"Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқықтылығы туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 948 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қыркүйекте № 29557 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқықтылығы туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20208 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтердің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары мен мерзімдерінде:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі өзге де шарттар туралы, оның ішінде талап ету құқығын басқаға беру шарттары туралы ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нотариустар мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – БНАЖ) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша Комитеттің "Интеграцияланған деректер қоры" (бұдан әрі – ИДҚ) ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған түрде беруді жүзеге асырылады.

      БНАЖ және ИДҚ интеграцияланғанға дейін жасалған мәмілелер бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Комитеттің жазбаша сұрау салуы бойынша осындай сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің 2022 жылғы
13 қыркүйектегі № 948
Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
​​​​​​​ Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
​​​​​​​ Қаржы министрінің
​​​​​​​ 2020 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 бұйрығына
1-қосымша
нысан

Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер

Жеке тұлға бойынша мәліметтер (сатушы)

Нотариаттық іс-әрекеттер тарабы (сатып алушы)

Мәліметтер коды

Шарт/ мәміле/куәлік нысанасының (болған кезде) атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде)

Жеке сәйкестендіру/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде)/ атауы

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу күні

Талап ету құқығын сатып алу құны, теңгемен

Шарт/ мәміле/куәлік нысанасының құны, оның ішінде талап ету құқығын құны, теңгемен

Мүліктегі үлесі

Мәміле мен шарт мәнінің деректері

жылжымайтын мүліктің, оның ішінде басқаға беру шарты бойынша талап ету құқығы сатып алынған, содай-ақ мұрагерлік бойынша алынған жылжымайтын мүліктің мекенжайы

кадастрлық нөмірі

8

9

10

11

12

13

      кестенің жалғасы

Нотариус туралы мәліметтер


жеке сәйкестендіру нөмірі

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)


14

15


  "Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер" нысанына
  қосымша

"Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер" нысанын нотариустар ұсынады және мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттер тарапы болып табылатын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда – 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттер тарапы болып табылатын тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер Тараптар бірнешеу болса, әрбір тарап бойынша деректер жеке жолмен көрсетіледі, бұл ретте 1-бағандағы реттік нөмір қатысушылардың санына қарамастан өзгеріссіз қалады;

      5-бағанда – 4-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/заңды тұлғаның атауы;

      6-бағанда – мәліметтер коды:

      001 – мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтерді көрсету кезінде;

      002 – мұраға құқық туралы берілген куәліктер туралы мәліметтерді көрсету кезінде;

      003 – егер мәміледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, төменде 004 және 005 мәліметтерде көрсетілген шарттарын қоспағанда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтер көрсетілген кезде;

      004 – жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттары туралы мәліметтерді көрсету кезінде;

      005 – мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі шарттар туралы мәліметтерді көрсету кезінде, оның ішінде:

      005.1 – талап ету құқығын басқаға беру шарттары туралы мәліметтер көрсетілген кезде;

      7-бағанда – шарт/мәміле/куәлік мәнінің атауы;

      8-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу күні;

      9-бағанда – жеке тұлға сатып алған және/немесе бұрын талап ету құқығы, оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 335-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы бойынша сатып алған құны. Егер құн туралы деректер болмаса, 9-бағанда нөл көрсетіледі;

      10-бағанда – 7-бағанда көрсетілген шарт/мәміле/куәлік мәнінің құны, оның ішінде талап ету құқығын басқаға беру құны. Егер құн туралы деректер болмаса, 10-бағанда нөл көрсетіледі;

      11-бағанда – 7-бағанда көрсетілген мүліктегі үлес;

      12-бағанда – жылжымайтын мүліктің, оның ішінде талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша талап ету құқығы сатып алынған, сондай-ақ мұрагерлік бойынша алған жылжымайтын мүліктің мекенжайы;

      13-бағанда – 7-бағанда көрсетілген шарт мәнінің кадастрлық нөмірі (болған кезде);

      14-бағанда – нотариустың жеке сәйкестендіру нөмірі;

      15-бағанда – нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады