"Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29300 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және дуальды оқытудың ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, кәсіпорындарға (ұйымдарға) таратылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Оқу процесін ұйымдастыру білім беру бағдарламалары мен жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарларына және оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидасы қолданылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Білім алушы өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 119-бабына сәйкес өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.

      Дуальды оқыту туралы шарт білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.

      Дуальды оқыту кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары беретін шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес кәсіпорындарға (ұйымдарға) өтеледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды оқыту туралы үш жақты шарттар жасасуға жәрдемдеседі, дуальды оқытуды пайдаланумен оқу-әдістемелік материалдарды, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, дуальды оқыту бойынша оқыған бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады, кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттілігіне мониторинг жүргізеді, өңірлік палаталардың жұмысын үйлестіреді, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады, дуальды оқыту шеңберінде өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.";

      21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кәсіпорынмен (ұйыммен) дуальды оқыту бойынша оқу жұмыс жоспарларын және оқу жұмыс бағдарламаларды келіседі;";

      22-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) оқу орындарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге қатысады";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 119-бабына және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға орындалған белгілі бір функционалдық міндеттері үшін өтемақы төлемін жүргізе алады;";

      26-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асырады;".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
А. Аймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады