"Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығына өзгеріcтер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 356/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29958 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) ақпараттық объектілердің интеграциясы – деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

      3) әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (бұдан әрі – ӘҚНК) – электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен берілетін нөмір;

      4) Жүйенің сыртқы порталы – лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама жасау тәртібі бөлігіндегі қызметтерге жеке және заңды тұлғаларға Интернет желісі арқылы бірыңғай қолжеткізу нүктесін ұсынатын Жүйенің веб-порталы;

      5) Жүйенің сыртқы порталында тіркеу – субъектінің, оның лауазымды тұлғаларының және мүдделі тұлғаларының Жүйенің сыртқы порталында лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама жасау тәртібі процестерін жүзеге асыруға қатысуға рұқсаты;

      6) Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушысы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын Жүйенің сыртқы порталында тіркеуден және авторланудан өткен жеке немесе заңды тұлға не олардың өкілдері;

      7) Жүйенің ішкі порталы – Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін жүргізетін рұқсат беру органдары және мемлекеттік органдар тарапынан лицензиялау, рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібі процестерін қамтамасыз ететін Жүйенің веб-порталы;

      8) Жүйенің ішкі порталында тіркеу – рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының Жүйенің ішкі порталында лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама жасау тәртібі процестерін жүзеге асыруға қатысуға рұқсаты;

      9) көліктік қолтаңба – WSSECURITY ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

      10) қағаз жеткізгіште берілетін рұқсат – Жүйеде ресімделген, қағаз жеткізгіште не қатаң есептіліктің нөмірленген бланкісінде шығарылған рұқсат;

      11 )мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      12) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;

      13) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, "электрондық үкіметтің" құрауышы болып табылатын ақпараттық жүйе;

      14) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы;

      15) рұқсаттар тізбесі (бұдан әрі - тізбе) – олар бойынша өтініш берушіні біліктілік және рұқсат талаптарына сәйкестікке тексеру және рұқсат беру не дәлелді бас тарту ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексеру мен рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесі;

      16) рұқсаттар тізілімі – бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар, олардың осы құжаттармен әрекеттерінің мәртебесі мен тарихы туралы мәліметтерді қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің бір бөлігі;

      17) рұқсаттың электрондық нысаны (электрондық рұқсат) – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;

      18) тарихи деректер – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;

      19) тарихи деректерді конверсиялау – рұқсат беру органының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде рұқсат берген уәкілетті орган басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен электрондық форматтағы рұқсатын растау процесі (матрицалық кодты беру);

      20) тарихи деректерді қалпына келтіру – рұқсат беру органының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен рұқсаттар тізілімін толықтыру процесі;

      21) хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;

      22) хабарлама жасаған субъект – қызметтің не әрекеттің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

      23) хабарлама жасаған субъектілердің тізілімі – қызметтің немесе белгілі бір әрекеттің жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруші субъектілер туралы мәліметтерді қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің бір бөлігі;

      24) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      25) электрондық құжаттың матрицалық коды (бұдан әрі – матрицалық код) – құжатты ұсыну нысанына енгізілетін eXtensible Markup Language (бұдан әрі – XML) форматындағы электрондық құжат туралы, оның техникалық құрал-жабдықтарының мүмкіндігін ұсынатын графикалық ақпарат;

      26) электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      27) электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинеті) – "электрондық үкімет" веб-порталының электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, өтініштерді қарайтын субъектілерге жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      28) электрондық форматқа көшіру – қағаз жеткізгіште бұрын берілген рұқсаттардың тарихи деректерін XML форматында қалпына келтіру және (немесе) конверсиялау процесі;

      29) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      30) XML форматы – мәтіннің кеңейтілген белгілеу тілі (мәтінге енгізу немесе құру туралы ақпаратты беру үшін қойылатын нышандар мен бірізділік жиынтығы).";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жүйенің функционалды міндеттері мынадай процестерді автоматтандыру болып табылады:

      1) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері барысында өтініштерді беру және қарау;

      2) рұқсаттар тізілімін қалыптастыру;

      3) хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін қалыптастыру;

      4) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін қалыптастыру.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушыларына жеке кабинет арқылы мынадай әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі:

      1) ашық қолжетімділіктегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;

      2) рұқсаттарды алу және және хабарламаларды жолдау талаптары туралы ақпаратты қарау;

      3) рұқсат алуға электрондық өтініш беру;

      4) электрондық форматқа қағаз нысанында рұқсатты ауыстыруға өтінішін беру;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада көзделген рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның мәліметтерін қайта ресімдеуге, ұзартуға, тоқтатуға, тоқтата тұруға, қайта бастауға, рұқсат беру телнұсқасын алуға, мәліметтерін түзетуге, рұқсаттарды конверсиялауға және қалпына келтіруге өтініштер беру;

      6) өтініш берушімен берілген өтініштерді қарау мәртебесін көру;

      7) өтініш берушімен берілген өтінішті қарау барысында жолданған мемлекеттік органнан түскен электрондық хабарлауды қарау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, тестілеуге келуді растау, лицензиялық немесе рұқсат беру алымын төлегені туралы түбіртекті жолдау және өзге де әрекеттер);

      8) өтініштерді қарау процесінде рұқсат беру органының сұрау салуына жауапты электрондық нысанда жолдау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, тестілеуге келуді растау, лицензиялық немесе рұқсат беру алымын төлегені туралы түбіртекті жолдау және өзге де әрекеттер);

      9) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы лицензиялық және рұқсат беру алымдарын төлеу (электрондық өтініш беру процесінде);

      10) өтініштерді қарау нәтижелері бойынша рұқсат беру органымен берілген электрондық құжаттарды қарау;

      11) қызметтің басталуы туралы хабарлама беру;

      12) қызметтің (әрекеттің) тоқтатылуы туралы, деректердің өзгеруі туралы хабарлама беру;

      13) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу барысында жолданған мемлекеттік органнан түскен электрондық хабарлауды қарау (рұқсаттың қолданысын тоқтату (күшін жою), тоқтата тұру, рұқсаттың қолданысын қайта бастау туралы, хабарлама жасаған субъектілердің тізілімінен субъектіні шығару туралы, субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау туралы);

      14) өтінішті қайтарып алу.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жүйенің ішкі порталы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне өз өкілеттігі шегінде мынадай функцияларды ұсынады (авторизация рұқсат беру органы қызметкерінің атына берілген заңды тұлғаның логині, паролі және ЭЦҚ арқылы жүргізіледі):

      1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;

      2) қағаз жеткізгіште түскен өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу;

      3) өтініштерді тіркеу және қарау;

      4) өтініштерді іздеу және қарау;

      5) өтініштерді қарау барысында қалыптасатын құжаттарды іздеу және қарау (мемлекеттік органдардың қосымша мәліметтерді сұрау салуды; өтініш берушілердің мемлекеттік органдардың қосымша мәліметтерді сұрау салуына жауаптарын, өтінішті қараудан және бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруден дәлелді бас тартуларын, мемлекеттік органдардың келісімдерін, сондай-ақ өтініштердің қарастырылу барысы туралы хабарлауын);

      6) Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің нәтижелерін рұқсаттар тізіліміне енгізу;

      7) конверсиялаумен (сыз) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректерді қалпына келтіру;

      8) рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны беру, қайта ресімдеу, тоқтата тұру, күшін жою, ұзарту, қайта бастау, рұқсаттың қолданысын тоқтату және одан айыру (оны қайтарып алу);

      9) хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін хабарлама жасау тәртібін, рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігін жүзеге асыратын органның уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен толықтыру;

      10) рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны жою, хабарлама жасаған субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау.";

      18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1. Заңның 15-бабы 2-2) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеде көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін өтініштерді қарау мемлекеттік орган - лицензиар қызметкерлерінің қатысуынсыз жүзеге асырылады.

      Жүйе қажетті тексерулерді автоматты режимде жүргізеді және жүйе иесіне тиесілі (мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актіге тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда) көлік қолтаңбасымен қызмет көрсету нәтижесіне (рұқсат беру құжаты немесе дәлелді бас тарту) қол қояды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Кіріс өтініштерін тіркеу және оларды жұмысқа беру мынадай операциялардан тұрады:

      1) ӘҚНК автоматты түрде беру арқылы өтініштерді тіркеу;

      2) рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдардың сұрау салуларын тіркеу;

      3) ішкі порталда рұқсат беру органының уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған тиісті өтінішті қабылдауды растау туралы құжат беріледі.";

      38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Өтінішті қарау барысында өтініш берушіге рұқсат беру органына келу қажеттігі туралы, өтінішті қарауды тоқтата тұру, қайта бастау және мерзімін ұзарту туралы хабарламаларды жіберу мынадай операциялардан тұрады:

      1) орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда хабарлама/сұрау салу жобасын қалыптастыруға бастамашылық етеді;

      2) өтініш берушіге хабарлауды/сұрау салуды бастамашылық еткен жағдайда, орындаушы сұрау салудың жобасын қалыптастырады;

      3) хабарлау/сұрау салу жобасы өршімелі тізбек бойынша дәйекті түрде рұқсат беру органында келісу рәсімінен өтеді;

      4) келісу процесінің қатысушысы хабарлау/сұрау салу жобасына оң келісу нәтижесі кезінде, жоба автоматты түрде келесі қатысушыға жіберіледі. Келісу процесінің қатысушысы хабарлау жобасына теріс келісу нәтижесі кезінде, жоба автоматты түрде орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;

      5) хабарлау/сұрау салу рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының) ЭЦҚ куәландырылады.

      6) егер өтініш беруші Жүйенің сыртқы порталында тіркелген болса, хабарлауға/сұрау салуға қол қойылғаннан кейін, ол өтініш берушіге жеке кабинетте қолжетімді болады;

      7) егер өтініш рұқсат беру органына қағаз нысанында ұсынылған болса, басшы Жүйеде хабарлауға/сұрау салуға қол қойғаннан кейін, жауапты орындаушы оны шығарып алады және Жүйеден тыс (пошта бойынша, қолма-қол) өтініш берушіге жолдайды;

      8) Жүйенің сыртқы порталы арқылы электрондық түрде берілген өтініштер үшін хабарлауға/сұрау салуға жауап өтініш берушінің хабарламасы ЭЦҚ куәландырылған электрондық түрде жүзеге асырылады. Электрондық жауап орындаушыға тікелей келіп түседі;

      9) қағаз нысанында ұсынылған өтініштер үшін жауап өтініш берушіге Жүйеден тыс (пошта бойынша, қолма-қол) беріледі. Өтініш берушіге берілген жауап туралы мәліметтерді Жүйеге орындаушы енгізеді.

      10) өтініш беруші жауапты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, орындаушы өтініш бойынша шешім қабылдайды.

      39. Қорытындыны, қосымша мәліметтерді беру туралы және шешім жобасын келісу туралы өтініштерді келісуші мемлекеттік органға жіберу мынадай операциялардан тұрады:

      1) рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу жобасын қалыптастыруды Заңның 25-бабымен белгіленген тәртіпте орындаушы бастамашылық етеді;

      2) сұрау салу жобасы өршімелі тізбек бойынша дәйекті түрде рұқсат беру органында келісу рәсімінен өтеді;

      3) сұрау салу жобасына оң келісу нәтижесі кезінде жоба автоматты түрде келісу рәсімінің келесі қатысушысына жіберіледі; сұрау салу жобасына теріс келісу нәтижесі кезінде жоба автоматты түрде орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;

      4) сұрау салу рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының) ЭЦҚ-сын куәландырылады, одан кейін келісуші органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесіне тіркеу үшін келіп түседі;

      5) сұрау салу келісуші органда төмендемелі тізбек бойынша жауапты орындаушыға дәйекті түрде жолданады;

      6) келісуші органның жауапты орындаушысы сұрау салу бойынша шешім жобасын қалыптастырады (сараптамалық қорытынды, деректердің сұрау салуына жауап, келісімдеу);

      7) сұрау салу бойынша шешім жобасы дәйекті түрде келісу рәсімінен өтеді;

      8) сұрау салу бойынша шешім келісуші орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады, одан кейін автоматты түрде рұқсат беру органының орындаушысына жіберіледі;

      9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда орындаушы өтініш берушіден қосымша мәліметтер сұрату кезінде немесе келісу органына сұрау салу жіберілген кезде өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға бастамашылық ете алады;

      10) келісуші органына деректерге сұрау салуды жолдау себебімен тоқтатылған жағдайда, өтініш берушіге міндетті түрде тоқтатудың басталу сәті және өтінішті қарау мерзімін қайта қарау сәті бойынша рұқсат беру органы басшысының ЭЦҚ куәландырылған хабарлау жіберіледі.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Өтінішті қарау мерзімін ұзарту мынадай операциялардан тұрады:

      1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда өтінішті қарау мерзімін ұзартуға бастамашылық ету;

      2) өтінішті қарастыруды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсетумен рұқсат беру органының басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған хабарлама өтініш берушіге жіберіледі.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Өтінішті қарау барысында қалыптастырылатын құжаттарды ЭЦҚ-мен куәландыруды рұқсат беру органының басшысы (уәкілетті тұлға) рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғаның) атына берілген заңды тұлғаның ЭЦҚ-сы арқылы жүзеге асырады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғаның) атына берілген рұқсаттар тізіліміне енгізу кезінде өтініштерді қараудың оң нәтижелері туралы мәліметтер заңды тұлға арқылы рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғаның) ЭЦҚ-сымен куәландырылады.";

      мынадай мазмұндағы 50-тармақпен толықтырылсын:

      "50. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 13-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған кезде, мемлекеттік деректер қорынан Жүйеге жеке тұлғаның қайтыс болғаны туралы хабарлама жіберіледі.

      Хабарлама алғаннан кейін Жүйе автоматты түрде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке тұлғаға берілген рұқсаттар мен хабарламалардың күшін жояды.".

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады