"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 қазандағы № 127 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 4146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29269 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 қазандағы № 127 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12308 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Персоналмен жұмыс істеу басқармасы (К.Б. Арыстанбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Қазынашылық
комитетінің төрағасы
Р. Токбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады