"Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 508 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қыркүйекте № 29548 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Субсидиялауға тарифтерін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) белгілейтін әлеуметтік маңызы бар қатынастары арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының шығындары жатады.

      4. Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органмен белгіленген әлеуметтік маңызы бар қатынастарына арналған тариф арасындағы айырма жергілікті бюджеттен субсидияланбаса, онда тариф шамасын жергілікті атқарушы орган Әдістемеге сәйкес анықтаған жолаушыларды тасымалдау тарифі деңгейінде белгілейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілдік органы айқындайтын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес үш жылдық мерзімге субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін жасайды.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялауға бағытталған сомалар көлемін анықтау әрбір маршрут мынадай:

      1) Әдістемеге сәйкес айқындалған жолаушыларды тасымалдауға арналған тариф пен жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік маңызы бар қатынастарына арналған тариф арасындағы айырма;

      2) тасымалдауға жоспарланған жолаушылардың жыл сайынғы саны;

      3) жолаушылар мен багажды болжамды тасымалдау санынан алынатын кірістер мен маршрут бойынша автобустардың жалпы жылдық жүрісіне (км) сүйене отырып, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалған маршрут құны арасындағы айырмасы ретінде айқындалатын тасымалдарды орындаудан болатын шығын негізінде жүргізіледі (км).

      12. Әлеуметтік маңызы бар қатынасты субсидиялауға арналған қаражат көлемі Әдістемеге сәйкес айқындалған жолаушыларды тасымалдауға арналған тариф пен жергілікті атқарушы орган белгілеген тариф арасындағы жылдар бөлінісінде тасымалдауға жоспарланған жолаушылардың жыл сайынғы санына көбейту айырмасы ретінде айқындалады.

      Автобустың тұрақты тасымалын жүзеге асыру үшін маршруттың құны айқындалған кезде, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес, маршрут бойынша жүретін автобустардың жалпы жылдық жүрісіне (км) сүйене отырып, тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға арналған қаражат көлемі жоспарланған жолаушылар мен багажды тасымалдау санынан алынатын кірістер және маршрут құны арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес айқындалған сома негізінде тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасында Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялау туралы шарт жасалады (бұдан әрі - Шарт), ал осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып айқындалған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде тасымалдаушыға субсидияны төлеу үшін тасымалдаушылар мен тиісті жергілікті атқарушы органдар не уәкілетті ұйымдар арасында шарт жасалады, ол:

      1) тараптардың орындауы үшін осы Қағидалармен айқындалған шарттары;

      2) жылдар бөлінген үш жылға болжамдалған жолаушыларды тасымалдау санын;

      3) жылдарға бөлінген үш жылға субсидиялау сомасын;

      4) белгіленген тарифті (тарифтердің торын);

      5) маршрут бойынша Әдістемеге сәйкес айқындалған тарифті;

      6) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып, тұрақты автобус тасымалдауларын жүзеге асыру үшін маршрут құны анықталған кезде жылдар қимасында үш жылғы маршрутта жүріп өткен болжамдық жиынтық жолын (км);

      7) ұсынылған растаушы құжаттарға сәйкес келмеген кезде заңсыз алынған субсидияны қайтаруды;

      8) ұсынылған растайтын құжаттарға сәйкес келген кезде алынбаған субсидияларды төлетуді көздейді.

      15. Тасымалдаушы есептік айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы ай сайынғы есепті (бұдан әрі - ай сайынғы есеп) жібереді. Осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып айқындалған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде тасымалдаушы есептік айдан кейінгі айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға ай сайынғы есеп жібереді, кейін уәкілетті ұйым есептік айдан кейінгі айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыс туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға ұсынады.

      "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2022 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 508 Бұйрыққа
1-қосымша
Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
Нысаны

Субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі

Маршрут атауы (маршрут нөмірі)

Маршрут түрі (атауы)

Әдістемеге сәйкес 1 жолаушыға айқындалған тариф

1 жолаушыға ұсынылатын немесе қолданыстағы тариф

Нақты және ұсынылатын тарифтер айырмасы

Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды жылдар бөлінісінде 3 жылға болжамдалатын субсидиялау көлемі

1

2

3

4

5

6

7




жиыны





















      Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
МО (бар болса)

  Бұйрыққа 2-қосымша
Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

      20 __ жылға арналған ____________________

      (ұйымның атауы)

      _________________________ обл. (қала, аудан) бойынша әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есебі

Маршруттың атауы, №

Маршрут түрі (атауы)

1 жолаушыға бекітілген тариф

Есептік ай ішінде тасымалданған жолаушылар саны

Жолаушылар тасымалынан түскен қаражат, теңге

1

2

3

4

5

6







      Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
МО (бар болса)

  Бұйрыққа 3-қосымша
Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша

"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

портал арқылы.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидия тағайындау туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш;
2) әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп;
3) орындалған жұмыс туралы ақпарат;
4) билеттерді сату жөніндегі есеп;
5) жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;
6) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып айқындалған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;
7) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған кезде, автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны алмастыратын адамнан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар;
8) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растаушы елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен алынған құжат;
9) диспетчерлік қызметтің қалалық маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты.
Осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар электрондық көшірмеде ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады