"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 тамыздағы № 308 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 тамызда № 29098 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 230 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);

      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

      3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);";

      5-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "өз бетінше тұруды сүйемелдеу қызметтерін ұсыну туралы шешім қабылданған он сегіз жастағы адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға арналған, жоба қуаты 6-дан 30-ға дейінгі орындары бар өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшілері (бұдан әрі – Бөлімше);

      созылмалы үдемелі аурулар жағдайындағы немесе терминалдық (соңғы) сатыдағы он сегіз жастан асқан адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды, қарттарды үздіксіз бақылауға арналған паллиативті көмек палаталары (бөлімшелері);";

      6-тармақта:

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдар;";

      5) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына:";

      11-тармақта:

      1) тармақшаның жетінші, сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық журналда мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен кезекте тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызмет алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі.

      Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады.";

      2) тармақшаның үшінші бөлігінде:

      алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндікөшірме (қарттар үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар болса);";

      оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін – көрсетілген адамдардың мәртебесін растайтын куәліктің немесе өзге құжаттың көшірмесі;";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басты куәландыратын құжаттың, мүгедектік туралы анықтаманың, зейнетақы куәлігінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылардың мәртебесін растайтын куәліктің немесе өзге құжаттың, зейнетақы немесе әлеуметтік жәрдемақылар алуға арналған жеке кітапшаның түпнұсқалары тұратын адамның жазбаша келісімімен стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігінде сақталады.";

      алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адам бір стационарлық үлгідегі ұйымнан басқа стационарлық үлгідегі ұйымға өткен (ауысқан) кезде онымен бірге қызмет алушының жеке ісі, ондағы құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар), осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жоспарын орындау (мониторингі) жөніндегі журнал (бұдан әрі – Мониторинг журналы) қоса беріледі;";

      3) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, стационарлық үлгідегі ұйымның әлеуметтік жұмыскерлері, дәрігерлері, педагогтері және басқа да мамандары (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйым мамандары) әрбір қызмет алушының әрқайсысына бір жылға дейінгі мерзімге жеке жоспар әзірлейді.";

      13-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар мынадай адамдардың тәуліктің күндізгі уақытында (бір күнде төрт сағаттан он сағатқа дейін), оңалту орталықтарында түнде болуын қамтамасыз етумен (қызмет алушы басқа елді мекенде тұрған жағдайда және (немесе) ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған:";

      2) тармақшада:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бір жарым жастан ТҚА бұзылған балалар (бұдан әрі – ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен балалар).";

      екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен балалардың тұруына:";

      4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мүгедектігі бар адамдар және "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер, оңалту жөніндегі іс-шаралар олардың денсаулық жағдайын, жасын, жеке даму деңгейін, әлеуметтендіру, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының (бар болса) мазмұнын, қызмет алушының жеке қажеттіліктері негізінде әзірленген жеке жұмыс жоспарын ескере отырып жүзеге асырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Уақытша болуға арналған оңалту орталықтарында оңалту іс-шараларын үздіксіз жүргізу мақсатында басқа қаладан келген қызмет алушылардың және (немесе) ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша түнде болуына жағдай жасалады.";

      21-тармақта:

      1) тармақшада:

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық журналды порталда жартылай стационарлық үлгідегі ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.";

      жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен кезекке электрондық журналда тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызметтер алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі.";

      2) тармақшада:

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке іс қалыптастырылады, ал жеке ісі болған жағдайда – оны жүргізу жалғастырылады.";

      үшінші бөлігінде:

      алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндікөшірме (қарттар үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар болса);";

      тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін – көрсетілген адамдардың мәртебесін растайтын куәліктің немесе өзге құжаттың көшірмесі;";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адам бір жартылай стационарлық үлгідегі ұйымнан басқа жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға өткен (ауысқан) кезде онымен бірге қызмет алушының жеке ісі, ондағы құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мониторинг журналы қоса беріледі;";

      3) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары күндіз болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын әрбір қызмет алушыға бір жылдан аспайтын мерзімге, ал уақытша болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын қызмет алушыға болу кезеңіндегі мерзімге жеке жоспарды әзірлейді.";

      23-тармақта:

      2) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде шектелуіне әкелген ТҚА айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедектігі бар балалар.";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдар;";

      26-тармақта:

      1) тармақшада:

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық журналды порталда үйде қызмет көрсету ұйымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.";

      жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен электрондық журналда кезекке тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызметтер алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі;";

      2) тармақшада:

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет алушы үйде қызмет көрсету ұйымына түскен кезде қызмет алушылардың жеке ісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады, ал жеке ісі болған жағдайда – оны жүргізу жалғастырылады.";

      үшінщі бөлігінде:

      алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар болса);";

      тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін – көрсетілген адамдардың мәртебесін растайтын куәліктің немесе өзге құжаттың көшірмесі;";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет алушы бір үйде қызмет көрсету ұйымынан басқа ұйымға өткен (ауысқан) кезде онымен бірге қызмет алушының жеке ісі істегі құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша қоса беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мониторинг журналы қоса беріледі;";

      3) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке жоспардың іс-шаралары арнаулы әлеуметтік қызметтер түрінің әрқайсысы бойынша бөлек көрсетіледі және қызмет алушының жақсы жақтарын іздеуге және жандандыруға, позитивті ресурстарды анықтауға және өзіндік әлеуметтік орта дағдыларын қалпына келтіруге немесе қалыптастыруға бағытталған.";

      35-тармақта:

      2) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық тіркеу журналын порталда уақытша болу ұйымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.";

      3) тармақшада:

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет алушы уақытша болу ұйымына түскен кезде (тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған (бір жылға дейін) қызмет алушылардың жеке ісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады, ал жеке ісі болған жағдайда – оны жүргізу жалғастырылады.";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет алушы бір уақытша болу ұйымынан екінші уақытша болу ұйымына өткен (ауысқан) кезде қызмет алушының жеке ісі істегі құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша бірге беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, ресоциализация туралы шарты, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мониторинг журналы қоса беріледі.";

      мынадай редакциядағы 4) және 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жеке жоспар.

      Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының әлеуметтік жұмыскерлері, дәрігерлері, психологтары және басқа да мамандары әрбір қызмет алушының әрқайсысына бір жылға дейінгі мерзімге жеке жоспар әзірлейді.

      Қызмет алушылардың жеке жоспарлары қызмет алушылар уақытша болу ұйымына түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әзірленеді, кейінгі екі жұмыс күні ішінде толтырылады және уақытша болу ұйымның басшысы бекітеді.

      Жеке жоспардың іс-шаралары арнаулы әлеуметтік қызметтер түрінің әрқайсысы бойынша бөлек көрсетіледі және туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеруге және өзіндік әлеуметтік орта дағдыларын қалпына келтіруге немесе қалыптастыруға бағытталған.

      Әрбір көрсетілген іс-шара іске асыру мерзімін (апта, ай, тоқсан) қамтиды. Іс-шараны орындау бойынша жұмыстың көрсетілген кезеңі нақты мерзімдер арқылы жеке жоспарда көрсетіледі.

      Уақытша болу ұйымының мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетеді;

      5) мониторинг журналы.

      Қызмет алушылардың жағдайындағы өзгерістерді қадағалау және кейіннен онымен жұмыс жүргізуге арналған іс-шараларды түзету үшін қызмет алушының жеке жоспарына мониторинг жүргізіледі. Жеке жоспарға енгізілген іс-шаралардың сапалы орындалуына мониторингті уақытша болу ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы тоқсанына бір реттен жиі емес тәртіпте жүзеге асырады.

      Қызмет алушылардың жағдайындағы өзгерістерді уақытша болу ұйымының мамандары тоқсан сайын қарауға тиіс.

      Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын уақытша болу ұйымның мамандары Мониторинг журналында көрсетеді. Мәліметтер Мониторинг журналына тоқсан сайын, жеке жоспарға жүргізілген мониторингтен кейін бір жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      Мониторинг журналы әрбір қызмет алушыға жеке-жеке жүргізіледі.

      Қызмет алушының жағдайындағы позитивті өзгерістер туралы белгі жеке жоспарда жоспарланған әрбір іс-шара бойынша жасалады.

      Жүргізілген іс-шаралардан кейін қызмет алушылардың жағдайында өзгерістер болмаса, бұл туралы белгі қойылады.

      Қызмет алушылардың жағдайында өзгерістер болған жағдайда, Мониторинг журналына белгілер ай сайын енгізіледі.

      Жеке жоспарды түзету кезінде Мониторинг журналында қандай қызметтің түрі қайта қаралуға жататыны көрсетіледі, сондай-ақ қызмет алушының жағдайын жақсартуға бағытталған кейінгі іс-шараларды әзірлеу үшін ұсынымдар көрсетіледі.

      Жыл қорытындысы бойынша Мониторинг журналы мен жеке жоспар қызмет алушының әрқайсысына бөлек жеке папкада бірге тігіледі.";

      1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов
     
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

  2022 жылғы
11 тамыздағы
№ 308
Бұйрыққа 1-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін ұйымдар қызметінің
қағидаларына
1-қосымша

Стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең төмен штат нормативтері

Лауазым атауы

Қызмет алушылардың саны

6-30 1

25-ке дейін

26-50

51-100

101-150

151-200

201-250

251-300

301-400

401-500

500-ден артық

Басшы жұмыскерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штат нормативтері

1

Директор

-

мекемеге 1 бірлік

2

Директордың әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыс жөнiндегi орынбасары

-

-

-

-

-

1

1

1

1

1

1

3

Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары

-

-

мекемеге 1 бірлік

4

Директордың медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары (кем дегенде 6 дәрігерлік лауазым болған кезде)

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1

5

Медициналық бөлімнің меңгерушісі (кем дегенде 6 дәрігерлік лауазым болған кезде)

-

-

-

1

1

1

1

1

1

1

-

6

Бас бухгалтер

-

мекемеге 1 бірлік

7

Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист

-

-

-

0,5

1

1

1

1

1

1

1

8

Бухгалтер

-

-

1

1

1

1

1

1

1

1

1

9

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

10

Кадрлар жөнiндегi инспектор

-

0,5

0,5

1

1

1

1

2

2

3

3

11

Жұртшылықпен жұмыс жөніндегі маман

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

12

Бөлімше меңгерушісі

1

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

13

Шаруашылық меңгерушiсi

-

мекемеге 1 бірлік

14

Қойма меңгерушiсi

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

15

Қойма (көкөніс сақтау қоймасы) меңгерушісі (азық-түлік қоймасы, көкөніс сақтау қоймасы болса)

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

16

Хатшы-машинистка (референт)

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

17

Дезинфектор

-

0,5

0,5

0,5

1

1

1,5

2

2

2

2

18

Вахтер

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

19

Лифтер (лифт болса)

-

Қазақстан Республикаы Еңбек кодексінің 101-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілген әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлер саны бойынша салааралық үлгілік нормативтерге сәйкес (бұдан әрі – үлгілік нормативтер)

20

Күзетші

-

3

3

мекемеге 4 бірлік

21

Жүргізуші

-

1 техникалық жүріп тұрған көлік құралына 1 бірлік

22

Тракторшы (трактор болса)

-

1 техникалық жүріп тұрған көлік құралына 1 бірлік

23

Бағбан (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес)

-

мекемеге 1 бірлік

24

Аула сыпырушы

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

25

Слесарь-сантехник

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

26

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

27

Электр-газ дәнекерлеуші

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

28

Қосалқы жұмысшы

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

29

Ғимараттар мен орын-жайларды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері)

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

30

Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

31

Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы

-

-

-

4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және егер қазылған орларды тазарту орталықтандырылған тәртіпте жүргізілмесе

32

Су сорғы станциясының машинисі (моторшысы)

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

33

Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман

1

1,5

2

2,5

3,5

4,5

5,5

6,5

8

9,5

10

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

34

Шаштараз 1, 3, 4 (жабдықталған шаштараз бар болса)

-

0,5

0,5

әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын болғанда немесе мүмкін болмаған жағдайда әрбір 100 қызмет алушыға 1 бірлік

35

Санитар-палатадығы 2

Мыналардан:
өзіне-өзі қызмет ету және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған кезде – 6 адамнан (өздігінен қозғала және тамақтана алмайды), үнемі күтімді қажет етеді; өзіне-өзі қызмет ету және жеке гигиена дағдыларының қалыптасуы жағдайында – 8 адамнан (ішінара қалыптасқан) үнемі қадағалауды қажет етеді; тұрмыстық дағдылардың қалыптасуы жағдайында – 10 адамнан (ішінара қалыптасқан); қолының ептілігі дағдыларының қалыптасуы жағдайында – 12 адамнан (еңбек бағдары бағдарламасын іске асыру үшін топ 6 адамнан шағын топқа бөлінеді) тұратын топқа 5,25 ставка

36

Санитар-палатадағы 3,4,5

әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады

37

Бақылау жөніндегі санитар 4

-

әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 100 төсек-орынға қалыптастырылады

38

Күтім жөніндегі санитар (полиативті көмек палаталарында)

-

Жеке күтімді қажет ететін 6 ауыр науқасқа – 1 бірлік

39

Бас аспазшы

-

-

-

-

0,5

1

1

1

1

1

1

40

Аспазшы

-

1

2

2

3

4

4

5

7

7

8

41

Ыдыс-аяқ жуушы

-

0,5

0,5

1

1

1

1

1,5

2

2

3

42

Жеміс-көкөніс және картоп тазалаушы

-

0,5

0,5

1

2

2

3

3,5

4

5

6

43

Нан кесуші, асхана жұмысшысы

-

-

-

0,5

1

1

1

1

2

3

4

44

Буфетші

-

0,5

0,5

50 қызмет алушыға 1 бірлік

45

Шаруашылық бикесі

-

-

-

әрбір 100 төсек-орынға 1 бірлік, бірақ 1 мекемеге кемінде 1 бірлік

46

Кір жуатын орынның меңгерушісі (машинистердің қатарынан)

-

-

-

-

-

-

-

1

1

1

1

47

Киім және ішкиім жуатын машинист

-

0,5

1

1,5

2

2,5

3

5

7

7

8

48

Санитар (тазалаушы)

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

49

Ваннашы-санитар

-

0,5

1

2

3

4

5

6

6

7

7

Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

50

Педиатр дәрігер 2,3

-

0,5

0,5

1

1,5

2

2

2

3

3

4

51

Терапевт дәрігер 4,5

-

-

-

1

1,5

1,5

1,5

1,5

2

2

3

52

Невропатолог дәрігер

-

-

-

1

1,5

1,5

1,5

1,5

2

2

2

53

Психиатр дәрігер (психотерапевт) 2,4,5

-

0,5

0,5

1

1,5

2

2

2

2

2

2

54

Травматолог-ортопед дәрігер 3

-

-

-

0,5

1

1

1

1

2

2

3

55

Дәрігер

-

0,5

1

мекемеге 1 бірлік

56

Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі инструктор 3,5

-

мекемеге 1 бірлік (тиісті жағдай болғанда)

57

Жүзу жөніндегі инструктор (гидрокинезотерапия) 3,5

-

мекемеге 1 бірлік (бассейн болса )

58

Диеталық тамақ жөніндегі мейіргер

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

59

Дәріхана меңгерушісі (дәріхана болған жағдайда)

-

-

-

0,5

0,5

1

1

1

1

1

1

60

Фармацевт

-

-

-

0,5

1

1

1

1

1

1

1

61

Емдік дене шынықтыру инструкторы

-

тірек-қимыл аппараттары бұзылуының ауыр түріне қызмет алушы 20 адамға немесе тірек-қимыл аппараттары функцияларының орташа бұзылуына байланысты қызмет алушы 40 адамға 1 бірлік, бірақ бір емдік дене шынықтыру инструкторы кабинетіне 2 бірліктен көп емес

62

Бас мейіргер (аға мейіргер)

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

63

Мейіргер

-

әрбір тәулiк бойғы постқа – 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады

64

Массаж жасау жөнiндегi мейiргер

-

0,5

0,5

1

1

2

2

3

4

5

6

65

Акушер, фельдшер 4,5

-

-

-

0,5

1

1

1

1

1

1

1

Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

66

Психолог

1

0,5

0,5

1

1,5

2

2

2

2

2

3

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

67

Әдіскер 2,3

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

68

Тәрбиеші 2,3

-

оқу тобына 1,5 бірліктен *

69

Логопед 2, 3

-

0,5

0,5

1

1,5

2

2

3

4

4

5

70

Дефектолог мұғалім 2,3,4

-

оқу тобына 1 бірлік *

71

Музыка мұғалімі 2,3,4

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

72

Дене шынықтыру мұғалімі 2,3,4

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

73

Еңбек терапиясы жөніндегі инструктор (еңбекке оқыту мұғалімі) 2,3

-

оқу тобына 1 бірлік *

Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

74

Еңбек терапиясы жөніндегі инструкторы 4,5

-

1 профильге 1 бірлік (профиль кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады)

Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

75

Мәдени ұйымдастырушы

-

0,5

0,5

1

1

1

2

2

2

2

2

76

Музыкалық жетекші

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

77

Кітапханашы (кітапхана, лекотека болғанда)

-

мекемеге 1 бірлік

Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

78

Заңгер

-

0,5

1

мекемеге 1 бірлік

      Ескертпе:

      1 – стационарлық үлгідегі ұйымдардың жанынан құрылған жоба қуаты 6-дан 30-ға дейін өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелерінде енгізіледі;

      2 – стационарлық үлгідегі балалар психоневрологиялық ұйымдарында енгізіледі;

      3 – ТҚА бұзылған балалар үшін стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;

      4 – стационарлық үлгідегі психоневрологиялық ұйымдарға енгізіледі;

      5 – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;

      * – оқу топтары "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2355 болып тіркелген).

      Жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болған кезде ең төмен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес.

      Қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастырады.

      Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналды ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған.

      Стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік автокөлік құралдарының лимиті мынадай көлемде белгіленеді:

      бір жеңіл автомобиль;

      екі санитариялық автомобиль;

      бір жолаушылар автобусы (100 немесе одан көп қызмет алушы болған кезде);

      бір автокөлік құралы (350 немесе одан көп қызмет алушы болған кезде);

      орталық кәрізге қосылу мүмкіндігі жоқ жерлерде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйым үшін айына кем дегенде 200 куб қоқыс шығару көлемі болған кезде қоқыс шығаруға арналған бір автомобиль;

      қар, күл шығару, көмірді қазандарға жеткізу және басқа да маусымдық жұмыстарды және басқа да жұмыстарды орындайтын бір трактор;

      сыйымдылығы шағын үйлер үшін қызметкерді алушылардың санына сәйкес бір микроавтобус.

      Бөлімшеде тұратын мүгедектігі бар адамдарға өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде стационарлық үлгідегі ұйымдардың басқа қызметкерлері тартылады.

  2022 жылғы
11 тамыздағы
№ 308
Бұйрыққа 2-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін ұйымдар
қызметінің қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Ұйымның ресми атауы
(қазақ тілінде)

Ұйымның ресми атауы
(орыс немесе өзге тілде)

Стационарлық/жартылай стационарлық үлгідегі/ үйде қызмет көрсететін/уақытша болу ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын адамдарды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды кезекке тіркеудің электрондық журналы

      20 __ жылғы "___" ________ басталды

      20 __ жылғы "___" ________ аяқталды

Мәртебесі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні, жасы

Жынысы

Үйінің мекенжайы

Телефон номірі

Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

























Түскен күні және бұйрықтың №

Уақытша шығқан күні және бұйрықтың №

Шыққан күні және бұйрықтың №

Шығу себебі

Ауыстырылған күні және бұйрықтың №

Қайда шықты (облыс, қала, аудан)

9

10

11

12

13

14







  2022 жылғы
11 тамыздағы
№ 308
Бұйрыққа 3-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін ұйымдар қызметінің
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Ұйымның ресми атауы
(қазақ тілінде)

Ұйымның ресми атауы
(орыс немесе өзге тілде)

Қызмет алушының ЖЕКЕ ІСІ № ___________

      __________________________________________________

      (Жасалған жері)




      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________________
_________________________________________________________________________
Туған күні (күні, айы, жылы) _____________________________________________
Диагнозы ____________________________________________________________
Ұлты _________________________________________________________________
Түскен күні ___________________________________________________________
Қайдан келді _________________________________________________________
Әлеуметтік мәртебесі __________________________________________________
Ата-аналары туралы мәліметтер (мүгедектігі бар балалар үшін) (тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), туған күні, олардың болмау себебі және оны растайтын құжаттың түрі)
_______________________________________________________
____________________________________________________________________
Үйінің мекенжайы _____________________________________________________
Нөмірленген және тігілген ______________________________________________
________________________________________________________________парақ
(жазбаша)
Ұйымның басшысы ____________________________________ ________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы
20 ___ жылға "___" _______________
Мөр орны

  2022 жылғы
11 тамыздағы
№ 308
Бұйрыққа 4-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін ұйымдар қызметінің
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Бекітемін:
___________________________
___________________________
(стационарлық/жартылай
стационарлық үлгідегі/үйде
қызмет көрсететін/уақытша болу
ұйым басшысының
тегі, аты, әкесінің)
аты (бар болса) және қолы)
20 ___ жылғы "___" __________
____________________________
(стационарлық/жартылай
стационарлық үлгідегі/үйде
қызмет көрсететін/уақытша
болу ұйымның атауы)

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспары жоспары

      Қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________
Туған күні және жылы ____________________________________________
Диагнозы _______________________________________________________
Стационарлық/жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға/үйде қызмет көрсететін/уақытша
болу ұйымына түскен күні 20__жылғы "___" ______
Қызмет алушыға ____________ бастап _____________ қоса алғанға дейін бақылау жүзеге
асырылды
Жеке жұмыс жоспары ____________ бастап ____________ қоса алғанға дейінгі кезеңге
әзірленді
Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар (көрсетілетін
қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):

Қызмет түрлері

Қызмет көлемі (жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы)

Тағайындауды жүзеге асырған маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

Тағайындау күні

1

әлеуметтік-тұрмыстық






2

әлеуметтік-медициналық






3

әлеуметтік-психологиялық






4

әлеуметтік-педагогикалық






5

әлеуметтік-еңбек






6

әлеуметтік-мәдени






7

әлеуметтік-экономикалық






8

әлеуметтік-құқықтық




      Жеке жоспарын қайта қарау күні 20 ___ жылғы "__" _______________________
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман _________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Психолог* _________ ________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Медициналық персонал маманы * _________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Маман _________ ___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант ** _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
* стационар/жартылай стационар/уақытша болу ұйымдарымен толтырылады;
** үйде қызмет көрсету ұйымдарымен толтырылады.

  2022 жылғы
11 тамыздағы
№ 308
Бұйрыққа 5-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін ұйымдар қызметінің
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жоспарын орындау (мониторингі) жөніндегі журнал

      Қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________________________
Туған күні және жылы _______________________________________
Диагнозы __________________________________________________ ____ ___________
бастап ____ ___________ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке жоспарына мониторингі
Қызмет алушыны қадағалау кезеңі: ____ ___________ бастап ____ ___________ қоса алғанда

Қызметтер түрлері

Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде

Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету)

Мониторинг жүргізу күні

Мониторингті жүзеге асырған маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

оң өзгерістер бар (сипаттап беру) *

өзгерістер жоқ немесе нашарлады (себебін көрсету)

1

2

3

4

5

6

7

1

әлеуметтік-тұрмыстық






2

әлеуметтік-медициналық






3

әлеуметтік-психологиялық






4

әлеуметтік-педагогикалық






5

әлеуметтік-еңбек






6

әлеуметтік-мәдени






7

әлеуметтік-экономикалық






8

әлеуметтік-құқықтық






      Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ______ _____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант ** _________ ____________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Ескертпе: * Қызмет алушының:
- соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде;
- қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында;
- өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және
еңбекпен бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастырудағы оң өзгерістері белгіленді;
** үйде қызмет көрсету ұйымдарымен толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады