"Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 167-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29371 болып тіркелді. Күші жойылған - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 227-нқ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 09.12.2022 № 227-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құрылыстың сметалық құнын анықтайтын сметалық стандарттарды әзірлеу және қолдану бойынша қағидалармен, ережелермен және ұсыныстармен бірге барлық бағаланған стандарттар құрылыстағы бағалар мен бағалардың жүйесін құрайды.

      Бағаланған стандарттар дегеніміз – құрылыстың сметалық құнын анықтауға негіз болатын баға белгілеу және смета бойынша нормативтік құжаттар жиынтығының жалпыланған атауы және мыналарды қамтиды:

      құрылыс нысандарының құнын айқындауға, құрылысқа байланысты басқа жұмыстар мен қызметтердің құнын анықтауға арналған нормативтік құжаттар, құралдар және әдістемелік ұсынымдар (жобалау жұмыстары, инженерлік ізденістер, инжинирингтік көрсетілетін қызметтер);

      қабылданған есептеу базасына пайызбен көрсетілген жеке шығындар мен құрылыстағы шығындардың есептік нормалары;

      үлкейтілген есептік нормалар;

      жиынтық шығындар көрсеткіштері;

      құрылыс ресурстарының болжамды бағасы;

      құрылысқа арналған жүктерді тасымалдауға арналған болжамды бағалар;

      құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының бағасы;

      құрылысқа арналған инженерлік ізденістердің бағасы;

      құрылыс үшін құн индекстері.

      Бағаланатын стандарттар тапсырыс берушімен мақұлданған жобаға сәйкес құрылыс, монтаж жұмыстары, құрылыс материалдары, бұйымдар, құрылымдар, жабдықтар және басқа да объектілерді өндіруге кететін шығындарды анықтауға арналған.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Құрылысы алдағы (келесі) күнтізбелік жылда (жылдары) жоспарланатын объектілер бойынша құрылыстың сметалық құны құрылыстағы нормативтік ұзақтығы мен бітеу нормаларына сәйкес инвестициялардың көлемдерін күнтізбелік жылдар бойынша бөлу және құрылыс үшін құн индекстері арқылы алдағы кезеңдер көлемдерін индекстеу арқылы айқындалады.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Сметалық құжаттамасы ресурстық әдіспен әзірленген ұқсас объектілердің құндық көрсеткіштері ағымдағы баға деңгейіне қайта есептей отырып, сметалық есептеулерде қолданылады. Тапсырыс берушінің шешімі бойынша ағымдағы бағаларға көшу келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:

      1) ұқсас объектінің сметалық құжаттамасы Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша құрылыс ресурстарына ағымдағы деңгейдегі сметалық бағаларды қолдану жолымен қайта есептеледі;

      ұқсас объектінің жергілікті сметасының (жергілікті сметаның бөлімі) қорытындысы бойынша үстеме шығыстар мен сметалық пайданы және инженерлік жабдықтың құнын ескере отырып, тікелей шығындар қабылданады және Объектілік (жергілікті) сметалық есептің тиісті жолына позициялармен енгізіледі. Ағымдағы бағаларға көшу құрылыс үшін құн индекстерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Құны ресурстық әдіспен анықталған тиісті ұқсас объектілер болмаған жағдайда құрылыстың есептік құнын құндық көрсеткіштері базистік-индекстік әдіспен анықталған ұқсас объектілердің жобалары бойынша анықтауға жол беріледі.

      Ұқсас объектілер жобаларының құрылыс-монтаждау жұмыстарының құндық көрсеткіштері келесі ретпен қолданылады:

      1) ұқсас объектінің жобасынан нормаланбаған және болжанбаған шығындарды есептемегенде үстеме шығыстарды ескере отырып, жергілікті сметаның (жергілікті сметаның бөлімі) қорытындысы бойынша тікелей шығындар қабылданады және объектілік (жергілікті) сметалық есептің тиісті жолына позициямен енгізіледі;

      2) 2001 жылғы бағалардың базалық деңгейінен құрылыстың сметалық құнының ағымдағы деңгейіне көшу құрылыс үшін құн индекстерін қолдану арқылы құнның Объектілік (жергілікті) сметалық есебінің позициялары бойынша жүзеге асырылады;

      3) тікелей шығындар мен үстеме шығыстар сомасына құнның объектілік (жергілікті) сметалық есебінің қорытындысы бойынша осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген нормалар бойынша сметалық пайда есептеледі.

      Ұқсас объектілердің жобалары бойынша инженерлік жабдықтың сметалық құнының ағымдағы деңгейіне Тапсырыс берушінің шешімі бойынша 2001 жылғы базалық баға деңгейінен көшу құрылыс үшін құн индекстерін қолдану жолымен немесе Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша құрылыс ресурстарына қолданыстағы сметалық бағаларды қолдану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Егер объектіні салу әртүрлі күнтізбелік жылдары (ауыспалы объект) жүзеге асырылған жағдайда, онда осы нормативтік құжаттың 15-тармағына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығына және құрылыстың басталуына байланысты жылдар бойынша бөле отырып, құрылыс құнының есебі жүргізіледі. Құрылыстың басталу мерзімі тапсырыс беруші жобалау ұйымына бастапқы деректері бар немесе сметалық құжаттаманы жасау кезінде жобалау процесінде ұсынады.

      Жылдар бойынша бөлу 1-9 (4-7-бағандар) тараулар бойынша қорытындыдан келесі тәртіппен дәйекті түрде жүргізіледі:

      жобаны әзірлеу кезеңіндегі ағымдағы бағалардағы 1-9-тараулар бойынша қорытынды көрсетіледі, содан кейін жылдар бойынша бөлу жүргізіледі ("оның ішінде:" құрылыс үшін құн индекстерін ескере отырып, тиісті жылға), бөлуді ескере отырып, 1-9-тараулар бойынша қорытынды көрсетіледі және бұдан әрі осы нормативтік құжаттың 70-тармағында жазылған тәртіпке ұқсас қорытындылар есептеледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Құрылысы алдағы (келесі) күнтізбелік жылда (жылдары) жоспарланатын объектілер бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің құны құрылыстағы нормативтік ұзақтығы мен бітеу нормаларына сәйкес инвестициялардың көлемдерін күнтізбелік жылдар бойынша бөлу және құрылыс үшін құн индекстері арқылы алдағы кезеңдер көлемдерін индекстеу арқылы айқындалады.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жобалау алдағы (келесі) күнтізбелік жылда (жылдары) жоспарланатын объектілер бойынша жобалау жұмыстарының құны жобалаудың нормативтік мерзімдеріне сәйкес инвестициялардың көлемдерін күнтізбелік жылдар бойынша бөлу және құрылыс үшін құн индекстері арқылы алдағы кезеңдер көлемдерін индекстеу арқылы айқындалады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жобалаушылардың ағымдағы деңгейдегі еңбекақысы (Еж.ор) мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы:

      Е ж.айлық – өткен жылғы "Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет" экономикалық қызмет түрі бойынша ресми статистикалық ақпарат бойынша орташа айлық жалақының шамасы, Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен, теңге;

      Т жұм.айлық – өткен жылғы өндірістік күнтізбеге сәйкес 40 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс уақытының орташа айлық ұзақтығы, сағат;

      Иқұр – құрылыс үшін құн индексі.";

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Инженерлік ізденістер салу үшін келесі (алдағы) күнтізбелік жылда (жылдары) жоспарланатын объектілер бойынша инженерлік ізденістердің құны алдағы кезеңдердің көлемдерін құрылыс үшін құн индекстері арқылы индекстеу жолымен іздестіру жұмыстарын орындауды бастау мерзімін ескере отырып, инвестициялардың көлемдерін күнтізбелік жылдар бойынша бөлу арқылы айқындалады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Іздестіру жұмыстарын орындаушылардың еңбегіне орташа сағаттық ақы төлеу (Жорт.із) мынадай формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      Жіз.орт.айлық – өткен жылғы "Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет" экономикалық қызмет түрі бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша орташа айлық жалақының шамасы, Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен, теңге;

      Ежұм.орын – өткен жылғы өндірістік күнтізбеге сәйкес 40 сағаттық жұмыс аптасында жұмыс уақытының орташа айлық ұзақтығы, сағат;

      Иқұр – құрылыс үшін құн индексі.";

      көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:

      3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Құрылысы алдағы (келесі) күнтізбелік жылда (жылдары) жоспарланатын объектілер бойынша құрылыстың сметалық құны құрылыстағы нормативтік ұзақтығы мен бітеу нормаларына сәйкес инвестициялардың көлемдерін күнтізбелік жылдар бойынша бөлу және құрылыс үшін құн индекстері арқылы алдағы кезеңдер көлемдерін индекстеу арқылы айқындалады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Сметалық құжаттамасы ресурстық әдіспен әзірленген ұқсас объектілердің құндық көрсеткіштері ағымдағы баға деңгейіне қайта есептей отырып, сметалық есептеулерде қолданылады. Тапсырыс берушінің шешімі бойынша ағымдағы бағаларға көшу келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:

      1) ұқсас объектінің сметалық құжаттамасы Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша құрылыс ресурстарына ағымдағы деңгейдегі сметалық бағаларды қолдану жолымен қайта есептеледі;

      2) ұқсас объектінің жергілікті сметасының (жергілікті сметаның бөлімі) қорытындысы бойынша үстеме шығыстар мен сметалық пайданы және инженерлік жабдықтың құнын ескере отырып, тікелей шығындар қабылданады және Объектілік (жергілікті) сметалық есептің тиісті жолына позициялармен енгізіледі. Ағымдағы бағаларға көшу құрылыс үшін құн индекстерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Құны ресурстық әдіспен анықталған тиісті ұқсас объектілер болмаған жағдайда құрылыстың есептік құнын құндық көрсеткіштері базистік-индекстік әдіспен анықталған ұқсас объектілердің жобалары бойынша анықтауға жол беріледі.

      Ұқсас объектілер жобаларының Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құндық көрсеткіштері мынадай ретпен қолданылады:

      1) ұқсас объектінің жобасынан нормаланбаған және болжанбаған шығындарды есепке алмай үстеме шығыстарды есепке ала отырып, жергілікті сметаның (жергілікті сметаның бөлімі) қорытындысы бойынша тікелей шығындар қабылданады және объектілік (жергілікті) сметалық есептің тиісті жолына позициямен енгізіледі;

      2) құрылыстың сметалық құнының ағымдағы деңгейіне 2001 жылғы бағалардың базалық деңгейінен көшу құрылыс үшін құн индекстерін қолдану арқылы құнның Объектілік (жергілікті) сметалық есебінің позициялары бойынша жүзеге асырылады;

      3) тікелей шығындар мен үстеме шығыстар сомасына құнның Объектілік (жергілікті) сметалық есебінің қорытындысы бойынша осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген нормалар бойынша сметалық пайда есептеледі.

      Ұқсас объектілердің жобалары бойынша инженерлік жабдықтың сметалық құнының ағымдағы деңгейіне Тапсырыс берушінің шешімі бойынша 2001 жылғы базалық баға деңгейінен көшу осы тармақтың 2) тармақшасында жазылған тәртіппен құрылыс үшін құн индекстерін қолдану жолымен немесе Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша құрылыс ресурстарына қолданыстағы сметалық бағаларды қолдану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Күрделі құрылыс объектілеріне инвестицияларды (күрделі салымдарды) жоспарлау (негіздеу) кезеңінде ақша қаражатына қажеттілікті айқындау үшін қажетті есептерді жасау кезінде жылдар бойынша бөлу рет-ретімен мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      құрылыс, күтпеген жұмыстар құнының сметалық есебінің 1÷9-тарауларына сәйкес келетін шығындардың және мердігерлік жұмыстар үшін шығындардың, жобаны әзірлеу кезеңінде ағымдағы бағадағы техникалық және авторлық қадағалауға арналған қаражаттың жиынтығы көрсетіледі, одан кейін жылдар бойынша бөлу жүргізіледі ("оның ішінде:" құрылыс үшін құн индекстерін ескере отырып, тиісті жылға), бөлу есебімен қорытынды көрсетіледі;

      жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және сараптауға арналған қаражат Қазақстан Республикасында құрылыс үшін жобалау жұмыстарының құнын анықтау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес құрылысқа арналған жобалау жұмыстарына арналған бағалар жинағының тиісті бөлімдері бойынша анықталады.";

      көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада:

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Іске қосу-жөндеу жұмыстарының сметалық құнын анықтау үшін ұқсас объектілердің құндық деректерін пайдалану кезінде ағымдағы бағаларға көшу құрылыс үшін құн индекстерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Құрылысы алдағы (келесі) күнтізбелік жылда (жылдары) жоспарланатын объектілер бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстарының сметалық құны іске қосу кезеңінің ұзақтығына және құрылыс үшін құн индекстері арқылы алдағы кезеңдер көлемдерін индекстеуге сәйкес күнтізбелік жылдар бойынша инвестициялар көлемдерін бөлу арқылы айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитетініңтөрағасы
Т. Карагойшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады