"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 706 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29331 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:

      3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдауды өтініш иесінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабымен көзделген.

      Азаматтыққа жататындығын айқындау және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдар Қазақстан Республикасының Президентінің атына беріледі.

      Азаматтық мәселелері жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қайта қарауы мүмкін.

      Азаматтық мәселелері жөніндегі өтінішті қабылдаудан негізсіз бас тартуға, өтініштерді қарау мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істерді қарау тәртібін және азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерді орындау тәртібін бұзатын басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 13-тарауымен көзделген бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды адамға әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте шағым берілуі мүмкін.

      Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды шағымды қарайтын жоғары тұрған әкімшілік орган (лауазымды адам) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға (лауазымды адамға) беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Шағым Кодексте белгіленген мерзімдерде қаралады.

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтық мәселелер жөніндегі материалдар азаматтығын өзгерту себебіне және сауалнамалық мәліметтің толықтығына, өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тегінің, аты мен әкесінің атының (бар болған жағдайда) дұрыстығы тексеріледі.

      Осы Қағидаларға сәйкес өтініш иесі толық емес құжаттар пакетін немесе толық емес мәліметтерді ұсынған жағдайда лауазымды адам үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакеті қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетіп, өтініш иесіне хабарлама жолдайды.

      Егер өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде толық құжаттар пакетін ұсынбаса және (немесе) ұсынылған құжаттардағы кемшіліктерді жоймаған болса лауазымды адам өтінішхатты қараудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.

      Өтінішхат (өтініш) өтініш иесі осы Қағидаларда көзделген барлық құжаттарды берген күннен бастап орындауға қабылданды деп есептеледі.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару бойынша сауалнама-өтінішке тиісті белгі қойылады, ол материалды қарауға қабылдаған қызметкердің қолымен расталады.

      Азаматтыққа қабылдау және азаматтықты қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және азаматтыққа тиесілігін айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттар (өтініштер) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) есепке алу журналына тіркелуге және қаралуға жатады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алу не азаматтықтан шығу туралы өтініш берген адамдарға олардың талабы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы анықтама беріледі. Анықтаманы Полиция департаменті (бұдан әрі – ПД) азаматтықты ресімдеу мәселесі бойынша өтініш берген адам туралы мәліметтерді кейіннен "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не азаматтықтан шығу үшін барлық қажетті құжаттардың электронды көшірмелерін қоса отырып, Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі арқылы енгізгеннен және нәтижесін алғаннан кейін ғана береді.

      Анықтамаларды берген кезде өтініш берген адамдардан істегі материалдарға қоса тіркелген көшірмелермен салыстыру үшін цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың электрондық нысаны талап етіледі.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының аумағында берілген және цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық нысанда пайдаланылатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар, жеке басты куәландыратын құжаттар басып шығарылған түрде ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қарау оларды тапсырған күннен бастап 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай ішінде жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      " 4. Тиісті түрде ресімделген материалдарды өтініш иесінің тұрғылықты жері бойынша аудандық ішкі істер органы бағыныстылығы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД-ға жолдайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД азаматтық мәселелер бойынша материалдардың дұрыс ресімделуін тексереді, іс жүргізеді, өтініш беруші адам туралы мәліметтерді Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі арқылы "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді, ол бойынша дәлелді қорытынды шығарады және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ІІМ) күнтізбелік он күн ішінде жолдайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы ІІМ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы материалдарды келіседі және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолдайды және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қалпына келтіру және шығу туралы өтініш білдірген адамдардың құрылған тізімі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның жоспарына сәйкес мәлімет үшін жолданады.

      Тиісті түрде ресімделмеген материалдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД-ге заңнамаға сәйкес келтіру үшін қайтарылады. Кемшіліктерді жою мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды, кейіннен материалдар Қазақстан Республикасы ІІМ-ге қайта жолданады.

      Өтініш иесінің тұрғылықты жері бойынша жоқтығына немесе басқа мемлекеттердің құзыретті органдарынан уақтылы жауаптың түспеуінен кемшіліктер жойылмаған жағдайда өтінішхатты (өтінішті) қарау тоқтатылады, ол туралы өтініш иесіне бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберіледі, оның көшірмесі істегі материалдарға тігіледі.";

      18-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр (бұдан әрі – см) төрт фотосурет;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адам өзінің өтінішхаты (өтініші) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтіріледі. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адамға осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасындағы ережелер қолданылмайды. Алайда, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту тіркелген адам Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы негіздерде қабылданады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхат (өтініш) Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) өмірбаян;

      3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;

      4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;

      5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      6) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама;

      7) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;

      8) бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс.

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес егер тиісті тілдерді білетін болса, нотариус бір тілден екінші тілге аударылған аударымның дұрыстығын куәландырады. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлмейтiн болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 60-тармағына сәйкес егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер заңдастырылған жағдайда ғана қарауға қабылданады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД бастықтарының атына өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:

      1) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;

      4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;

      5) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;

      6) өмірбаян;

      7) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын қандастар – қандастың куәлігі;

      8) жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар – жоғары оқу орнынан осы оқу орнында оқу фактісін растайтын анықтама;

      9) жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін ұлтын растау туралы анықтама;

      10) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;

      11) саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болып табылатын адамдар – ақталғаны туралы соттың шешімі немесе саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы болып табылатынын растайтын құжаттар.";

      Мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:

      1) тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тіркеу осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;

      3) осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;

      4) ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);

      5) бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың туу туралы куәлігі немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);

      6) жеке өмірбаяны қазақ не орыс тілінде;

      7) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе);

      8) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған өтініші;

      9) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген);

      10) 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне өзінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін қоса ұсынады;

      11) өлшемі 3,5 х 4,5 см төрт фотосурет;

      12) мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжат.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Өтініш берушілер жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) жүгінген кезде ұсынылатын өтінішхатқа (өтінішке) құжаттардың көшірмелері (паспорт, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш) нотариалды куәландырылады.

      Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс.

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес егер тиісті тілдерді білетін болса, нотариус бір тілден екінші тілге аударылған аударымның дұрыстығын куәландырады. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлмейтiн болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 60-тармағына сәйкес егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер заңдастырылған жағдайда ғана қарауға қабылданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады