"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 674 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29277 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ оқу мерзімдерінде:

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 674 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-
техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды, әскери
міндеттілерді жинау, оларды
жіберу және өтеусіз және өтеулі
негіздерде оқыту, оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыру
қағидаларына, сондай-ақ оқу
мерзімдеріне 2-1-қосымша

"Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) бірінші кезеңде – құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;
2) екінші кезеңде – оқуға қабылдау туралыхабарламада көрсетілген сабақтар басталған сәттен бастап 42 (қырық екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) бірінші кезеңде – азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама немесе осы мемлекеттікқызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) екінші кезеңде – әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15861 болып тіркелген), Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларының 19-тармағына сәйкес өтеулі негізде білім алатын әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) оқу үшін төлемді олардың ақша қаражатын ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының есептік шотына аудару жолымен жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлем оқу үшін алынады, ол білім алушыны әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша даярлау құнының калькуляциясына сәйкес 305 000 теңгені құрайды.
Оқу үшін төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) ЖӘБО-да – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әскерге шақырылушы, әскери міндетті жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.​mod.​gov.​kz интернет-ресурсында;
2) www.​egov.​kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ұялы байланыс операторы ұсынған әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес медициналық куәландыру картасының электрондық көшірмесін әскерге шақырылушы, әскери міндетті мемлекеттік қызмет көрсету өтінішіне тіркейді. Әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат туралы, соттылығының болуы не болмауы туралы, соңғы тұрғылықты жері немесе уақытша тіркелген жері,әскери есепте тұрған туралы мәліметтерді ЖӘБО "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

ЖӘБО мынадай негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартады:
1) әскерге шақырылушы, әскери міндетті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойыншамемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді оқыту өтеулі негізде – 1 ақпан мен 20 желтоқсан кезеңінде жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушы, әскери міндетті оқуды аяқтағаннан және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификатты алғаннан кейін оқуға қабылдау туралы хабарлама халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті жабу үшін ЖӘБО-ға қайтарылуға тиіс.
Әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің қашықтықтан қолжетімділік режимінде ЖӘБО-ның анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.​mod.​gov.​kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 674 Бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-
техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды, әскери
міндеттілерді жинау, оларды
жіберу және өтеусіз және өтеулі
негіздерде оқыту, оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыру
қағидаларына, сондай-ақ оқу
мерзімдеріне
2-2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
___________________бастығына
____________________________
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
(тегі, аты әкесінің аты (ол
болған кезде)
телефоны___________________

Өтініш

      Мені "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалына түсу үшін кандидат
ретінде қабылдауыңызды сұраймын.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.

      Күні __________________
Қолы _________________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 674 Бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-
техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды, әскери
міндеттілерді жинау, оларды
жіберу және өтеусіз және өтеулі
негіздерде оқыту, оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыру
қағидаларына, сондай-ақ оқу
мерзімдеріне
6-қосымша

Әкімшілік деректерді жинау
үшін арналған нысан

20___жылғы "___" ________ арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және _______________________________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымының оларды жою жөнінде қабылдайтын шаралары туралы ақпарат

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.mod.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық мәні): Н6-ӘТМ.

      Кезеңділігі: көктемгі және күзгі әскерге шақыру аяқталғаннан кейін.

      Есепті кезең: жыл сайын 30 маусымға және 31 желтоқсанға қарай.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: жергілікті әскери басқару органдары

      Ұсыну мерзімі: 30 маусымнан және 31 желтоқсаннан кешіктірмей.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және оларды жою жөнінде қабылдайтын шаралары туралы ақпарат, осы қосымшаға тіркелген әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және оларды жою жөнінде қолданылатын шаралар туралы ақпарат" қосымшасына сәйкес толтырылады.

Р/с№

Оқу взводтарының нөмірлері және олардың бейіні

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жоспары бойынша құру мерзімі

Нақты құру мерзімі

Даярлау мерзімі
20__ ж. "___" ______
20__ж. "___"______

Адам саны

Ескертпе

іріктеліп алынды

шығарылды

1

2

3

4

5

6

7

8










Барлығы:







      Атауы _________________________
Мекенжайы________________________________________________________
Телефоны __________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________
Орындаушы _________________________ _____________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде) телефон

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға өкілеттік берілген адам
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде), қолы)

  "Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында даярланған
әскери-техникалық және өзге де
мамандар, бар кемшіліктер және
оларды жою жөнінде
қолданылатын шаралар туралы
ақпарат" әкімшілік деректерді
жинау үшін арналған нысанға
қосымша

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар туралы ақпарат.

      (индексі: Н6-ӘТМ, кезеңділігі: көктемгі және күзгі әскерге шақыру аяқталғаннан кейін)

      1. Осы әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және оларды жою жөнінде қолданылатын шаралар туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандардың санын көрсете отырып, жергілікті әскери басқару органы толтырады.

      4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандардың(адам) санында белгіленеді.

      5. Нысанға бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға өкілеттік берген адам қол қояды.

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 2-бағанды толтыру кезінде оқу взводының нөмірі және олардың даярлық бейіні көрсетіледі.

      7. 3-бағанда Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жоспары бойынша оқу взводын құру мерзімі көрсетіледі.

      8. 4-бағанда оқу взводын құрудың нақты мерзімі көрсетіледі.

      9. 5-бағанда әскери-техникалық және өзге де мамандарды даярлау кезеңі көрсетіледі.

      10. 6, 7-бағандарда техникалық мамандардың іріктелген нақты саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады