"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 695 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 тамызда № 29249 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9697 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру Қағидаларында:

      73-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) арнайы үй-жайлардың, талқылауға арналған бөлмелердің бар-жоғы, қойылған талаптарға сәйкестігі және "Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде адамдарды ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсталғандар мен жеткізілген тұлғаларды ұстау тәртібінің сақталуы;"

      Қағидаларға 15-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаментіне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады