БҰЙЫРАМЫН:
1. "Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29286 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларында:
3-тармақшасы алынып тасталсын;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Тарату қорына жыл сайынғы аударымдарды полигон операторы Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотқа жүргізеді. Коммуналдық меншіктегі полигон операторы тарату қорын қалыптастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ақшаны уақытша орналастырудың бақылау қолма-қол шоты ашылады.";
полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
З. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі 2023 жылғы 2 тамыздағы № 233 бұйрығына қосымша |
|
Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларына қосымша |
Нысан
Полигон операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынатын тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер
1-кесте
№ | Полигон операторының атауы | Бенефициардың атауы | Екінші деңгейдегі банктегі немесе бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдағы тарату қорын қалыптастыру үшін шот нөмірі | Шоттың жай-күйі (сомасы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2-кесте
1 | Полигон операторының атауы | |
2 | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) / жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | |
3 | Полигонның орналасқан жері | |
4 | Полигон жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |