"Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қазандағы № 655 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30169 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10266 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
А. Шалабекова

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 655 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 18-04/17 бұйрығымен
бекітілген

Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі

1. Балық аулау құралдарының кәсіпшілік түрлері

Қолданылу мерзiмi

1.1

Жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллиметрден кем (торының конструктивтік адымы 50-миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе басқа да полиамидті моножіптен және басқа да синтетикалық моножіптен машина тәсілімен немесе қолдан жасалған балық аулайтын, түйінді қоспағанда, балық аулайтын аудың кез-келген жаңарған түрі

тұрақты

1.2

Маңғыстау облысының Каспий теңізінің бектітілген балық шаруашылығы учаскелерінде жібінің диаметрі 0,3 миллиметрден бастап және ұяшықтарының мөлшері 80 миллиметрден бастап (торының конструктивтік адымы 40 миллиметрден бастап) 160 миллиметрге дейін (торының конструктивтік адымы 80 миллиметрге дейін) синтетикалық нейлондық немесе басқа да полиамидті моножіптен жасалған аулар

2024 жылғы 1 шілдеге дейін

1.3

Ұяшықтайтын аулау құралдары: қойылмалы және жүзбелі аулар

тұрақты

1.4

Белсенді сүзетін аулау құралдары: лақтырмалы жылымдар (өзенде, көлде және теңізде) және бұрап лақтырма жылымдар (шиланды)

тұрақты

1.5

Тралдық аулау құралдары: тралдар және ысырғыштар

тұрақты

1.6

Кіші топтарға бөлінетін стационарлық аулау құралдары:

тұрақты

1) ашық тұзақтар: қойылмалы жылымдар (скипаскалар, мадрагалар, каравиялар)

тұрақты

2) жабық тұзақтар: қабадалар (секреттер, мереждер, рюжидер, нередтер, сижидер, тальяндар, құрмалар, шағын шаянұстағыштар)

тұрақты

3) бекітпе тұзақтар: ілмекті қабырғалар (ілікпетас, торлы дуалдар, сырғауыл дуалдар)

тұрақты

1.7

Қармақты аулау құралдары: жемделетін (троллдар, ярустар) және жемделмейтін (гарпундар)

тұрақты

1.8

"Басқа" аулау құралдары: балық сору қондырғылары, конустық торлар және аулау құралдары артемия жұмыртқаларын жинауға арналған (торлы дорбалар, шөміштер)

тұрақты

2. Балық аулау құралдарының кәсіпшілік емес түрлері (барлық кәсіпшілік емес қармақтық аулау құралдары ені 12 миллиметрден артық емес қармақтармен жабдықтандырылады)

2.1

Қармақ: қалтқылы, тереңдік, жерлицалар, үйірме

тұрақты

2.2

Кішкентай жылтырағы бар қармақ - мормышка

тұрақты

2.3

Ілмекті дорба

тұрақты

2.4

Су астыңда аң аулауға арналған мылтық

тұрақты

2.5

Әр түрлі үлгідегі спиннингтер

тұрақты

3. Балық аулау тәсілдері

3.1

Балықты ұяшықтау арқылы аулау. Тәсіл торлы қабырға түріндегі аулау құралын балықтардың қозғалу жолдарына қою арқылы жүзеге асырылады. Торлы қабырғалардан өтпекші болған балықтар торлы ұяшықтарда тұрып қалады.

тұрақты

3.2

Балықты сүзгіштер арқылы аулау. Бұл тәсіл кезінде торлы кенеп су қоймасының бір бөлігіне лақтырылып, кейін аулау құралы жағалауға немесе кеме бортына тартылады. Басқа кең таралған атауы – жылымдар.

тұрақты

3.3

Тралдау арқылы балық аулау. Бұл тәсіл арқылы ерекше құрылымы бар торлы қапшық түріндегі аулау құралы су қоймасына тартылып, тралданып жол-жөнекей кездескен балықтар ұсталады.

тұрақты

3.4

Қозғалмайтын (стационарлық) тұзақтар көмегімен балық аулау. Бұл тәсіл бойынша балықтың еркін кіріп, кейін кері шығуын қиындататын құрылымы ерекше әртүрлі қозғалмайтын тұзақтар қойылады.

тұрақты

3.5

Қармақтармен балық аулау жергілікті халықтың жеке тұтынуына арналған немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулау құралы болып табылады.

тұрақты

3.6

Балық сорғыш қондырғылар көмегімен балық аулау. Аулау қағидаты бойынша балық сорғыш қондырғысының қабылдау түтігі суға тасталып, ол балықпен бірге кемеге сорып алынады.

тұрақты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады