"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 8-тармағымен және 50-бабының 3-тармағымен сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мерзімді қызметтің курсанттары мен әскери қызметшілерін қоспағанда, азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің аппарат басшысна жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 82 Бұйрығымен бекітілген |
Мерзімді қызметтің курсанттары мен әскери қызметшілерін қоспағанда, азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мерзімді қызметтің курсанттары мен әскери қызметшілерін қоспағанда, азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 8-тармағымен және 50-бабының 3-тармағымен сәйкес әзірленді және мерзімді қызметтің курсанттары мен әскери қызметшілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға да (мерзімді әскери қызметтен Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептер бойынша, аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) қолданылады.
2-тарау. Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібі
2. Әскери қызметшілерге өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу үшін мынадай құжаттар ұсынылғаннан кейін шығарылған бұйрық негіз болып табылады:
1) баянат;
2) әскери қызметшінің кетуі және келуі туралы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығынан үзінділер және нұсқаманың көшірмелері.
3. Әскери қызметтен шығарылған адамға өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу үшін мынадай құжаттар ұсынылғаннан кейін шығарылған бұйрық негіз болып табылады:
1) өтініш;
2) мемлекеттік мекеме басшысының жұмыстан босату туралы бұйрығынан үзінді;
3) әскери билеттің көшірмесі немесе әскери есепке қойылғаны туралы белгісі бар жергілікті әскери басқару органынан анықтама.
4. Өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан, ал әскери қызметтен шығарылған адамдарға әскери қызметшінің кетуінен бұрын әскери қызмет өткерген мемлекеттік мекеменің басшысы шығарады. Бұйрықта тасымалдау бағыты, қашықтығы және төлемнің мөлшері көрсетіледі.
Отбасының екі мүшесі де әскери қызметші болып табылған жағдайда ақша төлеу екеуінің біреуіне ғана олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
5. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейінгі автомобиль жолының километрмен есептегендегі қашықтығы;
20 км – тұрақты шама;
1 АЕК – тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері.
6. Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуді келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған тасымалдауларды қоспағанда, қаржы жылының ішінде, ал әскери қызметтен шығарылған адамдарға әскери қызметтен кетуден бұрын ақшалай үлесте тұрған мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағында белгіленген талап қоюдың жалпы мерзімі шегінде жүргізеді.
7. Өз мүлкін тасымалдау үшін көлік түрін және тасымалдаушыны әскери қызметшінің өзі немесе әскери қызметтен шығарылған адам айқындайды.