылмайды.

***

Құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін көрсетіледі

****

Жиынтық тізілім электрондық нысанда, екі тараптан электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған жағдайда, мөр қойылмайды.

  Дәрілік заттар мен медициналық
бұйымдардың айналысы
саласындағы субъектілерге
фармацевтикалық көрсетілетін
қызметтердің құнын төлеу
қағидаларына
2- қосымша
  Нысан

Бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу актісі

      20 _ жылғы "_" ____ бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу шарты бойынша

      20 _ жылғы "__"____бастап 20 ___ жылғы "___" _____ аралығындағы кезең 20 ___ жылғы "___" ____ №

      Бюджеттік бағдарламаның атауы: ______________________________

      Кіші бағдарламаның атауы: ________________________

      Бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу шартының жалпы сомасы:_________________ теңге, оның ішінде төленген аванстың жалпы сомасы: _______________ теңге

р/с №

Атауы

Ақы төлеуге ұсынылды

Шегерілуі тиіс аванстың (алдын ала төлемнің) сомасы, теңге

Аванстың (алдын ала төлемнің) сомасын қоспағанда, шегерілуі тиіс сома, теңге

Бірыңғай дистрибьюторға төленуі тиіс сома, теңге, (4-баған – 5- баған 6)

Қамтамасыз етілген рецептілердің саны

Сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

1

Ақы төленуі тиіс фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізіліміне сәйкес ақы төленуі тиіс фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің жалпы құны







 
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ
Мекенжай: __________________________
БСН: _______________________________
ЖСК: ________________________________
БСК: ________________________________
____________________________________
Код: _________________________________
КБЕ: ________________________________
_____________________/________________
___________________/______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
/қолы) (қағаз жеткізгіштегі акт үшін)
Қағаз жеткізгіштегі акт үшін мөр орны)
(бар болса)


 
"СҚ-Фармация" ЖШС
Мекенжай:______________________________
БСН:_______________________________
ЖСК:_______________________________
БСК:_______________________________
Банк атауы:_________________
____________________________________
____________________________________
КБЕ:_______________________________
___________________/______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
/қолы) (қағаз жеткізгіштегі акт үшін)
Қағаз жеткізгіштегі акт үшін мөр орны)
(бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 27 қарашасы
№ ҚР ДСМ-210/2020
бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 сәуірде жарияланған);

      2. "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 6 қазандағы № ҚР ДСМ-24 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17693 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қарашада жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 және "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-35 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17872 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған);

      4. "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № ҚР ДСМ-6 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18398 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 29 наурызда жарияланған); 

      5. "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-23 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18494 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 17 сәуірде жарияланған);

      6. "Денсаулық сақтау министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтар тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19555 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 қарашада жарияланған);

      7. "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ-142 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19557 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 қарашада жарияланған);

      8. "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № ҚР ДСМ-8/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20000 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 10 ақпанда жарияланған);

      9. "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № ҚР ДСМ-16/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20131 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 наурызда жарияланған);

      10. "Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-21/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20182 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 2 сәуірде жарияланған);

      11. "Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 шілдедегі № ҚР ДСМ-21/2020 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20992 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 шілдеде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады