"Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 27 тамыздағы № 297/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қыркүйекте № 29422 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 12 шiлдедегi № 420/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.07.2024 № 420/НҚ (22.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 99863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ алып тасталсын;

      5-қосымша кесте-2 3-баған 1.14-өрістің 2-тармақшасы 3 бөлігінде 3-бағанда келесі редакцияда жазылсын:

      "- ҰОС қатысқандарды, мүгедектігі бар адамдарды, баллаларды әлеуметтік қорғау;";

      8-қосымшаның 1-баған 2-өрісі келесі редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау министрлігі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі";

      8-қосымшаның 1-баған 22-өрісі келесі редакцияда жазылсын:

      "Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі";

      8-қосымшаның 1-баған 51-өрісі келесі редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және жоғары білім министрлігі".

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а.
А. Жамбакин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады