Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29286 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 350-бабының 16-тармағына сәйкес және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 14.10.2024 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 125 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10015 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 22 тамыздағы
№ 579 бұйрығымен
бекітілген

Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Полигондарды тарату қорын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 350-бабының 16-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды көму полигонының тарату қорын (бұдан әрі – тарату қоры) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қалдықтарды көму полигоны (бұдан әрі – полигон) – экологиялық, құрылыс және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін, қалдықтар алу ниетінсіз тұрақты орналастырылатын арнайы жабдықталған орын түсініледі;

      2) полигон операторы – заңды пайдалануында полигон бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.08.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.08.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тарату қорын полигон операторы оны жабу, жерді рекультивациялау, полигон жабылғаннан кейін қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және ластануды бақылау үшін қалыптастырады.

2-тарау. Тарату қорын қалыптастыру тәртібі

      4. Жою қорын қалыптастыру үшін полигон операторы полигон жобасында жерді жабу, рекультивациялау, қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және полигон жабылғаннан кейін ластануды бақылау жөніндегі жұмыстардың көлемін, сондай-ақ осы жұмыстарды орындау үшін қажетті құралдарды айқындайды. Сондай-ақ, полигон жобасында жұмыс жоспарына түзетулер енгізуді және оларды іске асыру шығындарының сомасын көздеу қажет.

      5. Полигон жобасының негізінде полигон операторы жалпы сметалық құнын әзірлейді, ол полигон жобасында көрсетілген жұмыстарға байланысты барлық шығыстарды қамтуы тиіс. Көрсетілген шығындар инфляция индексін ескере отырып, жою жөніндегі жұмыстардың басталуының болжамды күніне есептеледі.

      6. Тарату қоры полигонды пайдалану басталған күннен бастап полигон операторы жүзеге асыратын жыл сайынғы аударымдар есебінен қалыптастырылады. Тарату қорына жыл сайынғы аударымдарды полигон операторы полигон жойылатын кезеңге (жылдар санына) есептегенде полигонды таратуға арналған шығындардың жалпы сметалық құнына тікелей пропорционалды түрде айқындайды.

      7. Тарату қорына жыл сайынғы аударымдарды полигон операторы Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотқа жүргізеді. Коммуналдық меншіктегі полигон операторы тарату қорын қалыптастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ақшаны уақытша орналастырудың бақылау қолма-қол шоты ашылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.08.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Полигон операторы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсаны ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды тарату қорына өздері жүргізетін аударымдар туралы қосымшаға сәйкес хабардар етеді.

  Полигон операторының
тарату қорын қалыптастыру
қағидаларына
қосымша

      нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Форма, предназначаенная для сбора административных данных

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 14.10.2024 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган

      Предоставляется: Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/?lang=ru

      Форма административных данных размещена на интернет-ресурсе: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/?lang=ru

      Әкімшілік деректердің атауы: "Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер"

      Наименование административных данных: "Сведения об отчислениях в ликвидационный фонд"

      Индексі нысаны: № 1-ТҚ /Индекс: форма № 1-ЛФ

      Кезеңділігі: жылдық /Периодичность: годовая

      есепті кезең: 20__жыл /период: 20__год

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қалдықтарды көму полигонының иелері

      Круг лиц, представляющих информацию: владельцы полигонов захоронения отходов

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін.

      Срок представления формы административных данных: ежегодно до 31 марта года, следующего за отчетным периодом.


ЖСН/БСН





      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)


ИИН/БИН



      (не заполняется в случае представления данных физическими лицами, а также в агрегированном виде)

Өңір/Регион

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіш коды /Код классификатор административно-территориальных объектов

Полигон операторының атауы /Наименование оператора полигона

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі Бизнес-идентификационный номер/ Индивидуальный идентификационный номер

Полигонның орналасқан жері /Местоположение полигона

Полигон жер учаскесінің кадастрлық нөмірі /Кадастровый номер земельного участка полигона

Бенефициардың атауы /Наименование банка бенефициара

Екінші деңгейдегі банктегі немесе бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдағы тарату қорын қалыптастыру үшін шот нөмірі /Номер счета для формирования ликвидационного фонда в банке второго уровня или в центральном уполномоченном органе по исполнению бюджета

Шоттың жай-күйі (сомасы), мың теңге /Состояние счета (сумма), тысяч тенге

Ескертпе /Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Полигон операторының атауы /Наименование оператора полигона__________

      ____________________________________________________________________

      Мекенжайы (полигонның орналасқан жері) /Адрес (местоположение полигона)

      __________________________________________________________________

      Полигон операторының орындаушысының телефоны /Телефон исполнителя

      оператора полигона____________

      Полигон операторының электрондық пошта мекенжайы /Адрес электронной

      почты оператора полигона ___________

      Орындаушы/Исполнитель____________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)             қолы

      /фамилия, имя и отчество (при ее наличии)       подпись

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға /Руководитель или лицо,

      исполняющее его обязанности _________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)             қолы /

      фамилия, имя и отчество (при ее наличии)       подпись

  "Тарату қорына аударымдар
туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерге арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (1-ТҚ нысаны, жылдық)

      1. Осы түсіндірме Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 350-бабының 16-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және полигон жабылғаннан кейін ластануды бақылау үшін "Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерге арналған нысанды толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысан тиісті полигон операторларымен толтырылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

      3. Нысан тегі мен инициалдарын көрсете отырып басшымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғасымен (басшының міндетін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде) қол қойылады.

      4. Нысан қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде беріледі.

      5. № 1-ТҚ нысаны келесідей толтырылады:

      2-бағанда деректер сұратылатын өңірлер көрсетіледі;

      3-бағанда ҚР ҰЖ.11-2021 әкімшілік аумақтық объектілері жіктеуішіне сәйкес өңірлердің коды көрсетіледі;

      4-бағанда полигон операторының атауы көрсетіледі;

      5-бағанда заңды тұлғаларға бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке кәсіпкерлерге жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      6-бағанда полигонның орналасқан жері (координаттары немесе мекенжайы) көрсетіледі;

      7-бағанда полигонның орналасқан жері сұратылып отырған тиісті деректер көрсетіледі;

      8-бағанда бенефициардың атауы көрсетіледі;

      9-бағанда екінші деңгейдегі банктегі немесе бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдағы тарату қорын қалыптастыру үшін шот нөмірі көрсетіледі;

      10-бағанда шоттың жай-күйі (сомасы), мың теңге көрсетіледі;

      11-бағанда болған жағдайда ескертпелер көрсетіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады