"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қарашада № 30407 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26), 40-2) және 40-4) тармақшаларына, 19-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мыналар:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы абзацын, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес күшіне енетін осы бұйрыққа 2-қосымшаны қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 3 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-126
Бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
4-қосымша

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 40-4) тармақшасына және 21-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта рәсімдеу, тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;

      2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға, тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері (сатылары);

      3) режимдік комиссия – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру мақсатында биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын комиссия.

2-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаларды беру тәртібі

      3. "Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін заңды тұлға немесе оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы қағидаларға 2-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтерді жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ-де бар болған кезде) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен көрсетілетін қызметті алушы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтерді алады (ЭҮШ болған жағдайда).

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режим комиссиясының мүшесі) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен мәліметтердің толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) режимдік комиссияның бейінді мүшелерін тарта отырып, 4 (төрт) жұмыс күні ішінде объектіні Кодекстің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі ресімделеді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) осы қағидалардың 9-тармағында көзделген рәсімдер жүргізілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ осы қағидалардың 9-тармағында көзделген актіні қалыптастырады, оларды қорытынды дайындау үшін режимдік комиссияның мүшелеріне жібереді.

      11. Режимдік комиссия осы қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-119 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30270 болып тіркелген) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы Ережеде көзделген қорытындыны дайындайды.

      12. Режимдік комиссияның оң қорытындысы болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты ресімдейді және береді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі рұқсат беру үшін негіз болып табылады.

      14. Рұқсат беруден дәлелді бас тартуға мыналар:

      1) рұқсат алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау не дәйексіз құжаттарды және мәліметтерді ұсыну;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша берілетін эпидемиологиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының (бұдан әрі – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) болмауы;

      3) біліктілік талаптарына сәйкес еместігі негізінде режимдік комиссияның теріс қорытындысы негіз болады.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 14-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде дәлелді бас тарту туралы шешімді қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап кемінде 3 (үш) жұмыс жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде алдын ала шешімге негіз және пікір ұсыну мүмкіндігі болады.

      Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі істен шыққан кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабы 2)-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

3-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшалардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі

      18. Адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бұзу, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

      19. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚтК) көзделген тәртіппен сот шешімі күшіне енуі бойынша жүзеге асырылады.

      Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.

      20. Соттың рұқсатты тоқтата тұру туралы шешімі күшіне енген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші сот шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.

      21. Көрсетілен қызметті беруші хабарлама келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданысын сот шешімінде көрсетілген мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді.

      22. Рұқсатты тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін көрсетілетін қызметті берушіге растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы өтініш беруге құқылы.

      23. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.

      24. Көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтарды жою фактісі расталған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мерзімде рұқсаттың қолданысын қайта жаңарту туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      25. Көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтарды жою фактісін растау рұқсаттың қолданысын қайта жаңарту үшін негіз болып табылады.

      26. Рұқсаттан айыру ӘҚтК-де көзделген тәртіппен сот шешімі күшіне енуі бойынша жүзеге асырылады.

      27. Рұқсаттан айыру үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау;

      2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған, соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің денсаулық жағдайына және қоршаған ортаға қауіпті әсер ететін бұзушылықтың қайта анықталуы;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

      28. Соттың рұқсаттан айыру туралы шешімі күішне енген кезде көрсетілетін қызметті беруші сот күшіне енген шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.

      29. Рұқсатты қайта ресімдеу объектіге тексеру жүргізбей, мынадай жағдайларда:

      1) құжатта қателер (қатемен жазулар) анықталған жағдайда;

      2) көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған жағдайда;

      3) объект нақты орын ауыстырмай оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгергенде;

      4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасының атауы өзгергенде;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған кезде жүзеге асырылады.

      30. Бұрын берілген рұқсатты жаңа патогенді биологиялық агенттермен толықтырған кезде рұқсатты қайта ресімдеу объектіге тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      31. Осы қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайларда рұқсаттарды қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер пайда болған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде тиісі өзгерістер туралы растау құжаттатары бар осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті жібереді.

      32. Осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген негіз бойынша рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы қағидаларға 6-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 7-11-тармақтарында көзделген ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.

      Режимдік комиссияның оң қорытындысы болған кезде көрсетілетін қызметті беруші бір (1) жұмыс күні ішінде рұқсатты қайта ресімдейді не режимдік комиссияның теріс қорытындысы болған кезде көрсетілген мерзімдерде рұқсатты қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      33. Осы Қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көзделген жағдайларда рұқсатты қайта ресімдеу бұрын берілген рұқсат туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

      34. Растаушы құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бастамалық жасалған рұқсаттарды қайта ресімдеуден бас тартады.

      35. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган көрсетілетін қызметті берушіден сот шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      36. Рұқсаттың қолданылуын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) рұқсаттан айыру;

      2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;

      3) қызметін тоқтату, заңды тұлғаны тарату;

      4) өтініш иесінің рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы өз еркімен жүгінуі;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

      Рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
1-қосымша

"Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Көрсетілетін қызметтің атауы:
"Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі:
1. "Патогендігі І топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алу"
2. "Патогендігі ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алу"
3. "Патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алу"
4. "Патогендігі ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алу"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

барлық кіші түрлер бойынша:
"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

барлық кіші түрлер бойынша:
13 (он үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түрі үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға немесе олардың филиалдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Барлық кіші түрлер бойынша рұқсатты беру үшін:
1. көрсетілетін қызметті алушы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі (қағаз жеткізгіште берілген кезде);
2. мыналарды:
- осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалатын зерттеулер номенклатурасын;
- материалдың қозғалыс сызбасын (ағындылығы) көрсете отырып, түсіндірме жазбанының электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны немесе оның филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
3. патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4. зерттеулердің мәлімделген номенклатурасына байланысты "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес бекітілген биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Барлық кіші түрлер бойынша рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
1. мыналарды:
- осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалатын зерттеулер номенклатурасын;
- материалдық базаны;
- материалдың қозғалыс сызбасын (ағындылығы);
- кадрлық құрам және персоналдың кәсіптік даярлығын көрсете отырып түсіндірме жазбаның электрондық көшірмесі.
2. патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің көшірмесі.
Заңды тұлғаны немесе оның филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) рұқсат алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау не дәйексіз құжаттарды және мәліметтерді ұсыну;
2) эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес келмеу негізінде режимдік комиссияның теріс қорытындысы

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі болады.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста көрсетілген: gov.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) басшының
____________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) өтініш иесінің
____________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекен-жайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден, тексеруді және патогендігі__________________________топтағы биологиялық
(патогендігі I; II; III; IV қажетті тобын көрсету)
агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беруді сұраймын.
Микроорганизмдердің мына түрлері бойынша:
________________________________________________________________________________
(микроорганизмдердің атауы)
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мынадай:______________________________________________________жүргізу үшін
(жұмыс түрлерін көрсету: ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік,
далалық, диагностикалық)
Мына:______________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан
(микробиологиялық зертхананың орналасқан жерінің мекенжайы)
объектіде _______________________________________________________________________
(объектінің атауы)
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Қолы күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1. 2.

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
3-қосымша

Нысаны

Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________

      Мен (Біз)(Мною Нами)_______________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
(должность фамилия, имя, отчество (при его наличии) (далее – Ф.И.О)
________________________________________________________________________________
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы, наименование
органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора), мыналардың:
(с участием)____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз (указать других специалистов,
участвовавших в обследовании)_________________________________________қатысуымен
мамандар болғанда: (в присутствии)________________________________________________
лауазымды тұлғаның (должность, Ф.И.О должностного лица___________________________
_______________________________________________________________________________
басшысының лауазымы, Т.А.Ә./Ф.И.О. руководителя юридического лица
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
__________________нысанның, заңды тұлғаның (наименование объекта, юридического лица)
_____________________________ тексеру жүргізілді (проведено обследование).
_____________________________________________________тексеру түрін көрсету
(указать вид обследования)
(начато) 20___ жылғы (года) "__"_________ __ сағат (часов) __ минутта (минут) басталды.
Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании
установлено):___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Қорытынды (Заключение):____________________________________________________
________________________________________________________________________________
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен
жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекітілген бұзу тармақтарын
көрсету (указать пункты нарушения квалификационных требований, предъявляемых к
осуществлению обращения с патогенными биологическими агентами, утверждаемых в
соответствии с подпунктом 40-5) статьи 9 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье
народа и системе здравоохранения")
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қолдары (подписи)___________________________________________________________
________________________________________________________________________________
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы
(должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора_________________________________________________________________________
__________________________________басқа да қатысқан мамандар, куәгерлер/
участвовавшие другие специалисты, свидетели)
Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал, и
экземпляр акта получил)____________________________________________
_______________________________________________________________________________
заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица или индивидуального предпринимателя) ________________________________________________________________________________ Қол қоюдан бас тарту туралы белгі (отметка об отказе от подписи
лица)____________________________________ (окончено) 20 __ жылғы (года)
"___"___________ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут) аяқталды.
Акт (акт составлен в) _____ данада жасалды (экземплярах)
"___" _______ 20___жыл (год)

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
4-қосымша

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат __ (мемлекеттік қызметтің кіші түріне сәйкес патогенді топ көрсетіледі)

      ___________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
___________________________________________________________________________
(микробиологиялық зертхананың атауы)
___________________________________________________________________________
(микробиологиялық зертхананың орналасқан жерінің мекенжайы) ғылыми-зерттеу,
эксперименттік, өндірістік, далалық, диагностикалық жұмыстарын жүргізуге берілді.
__________________________________________________________________________
керегін сызу
Микроорганизмдердің түрлері бойынша осы рұқсатқа қосымшаға сәйкес.
Мынаның негізінде: Биологиялық қауіпсіздік (режимдік қауіпсіздік) саласындағы
талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның _____ №_____қорытындысы
20____жылғы "____" ______________

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
департаментінің басшысы

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсатқа қосымша

Микроорганизмдер тобы

Топтың түрлік құрамы

Аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштары

Бактериялар


Вирустар


Хламидиоз


Риккетсиялар


Уыттар


Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары

Бактериялар


Вирустар


Хламидиоз


Риккетсиялар


Уыттар


Приондар


Микроорганизмдер шығаратын уыттар


Саңырауқұлақтар


Эрлихия


Хламидиоз


Қарапайым


Гельминттер


Артроподтар


      20____жылғы "____" ______________
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті департаментінің басшысы

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
5-қосымша

Нысаны
__________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) басшының
____________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) өтініш иесінің
____________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекен-жайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған берілген
қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын _____________________________________________
(рұқсаттың нөмірі, берілген күні, рұқсатты берген органның атауы)
мынадай (мына) негіз (негіздер) бойынша:
1) құжаттағы қателерді (қате жазуларды) анықтау
_________________________________________________________________________
2) көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру
__________________________________________________________________________
3) объект нақты орын ауыстырмай оның орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту
__________________________________________________________________________
4) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға атауының өзгеруі
__________________________________________________________________________
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған кезде
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(заңның нормасын көрсету)
Осы арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларда
рұқсатты (немесе) оған қосымшаларды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпарат жолданатыны туралы;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны туралы;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды екендігі туралы:
4) өтініш иесі лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісетіні туралы расталады.
Қолы күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері)

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
6-қосымша

Нысаны
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) басшының
____________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) өтініш иесінің
____________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекен-жайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған берілген қосымшаны
қайта ресімдеуді сұраймын ________________________________________________________
(рұқсаттың нөмірі, берілген күні, рұқсатты берген органның атауы)
бұрын берілген рұқсатқа жаңа патогенді биологиялық агенттерді қосу ___________________
________________________________________________________________________________
(патогенді биологиялық агенттің атауын көрсету)
Осы арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларда
рұқсатты (немесе) оған қосымшаларды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпарат жолданатыны туралы;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны туралы;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды екендігі туралы:
4) өтініш иесі лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісетіні туралы расталады.
Қолы күні, айы, жылы
Қосымша (олар бар болған кезде құжаттардың көшірмелері)

  Патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуге
рұқсаттарды және оларға
қосымшаларды беру, олардың
қолданысын қайта жаңарту,
қайта ресімдеу, қолданысын
тоқтату қағидаларына
7-қосымша
 
Нысаны

Зертханалық зерттеулердің номенклатурасы

Зерттеу объектісі

Микроорганизмдердің атауы

Зерттеу түрлері

Зерттеу әдісі





  Бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
4-1-қосымша

"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-2) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) рұқсат беру бақылауы – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш иесінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын олар берілгеннен кейін сақтауын қамтамасыз ету;

      2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      3) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      4) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      5) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және сақтау бойынша қызметтер кешені;

      6) дезинфекциялау – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

      7) дезинсекциялау – жәндіктер мен буынаяқтылардан адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;

      8) дератизациялау – кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;

      9) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының жұмыс ерітінділерін дайындау;

      10) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларға сәйкес келетін арнайы жабдықталған объектілерде (үй-жайларда) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын ұстау.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

2-тарау. "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      4. "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) алу үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі – № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтінішті портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен олар бар болған кезде алады.

      8. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын, оның ішінде осы қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтердің болуын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін тарта отырып осы қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімдер аяқталған сәттен бастап (қажет болған жағдайда) 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде:

      - ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне сараптаманы жүзеге асырады;

      – әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжем, қармақ, жұмыс ерітінділерін дайындау үшін арнайы жабдықталған), дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне (бұдан әрі – рұқсаттық бақылау объектілері) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызмет көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттық бақылау қорытындысы ресімделеді.

      11. Рұқсат беру бақылауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      Рұқсаттық бақылау барысында (рұқсаттық бақылау объектілеріне бару уақытында) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін, оның ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша тексереді.

      12. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер біліктілік талаптарына, сондай-ақ рұқсат беру бақылауының оң қорытындысына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 10-тармағында көзделген рәсімдер аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде № 3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша лицензияны ресімдейді және береді.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер, рұқсаттық бақылау объектісі біліктілік талаптарына сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы хабарламаны ресімдейді және жібереді.

      Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсы пікір ұсынуға немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен расталады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      15. Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны қайта ресімдеу, рұқсат беруді бақылауды, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды, қайта бастауды және тоқтатуды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленеді.

      Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге № 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраным қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама портал арқылы жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарайды және лицензияны қайта ресімдейді не көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды көрсетілген мерзімдерде ресімдейді және жібереді.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуды.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Денсаулық сақтау саласында
дезинфекциялау,
дезинсекциялау, дератизациялау
бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www. elicense.kz (бұдан әрі -Портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензия беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Төлем мөлшері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес ақылы

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) лицензия алу үшін:
- (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі - № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтініш;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
- ЭҮШ-да мәліметтер болмаған кезде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және (немесе) сақтау бойынша объектінің (объектілердің) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
- санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және (немесе) техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушының дезинфектор-нұсқаушылары үшін);
- денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының дезинфекторлары мен дезинфектор-нұсқаушылары үшін);
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
- 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтініш;
- ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш иесінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі
4) өтініш иесіне қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының нұсқамасының негізінде сот өтініш иесі-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады;
6) лицензия алу үшін өтініш иесі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса, лицензия беруден бас тартылады.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі болады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі болады.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Денсаулық сақтау саласында
дезинфекциялау,
дезинсекциялау, дератизациялау
бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы:________________________________________
Рұқсат беру бақылауын жүргізген маманның деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы__________________________________________________
Бақылау объектісінің деректері:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес сәйкестендіру коды немесе жеке сәйкестендіру
коды, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы
23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласында
дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге
лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарының (бұдан әрі – біліктілік
талаптары) барлық тармақтары бойынша ақпарат:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы: біліктілік талаптарына сәйкес келеді /сәйкес
келмейді
(керегінің астын сызу)
____________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады