БҰЙЫРАМЫН:
1. Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына және "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидалары бекітілсін.";
Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшының міндетін атқарушы | Ж. Джаркинбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Казақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрлігі
Басшының міндетін атқарушы 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 30 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығымен бекітілді |
Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына, сондай-ақ "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну тәртібі
3. Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну (электрондық түрде сақталатын ақпараттық деректер базалары):
1) мемлекеттік лицензияның және білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымшалардың көшірмелерін қоса бере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісінің (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың);
2) аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдарының жазбаша сұрау салуы (бұдан әрі – сұрау салу) бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін алуға өтінімдер. Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін алуға өтінім нысаны уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Уәкілетті органның ведомствосы есепке алуға және қарауға жататын сұрау салуды қабылдайды.
5. Сұрау салуды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі келіп түскен күні тіркейді және уәкілетті орган ведомствосы басшылығының (бұдан әрі – басшы) қарауына береді.
6. Сұрау салу қажетті деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтиды (статистикалық көрсеткіштердің атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділігі, аумақтық бөлініс).
7. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына сұрау салу жібереді.
8. Комиссия олардың қалыптастырылуын және сәйкестендірілмеу мүмкіндігін тексере отырып, сұратылатын деректер базаларын ұсыну мүмкіндігін қарастырады. Сұрау салуды қарастыру нәтижесі оң болған жағдайда "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ведомствоға бағынысты ұйым (бұдан әрі – ведомствоға бағынысты ұйым) орнына нөмірлеуді қолдана отырып, респондент туралы сәйкестендіруші ақпаратты (респонденттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, сәйкестендіру нөмірі, тіркеу күні) жояды. Ведомствоға бағынысты ұйым құрылымдық бөлімшеге қалыптастырылған сәйкестендірілмеген түрдегі деректер базаларын CD дискіде жолдайды.
9. Ведомстволық бағынысты ұйым қалыптастырған деректер базалары түскенде ақпараттық қауіпсіздікке жауапты уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі респондентті сәйкестендіру мүмкіндігін анықтайды. Осындай мүмкіндік болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы қалыптастырылған деректер базаларын ұсынады. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісінің өкілдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде жария етпеу және үшінші тұлғаларға беруді шектеу туралы міндеттемеге қол қояды. Ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыс аяқталғаннан кейін ұсынылған сәйкестендірілмеген түрдегі деректер базалары жойылады, бұл туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестендірілмеген түрдегі деректер базалары бар алмалы-салмалы тасығышты жою туралы Акт жасалады, оның бір данасы уәкілетті органның ведомствосына ұсынылады.
10. Уәкілетті орган ведомствосының сұрау салуды қарау мерзімдері:
1) сұрау салу он бес жұмыс күні ішінде қаралады;
2) сұралатын деректер базаларын ұсыну мүмкіндігін қарастыру, деректер базаларын қалыптастыру және респондентті сәйкестендіру мүмкіндігін анықтау үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда, қарау мерзімі екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне қарау мерзімі ұзартылған сәтінен бастап үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
3-тарау. Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсынудан бас тарту
11. Деректер базаларын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін сәйкестендірілмеген түрінде ұсынудан бас тарту мынадай жағдайларда көзделген:
1) деректер базаларын иесіздендіру үшін техникалық мүмкіндіктің болмауы;
2) субъект қызметінің мәні ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру болып табылатынын растайтын құжаттарды ұсынбау: білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензия мен лицензияға қосымшалардың көшірмелері, аккредиттеу туралы куәлігі;
3) сұратылған ақпарат мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын мәліметтерді есептеу негізінде жиналмаса және алынуы мүмкін болмаса;
4) егер сұрау салу сұратылған ақпараттың мазмұнын бір мәнде анықтауға мүмкіндік бермесе (статистикалық көрсеткіштердің атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділігі, аумақтық бөлініс);
5) сұратылған ақпарат сәйкестендірілсе.
Басшының міндетін атқарушы 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 30 |
|
Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми- техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін алуға өтінім
_______________________________________________________________________
(жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаны іске асырушы ұйымдар,
ғылыми және ғылыми-техникалық ұйымдар атауы)
деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуды сұрайды
кезеңге ________________________________________________________________
(кезең, сұралатын сәйкестендірілмеген түріндегі деректер базаларының сипаттамасы)
мақсатында ____________________________________________________________ .
(сәйкестендірілмеген түріндегі деректер базаларын пайдалану мақсатын көрсетіңіз
_______________________________________________________________________
(Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы) (күні)
М.О.
Басшының міндетін атқарушы 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 30 |
|
Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми- техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде жария етпеу және оны үшінші тұлғаларға беруді шектеу туралы міндеттеме
Мен ___________________________________________________________
(заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) жеке)
куәлігінің №_______________
атқаратын лауазым бойынша лауазымдық міндеттемелері
____________________________________________________________________
(заңды тұлға өкілінің лауазымы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлға атауы)
____________________________________________________________________
(жұмыстың сипатын көрсетіңіз)
тақырыбындағы ғылыми жұмыс жүргізу кезеңіне маған сәйкестендірілмеген түрінде деректер базалары (бұдан әрі – деректер базалары) ұсынылатыны туралы хабардармын. Осымен:
1. Маған жұмысты орындаумен байланысты сеніммен берілген (берілетін) немесе белгілі болатын деректер базаларынан алынатын ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге және бермеуге.
2. Алмалы-салмалы жеткізгіштен деректер базаларын көшірмеуге.
3. Үшінші тұлғалар менен деректер базаларындағы ақпаратты алуға әрекет еткен жағдайда, бұл жөнінде дереу мемлекеттік статистика саласындағы әкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) хабарлауға.
4. Деректер базаларынан алынатын ақпаратты пайда табу мақсатында пайдаланбауға.
5. Жұмыс аяқталғаннан кейін маған ұсынылған алмалы-салмалы жеткізгіштегі деректер базаларын Актімен (екі данада) жоюға және осы Актінің екінші данасын уәкілетті орган ведомствосының мекенжайына жолдауға міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. ______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
20__ж. "___"____________
Басшының міндетін атқарушы 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 30 |
|
Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми- техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Сәйкестендірілмеген түрінде деректер базалары бар алмалы-салмалы жеткізгішті жою актісі
_____________________________________________________________________
(Ұйымның атауы)
__________________________________________________ өткізу үшін деректер
(жұмыс түрін көрсету)
базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдаланғандар
_____________________________________________________________________
одан әрі сақтауға жатпайтын, сәйкестендірілмеген түрінде деректер базалары бар
алмалы-салмалы жеткізгіштегі ақпаратты жоюдың жүргізілгені туралы
20___ ж. "___" ____________ осы Актіні жасадық.
Күні | Алмалы-салмалы жеткізгіштің сериялық нөмірі | Алынған деректер базаларының сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
Алмалы-салмалы жеткізгіштердің барлығы ____________________________
(цифрлармен және сөзбен)
Алмалы-салмалы жеткізгіш (қию, демонтаждау және т.б.) арқылы жойылды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы) (күні) және лауазымы)
_________________________________________________________________
(Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы) (күні)
М.О.