"Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 680 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 тамызда № 29203 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 680 бұйрығымен
бекітілген

"Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) мазмұндалған.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын орны бойынша тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      6. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді және біржолғы жәрдемақыны алу үшін "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 6-тармағына сәйкес төлемді алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында порталға өтініш береді.

      7. Сұрау салуды өңдеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жұмылдыру ресурстары автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзінде (бұдан әрі – Қорғанысмині ИШ) сұрау салу тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жерлеуге арналған біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындалған жағдайда Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жолданады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда тыңдау жүргізілмейді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары әкімшілік органның немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) лауазымды адамы жүргізеді.

      12. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      13. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау"

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Порталда Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

7.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1)көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейінгіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
2)порталда: жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш және мынадай құжаттар беріледі:
1) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама;
2) банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер.
Біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін отбасы мүшелері қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
3) 18-ден 23 жасқа дейінгі балалардың күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылатыны туралы оқу орнынан мәліметтер;
Егер балалар жақын және алыс шет елдерде күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылатын жағдайда, оқу орнының мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариалды куәландырылған аудармасы бар анықтамасы (егер құжат толық шет тілінде болса) ұсынылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылғанын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің органдары жүзеге асырады;
4) қайтыс болған адаммен туыстық қатынасты куәландыратын құжат (туу, неке қию, әке болуды (ана болуды) анықтау туралы куәліктер).

10.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшін негiздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы тізбеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасайды.

11.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 77 77 арқылы мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан




      № ________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"

Өтініш

      __________________________________________________________________
(мекенжайы бойынша тұрған)
__________________________________________________________________
(қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), ЖСН)
қайтыс болуына байланысты жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны төлеуіңізді сұраймын.
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді № ___________________________________ банктік
шотына аударуыңызды сұраймын.
Банктің № ____ филиалы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының байланыс бөлімшесі.
1. Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі.
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
4.____________________________________________________________
Төлемді тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.

  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан




      № ________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"

Жерлеуге арналған біржолғы төлемді және біржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама

      Құрметті ______________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Сізге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушының
_________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)
қайтыс болуына байланысты жерлеуге арналған біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы
тағайындалды.
Төлем 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады.
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.



  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан




      №________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      Құрметті _______________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Сіздің Қорғаныс министрлігінің бағыты бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемді және қайтыс болған
алушының отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы ______ жылғы
__________ № ___________ өтінішіңізден бас тартылды.
Бас тарту себебі: ____________________________________
(қандай негіз (негіздер) бойынша "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар
тізбесінің 10-тармағына сәйкес қызметтi көрсетуден бас тартылатыны көрсетіледі)
Жауап берілген күні: ____________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады