БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;
"2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
3. Уәкілетті органның тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік қызметтерді анықтау, енгізу және есепке алу, көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде тиісті жағдайды нақтылау үшін электрондық үкімет веб-порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметтің кіші түрлері туралы негізгі мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;
2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге немесе тізілімнен шығаруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді енгізу немесе тізілімінен алып тастау;
4) тізілімнің мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) мәніне мониторинг жүргізу;
5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" веб-порталында өзектендіру (жаңарту).";
7 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:
1) жыл сайын тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде өзгерістерді және (немесе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға ұсынады.";
8-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Уәкілетті орган "электрондық үкімет" веб-порталында тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін орталық мемлекеттік органдардан және жергілікті атқарушы органдардан тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың түсуіне қарай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты және өзге де түйінді мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ақпараттандыру ұйымдарының/объектілерінің атаулары, мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуы, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы) орналастыруды қамтамасыз етеді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тізілім мыналарды көздейді:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы;
4) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы.";
3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
қоғамдық даму
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Әділет
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Ғылым және жоғарғы
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Денсаулық сақтау
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Жоғарғы Соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Мәдениет және спорт
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Оқу-ағарту
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикаcының
Сауда және
интеграция
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Стратегиялық
жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Сыртқы істер
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Ұлттық экономика
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Экология, геология
және табиғи ресурстар
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан
Республикасының
Энергетика
министрлігі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің құрылымы
Р/с № | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Мемлекеттік қызметті және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |