Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29912 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. Мынадай:

      "Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 374 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7748 болып тіркелген);

      "Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13386 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
В. Дудник

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-106 бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастырудың жалпы қағидаттары мен талаптарын белгілейді.

      2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      2) бірінші деңгей - медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;

      3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым - денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

      4) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы – "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Денсаулық сақтаумен және әлеуметтік қамсыздандырумен (медицина) байланысты пәнаралық бағдарламалар" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      5) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы - білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе денсаулық сақтау ұйымы, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады .

      6) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) екінші деңгей - мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;

      8) жіті кәсіптік ауру – зиянды кәсіптік факторлардың бір рет (бір ауысымнан аспайтын уақыт ішінде) әсерінен кейін пайда болған ауру;

      9) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – ЖТМКК) - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурсты қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызмет;

      10) кәсіптік ауру – жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған жіті немесе созылмалы ауру;

      11) кезек күттірмейтін медициналық көмек - пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      12) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;

      13) медициналық авиация – әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек беру;

      14) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді алғашқы қол жеткізу орны;

      15) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМСЖ) – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      16) пациент – медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

      17) профилактика - аурулардың пайда болуының, аурулардың ерте сатыларда өршуінің алдын алуға және өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

      18) созылмалы кәсіптік ауру – зиянды өндірістік факторлардың көп рет және ұзақ уақыт әсер етуінен кейін пайда болған ауру;

      19) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) - бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;

      20) үшінші деңгей - жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;

      21) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      3. Кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына:

      1) амбулаториялық жағдайларда көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

      МСАК;

      штаттарда "Еңбек медицинасы (кәсіптік патология)" мамандығы бойынша бейінді мамандар (бұдан әрі – кәсіптік патолог) болған кезде консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;

      2) "Кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 301/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-301/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21862 болып тіркелген) сәйкес кәсіптік ауру бейіні бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары, ғылыми ұйымдар;

      3) кәсіптік аурулар кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы (бұдан әрі – кәсіптік денсаулық клиникасы) жатады.

      4. Кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:

      1) кәсіптік аурулардың профилактикасына және оларды ерте диагностикалауға, мүгедектіктің және олардан болатын өлімнің профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      2) медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, қазіргі заманғы технологияларды және диагностика мен емдеу әдістерін, оның ішінде дәлелді медицина қағидаттарына негізделген ЖТМК қолдана отырып, кәсіптік аурулармен ауыратын пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

      3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен ведомствоаралық өзара іс-қимыл болып табылады.

      Кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыруды үйлестіруді:

      аудандық деңгейде – кәсіптік патолог және (немесе) штаттарда кәсіптік патолог болмаған кезде аудандық емхананың жауапты маманы;

      қалалық деңгейде-қалалық емхананың кәсіптік патологы және (немесе) қаланың, Республикалық маңызы бар қаланың денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маман-кәсіптік патологы;

      облыстық деңгейде-көп бейінді облыстық аурухананың консультациялық-диагностикалық орталығының кәсіптік патологы және (немесе) облыстың денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маман-кәсіптік патологы;

      республикалық деңгейде-кәсіби денсаулық клиникасының жауапты маманы жүзеге асырады.

      5. ҚР ДСМ-301/2020 бұйрықпен бекітілген Кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасының қағидаларына (бұдан әрі - Сараптама қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша белгіленеді.

      Жіті кәсіптік аурудың түпкілікті диагнозын Сараптама қағидаларының 9-тармағына сәйкес пациенттің жүгінген және (немесе) емдеген жері бойынша медициналық ұйым белгілейді.

      Созылмалы кәсіптік аурудың түпкілікті диагнозын кәсіптік денсаулық клиникасының сараптамалық кәсіптік патологиялық комиссиясы және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымның Республикалық сараптамалық жанжалды кәсіптік патологиялық комиссиясы сараптама қағидаларына сәйкес белгілейді.

      6. Кәсіптік ауруларды есепке алу және олар бойынша есептілік "Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-284/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21841 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-284/2020 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары "Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21679 болып тіркелген) сәйкес жинақталады.

      8. Кәсіптік патология кезіңде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Кәсіптік патология кезінде медициналық көмек ТМККК шеңберінде ("Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес) және МӘМС жүйесінде ("Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес) сондай-ақ ақылы негізде "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.

      10. Кәсіптік патология кезінде медициналық көмек амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, үйде, шұғыл және жоспарлы түрде көрсетіледі.

2-тарау. Кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсету тәртібі.

1-параграф. Амбулаториялық жағдайларда кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсету.

      11. Амбулаториялық жағдайда кәсіптік патология кезінде медициналық көмек.

      1) бірінші деңгейде;

      1) екінші деңгейде, оның ішінде бірінші деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша;

      2) үшінші деңгейде, оның ішінде бірінші және екінші деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша көмек көрсетіледі.

      12. Бастапқы деңгейде медициналық көмекті бекіту орны бойынша денсаулық сақтау ұйымының және (немесе) пациенттің жұмыс орны бойынша кәсіпорынға қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымының МСАК маманы (бұдан әрі – МСАК маманы) көрсетеді.

      13. Пациенттер кәсіптік аурулардың шағымдарымен және белгілерімен жүгінген кезде МСАК маманы:

      ҚР ДСМ-284/2020 № бұйрығына сәйкес алдын ала диагноз қояды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) кәсіптік ауру туралы хабарлама жібереді;

      клиникалық хаттамаларға сәйкес жалпы клиникалық және аспаптық (көрсетілімдер бойынша) зерттеулерді тағайындайды және диагнозды нақтылау және консультациялық-диагностикалық көмек алу үшін екінші деңгейде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының "Еңбек медицинасы (кәсіптік патология" мамандығы бойынша бейінді маманына (бұдан әрі – кәсіптік патолог) жібереді;

      мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде ЖТМҚ қолдана отырып стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызуға жібереді;

      КХ және кәсіптік патологтың ұсынымдарына сәйкес кәсіптік аурудың белгіленген диагнозы бар пациенттерді динамикалық байқауды жүзеге асырады;

      "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ – 198/2020 бұйрығына (бұдан әрі- № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын береді;

      "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарынын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес есептік алу құжаттамасын және "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 313/2020 бұйрығына (бұдан әрі- № ҚР ДСМ- 313/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) сәйкес есепке алу құжаттамасын ресімдейді және жүргізеді.

      Бірінші деңгейде кәсіптік аурулары бар пациенттер "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

      14. Кәсіптік патология кезінде екінші деңгейдегі амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек (аудандық, қалалық емхана және (немесе) көп бейінді аурухананың немесе қалалық емхананың консультациялық-диагностикалық орталығы) консультациялық-диагностикалық көмек түрінде көрсетіледі және оған мыналар кіреді:

      1) кәсіптік патологтың қарап-тексеруі;

      2) диагнозды, дифференциалды диагностиканы нақтылау мақсатында пациентті зертханалық және аспаптық зерттеп-қарау;

      3) Сараптама қағидаларының 11-тармағына сәйкес кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын белгілеуге сараптама жасау үшін кәсіптік денсаулық клиникасына жіберу;

      4) кәсіптік денсаулық клиникасының және КХ ұсынымдарына сәйкес кәсіптік аурудың расталған диагнозы кезінде динамикалық байқау және емдеу;

      5) мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде стационарлық жағдайларда ЖТМҚ қолдана отырып, көрсетілімдер бойынша шұғыл және (немесе) жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу;

      6) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру;

      7) № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес есепке алу құжаттаманы және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына сәйкес есептік құжаттаманы ресімдеу және жүргізу;

      8) "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ – 131/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) бекітілген оларды өткізу қағидалары мен кезеңділігіне (бұдан әрі-міндетті медициналық қарап-тексерулер қағидалары) сәйкес алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу;

      9) қорытынды актіні жасай отырып және міндетті медициналық қарап-тексеру қағидаларының 15-17-тармақтарына сәйкес аумақтық бөлімшеге жиынтық есепті ұсына отырып, міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеру нәтижелерін жинақтап қорытуды жүзеге асырады.

      15. Амбулаториялық жағдайларда кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау ұйымының сәйкестігі туралы қорытындысы бар денсаулық сақтау ұйымдары үшінші деңгейде көрсетеді.

      Пациенттерді үшінші деңгейде көмек алу үшін жіберу "Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

2-параграф. Стационарды алмастыратын жағдайларда кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсету.

      16. Стационарды алмастыратын жағдайларда кәсіптік патология кезінде медициналық көмек тәулік бойы медициналық байқауды және емдеуді талап етпейтін және екінші және үшінші деңгейде төсек-орын ұсына отырып, медициналық байқауды және күндізгі уақытта емдеуді көздейтін жағдайларда көрсетіледі.

      17. Стационарды алмастыратын жағдайларда кәсіптік патология кезіндегі медициналық көмек амбулаториялық және (немесе) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, кәсіптік Денсаулық клиникасының күндізгі стационарларында зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен және кәсіптік патологтың консультациялық қорытындысымен бастапқы, бірінші және екінші деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша көрсетіледі және мыналарды қамтиды:

      1) дәрігердің қарап-тексеруі, көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың консультациялары;

      2) КХ сәйкес диагностикалық, оның ішінде зертханалық, аспаптық және патологоанатомиялық қызметтер (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер);

      3) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар мен хирургиялық операциялар жүргізу арқылы күндізгі стационарға жіберуге себеп болған негізгі ауруды емдеу;

      4) "Қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) сәйкес қанмен, оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

      5) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру;

      6) № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрыққа сәйкес есепке алу құжаттаманы және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрыққа сәйкес есептік құжаттаманы ресімдеу және жүргізу.

      18. Күндізгі стационарда жағдайы нашарлаған кезде пациентке шұғыл медициналық көмек көрсетіледі және медициналық көрсетілімдер болған кезде пациент емдеуді жалғастыру үшін тәулік бойғы стационарға жіберіледі.

      19. Жағдайы жақсарған және стационарды алмастыратын жағдайларда бақылауды талап етпейтін емдеуді жалғастыру қажет болған кезде пациент одан әрі үйде емделуге жіберіледі.

      20. Стационарды алмастыратын жағдайларда үшінші деңгейдегі нейрохирургиялық көмекті денсаулық сақтау ұйымының жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге сәйкестігі туралы қорытындысы бар денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

      Пациенттерді үшінші деңгейде көмек алу үшін жіберу № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

3-параграф. Стационарлық жағдайларда кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсету.

      21. Тәуліктік медициналық бақылауды, емдеуді, күтім жасауды, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайларда кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті стационарлық жағдайларда көрсететін денсаулық сақтау ұйымдармен, кәсіптік денсаулық клиникасында, екінші және үшінші деңгейлерде жоспарлы тәртіппен бірінші және екінші деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша және жолдаманың бар-жоғына қарамастан шұғыл тәртіппен көрсетеді.

      22. Стационарлық жағдайдағы медициналық көмек мыналарды қамтиды:

      1) дәрігердің күнделікті қарап-тексеруі;

      2) келіп түскен кезде және кейіннен қажеттілігіне қарай бөлімше меңгерушісінің қарап-тексеруі;

      3) бейінді мамандардың консультациялары (көрсетілімдер болған кезде);

      4) КХ сәйкес диагностикалық, оның ішінде зертханалық, аспаптық және патологоанатомиялық қызметтер (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер);

      5) емдеуге жатқызуға себеп болған негізгі ауруды дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар мен хирургиялық операциялар жүргізу жолымен емдеу, оның ішінде ерте оңалту;

      6) "Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) сәйкес негізгі ауру бойынша медициналық оңалтудың бірінші кезеңі;

      7) № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрыққа сәйкес қанмен, оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

      8) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру;

      9) № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрыққа сәйкес есепке алу құжаттаманы және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрыққа сәйкес есептік құжаттаманы ресімдеу және жүргізу.

      23. Стационарлық жағдайларда үшінші деңгейде кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау ұйымының сәйкестігі туралы қорытындысы бар денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

      Пациенттерді үшінші деңгейде көмек алу үшін жіберу № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

4-параграф. Үйде кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсету

      24. Кәсіптік аурулары бар пациенттерге үйде медициналық көмекті МСАК мамандары шақырту, белсенді патронаж, үйде емдеуді ұйымдастыру (үйдегі стационар) кезінде көрсетеді.

      25. МСАК маманы үйде көмек көрсету кезінде пациентті қарап-тексереді, жүргізілетін диагностикалық зерттеулер мен емдеуді түзетеді, КХ басшылыққа ала отырып, көрсетілімдер бойынша қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулер мен бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды.

3-тарау. Кәсіптік патология кезінде шұғыл және жоспарлы нысандарда медициналық көмек көрсету

      26. Шұғыл нысандағы медициналық көмек денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды талап ететін жай-күйлер кезінде жіті кәсіптік аурулар және (немесе) созылмалы кәсіптік аурулардың асқынулары кезінде:

      пациенттің жұмыс орны бойынша кәсіпорынға қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері,

      амбулаториялық жағдайда пациенттің жүгінген орны бойынша медицина қызметкері;

      шақыруға қызмет көрсететін жедел жәрдем бригадасы;

      стационарлық жағдайда бірінші және екінші деңгейдегі мамандардың, жедел медициналық көмек мамандарының жолдамасы бойынша немесе өз өтініші бойынша көрсетіледі.

      27. Пациенттің орналасқан жерінде бейінді маман болмағанда "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес медициналық авиацияны тарта отырып, екінші және үшінші деңгейдегі медициналық ұйымдарға екінші және үшінші деңгейдегі мамандарды жеткізу немесе пациентті тасымалдау жүзеге асырылады.

      28. Кәсіптік аурулар кезінде медициналық көмек жоспарлы нысанда көрсетілуін белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайтын, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін жағдайлар кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады