"Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қазандағы № 586 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қазанда № 30338 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15364 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-2-тармағына сәйкес әзірленген және әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау үшін қолданылады.";

      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Е. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 21 қазандағы
№ 586 Бұйрыққа
қосымша
  Әуе қозғалысына қызмет
көрсетуге қажеттілікті
бағалау әдістемесіне
қосымша

ӘҚК түрлерінің күрделілігі мен олардың қажеттілігін айқындау сыныптамасы

      1-кесте. ӘҚК түрлерінің күрделілік сыныптамасы

ӘҚК түрі

Күрделілік деңгейі

Маршрут бойынша ұшу кезеңі

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету (жақындау диспетчерлік қызмет көрсету)

Айтарлықтай күрделі

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

Күрделі емес

Әуеайлақ ауданында ұшу кезеңі

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету

Айтарлықтай күрделі

Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

Күрделі емес

      2-кесте. Ұшу түрі мен метеорологиялық жағдайға қарай маршрут бойынша ұшу кезеңі үшін ӘҚК түрінің қажеттілігі

ӘҚК түрі

Өлшемдер

Халықаралық ұшу

Тұрақты рейс

Аспаптар бойынша ұшу қағидалары бойынша ұшу (АҰҚ)

ҰКҚ ұшу қағидалары бойынша ұшу (ВҰҚ)

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету:


1. Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету

+

+

+

-

2. Жақындау диспетчерлік қызмет көрсету

+

+

+

-

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

+

+

+

+

Авариялық хабарлау

+

+

+

+

      Маршруттағы ұшу кезеңі үшін ӘҚК түрі қажетігінің ұшу түрі және әуе қозғалысының метеорологиялық жағдайға байланысты "+" белгісімен көрсетіледі.

      * Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету "ауа-жер" тұрақты радиобайланыс болған кезде және аэронавигациялық ұйым жүргізген тәуекелді бағалауға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      3-кесте. Әуеайлақ мәртебесіне, сондай-ақ ұшу қарқындылығына (санына) қарай ӘҚК түріне қажеттілік

ӘҚК түрі

Өлшемдер


Әуеайлақтағы ұшу қарқындылығы (ұшу-қону операцияларының бір жылдағы саны *)

Басқа факторлар (әуеайлақты сертификаттау)

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету

+ (сертификатталған 24 немесе одан асатын жолаушылар орны бар әуе кемелерінде ВҰҚ бойынша 10 000 асатын немесе АҰҚ бойынша 1500 немесе одан асатын немесе АҰҚ бойынша тұрақты ұшу немесе ВҰҚ бойынша тұрақты ұшу жағдайында)

+ (ИКАО I-III санаты бойынша сертификатталатын барлық)

Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық диспетчерлік қызмет көрсету

+ (сертификатталған 19 немесе одан асатын жолаушылар орны бар әуе кемелерінде ВҰҚ бойынша 5000 асатын немесе АҰҚ бойынша 500 немесе одан асатын немесе ВҰҚ бойынша тұрақты ұшу жағдайында)

+ (барлық қалған сертификатталған әуеайлақтар)

      * бір жылда ұшып-қону операцияларының саны ӘҚК қажеттілігін бағалау алдындағы күнтізбелік үш жылдың нәтижелері бойынша орташа ретінде айқындалады. Қайта ашылатын әуежайлар үшін бағалау әуеайлақты әлеуетті пайдаланушылармен кеңесу негізінде анықталған әуеайлақты пайдаланушыларды болжамды деректері бойынша жүзеге асырылады;

      Әуе айлақтың сертификатталуына, сондай-ақ әуе қозғалысының қарқындылығына (санына) байланысты ӘҚК түрінің қажетігі "+" белгісімен көрсетіледі;

      ӘҚҚ бақылау жүйесіне қажеттілікті аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші айқындайды. Мұндай қажеттілік әуе қозғалысының тығыздығы (қарқындылығы) рәсімдік эшелондауды қолдану ӘҚҚ органдары тарапынан әуе кемелерінің кідіруіне әкеп соқтыратындай болғанда туындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады