"Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 504 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29587 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 504 Бұйрықа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 247 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі

      1. Ақтөбе – Алматы.

      2. Ақтөбе – Атырау.

      3. Ақтөбе – Маңғыстау.

      4. Алматы – Нұр-Сұлтан.

      5. Алматы – Атырау.

      6. Алматы – Достық.

      7. Алматы – Жезқазған.

      8. Алматы – Өскемен-1.

      9. Алматы – Қостанай.

      10. Алматы – Локоть.

      11. Алматы – Маңғыстау.

      12. Алматы – Озинки.

      13. Алматы – Орал.

      14. Алматы – Павлодар.

      15. Алматы – Петропавл.

      16. Алматы – Сарыағаш.

      17. Алматы – Шымкент.

      18. Арқалық – Қостанай – Нұр-Сұлтан.

      19. Нұр-Сұлтан – Айсары – Арқалық.

      20. Нұр-Сұлтан – Атбасар.

      21. Нұр-Сұлтан – Достық.

      22. Нұр-Сұлтан – Жезқазған.

      23. Нұр-Сұлтан – Өскемен-1.

      24. Нұр-Сұлтан – Көкшетау.

      25. Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Володаровка.

      26. Нұр-Сұлтан – Қарағанды – Семей.

      27. Нұр-Сұлтан – Қызыл-Ту – Петропавл.

      28. Маңғыстау – Нұр-Сұлтан – Семей.

      29. Нұр-Сұлтан – Павлодар.

      30. Нұр-Сұлтан – Павлодар – Семей.

      31. Нұр-Сұлтан – Шымкент.

      32. Атырау – Ақсарай.

      33. Атырау – Нұр-Сұлтан.

      34. Атырау – Маңғыстау.

      35. Көкшетау – Нұр-Сұлтан – Ерейментау.

      36. Көкшетау – Қызылорда.

      37. Қарағанды – Нұр-Сұлтан.

      38. Қарағанды – Петропавл.

      39. Қарағанды – Жезқазған.

      40. Қостанай – Есіл – Арқалық.

      41. Қостанай – Қарағанды.

      42. Қызылорда – Жезқазған – Нұр-Сұлтан – Павлодар.

      43. Қызылорда – Петропавл.

      44. Қызылорда – Семей.

      45. Орал – Ақтөбе – Құлсары.

      46. Орал – Нұр-Сұлтан.

      47.Өскемен – Жаланашкөл.

      48. Павлодар – Пресногорьковская.

      49. Шалқар – Сексеуіл.

      50. Павлодар – Нұр-Сұлтан – Шымкент.

      Әлеуметтік маңызы бар қатынас қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қатынас болып танылады:

      1) мемлекеттік маңызы – мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда немесе өзге де өзара қатынастары бар мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің астаналарымен және басты қалаларымен қосу;

      2) баламасыздығы – ұзақтығы үлкен әрі тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсіздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды біржолғы жаппай тасымалдау;

      3) әлеуметтік маңызы – халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қолжетімді деңгейінің сақталуы;

      4) қолжетімділігі – азаматтардың қолжетімді балама көлік түрлері жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркін орын ауыстыру, оның шегінен тыс шығу және кедергісіз қайтып келу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады