"Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 282/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 тамызда № 29179 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді, пошта операторларының пошта байланысы қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Пошта қызметіне мынадай пошта байланысының көрсетілетін қызметтері жатады:

      1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері;

      2) тiркелетiн пошта жөнелтiлімдерiн жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      3) пошта байланысының жеделдетілген және курьерлiк көрсетілетін қызметтері;

      4) пошталық ақша аударымдары;

      5) жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату және бөлшек саудада сату бойынша көрсетілетін қызметтер;

      6) пошта төлемінің белгілерін және филателиялық өнімді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      7) гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      8) Заңның 9-1-бабына сәйкес арнаулы пошта байланысының көрсетілетін қызметтері;

      9) ұсынылуы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерімен тығыз байланысты көрсетілетін қызметтер:

      курьерді үйге шақыру;

      мекенжайды толтыру;

      пошта жөнелтілімдерін бақылау;

      пошта жөнелтілімдерін буып-түю және ресімдеу;

      пошта жөнелтілімін басқа мекенжайға жіберу;

      пошта жөнелтіліміне бланкілер;

      пошта жөнелтілімін жеткізу немесе табыс ету туралы хабарлама;

      пошта жөнелтілімін сақтау;

      пошта жөнелтілімі туралы хабарлама;

      үйге жеткізу.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақаулы жөнелтілім – салынымына қол салушылық белгілері бар (буып-түю бүтіндігі бұзылған) немесе салмағы қабылданған кездегі салмаққа сәйкес келмейтін пошта жөнелтілімі;

      2) каталог – таратылу аймағына қарай, жазылым бойынша таратуға қабылданған, республикалық, жергілікті және шетелдік мерзімді баспа басылымдары бойынша бөлімдерді қамтитын жинақ-тізбе;

      3) пошта жөнелтілімінің санаты – пошта жөнелтілімін (тіркелетін, тапсырысты, құндылығы жарияланған, арнайы белгілері бар) қабылдау, өңдеу, жіберу және жеткізу тәртібі мен шарттарын айқындайтын белгілер жиынтығы;

      4) карантинге жатқызылған өнiм – карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі – карантинге жатқызылған өнiм) – карантиндi объектiлердi (карантинді зиянды организмдерді) тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар;

      5) консигнация – бір жөнелтуші бір алушының мекенжайына шетелді белгілей отырып топтастырған пошта жөнелтілімдерін тағайындалған операторлар арасында жіберу қызметі;

      6) пошта жөнелтілімдерін, пошталық ақша аударымдарын, жеделдетілген және курьерлік пошта байланысы жөнелтілімдерін жіберу мерзімдері – пошта операторы жөнелтілімдерді қабылданған жердегі өндірістік объектіде берілген жердегі өндірістік объектіге дейін жіберуді жүзеге асыратын мерзім;

      7) ұсақ пакет – тауарлардың бір-бір үлгілері, сыйлық сипатындағы ұсақ заттар салынған және көлемдері, салынымы, массасы және буып-түйілуі осы Қағидалармен көзделген халықаралық тапсырыстың пошта жөнелтілімі;

      8) "М" қабы (арнайы қап) – бір жөнелтуші бір адресатқа жіберетін, мерзімді баспа басылымдарын (газеттер мен журналдарды), кітаптар мен брошюраларды қамтитын халықаралық тапсырысты пошта жөнелтілімі;

      9) таратылмаған пошта жөнелтілімдері – белгіленген мерзім ішінде адресатқа жеткізілмеген (табыс етілмеген) және жөнелтушіге негіздемелі себептермен (алудан бас тарту, кері мекенжайдың болмауы, талап етілмеу) қайтарылмаған пошта жөнелтілімдері;

      10) операциялық терезе – пошта операторының қызметтерін пайдаланушыға қызметтердің бір немесе одан көп түрін ұсынатын пошта операторының өндірістік объектісінде жабдықталған жұмыс орны;

      11) курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері – курьерді пайдалану арқылы өңделетін және жеткізілетін тіркелетін пошта байланысының жөнелтілімдері;

      12) жеделдетілген пошта байланысы жөнелтілімдері – жеделдетілген тәртіпте өңделетін және жеткізілетін пошта жөнелтілімдері;

      13) алғаны туралы хабарламасы бар пошта жөнелтілімі – беру кезінде жөнелтуші пошта жөнелтілімінің кімге және қашан табыс етілгендігін өзіне немесе көрсеткен адамына хабарлауды пошта операторына тапсыратын тіркелетін пошта жөнелтілімі;

      14) жай сәлемдеме – салынымының құнын бағаламай түбіртек беріп жөнелтушіден қабылданатын және алушыға қолхат арқылы берілетін сәлемдеме;

      15) тікелей пошта контейнері – заттар, нәрселер және тауарлар салынып, жөнелтуші пломбалаған (мөрлеп бекіткен) және межелі жерге жеткізілгенге дейін жолда ашылмайтын контейнер түріндегі пошта жөнелтілімі;

      16) секограмма – секографиялық тәсілмен жазылған, ашық түрде берілетін жазбаша хабарлар, секография белгілері басылған клишелер, тек зағиптарға арналған дыбыстық жазбалар салынған пошта жөнелтілімі;

      17) техникалық құралдар – пошта операторлары пошта қызметінде пайдаланатын өлшеу функциялары бар құрылғыларды қоса алғанда, жабдық, құрылғылар, бағдарламалық қамтамасыз етуі бар және бағдарламалық қамтамасыз етуі жоқ жүйелер;

      18) пакет – пошта төлемінің белгілерін, оның ішінде пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін жапсырмай жіберілетін, салынымы, көлемдері, массасы және буып-түйілуі осы Қағидаларда көзделген тіркелетін жөнелтілім;

      19) ыдыс – гофрленген картоннан жасалған қораптар, пластик пакеттер, конверттер және пошта жөнелтілімін жіберуге арналған ағаш жәшіктер және ыдыс қаптары.

      4. Пошта операторлары Заңның 10-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, пошта байланысының қызметтерін ұсыну үшін пошта желілерін өздері дербес қалыптастырады.

      Пошта желісін ұйымдастыру мақсатында пошта операторы өндірістік объектілерді, сондай-ақ пошта маршруттарын құрады және оларды пайдаланады.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының әмбебап қызметтерін ұсынған кезде пошта желісінің жұмыс істеуі және құруы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығымен бекітілген Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асыралады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14130 болып тіркелген).";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Пошта операторының өндірістік объектілеріне кірер жерде өндірістік объектінің атауы және жұмыс режимі көрсетілген маңдайша орнатылады. Қалаларда орналасқан және жылжымалы график бойынша, түскі үзіліспен немесе демалыс күнімен жұмыс істейтін өндірістік объектілерде, сондай-ақ үзіліссіз немесе демалыс күндерсіз қызметтер ұсынатын жақын маңдағы өндірістік объектінің орналасқан жері және жұмыс режимі туралы хабарландыру ілінеді. Маңдайша мен хабарландыру мәтіні қазақ және орыс тілінде жазылады.

      Мүгедектерге кедергісіз қызмет көрсету мақсатында пошта операторлары:

      өндірістік объектіге мүгедектердің кедергісіз кіруін, сондай-ақ оларға еркін және кедергісіз қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін операциялық терезені жабдықтауды;

      кезектен тыс қызметтер көрсетілуін;

      көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі туралы толық және дұрыс ақпаратпен қолжетімді нысанда қамтамасыз етеді.

      9. Пошта операторының өндірістік объектісінің операция залында пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар үшін көрнекі және қолжетімді жерде мынадай ақпараттық материал тұрады:

      1) қызметтердің стандарттары;

      2) пошта байланысының ұсынылатын қызмет түрлерінің тізбесі;

      3) пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер;

      4) пошта жөнелтілімдерін, пошталық ақша аударымын жіберу мерзімдері;

      5) пошта жөнелтілімдерін, пошталық ақша аударымын сақтау мерзімдері;

      6) мекенжайды жазу тәртібі;

      7) пошта жөнелтілімдерін буып-түю тәртібі және пошта операторының буып-түю материалдары мен ыдыстарының тізбесі;

      8) пошта жөнелтілімдерінің өлшемдері және шекті массасы;

      9) жіберуге тыйым салынған және шектелген заттар мен нәрселердің тізбесі, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айрылып жазасын өтеп жатқан адамдардың атына пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін заттар мен нәрселердің жеке тізбесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен көзделген пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың жауапкершілігі;

      10) пошта индекстері (электрондық форматта);

      11) жеке санаттағы азаматтарға қызмет көрсетудің артықшылықтары туралы;

      12) пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар алдындағы міндеттемелерді бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен және Заңмен көзделген пошта операторының жауапкершілігі;

      13) пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың Заңның 44-бабының 6-тармағын бұзғаны үшін жауапкершілігі;

      14) пошта операторының өзінен жоғары тұрған бөлімшесінің атауы, мекенжайы және телефон нөмірі;

      15) пошта операторының сенім телефонының, байланыс орталығының нөмірі, ресми интернет-ресурсының мекенжайы.

      Ақпарат қазақ және орыс тілінде жазылады.

      Мұндай ақпарат пошта операторының ресми интернет-ресурсында да жазылады.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Пошта жөнелтілімдеріндегі және ілеспе бланкілердегі барлық мекенжай деректері қолмен (немесе баспаханалық тәсілмен не басқа баспа техникасын пайдалану арқылы басылып) айқын, түсінікті, түзетулерсіз, қысқартылған атауларсыз немесе шартты әріпсіз, цифрларсыз, белгілерсіз жазылады. Пошта жөнелтімдеріне ақ қағазға басылған немесе қолдан жазылған мекенжай жапсырмалары жапсырылады.

      14. Пошталық ақша аударымдары бойынша ақпарат, сондай-ақ мекенжай деректері жүйеден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пошталық ақша аударымдары үшін пошта жөнелтілімінің бланкісінде (бұдан әрі – Бланк) басып шығарылады. Автоматтандырылмаған пошта байланысы бөлімшелерінде пошталық ақша аударымы үшін пошта жөнелтілімі бланкілерінің нысандарын пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы қолмен жазады (немесе баспаханалық тәсілмен не баспа техникасын пайдалана отырып басылады), анық, айқын, түзетулерсіз, қысқартылған атауларсыз және шартты әріптерсіз, сандарсыз, белгілерсіз толтырады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасы аумағы шегінде жіберілетін пошта жөнелтілімдерін, пошталық ақша аударымын жөнелтуші мен алушының мекенжайлары жөнелтушінің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде ресімделеді.

      Халықаралық пошта жөнелтімдерінде, халықаралық пошталық ақша аударымының бланкілерінде және пошта жөнелтілімдерінің бланкілерінде мекенжай белгілі бір елдің тілінде немесе Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде белгіленген тілде, жеткізілетін елдің атауын міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдерінде қайталай отырып жазылады.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Өлшемі мен массасы осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген шектен асып түсетін, сондай-ақ өзінің пішіні немесе құрылымы бойынша көтергіш техникалық құралдарды пайдаланбай сәлемдемелермен бірге оңай тиелмейтін немесе ерекше ұқыптылықты талап ететін және Дүниежүзілік пошта одағының (бұдан әрі – ДПО) актілерімен жіберу көзделген халықаралық сәлемдеме "Қомақты" деп танылады.

      Қомақты халықаралық жөнелтілімге, сондай-ақ тиісті ілеспе бланкінің бет жағына анық көрінетін "Қомақты", "Громоздкая", "Encombrant" белгісі бар жапсырма желімделеді.

      22. Халықаралық алмасуда құндылығы жарияланған жөнелтілімдер, осал, қомақты заттар салынған жөнелтілімдер мұндай жөнелтілімдерді қабылдауды жүзеге асыратын елдерге қабылданады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тіркелмейтін ішкі хаттарда жазбаша хабарламалар және мынадай төмен бағалы салынымдар: фотосуреттер, көркем, баспа ашық хаттары және карточкалар жіберіледі.

      Тіркелмейтін ішкі бандерольдерде мынадай төмен бағалы салынымдар: бланкілер, брошюралар, плакаттар, газеттер, журналдар, кітаптар, маңыздылығы төмен іс қағаздары, қолжазбалар, фотосуреттер, альбомдар, дәптерлер, дәрілік шөптер, аудио және бейнежазбалар жіберіледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Тіркелмейтін халықаралық бандерольдерде зағиптарға (немесе зағиптардан осы ұйымдардың мекенжайына) секограммалар жіберіледі. Олар ДПО актілеріне сәйкес тегін қабылданады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Тапсырысты ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде осы Қағидалардың 28, 29-тармағында көрсетілген салынымдардан басқа, мыналар жіберіледі:

      1) азаматтық хал актілерін жазу органдары – азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттар;

      2) сот және құқық қорғау органдары, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары – тапсырысты хаттың орауышында тиісті белгілері бар алғаны туралы тапсырысты хабарламамен қабылданатын шақыру қағаздары мен хабарламалар;

      3) тапсырысты бандерольдерде көркем әдебиет, өнер жөніндегі әдебиет, сот істері және сырттай оқитын студенттердің бақылау жұмыстары жіберіледі;

      4) "М" қаптарында – адресаттың мекенжайына бір межелі жерге жіберілетін мерзімді басылымдар (газеттер мен журналдар), кітаптар және брошюралар;

      5) ұсақ пакеттерде – сыйлық сипатындағы сынбайтын ұсақ заттар және жеке тауарлардың жеке-дара үлгілері жіберіледі. Жіберілетін салынымдар құны ұсақ пакет жоғалған жағдайда төленетін ДПО актілерімен белгіленген өтемақы сомасынан асып түспейді;

      6) салым тізімдемесімен және құндылығы жарияланған тіркелетін пошта жөнелтілімдерінде – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шетел валютасының ақша белгілері (банкноттары мен монеталары). Жөнелтуші пошта жөнелтілімдерін жөнелту кезінде осы Қағидаларға 3.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырады.

      Мәдени құндылықтарға жатқызылған банкноттар мен монеталарды коллекциялық мақсаттарда жіберу осы Қағидалардың 150-тармағының 1) тармақшасын ескере отырып жүзеге асырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Құндылығы жарияланған ішкі пошта жөнелтілімдерінде:

      1) хаттарда – құжаттар мен құнды қағаздар (куәліктер, паспорттар, тууы, қайтыс болуы, неке қиюы және бұзуы туралы, жылжымайтын мүлік құқығы туралы куәліктер, дипломдар мен сертификаттар, зейнетақы мен сот істері, мемлекеттік заем облигациялары, лотерея билеттері және қаржылық, банктік және бухгалтерлік құжаттар), жылжымайтын және жылжымалы мүлікке құқық беретін құжаттар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7926 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларына сәйкес жіберілетін тозған банкноттар мен ақаулы (бүлінген) монеталарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының күмәнді банкноттары мен монеталары;

      2) бандерольдерде – баспа басылымдары, көркем әдебиет, өнер жөніндегі әдебиет, іс қағаздары, дәрі-дәрмек, кондитерлік бұйымдар және сақталуын пошта жөнелтілімдерінің осы түріне көзделген орауышы қамтамасыз ететін ұзақ сақталатын тамақ өнімдері;

      3) жөнелтілімдерде тұтыну тауарлары, ұзақ мерзім сақталатын азық-түлік, кітаптар, дәрі-дәрмектер, медициналық препараттар және осы Қағидалармен жіберуге тыйым салынбаған салынымдар;

      4) құндылығы жарияланған хаттар мен жөнелтілімдерде – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және кассалық операцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлғалар жіберетін банкноттар, монеталар және құндылықтар.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Бал арасы, сүліктер, жібек құрттары, өсімдіктер, көшеттер, жаңа піскен көкөністер мен жемістер, радиолампалар және шыны немесе оңай бүлінетін осал бөлшектері бар дәл өлшеу аспаптары (тұрмыстық техника мен тұрмыстық аспаптардан басқа) салынған ішкі және халықаралық жөнелтілімдер салынымының құндылығы жарияланбай жіберуге қабылданады.

      Құндылығы жарияланған халықаралық хаттарда құнды қағаздар, жеке басты куәландыратын құжаттар, нотариалды куәландырылған құжаттар мен анықтамалардың көшірмелері жіберіледі.

      Халықаралық жөнелтілімдер ДПО-ның актілеріне сәйкес жіберуге рұқсат етілген тұтыну тауарлары жіберіледі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Құжаттар салынған пошта жөнелтілімдерінің жарияланған құны жөнелтілім жоғалған кезде осы құжаттарды қалпына келтіру бойынша болуы ықтимал шығыстардың мөлшерінен аспайды.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Пошталық ақша аударымдары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес шетелдік валюталарда қабылданады.

      Пошталық ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру кезінде жөнелтуші (алушы) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының талаптарына сәйкес қосымша мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Бастапқы кезеңде пошта операторының ақпараттық жүйесін қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында жіберілетін тіркелетін немесе тіркелмейтін хаттарға (пошта карточкасына) пошта операторының қызметтерін пайдаланушы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес куәландырушы орталықта алған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және олар ақпаратты қорғау жөніндегі шаралар сақталып жіберіледі.";

      57, 58, 59, 60, 61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Қайтару кезінде гибридтік пошта жөнелтілімдері жасалған шартта өзге талап айтылмаса, пошта операторының қызметтерін пайдаланушының ақпараттық жүйесіне қайтару туралы статусты қабылдағаны туралы растауды алғаннан кейін жойылуы тиіс.

      58. Пошта жөнелтілімдерінің буып-түйілуі салыным сипатына, жіберілу шарттарына және жол ұзақтығына сәйкес келеді, өңдеу және жіберу кезінде салынымдардың бүліну, оған орауышын, мөрін, пломбасын, байламын, таспасын бүлдірместен қол сұғу, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін бүлдіру және пошта операторының жұмыскерлеріне қандай да бір зиян келтіру мүмкіндігін болдырмайды.

      59. Конверттер және пошта карточкалары, ұзақ пакеттерді, сәлемдемелерді, бандерольдерді буып-түюге арналған ыдыс осы Қағидалар мен ДПО актілерінің талаптарына сәйкес келуі тиіс. Буып-түю материалы ретінде:

      1) хаттар үшін – пошта конверттері;

      2) құндылығы жарияланған хаттар үшін – пошта конверттері, полиэтилен конверттер және салынымның сақталуын қамтамасыз ететін пакеттер;

      3) бандерольдер мен ұсақ пакеттер үшін – полиэтилен пакеттер, пошта конверттері, футляр, картон қораптар, ағаш (фанер) не металл жәшіктер;

      4) жөнелтілімдер үшін – жөнелтілім жәшіктері (картон, ағаш, фанер және полимер) қолданылады.

      Әрбір пошта операторы қолданылатын буып-түю материалдары мен ыдыстардың тізбесін дербес айқындайды және пошта жөнелтілімдері пошта операторы белгілеген буып-түю материалдары мен ыдыстардың тізбесіне сәйкес ыдыста ғана қабылдайды.

      60. Заттар мен тауарлар пошта жөнелтілімінің орауышының, ыдысының ішінде, пошта жөнелтілімі ыдысының ішінде еркін қозғалмай орналастырылады. Бандерольге бірнеше заттар салынған жағдайда, олар алдын ала байланады.

      Массасы бес жүр грамнан асатын тіркелмейтін және тапсырысты бандерольдер айқастырылып кендір жіппен буылады және (немесе) лентаға белгілі бір пошта операторына тиесілі екендігін білдіретін белгі жазылған тиісті жабысқақ таспа жапсырылады.

      61. Бандероль салынымы жөнелтушінің нұсқауы бойынша түтікше етіп оралады және қағаз, мата немесе пластик таспамен қосымша бекітіледі, ұзындығы қырық бес сантиметрден астам болған кезде ол қатты затқа оралады.

      62. Жөнелтілімдер салынымының ерекшеліктеріне қарай, оларды буып-түю кезінде мына шарттар сақталады, оларды орындау қажеттілігі туралы жөнелтушіге ескертіледі:

      1) осал және сынатын заттар қатты ыдысқа ағаш үгіндісімен аралас салынады немесе жоңқамен, мақтамен және өзге толтырғышпен салынады;

      2) фильмдер, фильмдер мен киношежіренің бастапқы материалдары, магнит таспалары, компакт-кассеталар, компакт-дискілер арнайы ыдысқа салынады;

      3) тұқым, сусымалы түрдегі тамақ өнімдері тығыз матадан, үлдіршектен істелген қапшықтарға, мықты қағаз пакеттерге бөлек оралады да, жәшікке немесе картон қорапқа салынады;

      4) көшеттер үсті матамен тігілген себетке немесе желдеткіш тесіктері бар себеттерге салынады. Себеттің (жәшіктің) түбіне тығыз полиэтилен үлдіршек салынады;

      5) құрғақ бояу ұнтақтары (анилин көктігі сияқты), майлы, сұйық, сұйық күйге өтетін заттар (косметика, парфюмерия, тамақ өнімдері) жабық шыны емес ішкі ыдыстарға жауып бекітіледі, сосын олар екінші мықты жәшікке салынып, екі арасына сәйкесінше ағып кетуден сақтандыратын және тартып алғыш материалмен толтырылады;

      6) тірі аралар, сүліктер және жәндіктер құрылғысы шығып кету мүмкіндігін болдырмайтын торкөзді тесіктері бар жәшіктерге салынады. Аралары бар сәлемдемелер ауа еркін кіретін көлеңкелі орында сақталады. Жіберу үшін бірінші рет қолданылатын контейнерлер мен буып-түю материалы пайдаланылады. Тасымалдау үшін буып-түю материалына араларды, бал араларын және аналық бал араларды, бал ара-листорездерді салар алдында оған профилактикалық дезинфекция және дезакаризация жасалады;

      7) фабрикалық өңдеуден өтпеген аң және кеміргіштер терілері, сондай-ақ жүн, қылшық, шаш, мамық салынған сәлемдемелер алдымен матаға (қапқа, полиэтилен үлдіршекке) оралады, сосын жәшікке немесе картон қорапқа салынады;

      8) радиолампалар дәл өлшейтін аспаптар (өлшеуіш) жұмсақ төсенішпен толтырылған қатты ыдысқа немесе орнықтыратын арнайы жүйесі бар жәшіктерге салынады;

      9) тірі өсімдіктер (жүзім сабағы, көшет және екпелер), сондай-ақ сынбайтын ірі габаритті үшкір ұштары мен қырлары жоқ, өздерінің көлемі жағынан белгіленген көлемдердегі сәлемдеме ыдысына сыймайтын заттар жіберу үшін қаптық материалға (матаға) оралған күйде қабылданады;

      10) тұтас және сынбайтын, сондай-ақ бөлшектенбейтін, өткір қырлары жоқ, өлшемі мен массасы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілгеннен асып түсетін заттар (сызу тақтасы, балалар шанасы, чемодандар, бидондар және өзге де) жәшіктерде немесе матада буып-түйілмей ашық жіберіледі. Автодөңгелектер таза күйінде ғана қабылданады. Пошта жөнелтілімдерін буып-түю үшін қолданылатын мата тұтас кесектен тұратын ашық бір түсті болады;

      11) жаңа піскен жеміс-жидектердің қатты сорттары салынған сәлемдемелер ағаш немесе фанер жәшіктерде қабылданады, олардың бүйір қабырғаларында желдеткіш тесіктері немесе көлденең ойықтары болады;

      12) қымбат бағалы металдардың орауышы мықты металл жәшіктен немесе ағаш жәшіктен болуы тиіс, оның қабырғасының қалыңдығы он килограмға дейінгі жөнелтілім үшін кем дегенде бір сантиметр және салмағы он килограмнан жоғары жөнелтілім үшін бір жарым сантиметр болуы керек. Қажет болған жағдайда, буып-түю қосарланған орауышты құрайтын тігісі жоқ екі қаптан тұрады. Егер фанерден жасалған ағаш жәшіктер қолданылса, осы жәшіктің шеттері темір бұрыштамамен бекітілген жағдайда олардың қалыңдығы кемінде бес миллиметр болады;

      13) белгіленген өлшемдеріне жауап беретін және салыным сақталуын қамтамасыз ететін, зауыттық орауыштағы (ағаш немесе мықты картон жәшіктердегі) бөлінбейтін заттарды жерүсті көлігімен жіберу үшін қосымша буып-түюсіз қабылданады.";

      66, 67, 68 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Жөнелтілімдерді беретін кезде пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар мынаны білуі қажет:

      1) пошта маркалары, оның ішінде электрондық маркалар пошта конвертінің, пошта карточкасының, бандерольдердің, ұсақ пакеттің оң жақ жоғарғы бұрышына орналастырылады;

      2) пошта маркаларын жапсыру бір-бірінің қасында жүзеге асырылады;

      3) айналымнан шығарылған, бүлінген (былғанған, жыртылған, желімделген, қандай да бір тәсілмен белгі соғылған) пошта маркалары төлеуге жарамсыз;

      4) шетелдік пошта маркалары ішкі және халықаралық хат-хабарды жіберуге жарамсыз;

      5) тіркелмейтін хаттарды топтамамен жіберуге тізім жасалмайды;

      6) пошта жөнелтілімін, пошталық ақша аударымын, жеделдетілген және курьерлік пошта жөнелтілімін қабылдау туралы түбіртекке телнұсқа берілмейді;

      7) көшелерге (көпшілік орындарда) орнатылатын пошта жәшіктеріне стандартты пошта конверттеріндегі тіркелмейтін хаттар мен пошта карточкалары ғана салынады. Басқа өлшемдегі пошта конверттеріндегі хаттар пошта операторының өндірістік объектісінің операциялық залдарына орнатылған арнайы пошта жәшіктеріне салынады немесе операциялық терезесіне беріледі.

      8) пошта жөнелтілімдерінде жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған заттар мен нәрселердің тізбесі.

      67. Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының пошта жөнелтілімдерін қабылдайтын кезде операторлар өзінің өндірістік объектілерінен тыс басқа жерлерде де пошта жөнелтілімін қабылдайтын орын мен уақытты (курьер арқылы пошта операторының қызметтерін пайдаланушымен жасалған шартта айтылған тұратын немесе орналасқан жерінде) анықтайды.

      68. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін тапсыру кезінде жөнелтуші:

      1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес пошта жөнелтілімінің орауышын таңдайды;

      2) ілеспе бланкіні толтырады, ал халықаралық жөнелтілімдер үшін қосымша - кедендік декларацияны толтырады;

      3) осы Қағидалармен көзделген жағдайларда, салыным тізімдемесін жасайды және салыстыру үшін жөнелтілімді ашық күйде көрсетеді;

      4) жөнелтушіні сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетеді, түбіртектің жыртпалы бөлігінде, ілеспе бланкіде немесе жөнелтілімнің бет жағына өз қолын қойып, "Жіберуге тыйым салынған салынымдар жоқ. Буып-түюге қойылатын талаптармен таныстым" деген мәтінді растайды, бұл ретте толтырылғаннан кейін түбіртектің жыртпалы бөлігі осы Қағидалардың 136-тармағында көзделген, белгіленген мерзімде сақталады;

      5) мынадай сәлемдемелерді тапсырғанда ветеринариялық анықтаманы (ішкі пошта жөнелтілімдері үшін) немесе ветеринариялық сертификатты (халықаралық пошта жөнелтілімдері үшін) көрсетеді:

      бал арасы салынғанда;

      фабрикалық өңдеуден өтпеген аң және кеміргіштер терісі салынғанда;

      жүн, қыл, қауырсын, түбіт салынғанда;

      6) карантинге жатқызылған өнім салынған ішкі пошта жөнелтілімдерін жіберу кезінде жөнелтуші "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес карантиндік сертификатты көрсетеді, халықаралық пошта жөнелтілімдерін жіберу кезінде жөнелтуші фитосанитарлық сертификатты көрсетеді;

      7) жаңа піскен көкөніс пен жемістің қатты сорттары салынған пошта жөнелтілімдерін жіберу кезінде жеткізу мерзімі жеті күнтізбелік күннен асатын жағдайда мүмкін болатын шығындарды өзінің жауапкершілігіне алатындығын растайды;

      8) жіберуге тыйым салынған заттардың жоқтығына көз жеткізу мақсатында бандерольдердің, сәлемдемелердің, ұсақ пакеттердің ішіндегі салынымды көрсетеді;

      9) адресатқа жеткізу және (немесе) табыс ету мүмкін болмаған кезде, пошта жөнелтіліміне қатысты шараларды қабылдау қажеттігі туралы өкімді пошта операторына жазба түрде береді;

      10) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберу кезінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, бір данада қолхат толтырады. Қолхаттың көшірмесі пошта жөнелтіліміне салынады, ал түпнұсқасы пошта операторының өндірістік объектісінде сақталады.

      69. Жөнелтуші дербес деректерін жинауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден бас тартқан кезде, пошта операторы пайдаланушыға тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу қызметін көрсетуден бас тартады.

      Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қабылдау кезінде пошта операторы алушының дербес деректерін оның келісімінсіз жинауды, жинақтауды, пайдалануды және сақтауды жүзеге асырады.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Пошта жөнелтілімдерін және (немесе) пошталық ақша аударымын әскери бөлімшелер мен мекемелер атына жолдаған кезде мынаны басшылыққа алу қажет:

      1) межелі пункті көрсетілген әскери бөлімшелер мен мекемелерге пошта жөнелтілімдерінің, жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымының барлық түрі қабылданады;

      2) тіркелетін пошта жөнелтілімдері жөнелтушінің нұсқауы бойынша алғаны туралы хабарламамен қабылданады;

      3) үстеме төлемді пошта жөнелтілімдері қабылданбайды;

      4) "Дала поштасы" деген мекенжаймен тек тіркелмейтін және тапсырысты хаттар мен пошта карточкалары, құндылығы жарияланған хаттар, сондай-ақ пошталық ақша аударымдары қабылданады.

      Заңды тұлғалардан әскери бөлімшелер командирлерінің атына тіркелмейтін және тапсырысты бандерольдер, сондай-ақ сәлемдемелерді қабылдау жүзеге асырылады.

      Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдардың пошта жөнелтілімдерін осы мекемелердің уәкілетті тұлғалары тікелей оларға қызмет көрсететін өндірістік объектіге тапсырады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Пошта операторының өндірістік объектісіндегі абонементтік жәшіктерді пайдалану пошта операторының қызметтерін пайдаланушының жазбаша өтініші бойынша ақыға жүзеге асырылады. Абоненттеу кезеңінде абонементтік жәшікті басқа тұлғаға пайдалануға беру құқығынсыз пошта операторының қызметтерін бір пайдаланушы пайдаланады.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушының жәшікті әрі қарай пайдаланудан бас тартқан жағдайда, осы нөмірі өтініш берілген сәттен бастап бір ай өткеннен соң немесе абоненттеу мерзімі аяқталғанда басқа пошта операторының қызметтерін пайдаланушының пайдалануына беріледі. Абоненттеу мерзімі немесе абоненттеуді тоқтату туралы өтініште көрсетілген күн өткеннен кейін келіп түскен хат-хабар қайтарылады немесе кері мекенжайы болмаса таратылмағандар қатарына тапсырылады.";

      98 және 99-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде) тұратын жеке тұлғаларға тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері, пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламалар, тіркелетін пошта жөнелтілімдері және пошталық ақша аударымдары туралы хабарламалар осы Қағидалардың 96-тармағында көрсетілген тәртіппен жеткізіледі.

      99. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін, пошта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарламаларды, тіркелетін пошта жөнелтілімдері және пошталық ақша аударымы туралы хабарламаларды елді мекендерден тыс жерлердегі адресаттарға жеткізуді жүзеге асырады:

      отар жайылымындағы малшыларға, фермалар, өндірістік учаскелерде және бригадаларда жүрген ауыл шаруашылығы ұйымдарының жұмыскерлеріне;

      айдындағы балықшыларға;

      орман учаскелеріндегі, геологиялық партиялардағы (экспедициядағы) жұмыскерлерге;

      теміржол айырығындағы жұмыскерлерге;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазалау мерзімін өтеп жатқан адамдарға;

      адресаттар жұмыс істейтін заңды тұлғаға дейін.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Тіркелетін пошта жөнелтілімін алған кезде пошта операторының қызметтерін пайдаланушы осы Қағидалардың 31-тармағының алтыншы бөлімімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жөнелтілімді алғаны туралы қолхат береді.

      Тіркелмейтін пошта жөнелтілімі пошта жөнелтілімінде көрсетілген тікелей адресатқа (алушыға) беріледі не табыс етіледі. Пайдаланушылардан алған, пошта жөнелтілімдерін алуға арналған нотариалды куәландырылған сенімхатты көрсетуді қоспағанда, пошта жөнелтілімінде көрсетілмеген адамға тіркелетін пошта жөнелтілімі берілмейді не тапсырылмайды.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері:

      1) адресаттың өзіне;

      2) пошта жөнелтілімдерін, жеделдетілген және курьерлік пошта жөнелтілімдерін алуға Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ресімделген адресаттың сенімхатын және оған теңелген сенімхатты ұсынушыға осы Қағидалардың 103-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін сенім білдірілген тұлға көрсеткенде;

      3) кәмелетке толмаған он алты жасқа дейінгі жасөспірімдердің ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенімхатсыз, осы Қағидалардың 103-тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжаттарды көрсеткенде;

      4) қабілеті жоқ тұлғалардың ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенімхатсыз, адресатқа жақын екенін растайтын осы Қағидалардың 103-тармағында аталған құжаттардың бірін көрсеткенде;

      5) мектеп, интернаттардың, балалар үйлерінің, қарттар үйлері мен емдеу мекемелерінің заңды тұлғалар өкілдеріне, соңынан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға беру үшін – сенімхаттар бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 99-тармағында көрсетілген басқа да жеке тұлғаларға қол қойғызып табыс етіледі.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Салынымдарының тізімдемесі бар пошта жөнелтілімдері мен ақаулы тіркелетін пошта жөнелтілімдерін пошта операторының жұмыскері адресатқа тапсыру кезінде ашады.

      Салыным тізімдемесіне сәйкес келмеген немесе бұзылған кезде, пошта операторының өндірістік объектісінің басшысы, жұмыскері мен адресат қол қоятын акті жасалады. Актінің бір данасы ақаулы пошта жөнелтілімінің салымымен бірге адресатқа тапсырылады.

      Адресат актіге қол қоюдан бас тартқан кезде, пошта операторының жұмыскері "Адресат қол қоюдан бас тартты" деген белгі жасайды. Акт қызметтік тексеру және (немесе) өтемақыны төлеуге негіздеме болады. Пошта жөнелтілімінің буып-түю материалы (тысы) заттай дәлел ретінде пошта операторының өндірістік объектісінде қалады.

      Пошта жөнелтілімін ашудан бас тартқан жағдайда, адресат хабарламаға тиісті белгі жасайды, бұл келешекте адресаттың шағымын, наразылығын қанағаттандырудан бас тартуға негіздеме болып табылады.";

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Ақаулы пошта жөнелтілімдерін, оның ішінде үстеме төлемді ақаулы пошта жөнелтілімдерін адресаттың көзінше пошта операторының жұмыскері ашады. Үстеме төлемді ақаулы пошта жөнелтілімі ашылғанға дейін үстеме төлем сомасы төленбейді.

      Салыным тізімдемесіне сәйкес келген, салынымы бұзылмаған не зақымдалмаған кезде, акт жасалынбайды және адресат үстеме төлем сомасын төлейді.

      Салынымы кем шыққан, ауыстырылған, толықтай не ішінара бүлінген кезде екі данада акті жасалады, оның бір данасы адресатқа беріледі. Актінің екінші данасы бар пошта жөнелтілімі жөнелтушіге жіберген жеріне пошта операторының бөлімшесінде қызметтік тексеру жүргізу үшін қайтарылады.

      Үстеме төлемді ақаулы халықаралық пошта жөнелтілімдері ДПО актілеріне және (немесе) ДПО мүше-елдердің пошта операторлары арасындағы халықаралық келісімдерге сәйкес табыс етіледі.";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орындарында "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген жағдайларда мемлекеттік кірістер органдары тексеріп қарайды.";

      мынадай мазмұндағы 117-1-тармақпен толықтырылсын:

      "117-1. Халықаралық пошта жөнелтілімін жөнелтуші пошта операторы арқылы өзі жіберген пошта жөнелтілімін қайтару немесе мекенжайын өзгерту туралы өтініш береді.

      Жөнелтуші халықаралық жөнелтілім адресатқа тапсырылмаған жағдайда не істеу керектігі туралы оны жіберген кезде өтініш береді, бұл туралы ілеспе мекенжай қағазының бет жағына белгі жасалады.";

      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. Пошта операторының өндірістік объектісіне келіп түскен пошта жөнелтілімдері олардың сыртқы тысының жай-күйі, сондай-ақ олардың буып-түйілуі және жіберу дұрыстығына тексеріп қаралады.

      Сыртқы тысының ақаулығы, мөрлердің, пломбалардың, байлауларының, ілгекті-пломбалау құрылғыларының бұзушылығы, массасының сәйкес еместігі анықталған жағдайда, нысаны пошта операторының ішкі құжаттармен белгіленетін акт жасалады және ол ақаулы пошта жөнелтілімі алынған өндірістік объекті басшысының атына жолданады.";

      123, 124 және 125-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдері, межелі жердегі пошталық ақша аударымдары, сондай-ақ қабылдау орнына қайтарылған немесе жөнелтуші көрсеткен мекенжай бойынша жіберілген жөнелтілімдер табыс ету мүмкін болмаған жағдайда отыз күнтізбелік күн, жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері – жеті күнтізбелік күн сақталады, бұл мерзім шартта өзгеше айтылмаса, жөнелтушіге нұсқаулықтар немесе қосымша ақпарат үшін пошта операторы жөнелтушіге жүгінген кезде он төрт күнтізбелік күнге ұзартылады.

      "Соттың шақыру қағазы. Тапсырысты хабарламамен", "Шақыру қағаз. Тапсырысты хабарламамен" белгісі бар тапсырысты хаттардың сақталу ұзақтығы пошта операторының өндірістік объектісіне келіп түскен күннен бастап жеті күнтізбелік күн.

      124. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері (тапсырысты хаттардан, бандерольдер мен пошта карточкаларынан басқа) сақталғаны үшін адресаттан пошта операторы белгілеген тарифтер бойынша ақы алынады.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушының өтініші негізінде пошта операторы жеделдетілген және курьерлік пошта байланысы жөнелтілімдерінен басқа, пошталық ақша аударымының, пошта жөнелтілімінің сақталу мерзімін сақталғаны үшін ақы өндіріп, қосымша отыз күнтізбелік күнге ұзартады.

      Ұзарту кезінде сақтаудың жалпы мерзімі алпыс күнтізбелік күннен аспайды.

      "Талап етілгенге дейін" деп жолданған тіркелмейтін хаттардың сақталғаны үшін төлемақы алынбайды.

      "Талап етілгенге дейін" деп жолданған тіркелетін пошта жөнелтілімдерінің сақталғаны үшін төлем адресаттан өндіріп алынады, ал қайтарып берген кезде – пошта операторлары бекіткен тарифтерге сәйкес жөнелтушіден алынады.

      125. Табыс етілмеген пошта жөнелтілімдері мынадай жағдайларда жөнелтілімдерде көрсетілген кері мекенжайлары бойынша қайтарылады:

      1) жөнелтушінің өтініші бойынша;

      2) адресат пошта жөнелтілімін, пошталық ақша аударымын алудан бас тартқан жағдайда;

      3) сақтау мерзімі өткеннен соң;

      4) адресат болмаған немесе қайтыс болған кезде;

      5) пайдаланушының мекенжайын оқу мүмкін болмаған жағдайда (жуылып кеткен, жыртылған, ластанған, жойылған, зақымдалған), адресаты, мекенжайы болмағанда немесе толық көрсетілмегенде;

      6) абонементтік жәшікті абономенттеуші адресат болмағанда немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда;

      7) абоненттік пошта жәшіктеріне, абоненттік пошта жәшігіне кедергісіз қол жеткізудің болмауы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі.";

      127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қайтару және жаңа мекенжай бойынша жіберу (қайта жіберу) үшін жөнелтушіден немесе адресаттан қайтару немесе қайта жіберу сәтінде қолданыстағы бекітілген тарифтер бойынша ақы өндіріліп алынады. Жөнелтушінің өтінішіндегі арнайы нұсқау негізінде қосымша жіберу үшін төлем жөнелтушіден немесе адресаттан алынады.

      Алушының мекенжайын оқу мүмкін болмау (жуылып кеткен, жыртылған) себебінен пошта жөнелтілімдерін қайтару үшін ақы алынбайды.";

      мынадай мазмұндағы 127-1-тармақпен толықтырылсын:

      "127-1. Тіркелмейтін хаттар мен бандерольдер белгіленген жеріне жіберілетін сәтке дейін жазбаша өтініші бойынша жөнелтушіге қайтарылып беріледі, бұл ретте қайтарғаны үшін ақы алынбайды, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерімен төленген сома қайтарылмайды.

      Жөнелтілімдерді қабылдап алған өндірістік объектіден әлі жіберілмеген тіркелетін пошта жөнелтілімін пошта операторына түбіртектің түпнұсқасын (топтамалы пошта жөнелтілімдері кезінде – тізімін де) қайтарып бере отырып, жөнелтуші жазбаша өтініші бойынша кері алады.

      Жөнелтушіге пошта төлемінің мемлекеттік белгілері мен қосымша көрсетілген қызметтер ақысынан басқа, төленген сомасы қайтарылып беріледі.";

      130 және 131-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Пошта жәшіктерінен алынған мекенжайсыз немесе мекенжайы толық емес, түсініксіз, мекенжайы қысқартылған тіркелмейтін хаттар, пошта карточкалары және бандерольдер, мекенжайы жоқ (бүлінген) межелі жерге жіберуге немесе жөнелтушіге қайтаруға болмайтын пошта жөнелтілімдері, сондай-ақ алудан бас тарту себебінен адресаттарға табыс етілмеген қосымша төленетін пошта жөнелтілімдері таратылмағандар ретінде уақытша сақтауға тапсырылады.

      Пошта жәшіктерінен хат-хабармен бірге алынған құжаттар (жеке куәліктер, паспорттар, әскери билеттер, куәліктер) тиісті мекемелер мен ұйымдарға беріледі.

      Бір жыл бойы талап етілмеген пошталық аударымдар пошта операторында сақталады және өтініштері негізінде адресатқа немесе жөнелтушіге мерзімінде төлемеу себептері зерделенгеннен кейін төленеді. Бір жылдан кейін талап етілмеген кезде пошта аударымының сомасы пошта операторының бюджетіне аударылады, олар бойынша өндірістік құжаттама ағымдағы архивте үш жыл бойы сақталады. Жөнелтуші немесе адресат бір жыл өткен соң талап етілмеген пошта аударымын алуға келген жағдайда, пошта операторы пошта аударымының жөнелтушісін немесе адресатын сәйкестендіруді жүргізгеннен кейін аударымды беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.

      131. Таратылмаған пошта жөнелтілімдері уақытша сақтауға келіп түсуіне қарай, бірақ тоқсанына бір рет, пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар мекенжайын немесе оларды адресатқа жеткізуге (табыс етуі) немесе жөнелтушіге қайтаруға қажетті және алу мақсатында ашып қаралуы тиіс.

      Егер алдын ала зерделеу нәтижесінде таратылмаған пошта жөнелтілімдері адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін заттардан немесе нәрселерден тұратындығы анықталатын болса, онда пошта жөнелтілімдері бөлініп алынады және оны ашпастан құзыретті органдар жояды. Мұндай пошта жөнелтілімдерін жою қажетті қауіпсіздік шаралары сақталып жүргізіледі.

      Таратылмаған пошта жөнелтілімдерін ашу, алып тастау немесе аспай жою фактісі бойынша пошта операторының өндірістік объектісінің басшысы (оның орынбасары) және жұмыскері, ал қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілі, ішкі істер органының өкілі де қол қоятын акті жасалады.

      Егер тіркелетін пошта жөнелтілімін ашу кезінде таратылмағандар ішінен пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың мекенжайы анықталған болса, онда ол актінің бір данасымен бірге қапқа салынып, адресатқа қайта жіберіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады, осындай тәртіппен табылған ақшалай сома (жіберу үшін ақысы шегеріліп) қайта жіберіледі.

      Анықталған мекенжай бойынша пошта жөнелтілімін қайтару немесе жіберу үшін пошта операторының қызметтерін пайдаланушыдан ақы өндіріп алынады, оның мөлшері қайтарылған (жіберілген) күні қолданыстағы тарифтер бойынша анықталады.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға пошта операторы белгілеген барлық жұмыс уақыты ішінде қызмет көрсетіледі.

      Пошта операторы жұмыскерлерінің операцияларды жүргізу тәртібі пошта операторының құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Операциялық күнді өткізу кезіндегі үзіліс белгіленген жұмыс режиміне сәйкес, сондай-ақ пошта операторының өндірістік объектісінде техникалық ақаулар, іркілу немесе жоспарлы, жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылады.";

      138 және 139-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Пошта жөнелтілімдерін кідірту (тыйым салу) қажетті жағдайларда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 246-бабына сәйкес тергеушінің прокурор санкциясы алынған қаулысы арқылы жүзеге асырылады. Қаулы пошта операторының өндірістік объектісінің басшысына жолданады.

      Пошта жөнелтілімдерін ашу олар анықталған жерде уәкілетті органдар өкілдерінің және пошта операторы жұмыскерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

      139. Пошта операторы ішкі пошта жөнелтілімдерін оларда жіберуге тыйым салынған салынымдардың бары туралы негіздемелі болжам (органолептикалық көрсеткіштермен) пайда болған кезде, оны тапқан жерде, сондай-ақ техникалық құралдар мен жабдықты қолданғаннан кейін кідірту бойынша шаралар қабылдайды. Мұндай пошта жөнелтілімдерін уақытша сақтау қоғамдық қауіпсіздікті, сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ете отырып, пошта операторының өндірістік объектісінде жүзеге асырылады, онда бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.";

      141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "141. Пошта жөнелтілімдерінде табылған улы жәндіктер мен өсімдіктер түріне қарай "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 89) тармақшасына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 21) тармақшасына сәйкес айқындалған уәкілетті мемлекеттік органдарға беріледі.";

      143 және 144-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Пошта желілері арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың алынғаны туралы пошта операторы он күнтізбелік күн мерзімінде пошта жөнелтілімін жөнелтушіге, егер аталған заттарды табу фактісі бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар жөнелтушіні хабардар ету туралы шешім қабылдаса, ол туралы жазбаша не электрондық түрде хабарлайды.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде пошта желілері арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың табылу фактісі туралы пошта операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарын тез арада хабардар етеді.

      144. Ішкі пошта жөнелтілімдерінде мына заттар мен нәрселер жіберілмейді:

      1) қару (олардың негізгі (құрамдас) бөліктері) және оның патрондары арнайы пошта байланысы қызметін қоспағанда, әскери қолға ұсайтын атыс қаруы, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс дабылдарын беруге арналған қару, электрлік қару, электр соққыш құрылғылар мен ұшқынды разрядниктер, қылыш жүзді суық қару, кистендер, кастеттер, сурикендер, бумерангтер және спорттық снарядтарды қоспағанда, ұрып соғуға, лақтыруға, сұғып кесуге бейімделген заттар, қос мақсатта қолданатын арнайы техникалық құралдар және олардың жинақтаушы бөлшектері;

      2) есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың баламалары;

      3) ядролық материалдар, радиоактивтік, күшті әсер ететін заттар, күйдіргіш және тотықтырғыш заттар, жарылғыш бұйымдар мен заттар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен заттар, жарылғыш құрылғылар, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар;

      4) улар, улы жәндіктер, улы заттар, улы өсімдіктер мен улы өсімдіктің тұқымдары;

      5) тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерінде – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шетел валютасының ақша белгілері (банкноттар мен монеталар);

      6) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылық, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио- және бейнематериалдар;

      7) тез бұзылатын тамақ өнімдері;

      8) тиісті түрде буып-түйілмеген шаруашылық, сұйық және сусымалы түрдегі тұрмыстық заттар, шаруашылық, тұрмыстық заттар, өткір және кесетін жиектері бар бұйымдар, шыны және шыны заттар және пошта операторының қызметкерлері мен мүлкіне оларды жіберу кезінде зиян келтіру қаупін төндіретін бұйымдар.";

      145-тармақ алып тасталсын;

      146, 147, 148, 149, 150 және 151-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Құндылығы жарияланған ішкі бандерольдерде, хаттарда және жөнелтілімдерде мекенжайлары мен жөнелтуші және адресат болып табылмайтын адамдар көрсетілген ресімделген пошта жөнелтілімдері жіберілмейді. Жөнелтілімдерде мерзімді баспа басылымдары жіберілмейді.

      Ішкі пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерінде пошта операторы ресімделген, оның ішінде бір жөнелтушіден әртүрлі алушылардың атына топталған, Қазақстан Республикасының басқа пошта операторы қабылдап алған және жіберуге ресімдеген пошта жөнелтілімдері түріндегі салымдарды жібермейді.

      147. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде мына заттар мен нәрселер жіберілмейді:

      1) қару (олардың негізгі (құрамдас) бөліктері) және оның патрондары арнайы пошта байланысы қызметін қоспағанда, әскери қолға ұстайтын атыс қаруы, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс дабылдарын беруге арналған қару, электрлік қару, электр соққыш құрылғылар мен ұшқынды разрядниктер, қылыш жүзді суық қару, кистендер, кастеттер, сурикендер, бумерангтер және спорттық снарядтарды қоспағанда, ұрып соғуға, лақтыруға, сұғып кесуге бейімделген басқа да заттар, қос мақсатта қолданатын арнайы техникалық құралдар және олардың жинақтаушы бөлшектері;

      2) есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;

      3) ядролық материалдар, радиоактивтік, күшті әсер ететін заттар, күйдіргіш және тотықтырғыш заттар, жарылғыш бұйымдар мен заттар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен заттар, жарылғыш құрылғылар, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар;

      4) улар, улы жәндіктер, улы заттар, улы өсімдіктер мен улы өсімдіктердің тұқымдары;

      5) тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерінде – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шетел валютасының ақша белгілері (банкноттар мен монеталар);

      6) маралдардың, ақбөкендердің, теңбіл бұғылардың мүйіздері мен тұяқтары, сондай-ақ теңбіл бұғының терісі (Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарған кезде), Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген аңдар мен өсімдіктер дериваттары;

      7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылық, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио- және бейнематериалдар;

      8) бал арасы ветеринариялық анықтамаға (ішкі пошта жөнелтілімдері үшін) немесе ветеринариялық сертификатқа (халықаралық пошта жөнелтілімдері үшін) сәйкес, сүліктер мен жібек құрттарынан, осы жәндіктерді зерттеуге арналған және ресми танылған мекемелер арасында алмасу жасалатын паразиттер мен зиянды жәндіктерді жойғыштардан басқа, тірі аңдар;

      9) тиісті түрде буып-түйілмеген шаруашылық, сұйық және сусымалы түрдегі тұрмыстық заттар, шаруашылық, тұрмыстық заттар, өткір және кесетін жиектері бар бұйымдар, шыны және шыны заттар және пошта операторының қызметкерлері мен мүлкіне оларды жіберу кезінде зиян келтіру қаупін төндіретін бұйымдар;

      10) тез бұзылатын тамақ өнімдері;

      11) банк билеттері, кредиттік билеттер немесе алушыға арналған қандай да бір құндылықтар, жол чектері, қымбат металдар мен тастар және солардан жасалған бұйымдар;

      12) жеткізілетін елге әкелуге немесе айналымға енгізуге тыйым салынған заттар мен нәрселерді жіберуге жол берілмейді;

      13) "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік меншіктегі Ұлттық архив қорының құжаттары қоса беріледі.

      148. Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге сәйкес (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 18 маусым) Еуразиялық экономикалық одақ елдері шегінде мына заттар мен нәрселер жіберілмейді:

      1) Еуразиялық экономикалық одақ аумағына (аумағынан) әкелуге, әкетуге, транзит жасауға тыйым салынған немесе шектеу қойылған қарудың кез келген түрлері және олардың оқ-дәрілері, сондай-ақ олардың құраушы бөлшектері;

      2) жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, жару құралдары;

      3) шартты түрдегі патогенді және патогенді организмдер, биологиялық материалдар, жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғыштары;

      4) тез бұзылатын тауарлар;

      5) алкогольді өнімдер мен этил спирті, сыра;

      6) темекі бұйымдарының кез келген түрлері және темекі қоспалары;

      7) зергерлік бұйымдарды қоспағанда, кез келген түрдегі және күйдегі асыл тастар мен табиғи алмастар;

      8) есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары, сондай-ақ тұқымдарын, ұрықтарын және спораларын қоса алғанда, кез келген түрдегі және күйдегі, есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын құрайтын өсімдіктер мен саңырауқұлақтар;

      9) озонды бұзатын заттар;

      10) қауіпті қалдықтар;

      11) есірткі заттары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар.

      149. Құндылығы жарияланған халықаралық бандерольдерде, ұсақ пакеттерде, хаттарда және сәлемдемелерде мекенжайлары мен жөнелтуші және адресат болып табылмайтын адамдар көрсетілген ресімделген пошта жөнелтілімдері жіберілмейді. Ұсақ пакеттерде және сәлемдемелерде мерзімді баспасөз басылымдары жіберілмейді.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерінде пошта операторы ресімделген, оның ішінде бір жөнелтушіден топтастырылған пошта жөнелтілімдері түріндегі салымдарды әртүрлі алушылардың атына жібермейді.

      150. Ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде пошта желілері арқылы жіберуге белгілі бір шарттар болған жағдайда қабылданатын заттар мен нәрселер тізбесіне мыналар жатады:

      1) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес мәдени құндылықтар (Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығаратын кезде) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары беретін, мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына берілетін куәлік негізінде;

      2) өсімдіктер, өсімдік тектес өнімдер, сондай-ақ жануарлар, жануар тектес шикізаттар – ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

      3) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар (Қазақстан Республикасына кіргізетін кезде) – байланыс саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген дәрі-дәрмектер (Қазақстан Республикасына кіргізетін кезде) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

      5) халықаралық пошталық қатынаспен жіберілетін, Қазақстан Республикасының аумағында қайтыс болғандардың мәйіті салынған урналар - мына құжатпен:

      медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат не консулдық заңдастырылған не арнайы мөртаңба (апостиль)болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болу туралы куәлік немесе анықтама;

      6) мемлекеттік наградалар (ордендер, медальдар, белгілер, атаулы заттар) - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құндылығы жарияланған халықаралық пошта жөнелтілімдерінде осындай наградаларды алып жүрген тұлғалардың меншік құқығын растайтын марапаттау туралы құжатты көрсеткенде ғана жіберіледі;

      7) ақпарат жазбасымен жіберілетін электрондық ақпарат тасымалдағыштар (дискеттер, компакт-дискілер, қатты дискілер және флэш жинақтаушылар) - жабдық, құрылғы немесе олар пайдаланылып жазба жасалған операциялық жүйе типі туралы мәліметтер болған кезде. Тасымалдағышта ақпарат болмаған кезде, зауыттық паспорты қоса беріледі немесе ақаулылығы жоқтығы туралы белгілер жасалады.

      151. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ елдері шегінде мына салынымдарды жіберуге шектеу қойылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге шектеу қойылған, шифрлайтын (криптографиялық) құралдар;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге шектеу қойылған азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілгендер немесе құрамына кіретіндер;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әкету кезінде өткізуге шектеу қойылған қазба жануарларының сүйектерін, минералогия және палеонтология бойынша коллекциялар мен коллекциялау заттары;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектеу қойылған 1973 жылғы 3 наурыздағы (СИТЕС) Жоғалу қаупінде тұрған жабайы фауна мен флораның түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияның құзыретіне кіретін жабайы фауна мен флораның түрлері;

      5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әкету кезінде өткізуге шектеу қойылған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Қызыл кітаптарына енгізілген, сирек кездесетін және жоғалу қаупінде тұрған жабайы аңдар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлері;

      6) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әкету кезінде өткізуге шектеу қойылған мәдени құндылықтар, ұлттық архив қорларының құжаттары, архивтік құжаттардың түпнұсқалары.";

      156 және 157-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Пошта операторының өндірістік объектісінің қызмет көрсету сапасына шағымдар пошта операторының қызметтерін пайдаланушы пайдаланған күннен немесе ниеті болған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

      Өтінішті пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар жазбаша түрде не электрондық құжат түрінде береді, пошта операторы міндетті түрде тіркеуі тиіс және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекінде және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде қаралады.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың өтініштеріне жауаптарды пошта операторлары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде, ал тіркелетін халықаралық пошта жөнелтілімдері бойынша – ДПО актілерімен көзделген мерзімдерге сәйкес береді.

      157. Пошта операторына пошта жөнелтілімі немесе пошталық ақша аударымы, жедел және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері қабылданған жер бойынша өтініштер мен шағымдар беріледі. Өтініш пошта жөнелтілімінің толық шынайы деректері болған кезде межелі жері бойынша қабылданады.

      Түбіртек пен тізім көшірмесі, ал халықаралық пошта жөнелтіліміне қатысты – кедендік декларацияның көшірмесі де қоса берілетін өтініште, шағым немесе арызда мыналар көрсетіледі:

      1) пошта жөнелтілімінің немесе пошталық ақша аударымының түрі;

      2) түбіртек бойынша нөмірі;

      3) қабылданған күні мен орны;

      4) жеткізілетін жері;

      5) жарияланған құндылығы;

      6) адресаттың мекенжайы мен толық атауы.

      Пошта операторы өтінішті алған кезде өтініш иесіне пошта түбіртегін, тізім және декларация көшірмесін қайтарып береді.

      Өтінішпен, шағым немесе арызбен жеке тұлғаның өзі емес, оның сенімді тұлғасы жүгінген жағдайда, онда өтінішке нотариалды куәландырылған сенімхат тіркеледі.";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібі, Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының пошта жөнелтілімдері және төтенше жағдайлар кезіндегі пошта операторының іс-қимылы";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын жіберу үшін төлем жасау пошта операторы мен қызметтерді пошта операторының қызметтерін пайдаланушы арасында жасалған шартпен белгіленген немесе алдын ала төлем бойынша, оларды қабылдау сәтінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 160-1-тармақпен толықтырылсын:

      "160-1. Адресат қосымша төлемге:

      1) өндірістік объектіде өз атына келген пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын түскен күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде сақтау туралы;

      2) өз атына келген пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын басқа мекенжайға жіберу немесе жеткізу туралы;

      3) үйге жеткізіп берілетін болса, өз атына "Талап етілгенге дейін" деп келген пошта жөнелтілімдерін үйге жеткізу туралы;

      4) жеткізілмеген жөнелтілімдерді қайтарудан бас тартуы туралы жазбаша өтініш береді.";

      163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "163. Жеке тұлғалардан қабылданған төленбеген немесе толық төленбеген ішкі жай хаттар, пошта карточкалары және бандерольдер межелі пунктіне дейін жіберіледі, бірақ ондай пошта жөнелтілімдерін адресат қосымша төленетін пошта жөнелтілімдеріне арналған тариф сомасына дейін қосымша төленгеннен кейін беріледі. Мұндай жөнелтілімдер қайтарылған кезде, төлем жөнелтушіден өндіріліп алынады.";

      12-тараудың 2-параграфының тақырыбы алып тасталсын;

      171, 172, 173, 174 және 175-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Пошта операторы пошта саласындағы уәкілетті органмен келісілген пошта байланысының белгілерін пайдаланады. Пошта байланысы қызметтеріне ақы төленгенін растайтын, жазбаша хат-хабар жөнелтілімдеріне пошта операторы желімдейтін пошта төлемінің белгілері ретінде пошта маркалары, блоктары, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, электрондық белгілер қолданылады.

      172. Ластанған, бүлінген, пайдаланылған (өтелген), айналыстан алынған пошта төлемінің белгілері, сондай-ақ шет мемлекеттердің төлем белгілері пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін қабылданбайды.

      173. Пошта байланысы қызметтеріне ақы төленгенін растайтын, сатып алынған пошта төлемінің белгілері пошта төлемінің осы белгісін айналымға шығарған пошта операторында қолданылады. Пошта операторынан сатып алынған пошта төлемінің белгілері бар пошта жөнелтілімін пошта операторының қызметтерін пайдаланушы өзіне тиесілі пошта жәшігі немесе операциялық терезе арқылы тапсырады.

      Пошта жәшігінен басқа пошта операторының пошта төлемінің белгілері жасалған пошта жөнелтілімін алған кезде, пошта жөнелтілімі пошта жөнелтілімін алуды жүзеге асырған пошта операторы пошта жөнелтілімінде көрсетілген мекенжай бойынша пошта операторының қызметтерін пайдаланушыға кері қайтаратын болады.

      174. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 179 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14377 болып тіркелген) "Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы" қағидалармен реттелетін түрлері мен көлеміне сәйкес шығаруды, сондай-ақ оларды өткізуді Ұлттық пошта операторы жүзеге асырады.

      175. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілері ретінде пошта маркілері мен блоктары, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, пошта саласындағы уәкілетті орган айналымға енгізетін Ұлттық пошта операторының қызметтеріне ақы төленгенін растайтын электрондық белгілер қолданылады.

      Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінде мемлекеттің атауы ("Қазақстан" және латын транслитерациясымен "Kazakhstan"), сондай-ақ тақырыптың, суреттің атауы мемлекеттік тілде жазылады, төлем сомасы (номиналы) араб цифрларымен немесе латын әріптерімен басылады, шығарылған жылы (немесе тіркеу нөмірі) көрсетіледі.";

      12-тараудың 3-параграфының тақырыбы алып тасталсын;

      179 және 180-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "179. Хатқа франкирлеу машинасы клишесінің бедерін басу мүмкін болмаған кезде, франкирлеу машинасы клишесінің бедері басылған қағаз кесінділер жабыстырылады.

      180. Франкирлеу машинасының пайдалану мерзімі аяқталған, басқа заңды тұлғаға берілген (сатылған) кезде, машина клишесі пошта операторының тиісті бөлімшесіне жою үшін еркін нысанда жасалған акті бойынша берілуі тиіс.";

      12-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының пошта жөнелтілімдері";

      183, 184 және 185-тармақтар алып тасталсын;

      4-қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Жөнелтілім

20 кг

Ең үлкен өлшемі: 80х80х50 см.
Ең кіші өлшемі (бал аралары салынған жөнелтілімдерден басқа) бір
өлшемі – 10 см, қалған өлшемдерінің әрқайсысы 5 см-ден кем емес. Әуе кемесімен жіберілетін бал арасы салынған сәлемдемелердің бір жағының ұзындығы кемінде 30 см болады.

      ";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядағы 3.1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 17 тамыздағы
№ 282/НҚ бұйрығына
қосымша
Пошта байланысының
көрсетілетін қызметтерінің
ұсыну қағидаларына
3.1-қосымша
Нысаны_____________________
(пошта операторының атауы)

ӨТІНІШ

      Мен, ____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (анық) мекен-жайы бойынша тұратын:
_____________________________________________ осы арқылы мен бұл туралы
мәлімдеймін
_____________________________________________________, алушының
мекен-жайына жіберілетін (пошта жөнелтілімінің түрі мен санатын көрсету)
________________________________________________________ тіркелетін пошта
жөнелтілімдерінде салынған банкноттар, монеталар.
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) (анық)
Тіркелетін пошта жөнелтіліміне салынымының тізімдемесі және сомаға
жарияланған құндылығы бар__________________
(________________________________) теңге салынды
__________________________________ саны _________ дана:
(монеталарды немесе банкноттарды көрсету)
1) ______________________________________________ (дайындаушының
елін, шығарылған жылын, номиналын көрсету);
(әрбір монетаға немесе банкнотқа жеке толтырылады)
2) ______________________________________________(дайындаушының
елін, шығарылған жылын, номиналын көрсету);
(әрбір монетаға немесе банкнотқа жеке толтырылады)
3) ______________________________________________(дайындаушының
елін, шығарылған жылын, номиналын көрсету).
(әрбір монетаға немесе банкнотқа жеке толтырылады)

      ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
________________________________
(күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады