"Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 27 тамыздағы № 65 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29368 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Ұлттық Банк жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін бекітетін жылдың алдындағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша деректер негізінде жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады.";

      мынадай мазмұндағы 17 және 18-тармақтармен толықтырылсын:

      "17. Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген күннен бастап жүйелік маңызы бар банк активтерінің сомасы 50%-ға (елу пайызға) және одан көп мөлшерге төмендеген жағдайда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осындай өзгерісті растайтын өтінішхаты негізінде жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының бекітілген тізіміне өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өтінішхатын алғаннан кейін Ұлттық Банк сұрату алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде есеп айырысу күнінің алдындағы қатарынан 2 (екі) тоқсан үшін Қағидалардың 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген көрсеткіштердің орташа мәнін есептеуді жүзеге асырады.

      18. Жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының бекітілген тізіміне өзгерістер Қағидалардың 17-тармағына сәйкес қол қойылған күннен бастап күшіне енетін Ұлттық Банк Төрағасының не оның орнындағы адамның бұйрығымен енгізіледі.

      Жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдары тізімінің өзгеруі туралы ақпарат мүдделі қаржы ұйымдарына және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.".

      2. Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті (О.М. Күбенбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Пирматов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады