"Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 688 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 545 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29984 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 688 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19340 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия
және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 545 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия
және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 688 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі – сертификаттау талаптары) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді.

      2. Осы сертификаттау талаптарында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) авиациялық техника (бұдан әрі - АТ) – авиациялық техникалық құралдар кешені (әуе кемелері, олардың борттық жабдығы мен агрегаттары, қозғалтқыштары, мемлекеттік авиация әуе кемелерінің авиациялық қару-жарақтары, құтқарудың авиациялық құралдары, кешенді тренажерлер (ұшу симуляторлары), жиынтықтаушы бұйымдар, әуе қозғалысын басқарудың, қону навигациясы мен байланыстың техникалық құралдары, сондай-ақ ұшуды орындауға, әуе қозғалысын басқаруды және ұшуды жерүсті қамтамасыз етуді ұйымдастыруға арналған жалпы және арнайы қолданылатын жерүсті қамтамасыз ету құралдары;

      2) авиациялық техниканы жөндеу - АТ жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және АТмен оның құрамдас бөліктерінің ресурстарын (қызмет мерзімдерін) қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;

      3) авиациялық техникада жұмыстарды орындау сапасының жоспар-кестесі (бұдан әрі – сапаның жоспар-кестесі) – жобаның, өнімнің, процестің немесе шарттың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін қандай процестер, рәсімдер мен тиісті ресурстар қандай объектіге және қандай мерзімдерде қолданылуға тиіс айқындайтын құжат;

      4) әзірлеуші – АТ әзірлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) әскери өкілдіктер - мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), орындалған әскери мақсаттағы жұмыстардың және көрсетілген әскери мақсаттағы қызметтердің сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру үшін меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;

      6) басқарушы персонал - өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (бұдан әрі –АТ ТҚКЖ) жөніндегі барлық жұмыстарды ресурстық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын МА ТҚКЖ жөніндегі ұйымның персоналы құрамындағы уәкілетті адамдар;

      7) бұзылмайтын бақылау – объектіні жұмыстан немесе демонтаждан шығаруды талап етпейтін және оның жеке элементтерінің/тораптарының немесе объектінің құрылымдары мен параметрлерінің негізгі жұмыс беріктігін бақылау;

      8) жөндеу құжаттамасы – жөндеуге арналған құжаттама (күрделі, орташа, ағымдағы) жөндеу өндірісін дайындауға, жөнделген бұйымдарды және олардың құрамдас бөліктерін жөндеуге және бақылауға арналған;

      9) инженерлік-техникалық персонал - АТ ТҚКЖ бойынша жұмысқа рұқсаты бар авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар авиация персоналы;

      10) конфигурация - техникалық құжаттарда белгіленген және онда іске асырылған функционалдық және физикалық сипаттамалар;

      11) контрафактілік бұйым – түпнұсқа бұйым ретінде ұсынылған, сәйкестендірілген және таңбаланған және (немесе) жалған ақпарат беру, жаңылыстыру немесе алдау ниетімен заңды құқықтарынсыз келіп түсу көзі өзгертілген көшірме, имитация немесе ауыстыру болып табылатыны расталған жалған бұйым;

      12) конструкторлық құжаттама – олардың мақсатына байланысты бұйымды әзірлеу, дайындау, бақылау, қабылдау, пайдалану және жөндеу үшін қажетті деректерді қамтитын конструкторлық құжаттар жиынтығы;

      13) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      14) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (бұдан әрі - сертификат) – АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптары бойынша сәйкестігін куәландыратын, қондырылған үлгідегі құжат;

      15) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым МА) -техникалық қызмет көрсету және (немесе) оны жөндеуді жүзеге асыратын және қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға;

      16) мемлекеттік авиацияның авиациялық техикасын жөндеуге техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның ақпараты – (бұдан әрі - ақпарат) тасымалдағышта тіркелген құрылымдалған ақпарат;

      17) өндірістік құжаттама – АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындауға дейінгі бұйымның жай-күйі, АТ ТҚКЖ жөніндегі орындалған жұмыстардың тәсілдері мен көлемі және бақылау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттама;

      18) пайдалану құжаттамасы - техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, авиациялық техниканың ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдаланудағы шектеулерді, рәсімдер және ұсынымдарды қамтитын құжаттама;

      19) сапа жүйесі – АТ ТҚКЖ сапасын басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдық құрылымның, құжаттамалық әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы;

      20) техникалық құжаттама – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және (немесе) оны жөндеу кезінде жұмыстардың орындалуын белгілейтін құжат;

      21) технологиялық құжаттама – жөндеу өндірісін дайындауға, жөндеу жүргізуге және жөндеуден кейін бұйымды бақылауға арналған жөндеу және құжаттама;

      22) техникалық қызмет көрсету – жеке ретінде де, үйлестіріп те орындалатын бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, тексеруді, алмастыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ түрлендіруді іс жүзінде жүзеге асыру.

2-тарау. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары 1-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар

      3. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда қызметті жүзеге асыру үшін:

      1) АТ ТҚКЖ орындау үшін қажетті жабдықтар, құрал-саймандар, материалдар, қосалқы бөлшектер және шығыс материалдары;

      2) АТ ТҚКЖ сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін персонал;

      3) инфрақұрылым, өндірістік алаңдар, ангарлар, цехтар, қойма үй-жайлар бар;

      4) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым басшысы бекіткен, мынадай ақпаратты қамтитын МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаулық (стандарт) (бұдан әрі – МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаулық):

      МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы қол қойған ұйым рәсімдерінің МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес қызметті жүзеге асыру кезінде осы сертификаттау талаптарының талаптарына сәйкестігі туралы декларация, сондай-ақ осы сәйкестікті тұрақты қолдайды.

      ұйымның қауіпсіздік және сапа саласындағы саясаты;

      тегі мен лауазымдар тізбесі, олардың құқықтары мен міндеттемелері, ұйымдық құрылымы;

      МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым қызметкерлері құрамының жалпы сипаттамасы;

      өтінімде көрсетілген МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның әрбір мекенжайы бойынша орналасқан өндірістік қуаттардың жалпы сипаттамасы;

      сұрау салынған бекіту саласына сәйкес АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның қызметі саласының сипаттамасы;

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның рәсімдер жөніндегі нұсқаулығына өзгерістер енгізу рәсімдері;

      ұйым АТ ТҚКЖ қызметтерін ұсынатын АТ пайдаланушысымен және/немесе АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл тәртібі;

      АТ ТҚКЖ орындауға тартылатын бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      желілік (сыртқы) техникалық қызмет көрсету станцияларымен өзара іс-қимыл;

      әскери өкілдіктермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      5) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымға және мәлімделген қызмет саласына сәйкес жұмысты орындауға қойылатын талаптарды айқындайтын АТ-ның өзектілендірілген пайдалану және жөндеу құжаттамасы;

      6) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы бекіткен персоналдың біліктілігін қолдау (арттыру) жүйесі, оны даярлау және қайта даярлау;

      7) сақтауға арналған жеке қойма үй-жайлары және/немесе сақталатын бұйымдардың (қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың, құрал-саймандар мен материалдардың) ескіруі мен зақымдануының алдын алуға арналған үй-жайлар;

      8) тапсырыс берушімен жасалған шартта (келісімшартта) көрсетілген барлық талаптардың орындалғанын куәландыратын АТ ТҚКЖ туралы тіркелетін деректер;

      9) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі.

      4. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым.

      1) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, олардың жабдықтарына және әуеайлақ аумағы жанында орналасқан және (немесе) орналасқан адамдарға әсер ететін қару мен оқ-дәрілердің кез келген түрін қоспағанда, қоса салынған, алмалы-салмалы қару-жарақтың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауды.

2-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сапасы мен тәуекелдерін басқаруға қойылатын талаптар

      5. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда сапа мен тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету үшін мыналар көзделеді:

      1) мыналарды қамтитын сапа жүйесі:

      сапа жүйесіне қойылатын талаптар;

      мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша жұмыстарды, қажетті ресурстарды, техникалық бақылауды, жерүсті және ұшу сынақтарын орындауды жоспарлаудың сипаттамасы;

      МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым қызметінің негізгі орнынан тыс жерлердегі жұмыстарды орындау кезінде байланысты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      2) сапа және тәуекелдерді басқару бөлімшесі.

      6. Сапаны және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің қызметкерлеріне өндірістік операцияларды орындау жөніндегі міндеттерді жүктеуге жол берілмейді.

      7. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда жыл сайын әскери өкілдікті тексеру нәтижелері туралы хабардар ете отырып, мамандандырылған аудиторлық ұйымдар сапа жүйесіне тексеру жүргізеді.

      8. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым осы сертификаттау талабына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сапаның жоспар-кестесін келісу үшін уәкілетті органға және (немесе) әскери өкілдікке ұсынады.

      9. Сапаның жоспар-кестесіне өзгерістер енгізілген жағдайда МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органды және (немесе) әскери өкілдікті болжамды түзету іс-шаралары туралы хабардар етеді.

      10. Тапсырыс берушілердің, уәкілетті органның және (немесе) әскери өкілдіктің мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын орындауға арналған шарттар (оның ішінде жарнамалық актілер, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы ақпарат) бойынша талаптарды қабылдауды және тіркеуді МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым қабылдайды және тіркейді.

      11. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым тапсырыс берушілердің олардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру дәрежесіне мониторинг жүргізеді.

      12. Тұрақты негізде МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша жұмыстарды орындау сапасына байланысты сәйкессіздіктердің негізгі себептерін талдауды өзектендіреді.

3-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның персоналына қойылатын талаптар

      13. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның ұйымдық құрылымында мыналар:

      1) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру және уақтылы орындау жөніндегі басшы;

      2) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның осы сертификаттау талаптарына тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ететін басқарушы персонал;

      3) сапа жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті процестерді құруды, әзірлеуді, енгізуді және қолдауды қамтамасыз ететін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау сапасы жөніндегі басшы;

      4) өндірістік персонал, оның ішінде инженерлік-техникалық персонал көзделеді.

      14. Басқарушы персонал МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысына бағынады. МА АТ ТҚ КЖ жөніндегі ұйымда басқарушы персоналдың әрқайсысы ұзақ болмаған жағдайда оларды алмастыру рәсімдері қамтамасыз етіледі.

      15. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда мынадай құжаттама көзделеді:

      1) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен персонал тізбесі (тізімі), ол мыналарды қамтиды:

      АТ ТҚКЖ бойынша мамандардың білімі туралы мәліметтер (диплом, аттестат, куәлік);

      даярлау, қайта даярлау бағдарламалары, мамандар өткен аттестаттау нәтижелері бойынша мәліметтер (куәлік, куәліктер, сертификаттар);

      2) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындаумен, қабылдаумен және басшылықпен айналысатын мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және жұмысқа жіберу рәсімдері жөніндегі ұйымның стандарты;

      3) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламасы;

      4) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысының МА АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындауға өндірістік персоналға рұқсат беру туралы бұйрығы;

      5) осы сертификаттау талабына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты орындау кезінде тартылған адамдардың хабардарлығын есепке алу журналы.

4-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның құжаттамасына қойылатын талаптар

      16. АТ ТҚКЖ орындау кезінде МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым:

      1) АТ жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;

      2) АТ конструкциясының модификациялары мен өзгерістерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін пайдалану, жөндеу, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы пайдаланады;

      3) технологиялық және пооперациялық карталардың техникалық және өндірістік құжаттамасын әзірлеуді.

      17. Пайдалану, жөндеу, технологиялық және өндірістік құжаттаманы пайдалану, өзгерістер енгізу, орындаушыларға жеткізу, есепке алу және сақтау рәсімдері бойынша ұйымның стандарты МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекітеді.

      18. Өз әзірлемесінің технологиялық құжаттамасын пайдаланған кезде АТ ТҚКЖ МА жөніндегі ұйым АТ және (немесе) бұйымды әзірлеуші ұйыммен құжаттаманы келіседі.

      19. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта көзделген міндеттемелердің орындалуын растайтын АТ-ға арналған өндірістік құжаттамаға МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық мамандары қол қояды.

      20. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның АТ-ға арналған өндірістік құжаттаманың құрамы мен нысандары қолданыстағы пайдалану, жөндеу немесе технологиялық құжаттама негізінде АТ типіне және жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты әзірленеді, бекітіледі және түзетіледі.

      21. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның АТ-ға арналған өндірістік құжаттама:

      1) АТ техникалық қызмет көрсету жағдайында "ТҚК ісі";

      2) АТ жөндеу немесе түрлендіру жағдайында "Жөндеу ісі" деген атаумен бірыңғай құжаттар топтамасына жинақталады.

      22. АТ- ға техникалық қызмет көрсетуге арналған өндірістік құжаттаманы ("ТҚК ісі") АТ бұйымын пайдалану құжаттамасының негізінде МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейді және мыналарды:

      1) АТ бұйымының атауы және нөмірін;

      2) жұмыстарды орындау және бақылау күнін;

      3) орындаушылар мен оларды бақылайтын адамдардың тегі мен қолдарын (мөртабандар, жеке таңбалар) қамтиды;

      4) техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстардың көлемі мен пооперациялық мазмұнын.

      23. АТ жөндеуге немесе түрлендіруге арналған өндірістік құжаттаманы ("Жөндеу ісі") жөндеу және технологиялық құжаттама негізінде МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейді және мыналарды:

      1) АТ атауы және нөмірін;

      2) бөлшектердің, тораптардың және бұйымдардың нақты сипаттамалары мен параметрлерін;

      3) жұмыстарды орындау және бақылау күнін;

      4) орындаушылар мен оларды бақылайтын адамдардың тегі мен қолдарын (мөртабандар, жеке таңбалар) қамтиды;

      5) түрлендіруді және жөндеу немесе технологиялық құжаттамада көзделген талаптардан жол берілген ауытқуларды қоса алғанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен мазмұнын (техникалық шешімдер парақтары, рұқсаттар карталары).

5-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың инфрақұрылымына қойылатын талаптар

      24. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның АТ ТҚКЖ жөніндегі жоспарланған жұмыстарды, ТҚКЖ құралдары мен персоналды орналастыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді жеке сақтау үшін өндірістік алаңдары, ангарлары, цехтары, қойма, қызметтік, тұрмыстық үй-жайлары және оқшауланған орындары болады.

      25. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өндірістік алаңдарында:

      1) АҚ және оның құрамдас бөлігінің бетінде шаңның көрінетін ұшуы пайда болғанға дейін жұмыс аймағы ауасының ластануына жол бермеу;

      2) бақылау және өрттен, жарылыстан, уытты әсерлерден қорғау жүйелерінің болуы;

      3) жұмыстарды орындау үшін қажетті энергия көздері мен коммуникациялардың (электр энергиясымен, сығылған ауамен, жылумен, сумен, желдеткішпен) болуы;

      4) жұмыстарды орындауға артық шудың әсерін болдырмау көзделген, шу көзін реттеу орынсыз болған кезде персонал шудан қорғаудың дербес құралдарымен қамтамасыз етіледі;

      5) өлшемдердің, жоспарлардың, жарықтандыру көрсеткіштерінің, температураның, ылғалдылықтың, тазалықтың және басқа да параметрлердің пайдалану және жөндеу құжаттамасына сәйкестігі;

      26. Жұмыс жағдайлары температураның, ылғалдылықтың, тұманның, мұздың, қардың, желдің, жарықтың, шаңның немесе ауаның өзге де ластануының бөлігінде қолайсыз деңгейге дейін нашарлаған жағдайда, АТ ТҚКЖ жұмысы немесе түрі қолайлы жұмыс жағдайлары қалпына келтірілгенге дейінгі кезеңге қойылады.

      27. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда:

      1) бұйымдарды құрастыру учаскелерін жоңқа, металл және абразивтік шаң және басқа да ластанулар түзе отырып, механикалық өңдеудің кез келген түрлері орындалатын жерлерден оқшаулау;

      2) бұйымдарды тазалау, жуу, бояу бойынша учаскелерді басқа жұмыс орындарынан оқшаулау;

      3) жоспарлауды жүзеге асыруға арналған қызметтік үй-жай, АТ ТҚКЖ нұсқаулығы, сапаны басқару, құжаттаманы ресімдеу және зерделеу;

      4) жоспарланған жұмыстарды сәйкестендіру мен есепке алуды қамтамасыз ете отырып, оларды орындау үшін қажетті технологиялық жарақтандыру құралдары;

      5) қойма үй-жайларында кондициялық, кондициялық емес материалдарды, бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандар мен жабдықтарды бөлек сақтау;

      6) технологиялық жарақтандыру құралдарын пайдалану тәртібі бойынша ақпарат;

      7) технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді жүзеге асыру бойынша ақпарат және осы жұмыстардың орындалуы туралы деректерді тіркеу көзделеді;

      8) энергия тасымалдаушылардың сапасына, электромагниттік сәулеленудің әсерінен қорғауға және АТ ТҚКЖ сапасына әсер ететін өндірістік ортаның басқа да сипаттамаларына Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтау.

      28. Өнеркәсіптік тазалықты, экологиялық қауіпсіздік нормаларын және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бөлімше құрылады.

      29. Технологиялық жарақтандыру құралдарын есепке алу, сәйкестендіру және оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі, жалпы және жеке пайдаланылатын құралдарды таңбалау, есепке алу, беру, олардың бар-жоғын тексеру жөніндегі ұйымның стандартын МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекітеді.

      30. Егер АТ әзірлеушісі пайдалану немесе жөндеу құжаттамасында технологиялық жарақтандырудың нақты құралын қолдануды ұйғарса, онда МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым, АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құжатталған рәсімінде технологиялық жарақтандыру құралдарының өзге (баламалы) түрлерін қолдану жөніндегі рәсімдер белгіленгеннен басқа, осы құралды пайдаланады.

      МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым пайдалану немесе жөндеу құжаттамасында АТ әзірлеуші ұйым ұсынбаған технологиялық жарақтандыру құралдарының өзге (баламалы) түрлерін қолданған кезде технологиялық жарақтандыру құралдарының баламалылығын МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым технологиялық жарақтандыру құралдарының техникалық және метрологиялық сипаттамаларын салыстырмалы талдаумен растайды. Салыстырмалы талдау нәтижелері әскери өкілдікпен және (немесе) уәкілетті органмен келісілген актіде көзделеді.

      Міндеттемелерді орындау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа сәйкес МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым әскери өкілдікпен келісім бойынша пайдалану немесе жөндеу құжаттамасында АТ әзірлеушісі ұйғарған баламалы технологиялық жарақтандыру құралдарын дайындауына жол беріледі.

6-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың өндірістік процесін басқаруға және өнім шығаруға қойылатын талаптар

      31. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда өндірістік процесті басқару және өнім шығару үшін мыналар көзделеді:

      1) АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстардың әрбір кезеңінде АТ бұйымын түпкілікті қабылдауға дейінгі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын орындау шартының белгіленген талаптарына сәйкестігін көрсету үшін қажетті верификацияны (бақылауды) валидациялау (сынау) әдістері;

      2) қабылдауды және АТ конфигурациясы туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат;

      3) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен өндірісті технологиялық дайындау, өндірістік процесті басқару және техникалық бақылау рәсімдері жөніндегі ұйымның стандарты;

      4) конфигурацияны басқару жөніндегі қосымша талаптарды іске асыру рәсімдері мен жұмыстарға конфигурацияны басқару процесін қолданудың сипаттамасын қамтитын АТ конфигурациясын басқарудың әзірленген жоспары;

      5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа сәйкес АТ жаңғырту және пысықтау олардың көмегімен жүзеге асырылатын бюллетеньдердің тізбесі;

      6) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен сәйкес келмейтін өнімді басқару рәсімдері бойынша ұйымның стандарты;

      7) өнімді кіріс бақылау, сақтау, дайындау және сынау операциялары процесінде бұйымдардың жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін сәйкестендіру және бақылау тәртібі. Мыналар сәйкестендіру және қадағалауды қамтамасыз ету құралдары болып табылады: мөртабандар (мөрлер), жапсырмалар, этикеткалар (биркалар) немесе тексеруге болатын басқа да құралдар, ілеспе, толық өлшемді, техникалық және өндірістік құжаттама;

      8) сыни сипаттамаларға жататын өнімге және оның қасиеттеріне қойылатын талаптар бойынша ақпарат (ресурс және қызмет ету мерзімі, қауіпсіздік, пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері және сенімділік).

      32. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда метрологиялық қамтамасыз ету үшін:

      1) егер өлшем құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің халықаралық және ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өлшеу нәтижелерін бағалау және тіркеу көзделген;

      2) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен халықаралық стандарттың немесе оған ұқсас ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келетін метрологиялық қамтамасыз ету рәсімдері бойынша МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның стандарты;

      3) метрологиялық қызмет;

      4) МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның технологиялық және конструкторлық құжаттамасына метрологиялық сараптама;

      5) өлшем құралдарының тізілімі және өлшем құралдарының жарамдылығын метрологиялық растау графиктері;

      6) технологиялық процестен алынған, метрологиялық тексеруден өтпеген ақаулы өлшем құралдарының және өлшем құралдарының тізбесі.

      33. Өлшеу құралдары:

      1) жарамдылығын растау мәртебесін белгілеу мақсатында өлшем құралдарын сәйкестендірумен;

      2) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген мерзімдерде жарамдылығын метрологиялық растаумен;

      3) пайдалану, техникалық қызмет көрсету және сақтау барысында зақымданудан және жай-күйінің нашарлауынан қорғаумен қамтамасыз етіледі;

      4) реттеуден қорғаумен.

7-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өнімін верификациялауға қойылатын талаптар

      34. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін мыналар:

      1) АТ-ға контрафактілік бұйымдарды анықтау, кәдеге жарату және орнатуды болдырмау процестері бойынша рәсімдері;

      2) бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардан жеткізу бойынша ақпарат;

      3) жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдар қызметін мониторингілеу;

      4) Жөнделген, қайта жасалған және қабылдаудан бас тартылған әскери өкілдіктің және бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өнімдері жөніндегі уәкілетті органның хабарламасы көзделеді;

      5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті рәсімдерді бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың сақтауы бойынша мониторингілеу;

      6) өнімдер мен қызметтерді ұсынатын бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өзектілендірілген тізбесі (тізімі).

      35. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өнімін верификациялау үшін мыналар:

      1) жарамдылық мерзімі шектеулі (қызмет ету мерзімі) өнімді сақтау мерзімдері бойынша ақпарат;

      2) қажетті сандық параметрлерді тексеруді және материалдарға (бұйымдарға) және бағдарламалық құралдарға паспорттардың (сертификаттар, формулярлар, сынақ хаттамалары), тапсырыс талаптарына сәйкестігін тексеруді көздейтін бөгде (қосалқы мердігерлік) ұйымдардың өнімдерін верификациялау және кіру бақылауы бойынша ақпарат;

      3) қоймалау және сақтау көзделетін жұмыстарды орындау барысында өнімді пайдалану кезінде оның сапасын қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі рәсімдері;

      4) өнімнің жарамдылық мерзімінің (қызмет ету мерзімінің) қалдығы туралы әскери өкілдіктің хабардарламасы көзделеді.

8-параграф. Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарда бұзбайтын бақылауға қойылатын талаптар

      36. МА АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бұзбайтын бақылау жүргізу үшін мыналар:

      1) бұзбайтын бақылау бөлімшелерінің қызметін бақылау рәсімдері;

      2) бұзбайтын бақылаудың барлық қолданылатын әдістерін орындау рәсімдері;

      3) бұзылмайтын бақылаудың технологиялық процестеріне технологиялық нұсқаулықтар;

      4) бұзбайтын бақылау жүргізу үшін жеке үй-жайлар, зертханалар немесе арнайы жабдықталған жұмыс орындары және құйын тәрізді тоқ, ультрадыбыстық, акустикалық, магитті ұнтақты, капиллярлық, оптикалық визуалды бақылау әдістері кезінде қолданылатын стандартты үлгілер көзделеді;

      5) жөнделетін авиациялық техниканың тораптары мен бөлшектерін бұзбай бақылаудың нәтижелерін ресімдеу және шешім қабылдау, бақылау нәтижелерін өндірістік-бақылау құжаттамасында тіркеу жөніндегі рәсімдер;

      6) құйын тәрізді ток, ультрадыбыстық, магниттік, капиллярлық бақылау үшін салалық бақылау және жұмыс үлгілерін қолдануды реттейтін рәсімдер.

      37. Бұзбайтын бақылау кезінде қолданылатын жабдық өлшеу дәлдігінің кепілдігі үшін мерзімдік метрологиялық тексеруден өтуі тиіс.

      38. Бұзбайтын бақылауды орындаудың жұмыс орындары бұзбайтын бақылау жөніндегі технологиялық құжаттамамен қамтамасыз етілуі және жабдықты баптау үшін эталонмен жарақталуы тиіс.

  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет
көрсету және оны жөндеу
жөніндегі ұйымдарға қойылатын
сертификаттау талаптарына
1-қосымша

КЕЛІСІЛДІӘскери өкілдік және (немесе) уәкілеттік орган______________ (Аты-жөні) (болған жағдайда)(қолы)жылғы ______ "____" _______________

БЕКІТЕМІНҰйым басшысы__________( Аты-жөні) (болған жағдайда) (қолы) жылғы ___ "___" _______

Авиациялық техникада жұмыстарды орындау сапасының жоспар-кестесі


р/с

Авиациялық техника түрі
Сериялық
(зауыттық)
Ұлттық және тіркелу №


Шарт (Келісімшарт)
рәсім құжаты

Орындалған жұмыстар (Өндіріс процестері) рәсім құжаты

Орындалу кезеңі

Басталуы

Аяқталуы

1







2







3












      Кестенің жалғасы

жыл

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан



















































  Мемлекеттік авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет
көрсету және оны жөндеу
жөніндегі ұйымдарға қойылатын
сертификаттау талаптарына
2-қосымша

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты орындау кезінде тартылған адамдардың хабардар болуын есепке алу журналы

Авиациялық техника атауы

Зауыттық №

Борттық №

Жұмыс түрі

Орындаушы Аты-жөні
(болған жағдайда)

Күні және қолы

Техникалық бақылау бөлімі қортындысы
Аты-жөні
(болған жағдайда)

Күні және қолы

Әскери өкіл қортындысы
Аты-жөні
(болған жағдайда)

Күні және қолы






























































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады