ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 24.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 18 қазандағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығына қосымша |
Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың (бұдан әрі – маман) кадр резервін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резерві (бұдан әрі – кадр резерві) мамандардың тізіліміне енгізілді, оны жүргізу Заңның 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеуді) қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Кадр резервін қалыптастыру тәртібі
3. Кадр резервін қалыптастыруды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. Кадр резервіне ерікті негізде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогендігі III және (немесе) IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, патогендігі I және (немесе) II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс бойынша кәсіптік даярлығы, қайта даярлығы бар, біліктілігі арттырылған мамандар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асырмайтын, патогендігі I және (немесе) II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс бойынша кәсіптік даярлығы, қайта даярлығы бар, біліктілігі арттырылған мамандар енгізіледі.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мамандар (бұдан әрі – өтініш иесі) тиісті кадр резервіне енгізу үшін уәкілетті органға немесе биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйеге осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш пен сауалнаманы береді.
6. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде өтініш иесі ұсынған өтініш пен сауалнамаға тексеру жүргізеді және өтініш иесін кадр резервіне енгізу туралы шешім қабылдайды және оны бұл туралы хабардар етеді не оған дәлелді бас тартуды жібереді.
Өтініш
Мені патогендігі I және II топтардғы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервіне енгізуді сұраймын.
Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _____ / _____ қолы
202___ жылғы "____" _________
Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Сауалнама
Өзекті фото |
___________________________________________________ Тегі | ||
№ | Мәліметтер | Толтыру үшін | |
1 | Лауазымы және жұмыс орны | ||
2 | Патогендігі I және (немесе) II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (сертификаттық курс туралы куәліктің нөмірі және берілген күні, сертификаттық курс туралы куәлікті берген ұйым) | ||
3 | Ғылыми дәрежесі | ||
4 | Білімі | ||
5 | Оқу орны | ||
6 | Дипломның нөмірі мен алған күні | ||
7 | Мамандығы | ||
8 | Жалпы жұмыс өтілі | ||
9 | І - ІІ топтардағы патогендермен жұмыс өтілі | ||
10 | Өтініш иесінің байланыс деректері (байланыс телефоны, электрондық почтасы) |
Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _____ / _____ қолы
202___ жылғы "____" _________