Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 тамызда № 29186 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Аймағамбетов

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы ___________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеде:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      "1) бала қонақтайтын отбасы – барлық үлгідегі ұйымдардағы (білім беру, медициналық және басқалар) (бұдан әрі – ұйым), жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) тәрбиелеуге уақытша қабылдаған отбасы.

      2) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

      Мектеп жасына дейінгі балалар үшін бала қонақтайтын отбасында болу мерзімін тараптардың келісімі бойынша мемлекеттің қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – орган) айқындайды, бірақ бір айдан аспайды.

      3. Бала (балалар) қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар, бала (балалар) тұрып жатқан ұйым және баланың (балалардың) тұрғылықты жері бойынша орган арасында жасалған бала (балалар) қонақтайтын отбасына беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қонақтайтын отбасына беруге негіз болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына мыналарды:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

      4) егер олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

      5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды;

      6) баланы қонақтайтын отбасына белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды;

      7) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      8) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;

      9) азаматтығы жоқ адамдарды;

      10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамдарды;

      11) бала қонақтайтын отбасына баланы рәсімдеу кезінде қамқорлыққа алушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      12) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;

      13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Кодекстің 91-бабы 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген азаматтарды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда кәмелетке толған адамдар ғана қабылдай алады.

      9. Баланы қонақтайтан отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның тұрғылықты жері бойынша органға мыналарды:

      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдіргені туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      3) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімін;

      4) баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және немесе егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) соңғы 12 ай үшін табысы туралы мәліметтерді;

      5) баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;

      6) бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдауға тілек білдірген адамның және (немесе) жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы;

      7) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      8) неке қию туралы куәліктің көшірмесін (егер некеде тұрса);

      9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың даярлықтан өткені туралы сертификат (жақын туыстарын қоспағанда) береді."

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Баланың тұрғылықты жері бойынша іріктеудің оң нәтижелері болған кезде орган Кодекстің 137-1 бабына сәйкес шарт жасасады."

      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт:

      1) дәлелді себептері (науқастану, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасында жанжалдар және басқалар) болған кезде бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адамдардың бастамасы бойынша;

      2) баланы (балалардың) күтіп-бағу мен тәрбиелеу үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде органның, бала тұрып жатқан ұйымның бастамасы бойынша;

      3) бала қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, асырап алған отбасына, патронатқа берілген немесе баланы асырап алған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін."

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Кодекстің 137-3 бабының талаптарына сәйкес тілек білдірген адам баланы бала қонақтайтын отбасына қабылдайды.";

      Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеге 2-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Нысан
"Бекітемін"
________________басшысы
(органның атауы)
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
20___ жылғы "__"
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны".

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20507 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарда:

      4-бөлімде. "Әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың даму ерекшеліктері" деген орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібі қағидаларында:

      7 және 8-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Асырап алушы ата-ана болуға кандидаттар жүгінген кезде ұйымдар:

      1) асырап алушы ата-ана болуға кандидаттарға психологиялық даярлықтан өту үшін даярлық процесінің ұйымдастырылуы, топтардың жасақталуы, даярлықтың басталу және аяқталу күні туралы хабарлайды;

      2) ұйым әзірлеген және бекіткен, дербес деректерді өңдеуге келісімін қамтитын, асырап алушы ата-ана болуға кандидатқа сауалнама толтырады;

      3) асырап алушы ата-ана болуға кандидаттардың педагог-психологпен құрылымдық сұхбат түрінде әңгімелесуін жүргізеді;

      4) асырап алушы ата-ана болуға кандидаттардың психологиялық даярлаудан өту күні мен уақытын айқындайды;

      5) бағдарламаға сәйкес асырап алушы ата-ана болуға кандидаттарды психологиялық даярлауды ұйымдастырады;

      6) асырап алушы ата-ана болуға кандидаттардың жазбаша келісімімен баланы отбасына қабылдауға психологиялық дайындығын бағалау үшін асырап алушы ата-ана болуға кандидаттар мен олардың отбасыларын диагностикалауды және психологиялық тексеруді жүргізеді;

      7) әрбір асырап алушы ата-ана болуға кандидатқа олардың даярлықтан өткені туралы куәландыратын құжаттар мен материалдар, психологиялық тексеру мен диагностиканың нәтижелері бар жеке істі қалыптастырады;

      8) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат (бұдан әрі – сертификат) психологиялық даярлық бағдарламасынан толық көлемде өткеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде береді.

      8. Асырап алушы ата-ана болуға кандидаттарды психологиялық даярлау саны кемінде 6 және 22 адамнан аспайтын топтарда жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10280 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларында:

      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың органы баланың сауалнамасына мынадай құжаттарды бар болғанда тіркейді:

      1) баланың жеке басын куәландыратын құжаттар (туу туралы куәлік электрондық нысанда немесе оның қағаз түріндегі көшірмесі, жеке куәлік);

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10288 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларына сәйкес балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы комиссия қорытындысының көшірмесі;

      3) ата-анасы (ата-аналары) қайтыс болған бала үшін ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;

      4) адасып қалған (тастанды) балаға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы акт;

      5) ата-аналық құқықтардан бас тартқан балаға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-аналық құқықтардан бас тарту және бала асырап алуға келісім беру туралы өтініш;

      6) тастап кеткен балаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы денсаулық сақтау ұйымында тастап кету туралы акт;

      7) баланың жеке басын куәландыратын құжаты болмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және құжаттандыру туралы қолдаухат;

      8) адасып қалған (тастанды) балаға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғылықты мекенжайын анықтау туралы қолдаухат;

      9) адасып қалған (тастанды) балаға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы актіде көрсетілген мекенжайға бару актісі;

      10) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың туыс-туғандарының бар-жоғы туралы анықтама;

      11) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым басшысының асырап алуға келісімі;

      12) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын туыстарынан, Қазақстан Республикасының азаматтарынан асырап алуға ұсынылған балалардан бас тартуларын растайтын қолхат;

      13) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысы.

      14) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 0-ден 5 жасқа дейінгі баланың дамуындағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктер туралы есеп;

      15) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 6 жас және одан да асқан баланың дамуындағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктер туралы есеп."

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  бұйрығына 1-қосымша
Бала қонақтайтын
отбасы туралы
ережеге № 1 қосымша
  нысан


Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы ШАРТ

      №__________ 20_____жылғы "__"________


      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 137-2-бабының негізінде
қорғаншылық және қамқоршылық функциясын жүзеге асыратын органның (бұдан әрі -
орган) атынан ___________________________________________________________________
(уәкілетті лауазымды тұлғаның аты-жөні (бар болса), жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ұйым)
басшысы атынан
___________________________________________________________________, бала
қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адам атынан
____________________________________________________________________
(аты-жөні толығымен (бар болса), жеке куәлік нөмірі, қашан және кім берген, жеке
сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) төмендегілер туралы Шарт жасасты:

Шарттың мәні

      Орган ұйымынан

      ________________________________________________________________

      (баланың аты-жөні (бар болса), туған жылы, туу туралы куәліктің №, ЖСН)


      баланы бала қонақтайтын отбасына тәрбиелеуге береді.

2. Қорғаншылық және қамқоршылық органының құқықтары мен міндеттері

      1. Бала қонақтайтын отбасына берілген баланың (балалардың) өмір сүру жағдайын,
күтімі мен тәрбиесін бақылауды іске асыру;

      2. Отбасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша әдістемелік
көмек көрсету;

      3. Егер баланың (балалардың) өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер туындаған
жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы баланы қонақтайтын отбасынан дереу
қайтарып алу бойынша шара қабылдайды.

3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеде белгіленген тізбеге сәйкес бала туралы
мәліметті бала қонақтайтын отбасына беру;

      2. Бала қонақтайтын отбасына әлеуметтік, медициналық, психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету бойынша қызмет көрсету;

      3. Баланың тәрбиелену және өмір-сүру жағдайын тексеру мақсатында бала
қонақтайтын отбасына бару.


4. Бала қонақтайтын отбасының құқықтары мен міндеттері

      1. Бала қонақтайтын отбасының:

      1) баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкетуге;

      2) баланы (балаларды) медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға немесе
ішкі істер органдарына орналастыру жағдайларын не қосымша білім беру ұйымдарына бару
кезеңін қоспағанда, баланы (балаларды) үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды
тұлғалардың) қадағалауына қалдыруға;

      3) баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарттың өзге де талаптарын бұзуға
құқығы жоқ.

      2. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам:

      1) бала қонақтайтын отбасында болған кезеңде оның (балалардың) өмірі мен
денсаулығы үшін жауапты болуға;

      2) бала қонақтайтын отбасына тәрбиелеуге қабылданған баланың (балалардың)
құқықтарын сақтауға;

      3) шарттың мерзімі ішінде ұйымның әкімшілігімен үнемі байланыс жасап тұруға;

      4) заңды өкілдерге шарт талаптарының өзгеруіне әкеп соғатын фактілер туралы
уақтылы хабарлауға (кету, тұрғылықты жерін ауыстыру және т. б.);

      5) баланың бала қонақтайтын отбасында болу шартында көрсетілген мерзімдері
аяқталғаннан кейін баланы (балаларды) қабылдау туралы акт бойынша баланы (балаларды)
ұйымға уақтылы қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті;

      6) жиырма төрт сағат ішінде органдар мен бала (балалар) тұрған ұйымға баланың
(балалардың) өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны,
оның науқастанғаны, жарақат алғаны, оның медициналық ұйымға немесе ішкі істер
органдарына орналастырғаны туралы хабарлайды;

      7) бала қонақтайтын отбасында болған кезеңде баланы (балаларды) тәрбиелеу және
күтіп-бағу үшін жағдайлар жасауға міндетті, бос уақытын және пайдалы дағдыларға
оқытуды ұйымдастырады;

      8) шартта белгіленген мерзімдерге сәйкес баланы (балаларды) ұйымға уақтылы
қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті;

5. Шарттың қолданылу мерзімі

      1. Осы шарт _________ айға, келесі каникул, демалыс және мереке күндері кезеңіне
жасалады ___________________________________________
(күндері көрсетіледі) және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
2. Бала қонақтайтын отбасына жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды беру туралы шарт:

      1) баланы қонақтайтын отбасына қабылдаған адамдардың бастамасы бойынша дәлелді
себептер болған кезде (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі,
баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы дау-жанжалдар және басқалар);

      2) баланы күтіп – бағу, тәрбиелеу немесе қамқоршылық үшін қолайсыз жағдайлар
туындаған кезде қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның
бастамасы бойынша;

      3) бала қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, қабылдап алған отбасына,
патронатқа берілген немесе баланы асырап алған беру жағдайларда мерзімінен бұрын
бұзылуы мүмкін.

      3. Осы шартты орындау процесінде тараптар арасында туындаған дауларды өзара
келісілген шешімге келу мақсатында тараптар туындағаннан кейін бір ай мерзімде қарайды,
келісім болмаған жағдайда сот арқылы шешіледі.

 
1-тарап
Баланы қонақтайтын отбасына
қабылдаған адамның тұрғылықты
жері бойынша қамқоршылық
органы __________________________________
__________________________________
__________________________________
________________
М.О.
20_ жылғы "___" ___________________.

 
2-тарап
Бала қонақтайтын отбасы:
Т.А.Ә. (бар болса)_______________
Тұрғылықты жерінің мекенжайы
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
__________________ қолы
20_жылғы "___" _________________.

      3-тарап

      Жетім балалар мен ата-анасының

      қамқорлығынсыз қалған балаларға

      арналған ұйым

      ___________________________

      20_ жылғы "___" ____________.

      М.О.

  бұйрығына 2-қосымша
 
Бала қонақтайтын
отбасы туралы
ережеге № 2 қосымша
Нысан
  "Бекітемін"
_____________________ басшысы
(органның атауы)
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
____________________________
20___ жылғы "__"
____________________________
күні, қолы, мөрдің орны"
_________________________
_________________________
_________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) және жеке
сәйкестендіру нөмірі)



Өтініш


      Мен, __________________________________________________________
______________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса),
жылы туған).___________________________________________________
(баланың (балалардың) Т.А.Ә. бар болса)
_______________________________________________________________
бала қонақтайтын отбасына қабылдау мүмкіндігі туралы қорытынды беруді сұраймын.
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымды тексеріп-қарауға қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелердегі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.


      20 __ жылғы "___" ____________ тұлғаның қолы


  бұйрығына 3-қосымша
 
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі
№ 165 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өткені туралы
СЕРТИФИКАТ
№ _______


      20___ жылғы "___"___________ _______ қаласы (ауылы)


      Осы сертификат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім
балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге
қабылдауға тілек білдірген __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
20__ жылғы "___" ___________ мен 20__ жылғы "___" __________ аралығында
___________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған психологиялық даярлықтан өткені үшін
берілді.
Ұйым басшысы _______________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      М.О.___________________________
нөмірі


  бұйрығына 4-қосымша
 
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
3-қосымша
 
_____________________бас дәрігері
(медициналық және басқа да
ұйымның атауы)
____________________________
(мекеме басшысының Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
туған күні, балаға
қатысы (шешесі, әкесі)



Ата-аналық құқықтардан бас тарту және бала асырап алуға келісім беру туралы
ӨТІНІШ

      Мен, ______________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Отбасылық жағдайы ______________________________________________
Нақты тұрғылықты мекенжайы _____________________________________
Тіркелуі _________________________________________________________
20___ жылғы "__" _________________ перзентханасын (басқа денсаулық сақтау
ұйымында)_____________________________________________________
(елді мекеннің атауы) туылған баламнан
_____________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) бас тартамын
_________________________________________________________
(баладан бас тарту себебін көрсету)
оны мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беруді сұраймын және төмендегіні мәлімдеймін:
менің баламды Қазақстан Республикасының азаматтары немесе шетелдік азаматтар
асырап алатынын түсінемін;
аталған баланы асырап алуға қандай да бір күш қолданусыз және ешкімнің мәжбүрлеп
көндіруінсіз ерікті түрде келісім беремін;
осы баланы асырап алғаннан кейін бала мен қабылдаушы ата-аналар арасында бала-ата-
ана ретінде үнемі қарым-қатынас орнайтынын түсінемін;
бала асырап алу мақсатында бала және оның немесе оның анасы және әкесі арасында
бұрынғы қарым-қатынастарды тоқтататын келісім беремін;
Осы өтініш арқылы жоғарыда аталған мақұлдауларды толық түсінетінімді мәлімдеймін.
Бала асырап алушылардың таңдауын қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органдарға сенемін, асырап алушыларға және асырап
алушыларды таңдау бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын органдарға наразылық білдірмеймін. Баланы асырап алуға берудің
құқықтық салдары түсіндірілді.
тері-венерологиялық есепте тұрмын (тұрған жоқпын, белгісіз);
психоневрологиялық есепте тұрмын (тұрған жоқпын, белгісіз);
наркологиялық диспансерде есепте тұрмын (тұрған жоқпын, белгісіз) есепте (қажет
еместі сызып тастау)
Баланың басқа ата-анасы туралы деректер (өтініш берушінің келісімімен беріледі):
______________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері)

      Осы өтінішті өз еркіммен жаздым.
Өтінішті жазу күні
_______________________________________
Толық Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ____________________ Қолы _________
Жеке басты куәләндыратын құжаттың деректері мәліметі _________________
(№, кім және қашан берілді)
Өтінішті толтыру күні _______________________________________________
Куәгердің өтініші (заңмен немесе жағдайға байланысты талап етілсе, мысалы, сауатсыздық
немесе адамның мүгедектігі болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
Келісімді куәландыру үшін тағайындалған уәкілетті адамның куәлігі
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _______________________________________
Лауазымы: ________________________________________________________
Жоғарыда аталған немесе белгіленген адам (және куәгер (лер) осы
күні келіп, аталған құжатқа менің қатысуымен қол қойғанын растаймын.
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) М.О.
Заңгер (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Психолог (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Емдеуші дәрігер: (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Ескерту: анасы баласынан перзентханада бас тарпаған жағдайда
еркін нысанда нотариуспен куәландырылған өтініш қажет.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады