"Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қыркүйекте № 29497 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес әзірленді және жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу тәртібін айқындайды.";

      3- тармақ алынып тасталсын;

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне – монополияға қарсы органның шекті бағаны белгілеу туралы шешімі қабылданған күні басталады.";

      16 тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны белгілеу үшін нарық субъектілері белгіленген мерзімде монополияға қарсы органға мынадай құжаттарды ұсынады:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 21183 болып тіркелген);";

      21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Шекті бағаға енгізілетін пайда деңгейін монополияға қарсы орган тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілетін қызметтерді көрсетуге тікелей қолданысқа енгізілген қолдағы бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерді құруға және сатып алуға тартылған ағымдағы қарыз (болған жағдайда) кәсіпорынның міндеттемелерін ескере отырып айқындайды.

      22. Монополияға қарсы орган құжаттарды қарау кезінде нарық субъектілерінен шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға құқылы. Бұл жағдайда құжаттарды қарау мерзімі қосымша ақпарат алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      23. Нарық субъектісінің тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны бекітуге арналған нарық субъектісінің құжаттарын монополияға қарсы органның қарау мерзімі күнтізбелік жиырма күннен аспауы тиіс.

      24. Нарық субъектісі белгіленген мерзімде шекті бағаны бекітуге өтінімді ұсынбаған жағдайда, монополияға қарсы орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның, салалық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тиісті немесе ұқсас тауар нарығында ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бағалары туралы ресми статистикалық ақпараты негізінде бағаны бекітеді.

      25. Осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайда, нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне шекті бағасы соңғы үш жыл ішінде тиісті тауар нарығындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың орташа арифметикалық мәндерінен, сондай-ақ өңірдің, елдің және (немесе) тиісті тауар нарығының әлеуметтік–экономикалық даму факторларынан алынады.

      26. Монополияға қарсы орган құжаттарды қараудың Қағидаларда белгіленген мерзімінде нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне шекті бағаны белгілеу туралы шешім қабылдайды.

      27. Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны белгілеу туралы шешім мүдделі нарық субъектілеріне бір күндік мерзімде жіберіледі, сондай-ақ монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жарияланады.".

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады